Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы



ЛЕКЦИЯ 1 
 
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ 
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ. ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ ПӘНІ.
1. Экож‰йе және биосфера туралы т‰сінік. Экологиядағы популяция 
туралы оқыту.
Адам дамуының ерте кезеңінен-ақ өзін қоршаған ортадағы өсімдіктердің 
сыртқы ортаға қатысты, олардың əрқилы су жағдайында топтасу туралы 
мəліметтер жиі кездеседі. Бұдан əрі адамзат қоғамының əртүрлі даму 
кезеңінде, ол өз қажетіне пайдалы табиғи өсімдіктерді жинап, егіп-баптап, 
жүйелеп, яғни аса ылғалды, шөл-шөлейт, таулы, өзен алқабындағы 
өсімдіктер деп топтастырады. 
Сонан кейінгі дəуірлердегі ботаниканың ғылыми деңгейінің дамуына 
орай алғашқы экологиялық мəліметтерді жинақтау өсімдіктер ілімінің əкесі 
Теофраст (б.э.д. 371-286 ж.ж.) еңбектерінде кездеседі. Теофраст – ботаника 
ғылымын жеке дербес ілім ретінде негізін салушы. Ол өсімдіктерді 
шаруашылықта жəне медицинада қолдануды сипаттаумен бірге, өсімдіктің 
құрылысы, физиологиясын, олардың топырақ, ауа-райының жағдайына 
байланысты географиялық таралуын зерттеді. Ол өзінің біздің уақытымызға 
дейінгі жеткен 10 томдық «Өсімдіктердің табиғи тарихы», 8 томдық «Өсімдік 
себептері туралы» еңбектерінде олардың сыртқы ортаға байланысты өсу 
ерекшелігі, пішін-бейнелерге (тіршілік формаларға: ағаш, бұта, жартылай 
бұта) бөлу туралы ғылыми бақылаулар келтірілген. 
Өсімдіктер əлеміне орта ғасырдың бастапқы кезеңінде айтарлықтай 
ғылыми жаңалықтар қосылған жоқ, өйткені ботаникалық ілім көпшілік 
жағдайда діни орталықтарда (мешіттерде) жинақталды. Орта ғасырдың 
соңындағы (ХІІ-ХІІІ ғ.ғ.) дүниежүзілік саяхаттардың жандануы, сауда 
байланыстары мен жаңадай университеттердің ашылуы өсімдіктер іліміне 
біршама белсенділік əкелді. 
Географиялық ұлы зерттеулер, жаңа елдер мен жерлерді ашу, 
ауылшаруашылық 
дақылдар, 
əсемдік, 
дəрілік 
өсімдікерді 
жинау 
ботаниктердің дүниетанымын кеңейтіп, ғылыми мəліметтер жинақталды. 
Экологияны – өсімдіктің бейнесі, құрылысы, барлық өсімдік өмірінің 
химизімін, олардың сыртқы ортамен үйлесімінің сипаты, өзара қатынастың 
қозғалысы мен дамуының нəтижесі ретінде қарастырды. 
«Экология» (гр. «ойкос» – үй, шаруашылық, мекен-жай, «логос» - ілім) 
терминін алғаш рет қолданған Ч. Дарвин мен Э. Геккель (1866). Бұл «барлық 
организм түрлерінің морфологиясы» деген ғылыми еңбекте беріледі. Э. 
Геккель түсінігі бойынша, «экология» дегеніміз – организмдердің сыртқы 
ортамен кең көлемде өзара қарым-қатынасы, тірі тіршілік өкілдерінің өзара 
қарым-қатынасы, өскен жерінің суымен, мұзымен, ауасымен, топырағымен, 
жер бедерімен (рельеф) физико-химиялық ерекшелігі деп түсіндіреді. 


Минералды теорияның негізін салушы А.Т. Болотов (1781-1833) сыртқы 
ортаның өсімдіктерінің сыртқы келбет-пішінін қалыптастырудағы мəнінің 
орасан зор екендігі туралы өзіндік ғылыми тұжырымын келтірді.
А.Гумбольдт (1769-1869) жануарлар мен өсімдіктердің қалыптасуына 
жəне таралуына, əрине құрлық көлемінде ауа-райының ықпалының зор 
екендігін атап көрсетеді.
Экология ілімінің өрлей дамуына атсалысқандар қатарына Г.Ф. Морозов, 
Г.Н. Высоцкий, Г.И. Поплавская жəне А.П. Шенниковтерді атап өтуге 
болады (соңғы екеуі оқулықтар авторлары). Өсімдіктер физиологиясымен 
айналысқан ғалымдардан: Н.А. Максимовты, Л.И. Ивановты, В.Н. 
Любимечконы жəне т.б. келтіруге болады. Бұл ғалымдардың зерттеу 
жұмыстары өсімдіктердің өсу ортасында, яғни табиғи жағдайда жүргізілген. 
Ғалымдардың ғылыми тұжырымдары сыртқы ортаның экологиялық 
фактолардың өсімдіктерінің өсіп-дамуына, өнімділігіне əрқилы əсер 
ететіндігіне зер салған. 
40–жылдардың басында экологияда ауқымды жаңа бағыт – экологиялық 
жүйелерді зерттеу (экосистема) басталды. А.Тенали экосистема, В.А. 
Сукачев биогеоценоз туралы түсінік судағы қауымдастықтардың жалпы 
өнімділігі. 
Биологиялық өнімдліктің теориялық негізін салушылар (50-жылдардың 
басында): Г.Одум, Ю.Одум, Р. Уитеккер, Р. Маргалеф жəне т.б. 
Экологиялық жүйені анализдеу (талдау) нəтижесі ХХ ғ. В.И. 
Вернадскиге биосфера туралы ғылымды қалыптастырып, оның кең көлемді 
экологиялық жүйе екендігін дəлелдеді, негізін салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет