«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі»



Дата01.07.2016
өлшемі100.1 Kb.
#170277
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадаый ведомстволары бар:

«Жұлдыз»- «Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ШҚО Көкпекті ауданының Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылым мен штат санының лимиттегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.

10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

11. Осы Ереже «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық және аудандық бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Өңірдегі қоғамдық- саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

15. Міндеттері:

1) ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету, ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

2) аудандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне және қоғамды- саяси жағдайларға сараптама жасау, болжау, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңының 12 бабы, 3 тармағы);

3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 1) тармақшасына);

4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара қарым- қатынасын және ынтымақсатығын ұйымдастыру, аудандағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешеуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 4-2 бабы, 4) тармақшасы, 5) тармақшасы ).

16. Мекеменің функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауларын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, әлеуметтік- экономикалық жәнес саяси дамудың мемлекеттік және аудандық бағдарламаларын түсіндіру мен насихаттау, бағдарламаларды талдау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіруге қатысады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы,1 тармағы,3) тармақшасы);

2) жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым- қатынасты ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлееттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

3) Мемлекеттік бағдарламаларды, аудан әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмаларын орындауды, сондай- ақ, мекеменің құзырына енетін сұрақтар бойынша шараларды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы,2 тармағы);

4) саяси маңызды оқиғалар туралы, сондай- ақ діни, қоғамдық- саяси саладағы, мемлекеттік органның ақпараттық- насихат және идеологиялық жұмыстарындағы өзгерістер туралы уақытылы ақпарат беріп отырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

5) мемлекеттік органдардың бұқаралық- ақпарат құралдарымен өзара қарым- қатынасын үйлестіреді және ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 7 ) тармақшасы);

6) жергілікті атқарушы органдардың қызметін жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен шаралар дайындайды және өткізеді (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 7 ) тармақшасы);

7) аудандағы мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4- 4 бабы, 5) тармақшасы);

8) қоғамдық – саяси процестерді болжайды және зерттейді, аудандағы ұлтаралық қатынас сұрақтарын, аудандағы қазіргі саяси жағдай туралы ақпараттарды жүйелейді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы,2 тармағы);

9) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің аудан аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады (2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының 12 бабы)

10) Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларын, «Қазақстан -2050» Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық- насихат топтарының қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық- насихат жұмыстарын үйлестіреді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы, 3) тармақшасы );

11) үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру- тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 3) тармақшасы);

12) әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі және жастар мәселелері жөніндегі кеңестердің жұмысына басшылық жасайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

13) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады, жастар саясатының өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады және оларды қаржылай қамтамасыз етуді жүзеге асрады (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 4 бабы, 5 тармағы, 1), 2) тармақшалары);

14) өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық- кеңесші органдарын құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 4бабы, 2 тармағы, 1), 3) тармақшалары);

15) аудандағы қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара қарым- қатынас жасайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

16) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабы, 1), 3) тармақшалары);

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқытарды жүзеге асырады.

17. «Жұлдыз»- «Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігінің функциясы:

Мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету және пайда түсіру (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы);

18. Құқытары мен міндеттері:

1) өңірлік ішкі саясаттың негізігі бағыттары бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізуге (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

2) жергілікті атқарушы органдардан мекеменің белгілеген мерзімінде өз құзыры аясында ақпараттар сұрауға және алуға (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

3) мекеменің құзырына енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын дайындауға қатысуға (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға (Қазақстан Рсепубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

19. «ШҚО Көкпекті ауданының Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні мен мақсаттары:

1) Мекеме қызметінің мәні Көкпекті ауданының жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы , ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру болып табылады;

2) Мекеме қызметінің мақсаты- жастардың азаматтық бастамаларын , рухани- адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш- қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру;



3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

20. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты, «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

21. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымдық қызметке Көкпекті ауданының әкімі тағайындайды және босатады.

22. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, берілген тапсырмаларды орындау және өз міндеттерін іске асыру үшін жекелей жауапкершілікте болады.

23. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

24. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерін белгілеген заң талаптарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

2) бөлім қызметкерлерінің, өзіне қарасты мекеменің басшысы мен жұмыскерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

3) заң талаптарына сәйкес бөлімнің барлық жұмысына басшылық жасайды;

4) құзырлық негізінде өз иелігіндегі мекемелерге бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;

5) заң талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың басқа ұйымдармен қарым- қатынастарына өкілдік етеді;

6) заңмен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіпті шара қолданады;



4. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/ коммуналдық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  1. «Жұлдыз»- «Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  2. «ШҚО Көкпекті ауданының Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет