А. Құрманова Б. Күлжан 2009 жыл



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі451.5 Kb.
#23703
  1   2   3   4


Келісілді: Бекітілді:

Облыстық ішкі саясат Баянауыл ауданының

басқармасының бастығы ішкі саясат бөлімінің бастығы

________________А. Құрманова _______________ Б.Күлжан

«___» ______________ 2009 жыл «____» ______________ 2009 жыл

Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің

2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

2009ж





Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы және жоспары

2



Ағымдағы жағдайдың талдауы
1. Ұлттың тұрақты дамуы үшін мемлекеттілікті, Қазақстан халқының және қоғамының бірлігін бұдан әрі нығайту;

2. Өңірдің ақпараттық кеңістігін дамыту деңгейі;

3. Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін толық қамтамасыз ету


3-4
5-6

6-8
8-11





Ауданның ішкі саясат бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, дамуының стратегиялық мақсаттары және басты индикаторлары

12-25



Басқарудың функционалдық мүмкіндіктері және тәуекел мүмкіндіктері

26-27



Нормативтік-құқықтық база


28-29



Бюджеттік бағдарламалар

30-35



1. Миссия және жоспарлау


Ішкі саясат бөлімінің миссиясы – өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру.

Ішкі саясат бөлімінің жоспарлары мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың белсенді қатысуымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және саяси үдерістерді демократияландыру, облыс тұрғындарының әлеуметтік сәттілігі

2. Ағымдағы жағдайдың талдауы

Баянауыл ауданы мемлекеттік органдарының ішкі саясат және әлеуметтік салаларындағы жұмыстарының Стратегиялық маңызды бағыттары: өңірде саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтау, елде және ауданда жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды идеологиялық қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта ауданға қарасты ауылдық округтер мен кенттердегі ішкі саясат бөлімдерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайға талдау жасау, әлеуметтік ширыққан ошақтарды дер кезінде анықтау, мемлекеттік органдардың азаматтық институттармен ынтымақтастығын дамыту жұмыстарын жүргізуде. Мемлекеттік саясаттың тұтас, тұрақты бейнесін жасауға, оң қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған аудан халқын ақпараттандырудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасты.

Аймақта діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты істер атқарылып жатыр. Мұсылман діни қауымымен, негізгі конфессиялар басшыларымен, жастармен кездесулер өткізуі тәжірибеге енгізілді. Діни себептермен қайшылық туғызып отырған жайлар ауданда тіркелген жоқ.

Мемлекеттік органдардың реттелген жұмыстарының нәтижесінде өңірде тыныштықты сақтауға, аудан халқын елдегі реформаларды қолдауға біріктіруге қол жеткізілді. Сонымен қатар, әлемдегі экономикалық дағдарыстың өсуі және халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы жағдайында ішкі саясат саласындағы жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістері, жер-жерлердегі қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингінің негізгі параметрлерін қайта қарау талап етіледі.

Осы кезеңде алдағы ел Президентін және ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауына байланысты түрлі саяси күштердің белсенділігі артатынын ескеру қажет. Осыған байланысты ішкі саясат бөлімінің жұмысына бірқатар тенденциялар себепші болады.



Біріншіден, ел дамуының жаңа кезеңіндегі жұмыс жалпыұлттық идеялар мен міндеттер ескерілген жаңа «идеялогияларға» сүйене отырып құрылады: 2009 жыл – әлем діндерінің съезі, «Нұр Отан»ХДП 10 жылдығы, 2010 жыл – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2011жыл – қысқы Азия ойындарын өткізу.

Екіншіден, соңғы жылдары республиканың медиа-нарығында бәсекелестіктің өсуі өңірлік масс-медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді.

Үшіншіден, соңғы жылдары әлеуметтік, соның ішінде этникалық сипаттағы даулардың өсуі қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық жағдайлар мониторингінің параметрлеріне өзгерістер енгізе отырып, әлеуметтік ширығу ошақтарын болдырмау, анықтау және өршітпеу, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, кәсіподақтар ұйымдарының және өңірдің этномәдени орталықтарының қызметі мен қарсылық көрсету акцияларын қадағалау жөніндегі жұмыстарды күшейте түсуді қажет етеді. Осы тенденцияларды жастар арасында орын алып отырған проблемалармен, ақпараттық жүйені, азаматтық қоғамды дамытумен тығыз байланыста қарастыру қажет.

1. Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі нығайта түсу және ұлтты тұрақты дамыту үшін қоғамды біріктіру

Саланың инфрақұрылымының жағдайы

Ауданда саяси партиялардың 1 филиалы, 2 кәсіподақ ұйымының филиалдары (медицина және білім) қызмет жасауда.

Саланың табыстары мен жетістіктері

Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін түрлі “диалогтық алаңдар” пайдаланылады:

- Аудан әкімі жанындағы ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңес;

- Саяси партиялар филиалдарының, діни бірлестіктердің қатысуымен тұрақты негізде «дөңгелек үстелдер» өткізу;

-Аудан ҮЕҰ-ларының жыл сайынғы Форумы.

- «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес

Бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, іске асырылуда:

– Баянауыл ауданының ҮЕҰ-ларын қолдаудың 2009-2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары.


Саланың ағымдағы және болашақтағы проблемалары

Экономикада жағымсыз тенденциялардың күшейе түсуі салдарынан жұмыссыздықтың өсуіне, жалақысы сақталмайтын демалыста болу, кірістердің азаюы, негізгі азық-түлік тағамдарына, қызметтер төлемінің бағаның өсуіне байланысты азаматтардың қоғамдық көңіл-күйінің оң көрсеткіштері де төмендеуі мүмкін.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес конфессиялар арасында қарама-қайшылық тудыруы мүмкін дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалы кеңейгені байқалып отыр.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың салалық принциптері дамып келеді. Осы жұмысқа 1 ҮЕҰ қатысып отыр, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаражат қарастырылған.

Осы проблемалардан тұжырым жасала отырып, болашақтағы мақсаттар белгіленді:



  • Тұрғындарды және барлық мақсатты топтарды әлемдік дағдарыс жағдайында экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралар, “диалогтық алаңдар”, ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу арқылы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басты бағыттары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыра түсу қажеттігі;

  • Аудан тұрғындарын, елді дамыту мақсаттары және жалпы қазақстандық патриотизмді бұдан әрі қалыптастыра беру аясына біріктіру;

  • Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге үшінші сектордың қатысуын кеңейте түсу қажеттігі;

  • Толеранттық сана-сезімді қалыптастыру арқылы конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, діндер диалогын кеңейту, діни экстремизмнің және тоталитарлық секталар қызметінің алдын алу жұмыстарын жандандыру;

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен қамтылған ҮЕҰ-лар санын;

  • Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ҮЕҰ-лардың қатысуын арттыру қажеттігі;

2. Өңірдің ақпараттық кеңістігін дамыту деңгейі

Сала инфрақұрылымының жағдайы

Ауданда тіркелген және жұмыс істеп жатқан БАҚ-тың 2-еуі баспа түрінде.

Тақырыптық бағыт бойынша жарнамалық-ақпараттық және саяси-экономикалық.

Саланың табыстары мен жетістіктері

Мерзімді басылымдар мен теледидар өнімдерінің деңгейі мен сапасы өсіп келеді. Бұған ауданда бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылып, жаңалары құрылып жатқаны дәлел бола алады. Интернет-сервистері бар БАҚ-тардың саны да өсуде. Басылымдардың таралымы да артып келеді.(мысалы, қоғамдық-саяси бағыттағы басылымдардың таралымы 4500 данаға дейін жетті).

«Қазпошта» АҚ-да облыстың шалғай аудандарына пошта жеткізуде проблемалар жоқ.

«Қазтелерадио» инфрақұрылымы «Хабар» телеарнасының бағдарламаларымен- 98,8%, «Ел арна» - 92%, «Қазақстан» - 98,1%, «Евразия» - 95%, «Қазақ радиосы» - 91,3% қамтамасыз етілген.


Қаржыландыру


Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге аудандық бюджеттен бөлінді:

- 2008 ж. – 3931,0 мың. теңге,

- 2009ж.. – 5318,0 мың. теңге,

- 2010 ж. – 3000,0 мың. теңге,

- 2011 ж. – 3270,0 мың. теңге.

- 2012 ж. - 3000,0 мың. тенге



Саланың ағымдағы және болашақтағы проблемалары

  1. Қазақстандықтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру шеңберіндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін :

- Өңірлік БАҚ-тың мемлекеттің даму Стратегиясын және елді әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің құрамына енгізуді алға бастыру жөнінде мемлекеттің жүр-гізіп отырған саясатын ақпараттық қолдауды кеңейту және сапасын арттыру;

- ақпарат саласында заңнаманы сақтау және БАҚ-тың құқықтық мәдениетін көтеру, журналистер қауымдастығының этикалық нормаларды сақтауы қажет. ( БАҚ мониторингін өткізу).



  1. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет:

-мемлекеттік электрондық БАҚ-тың тақырыптық жіктелуі (өздерінің деректі және көркем фильмдерін, әлеуметтік роликтерін, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын түсіру);

- мемлекеттік БАҚ-ты ұйымдық және кадрлық нығайту жөнінде шаралар қабылдау (кадрлардың біліктілігін арттыру, БАҚ-пен мақсатты іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, соның ішінде журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру мектептерін, белгілі журналистердің қатысуымен семинар-тренингтер және шеберлік сыныптарын ұйым-дастыру);

-мемлекеттік БАҚ-ты жан-жақты жаңарту (масс-медианың қазіргі заманғы әлемдік жұмыс стандарттарын есепке ала отырып, материалдық-техникалық базасын, БАҚ-тың сапалық деңгейін жақсарту, масс-медиа Ин­тернет ресурстарының және web-сайттарының болуы, ).

- бұқаралық ақпарат құралдарының үйлесімді дамуына ықпал жасау ( БАҚ өкілдеріне аудан әкімі гранттарын бөлу, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).



3. Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету.

Сала инфрақұрылымының жағдайы

Ауданда 29 жасқа дейінгі 8300 жастар тұрады. Жастарды әлеуметтенді-руде, олардың проблемаларын шешуде белгілі рөл атқарып отырған жастардың 1 қоғамдық бірлестігі тіркелген. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын консультативтік-мәжілістік орган мәртебесі берілген аудан әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес жүзеге асыруда.

Саланың табыстары мен жетістіктері

Ауданда 2006-2008 жылдарға арналған облыстық «Жастар» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде жас адамның әлеуметтік қалыптасуы және дамуы, қоғам мүддесі жолында оның шығармашылық әлеуетін неғұрлым толық іске асыру үшін қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық жағдайлар және кепілдіктер жасалды, жастардың әлеуметтік мәнді бастамалары іске асырылды, жастар арасында қазақстандық патриотизм рухы арта түсті.

Жастар саясатының басты бағыттары. Патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында түрлі жағымсыз көріністердің, атап айтқанда, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, қылмыскерліктің алдын алу.

Аудан аумағында жастардың 1 үкіметтік емес ұйымы тіркелген. Өңірде жыл сайын «Патриот», «Нашақорсыз өмір», «Бұл біздің ту», «Бұл біздің әнұран» атты акциялары өтіп тұрады.

Балалар мен жастар ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алып, “Жастар” бағдарламасы іс-шараларының іске асуына атсалысуда. Жалпы алғанда, ауданда қызмет жасап отырған жастар ұйымы жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар үшін өткізілетін конкурстарда мемлекеттік тапсырыс алады немесе әлеуметтік мәнді жобалар конкурсында жеңіп жүр. Жұмыстың осы нысаны жастар бастамасының қызметіне және дамуына тең жағдай жасағандықтан, жастар саясатын іске асыруда неғұрлым оңтайлы болды.

Жастарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында аудан орталығында Баянауыл аудандық “Жастар” бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын еңбек биржасы жұмыс істейді. Үш жыл ішінде биржа арқылы 30 жұмыссыз жас өтініш беріп, олардың 16-сы, яғни 51%-ы келісім-шарт бойынша жұмысқа орналастырылды.

Аудан жастарының арасындағы жағдайды, әлеуметтік жағынан әлжуаз жас адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жеткілікті өткізілуде. Алайда, жастар кәсіпкерлігінің дамуы, бос уақытты ұйымдастыру мекемелерінің жеткіліксіздігі, аз қамтылған жастарға қолжетімді болмауы, жас отбасылар проблемаларын шешу жөніндегі республикалық бағдарламаның болмауы жастардың көкейтесті пробемалары болып қалып отыр.

Ауданда жастар арасында құқық бұзушылықтың алын алу шаралары ретінде әртүрлі 15 аула клубтары жұмыс істейді.


Қаржыландыру


Жастар саясаты және патриоттық тәрбие бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін бөлінген қаражат сомасы:

- 2008 ж. – 1299,0 мың теңге

- 2009 ж. – 1368,0 мың теңге

- 2010 ж. – 1908,0 мың теңге

- 2011 ж. – 2079,0 мың теңге

- 2012 ж. – 2266,0 мың теңге.



Саланың ағымдағы және болашақтағы проблемалары

Жастар арасында сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу – көкейтесті проблемалар болып қалып отыр.

Жастардың 40 % ғана жастар ұйымдарының іс-шараларына қатысуда.

Жастар саясатын іске асырудың кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз. Аудандық деңгейде жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру ісімен ауданның ішкі саясат бөлімінің жастар саясаты және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі, ауданның ауылдық округтары мен кентінде әрқайсысында 1 бірліктен жастар маманы барлығы 15 маман, ауданның ішкі саясат бөлімінде 2 маман айналысуда. Бұл ауылдық деңгейде жастар саясатын іске асыруды тиімді үйлестіруге мүмкіндік бермейді. Халықаралық жастар ұйымдарымен тәжірибе алмасу ісі дамымай отыр.

Осы проблемаларды шешу үшін:

1. Жастардың дамуына жағдай жасау үшін және оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенділік таныту;



2. Жастардың азаматтық белсенділігі деңгейін, қазақстандық патриотизмін, рухани-адамгершілік дамуын арттыру:

3. Жастар ұйымдары қызметінің ақпараттық тұрғыдан сүйемелденуін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет