ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.С.Биханова, Н.Б.Кайсанова
«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық
білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде әзірленген
Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»
оқулығын Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің
5В050600-Экономика, 5В050700 - Менеджмент, 5В050800 - Есеп және
аудит, 5В050900 -Қаржы, 5В051100 - Маркетинг мамандықтарына
пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау
Өскемен
2018
Биханова А.С., Кайсанова Н.Б. Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің
5В050600-Экономика, 5В050700- Менеджмент, 5В050800-Есеп және аудит,
5В050900-Қаржы, 5В051100-Маркетинг мамандықтарына «Рухани жаңғыру
бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100
жаңа оқулық» жобасы негізінде әзірленген Дональд Ф.Куратконың
«Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» оқулығын пайдалануға арналған
әдістемелік нұсқау. 05.10.2018 ж. – Өскемен: ШҚМТУ, 2018. – 19 бет.
Әдістемелік нұсқауда Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория,
процесс, практика» оқулығын пайдалануға арналған нұсқаулықтар берілген.
Әрбір тарауға қысқаша түсіндірмелер беріліп, оқулықтың оқу үрдісіндегі
орны, мақсаттары мен міндеттері айқындалған.
Әдістемелік нұсқаулар «Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасының
әдістемелік семинарында қаралып, мақұлданды
16.10.2018 ж. №3 хаттама
© Д.Серікбаев атындағы
Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік Техникалық
Университеті, 2018
КІРІСПЕ
Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
бағыты бойынша қоғамның түрлі салаларына пайда әкелетін 100 кітапты
шетел тілдерінен, яғни, түпнұсқадан қазақ тіліне тікелей аудару міндеттелген
еді. Қазір міндеттелген 100 оқулықтың 18-і аударылып қолданысқа енсе, 30
оқулық аударылу үстінде.
Біз бұл мақаламызда кәсіпкерліктің қыр-сырымен, қалтарыс жатқан
құпияларымен толық бөлісетін Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория,
процесс, практика» атты оқулығын сарапқа салмақпыз. Кітаптың өне бойы
тұнған ұсыныстар мен кәсіпті жүргізудің концепциялары.
Еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды жүріп жатқан
шақта бұл кітаптың қазақ тіліне тәржімалануы – бизнес саласына қосылған
үлкен үлес, құйылған мол инвестиция. Кітаптың бизнес және оның жоғары
мектебі деп аталатын жоғары оқ орындарындағы кафедраларда оқытыла
бастаған. Демек, алдағы бес жылдықта кәсіпкерлікпен қалай болса солай
емес, кәсіби түрде, білім алған маман ретінде айналысатын жастардың
қатары артпақ. Бұл – ел экономикасының қарыштап дамуына қосылған зор
үлес болар еді.
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік
дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік құбылысты
теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған.
1 ОҚУЛЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ
ОРНЫ