А. С. Шарипханова



бет1/12
Дата13.06.2016
өлшемі2.17 Mb.
#133090
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

А. С. ШАРИПХАНОВА

ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы

Өскемен

2011

ӘОЖ 581.5 (075.8)

КБЖ 28.58.я 729

Ш 27


С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған № 5 хаттама 22.06.2009 ж.

Пікір жазғандар:

Мирзадинов Р.А., биология ғылымдарының докторы, профессор

Жексекенев З.Ж., ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы,

Игісінова Ж.Т., биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш 27 Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

ISBN 978-601-80142-2-2

«Өсімдіктер экологиясы» атты оқу құралының мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған типтік бағдарламасы бойынша өсімдіктер экологиясының ғылым ретінде даму тарихы мен экологиялық факторлар, олардың классификациясы, негізгі түсініктер, ұғымдар мен экологиялық мәселелер қарастырылған. Қазіргі экологиялық жағдайлар мен антропогендік факторлардың табиғатқа, өсімдіктер жамылғысына әсері жайлы деректерге талдау жасалған.

Оқу құралы жаратылыстану ғылымдары мамандықтарының студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға, сонымен қатар экологиялық жағдайларға қызығушылық танытатын оқырманға арналады.


ӘОЖ 58(07)75.8

КБЖ 28.58.я 729



ISBN 978-601-80142-2-2 © Шарипханова А.С.

© С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011






МАЗМҰНЫ







Алғы сөз

5

1 ТАРАУ

ӨСІМДІК ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

6

1.1

ХХ ғасырға дейінгі өсімдіктер экологиясының даму тарихы

6

1.2


Өсімдік экологиясының қазіргі даму кезеңдері мен зерттеу әдістері

7

1.3


Қоршаған орта, тіршілік жағдайлары мен экологиялық факторлар жөніндегі түсінік

13

2 ТАРАУ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

15

2.1

Экологиялық факторлар әсерінің заңдылықтары

16

3 ТАРАУ

ЖАРЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

18

3.1


Өсімдікпен қабылданатын жарықтың сандық және сапалық сипаты

18

3.2

Жарық жағдайларының уақытқа сай өзгерістері

21

3.3


Өсімдік және өсімдік жамылғысының оптикалық жүйе екендігі

21

3.4


Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

22

3.5


Жарыққа байланысты өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық бейімделушіліктері

25

3.6

Фотосинтез және физиологиялық бейімделушілік

27

3.7

Фотопериод және өсімдіктердің фотопериодтық реакциялары

30

4 ТАРАУ

ЖЫЛУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ

31

4.1

Жылу факторы – климаттық жағдайлардың бір бөлігі

31

4.2

Тіршілік ортасының жылу ырғақтары

32

4.3

Өсімдік температурасы

33

4.4

Экстремальды температураның өсімдіктерге әсері

34

4.5

Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі

35

4.6

Өсімдік тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар

38

4.7

Вегетациялық кезең аралықтары

39

5 ТАРАУ

ӨСІМДІК ӨМІРІНДЕГІ СУДЫҢ МАҢЫЗЫ

41

5.1

Суға экологиялық фактор ретінде сипаттама

41

5.2

Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

44

5.3


Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігінің экологиялық маңызы

45

5.4

Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру

48

6 Тарау

АУА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ

50

6.1

Ауа қозғалысы

50

6.2

Ауаның газды құрамы және оттегінің экологиялық маңызы

53

6.3

Ауаның тұрақсыз компоненттерінің маңызы

54

7 ТАРАУ


ТОПЫРАҚ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨСІМДІК ТІРШІЛІГІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

56

7.1


Топырақтың негізгі және химиялық қасиеттерінің экологиялық маңызы

56

7.2


Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсері және оның топтары

66

7.3

Псаммофиттер мен литофиттер

71

7.4

Шымтезек (торф) - өсімдіктерде субстрат ретінде

75

7.5


Өсімдіктер мен өсімдіктер жамылғысы бойынша топырақ-грунттық жағдайлардың индикациясы

79

8 ТАРАУ

БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

85

8.1

Өсімдіктердің басқа ағзалармен қатынасының типтері

85

8.2

Зоогенді факторлардың өсімдіктерге әсері

89

8.3


Фитогенді факторлар мен өсімдіктердің өзара байланыстары

94

9 ТАРАУ

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР

101

9.1

Адамның өсімдіктерге әсер етуінің негізгі формалары

101

9.2

Рекреационды жүктемелер

103




Әдебиеттер тізімі

106









Алғы сөз


Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте жақсы дамуымен бірге адамзаттың табиғатқа әсері де өсіп отырғаны мәлім. Табиғат байлықтарын үнемді қолдану мен оны қорғау ғылыми негізде қолға алынып келеді. Өсімдіктер экологиясы ғылымы биологияның бір бөлімі ретінде дамып келе жатыр. Осы жүйеде адам мен қоршаған ортаның байланысы биологиялық және қоғамдық заңдылықтарға бағынатыны мәлім. Қазіргі кезде өсімдіктер экологиясы табиғаттағы өсімдіктер жамылғысын қорғау мен сақтау, үнемді пайдалануды шешуге арналған мәселелерді жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын жүргізуде маңызы артып келеді.

Оқырманға ұсынылып отырған оқулықтың негізгі мақсаты мәтінінің мазмұнымен таныстыру арқылы студенттердің өсімдіктер жайлы алған білімдерін өсімдіктердің экологиясымен толықтырып, білімдерін көтеру мен қоршаған ортаның даму заңдылықтарына деген көзқарастарын қалыптасыру болып табылады.

Оқулықта экология мен өсімдіктер экологиясына әсер ететін факторларға тоқталып, олардың жүйелену негізі, жеке факторлардың өсімдіктердің дамуы мен бейімделу ерекшеліктеріне назар аударылған.

Жалпы өсімдіктер экологиясына қатысты тақырып материалдарының орналастырылуы мен берілу жүйесі студенттердің қоршаған орта мен табиғатта, әсіресе өсімдіктер ағзасында өтіп жатқан құбылыстар мен үрдістердің біртұтастығын, заңдылықтарымен өзара байланыста қарап, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатына бағытталған.

Кең байтақ қазақ жері, қазақ елінің көрекеюі мен құлпыруы болашақ жастардың қатысуымен ғылыми тұрғыда жүретініне біз сенімдіміз. Сондықтан да, жас мамандар қоршаған ортаның гүлденіп жайнауына ат салысу барысында өсімдіктердің экологиясына да баса назар аударса деген тілек білдіре отырып, аталған оқулық патриоттық сезімдерін оятып, ғылымға деген талпыныстарына қанат береді деп үміттенеміз!

1 ТАРАУ ӨСІМДІК ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Өсімдіктердің белгілі тіршілік ортасына, ортаға деген қатынасы жайлы білімдер адамзатта ертерек практика жүзінде: жабайы өсімдіктерді жинап, оларды өсіре бастаған кезден қалыптаса бастаған. Қазіргі кездегі кейбір халықтардың тілдерінде өсімдіктер топтарының атауларын кездестіруге болады, ол атаулар тек бақылау түрінде емес, бірақ экологиялық классификацияның бастауының дәлелі болып табылады (ылғалды жер өсімдіктері, құрғақ жер өсімдіктері, таулы және жазықты өсімдіктер және т.б.)


    1. ХХ ҒАСЫРҒА ДЕЙІНГІ ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Өсімдіктердің экологиялық жағдайлары жайлы хабарламалар өте ертеден белгілі болған. «Ботаниканың әкесі» атанған және оның жеке ғылым екендігінің негізін қалаушы Аристотельдің оқушысы Теофраст (немесе Феофраст, б.э.д. 371-286), өз еңбектерінде өсімдіктердің практикалық қолданудағы маңызы мен қатар олардың құрылысы, физиологиясы, географиялық таралуына аса мән берген. Ол Александр Македонский мен саяхатқа шыға отыра, әртүрлі елдердегі өсімдіктерге топырақ пен климаттың әсерін сипаттап және салыстыруға мүмкіншілігі болды. Теофрастың бізге жеткен екі үлкен еңбектерінде – «Өсімдіктердің табиғи тарихы» (10 том) және «Өсімдіктердің себептері жайлы» (8 том) - өсімдіктердің сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу түрлерінің жағдайларға байланысты болатындығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген. Мысалы, тауда өсетін ағаштардың діңдерінің бұтақтары төмен, ал оны жайылымға еккен кезде өте әдемі және ірі болатындығын атап өткен. Ол жүзім түрлерінің әртүрлі топырақта өсіру барысындағы өзгерістерін сипаттаған. Алғашқы өсімдіктерді тіршілік түрлеріне бөлуді де Теофраст (терминдерді қолданбай) жасаған деп атауға болады: ағаш, бұта, жартылай бұта және шөптер.

Ертедегі ортағасыр жүзжылдықтарында өсімдіктер жайлы білім дамымады деп айтуға болады. Ботаникалық білімдер негізінен монастырларда қалыптасты, себебі онда дәрілік шөптер өсірілді. Ортағасырлардың соңында (ХII-ХIIIғғ.) сауда және саяхат байланыстарының дамуы, университеттер мен мектептердің ашылуы ботаникалық ғылымның дамуына ықпал етті. Ірі оқымысты-схоласт Ұлы Альберт (Альберт Великий) өз еңбектерінде (1193-1280) өсімдіктердің «қыстық ұйқы» себептерін, топырақ сапасының өсімдік тіршілігіне әсерін зерттеген. Бірақ көптеген теориялық көзқарастар жағынан өз уақытынан асып шығып кетпеді: Аристотельдің жалғастырушысы болып есептелетін ол өсімдіктерде «жан» бар деп есептеп, топырақ өзгерістеріне байланысты түрлердің өзара ауысуларын сипаттады.

Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылу дәуірі (ХV-XVIғғ.) жаңа ашылған елдердегі өсімдіктер әлемі жайлы жаңалықтармен ботаниктердің білімін кеңейтіп және ол елдерден әкеліп ауылшаруашылығында өңделетін жемісті және әдемілік өсімдіктердің қасиеттері жайлы мағлұматтармен толықтырды. Ғылым академиясы құрған ботаникалық бақтарды тек қана дәрілік шөптерді ғана емес, әртүрлі елдерден әкелінген өсімдіктерді, олардың коллекциясын жасап танысу мақсатында өсіре бастады.

Жаңару дәуірінен XIX ғ. дейін жаратылыстану ғылымдарының негізгі тенденциясы – материалдарды жинау және толықтыру, тірі табиғатты «инвентаризациялау» болып табылады. Бір уақытта әртүрлі елдердің фаунасы мен флорасының климат жағдайларына байланысты өзгерістері жайлы дәлелді фактілердің саны арта түсті. Сыртқы орта факторларының жағдайларына байланысты ағзалардың өзгергіштігі жайлы түсініктер қалыптаса бастайды. Сол кездегі ірі жаратылыстанушылардың еңбектерінде экологиялық заңдылықтар жөнінде сипатталып және қорытындыланады. К.Вильдановтың 1792 жылы шыққан «Шөптану негіздері» («Основы травоведения») еңбегінде тау және жота өсімдіктеріне салыстырмалы сипаттама берілген, сулы ортаның ерекшеліктеріне, өсімдіктердің таралуындағы климаттық заңдылықтарын атап көрсеткен.
1.2 ӨСІМДІК ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Экология ғылымының даму тарихы өте күрделі. Бұл күрделілік адамзат дамуының алғашқы қадамынан бастап, табиғатпен тығыз байланысынан көрінеді. Адам қоғамы әрқашан өсімдіктер мен жануарлар әлемімен және олардың қорларымен тығыз тәуелділікте және аңдар, құстар мен балықтардың тіршілігі мен таралу ерекшеліктерімен күнделікті есептесуге мәжбүр болды.

Қазіргі ғалымдардың дүниетанымына ежелгі грек ғалымдарының ықпалы зор. Мысалы, Аристотель (б.э.д. 348-322ж.) «жануарлар тарихы» еңбегінде су және құрлық жануарларын, жүзетін, ұшатын, жорғалаушыларды айырып жазды. Бұл ерекшеліктер тірі ағзаларды қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу нәтижесінде туатынын сипаттайды.

Сол сияқты, ағзалардың құрылысы мен тіршілігі туралы сұрақтар анти философтары мен ойшылдары Теофраст (б.э.д. 371-280ж.) пен үлкен Плиней еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдар өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарын суреттеп қана қоймай, олардың өсу жағдайларына тәуелділігі туралы жазды. Жануарларды зерттеу олардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, тіршілік орыны сияқты хабарлармен толықтырылды.

Белгілі ағылшын химигі Роберт Бойль (1627-1691) ең бірінші экологиялық эксперимент жасады. Ол әртүрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әсерін бақылап, нәтижесін жариялады.

Швед ғалымы К. Линней (1707-1778) мен француз табиғат зерттеушісі Ж. Бюффон (1707-1778) еңбектерінде климаттық факторға ерекше мән беріледі. К. Линнейдің «Табиғат экономиясы» және «Табиғаттың қоғамдық құрылысы» еңбектері бар. «Табиғат экономиясында» К. Линней барлық табиғи денелердің қарым-қатынасын түсіндіріп, белгілі заңдармен өмір сүретін табиғатты адам қоғамымен салыстырады.

Экологияның дамуына әсерін тигізетін маңызды бақылауларды ХХ ғасырдың 2-жартысында орыс академиясы ғылымдары ғалымдарының экспедициялық зерттеулерімен толықтырылды. Мұндай экспедицияларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасынан С.П. Крашенинниковты, И.И. Лепехинді, П.С. Палласты және т.б. атап өтуге болады.

Француз ғалымы Ж.Б. Ламарк (1744-1829) өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, ағзалардың өзгерістерге бейімделуінің маңызды себебі сыртқы ортаның әсері деп есептеген. Мәскеу университетінің профессоры К.Ф. Рулье (1814-1858) өзінің еңбектері мен дәрістерінде тірі ағза эволюциясын оқу және жануарлардың дамуын, құрылысы мен тіршілігін түсіндіруде қоршаған ортаның өзгерістеріне байланысын атап көрсеткен. Экологияның дамуына белгілі орыс зоологы Н.А. Северцовтың (1827-1885) да қосқан үлесі өте қомақты.

Экологиялық ойлардың дамуында ұлы ағылшын ғалымы, органикалық әлемнің эволюциясы туралы ілімнің негізін қалаушы Ч. Дарвиннің (1809-1882) де еңбегі зор. Ч. Дарвиннің тіршілік үшін күресу туралы қорытындысы экологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады.

Экология ғылымы ғасырдың басында өз алдына ғылым болып қалыптаса бастады. ХХ ғасырда экологияның дамуына әлемдік белгілі ғалымдар К.А. Тимирязев (1843-1920), В.В. Докучаев (1846-1903), Ф.Клементс (1874-1945). В.Н.Сукачев (1880-1967) және т.б. қосқан еңбектерін де айтуға болады.

ХХ ғасырдағы көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский (1868-1945) биосфера туралы ғылымды дамытты. Ол біздің планетамыздағы геохимиялық үрдістерде тірі ағзалардың атқаратын рөлін атап көрсетті.

Қазіргі экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады.

1-кезең: экологияны әртүрлі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу деп түсінген кезең.

2-кезең: 20-шы жылдардың ортасына қарай «Экология» термині ағзалар бірлестігін (қоректік байланыс, экологиялық пирамида және т.б.) зерттеуге қолдана бастаған кезең.

3-кезең: 50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі ретінде қарастырылатын «биоценоз» және «экожүйе» түсініктері енгізілген кезең.

4-кезең: 70 жылдардағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар аймақ болып саналатын, ал маңызды экожүйе – биосфераның жете зерттелген кезеңі.

5-кезең: биосфераның құрылуындағы адамның ерекше рөлі және оның жауапкершілігі көрінетін соңғы кезең.

Қазіргі кездегі экологияның келесідей негізгі бағыттары белгілі:

1. Классикалық экология – биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.



  1. Ауқымды (глобальды) экология – биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.

  2. Қоғамдық экология – қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

  3. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

  4. Адам экологиясы – адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді.

  5. Қолданбалы экология – агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.

  6. Экологиялық мониторинг – бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

Қазіргі кездегі экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар: популяциялық экология, географиялық экология, химиялық экология, өндірістік экология, жануар және өсімдік экологиясы, адам және микроағзалар экологиясы және т.б. Мұндай бағыттардың көптігіне қарамастан, олардың барлығының негізінде тірі ағзалардың қоршаған ортамен арасындағы байланысы туралы биологиялық идеялар жатады.

Қазіргі экология жан-жақты, күшті дамыған, біздің планетамыздағы барлық тұрғындар үшін практикалық маңызы үлкен, кешенді ғылым. Экология ғылымы – келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы ғылымның прогресіне тәуелді болуы мүмкін.

Түрлі дәрежелі биологиялық жүйелердің деңгейінде қалыптасатын байланыстардың көп алуандығы экологиялық зерттеулер әдістерінің сан алуандылығына алып келеді. Қазіргі жағдайларда олар теориялық та, аса маңызды практикалық мәселелерді шешуде де маңызды рөл атқаруда. Ағзалар санының динамикасы, мезгілдік дамуы, пайдалы және зиянкес түрлердің жаңа жерлерге қоныстанып, соған бейімделуі, көбеюі мен таралуының болжамдары және т.б. – міне, экологиялық мәселелердің шешімін табуда кеңінен биологиялық зерттеулер әдістерінің де өсімдіктер экологиясында қолданылуының маңызы зор болып табылатыны анық.

Өсімдіктер экологиясында зерттеу жұмыстарын жүргізу зерттеу материалдарын әзірлеу, өзара бірін-бірі толықтыруға және бақылауға тиіс далалық, зертханалық және тәжірибелік зерттеулердің орынды үйлесімділігін талап етеді.

Экологияның бірнеше негізі - экожүйелік, қауымдастықтарды зерттеу, популяциялық, мекен орнын сараптау, эволюциялық және тарихи әдістерінің барлығы да өсімдіктер экологиясында кеңінен қолданылады.

Экожүйелік әдіс: бар назары экосфераның биотикалық және абиотикалық құрауыштарының арасындағы энергия ағыны мен заттардың айналымына шоғырланатын әдіс; қорек тізбегі тәрізді функционалдық байланыстарды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің ішінде гомеостаз тұжырымдамасы (өзін-өзі реттеу) көңіл аудартады; тәсілдің ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген практикасын жасауда маңызы үлкен.

Қауымдастықтарды зерттеу: әдіс экожүйенің биотикалық құрауыштарына ерекше көңіл бөледі: түрлерді анықтау мен сипаттауға, олардың таралуын шектейтін факторларды зерттеуге көңіл аударады, бұл табиғи ресурстарды орынды пайдалану мәселелерін шешу үшін өте маңызды.

Популяциялық әдіс: аутэкологиялық мәселелермен шұғылданады; түрлердің өсуінің, өзін-өзі қолдауының және санының кемуінің математикалық үлгілері қолданылады; түрдің тууы, тірі қалуы, өлім-жітімі, ауытқымалы саны қарастырылады, ол қорықтарды ұйымдастыруда, аңшылық шаруашылықты жүргізуде өте маңызды.

Мекен ету орнын зерттеу әдісі: ортаның физикалық факторларының жануарлардың және өсімдіктердің тіршіліктерімен байланысын зерттейтін әдіс; экологиялық қуыс тұжырымдамасын жасауда өте қолайлы.

Математикалық статистика әдістерін қолдану белгілі бір, дарақтарды едәуір кездейсоқ сұрыптау нәтижелерінің (қалыптан ауытқу деңгейі, олар кездейсоқ па, әлде заңды ма) дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, биологиялық жүйелердің өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі бар екндігі анықталған соң ықтималдық теориясымен, сандар теориясымен, матрицалық алгебрамен және т.б. тікелей байланысты кибернетика мен ақпарат теорияларының әдістерін қолдану қажеттілігі туындағаны белгілі.

Соңғы кездері биологиялық құбылыстарды үлгілеу (моделдеу) кеңінен таралуда.



Биологиялық құбылыстарды үлгілеудің астарынан тірі табиғатқа тән түрлі экологиялық жүйелер мен үрдістердің үлгілерін қолдану мен зерттеу, құрастырылу үрдісі ұғынылады. Биологиялық үлгілеудің негізгі мақсаты биологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметіне қатысты гипотезаларды тәжірибелік тексеру болып табылады.

Экологиялық жүйелер мен үрдістердің үлгілеріне тоқтала келе, биологиялық үлгілеу әдісінің мәні түпнұсқамен бірге, яғни зерттелуші шынайы жүйемен немесе үрдіспен қоса олардың жасанды ұқсастығы – үлгіде зерттелетіндігінде жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет