А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
1 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері 1.1 Тәрбиенің теориялық.әдіснамалық негізі. 6
1.2 А.С. Макаренконың тәрбие және ұжым туралы еңбектеріне педагогикалық талдау. 11
1.3 А.С. Макаренконың еңбек және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау. Бірінші бөлімге қорытынды 17
2.2 Зерттеу жұмысының мазмұны. 26
ҚОРЫТЫНДЫ 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 46
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз мамлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікк жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін,
Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің азаматтары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.
Оқушыларға тәрбие беруде
Ресейдің классик-педагогтары К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский үлкен үлес қосты. Олар өз еңбектерінде тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.
А.С. Макаренк тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның Жан дүниесін жақсы түсіне білді.
Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін Жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды жан-жақты талдау, А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану мәселесінің жете зерттелмегендігін көрсетті.
Демек, А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие ісінде педагогикалық мұрасын пайдалану қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыдан жүйелі зерттелмеуі арасында; А.С. Макаренко шығармалары негізінде тәрбие ісінде педагогикалық мұрасын пайдалану мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз падалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны – оқушылардың тәрбиесі.
Зерттеудің пәні – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану үдерісі.
Зерттеудің мақсаты – Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалса, А.С. Макаренко шығармаларындағы идеялары және олардың тәрбие берудегі мүмкіндіктері анықталса және оны жүзеге асырудың әдлістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда тәрбие беруге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың тәрбиелік мазмұндағы шығармаларға аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану теориялық негіздерін айқындау;
2. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
3. Оқушылардың тәрбиесінде А.С. Макаренконың педагогикалық мұрасын пайдалану бағдарламасын жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде практикаға ендіру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық), оқу-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеудің негізгі базасы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәне мазмұндалады.
«А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалып, А.С. Макаренко шығармашылығындағы педагогикалық идеялары және оның оқушылардың тәрбиелеудегі мүмкіндіктері анықталды.
«А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің әдістемесі» атты екінші бөлімінде А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; эксперимент жұмысын анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі мазмұндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
1 А.С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Тәрбиенің теориялық.әдіснамалық негізі.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.
“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.
Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады.
“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады.Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.
Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.
Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді.
Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.
Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
Ұжымның даму кезеңдері.
Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.
Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.
Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.
Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.
А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.
Макаренко “Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды: “Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.
А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.
Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. “Тәртіп – бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі”.
А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі.
Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко “тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.
Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.
Жанұя тәрбиесі туралы.
А.С.Макаренко жанұя тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты.
Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады – бұл барлық тәрбие үрдісінің 90%, ал содан әрі адам тәрбиесі жалғасады, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, — деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді (шығ.,4т.,460 бет).
Көптеген жанұяларының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабын” жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.
Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя — өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”, — деді А.С.Макаренко.
“Ата-аналар кітабында” екі ата-ананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |