«Ақ шағала айдының, Балқашым мол байлығым!» жергілікті ақындар шығармашылығының сайысының ережесі жалпы ережелер Осы ереже «Ақ шағала айдынның, Балқашым мол байлығым!»



Дата03.07.2016
өлшемі25.62 Kb.
#174138


«Ақ шағала айдының, Балқашым мол байлығым!»

жергілікті ақындар шығармашылығының сайысының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

    1. Осы ереже «Ақ шағала айдынның, Балқашым мол байлығым!» жергілікті ақындар шығармашылығы сайысының өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды;

    2. Сайыс қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылады;

    3. Байқау ұйымдастырушылары – «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

2. Мақсаты мен міндеттері: 

2.1.  Жергілікті ақындардың шығармашылығын дәріптеу;

2.2.   Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;

2.3. Поэзия жанры арқылы Балқаш қаласының атын, мәртебесін көтеріп, мақтан тұту


3. Сайыс кезеңдері:

3.1. Өтінімдерді және шығармаларды қабылдау 2015 жылдың 10 қыркүйегіне дейін;


4. Сайыс шарттары:

4.1. Жолданған өлеңдер Балқаш қаласына, Балқаш көліне, туған өлкеге арналуы тиіс;

4.2. Сайысқа әр түрлі жастағы, әр ұлт өкілдерінің үміткерлері қатыса алады;

4.3. Үміткерлер оқитын шығармалар мәтіндерін жатқа білулері қажет;

4.4. Қалалық сайыстың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

- өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелігі мен көркемдік ерекшелігіне;

- шығармаларын жатқа және көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

- дауыс мәнері және тіл тазалығына;

- сахна әдебіне баса назар аударады.

4.5. Қатысатын үміткерлер өз өтінімдерін көрсетілген нысанға сәйкес 2015 жылғы қыркүйектің 10-на дейін кешіктірмей С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханаға тапсырылуы тиіс.






Аты-жөні

Туған жылы

Оқу орны, жұмыс орны

Шығарманың аты

Байланыс телефон-

дары




















5. Сайыстың өткізілу орны мен күні:

Балқаш қаласы, М.Хамзин атындағы мәдениет сарайы, 2015 жылдың 21 қыркүйегінде



6. Марапаттау:

  • Үміткерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

  • Жеңімпаздардың жұмыстары жеке жинақ болып басылады

Жүлделер:

І орын – І дәрежелі диплом, бағалы (немесе естелік) сыйлық;


ІІ орын – ІІ дәрежелі диплом, бағалы (немесе естелік) сыйлық;
ІІІ орын – ІІІ дәрежелі диплом, бағалы (немесе естелік) сыйлық

7. Қатысушылардың өтініштері мен жұмыстары келесі мекен жайы бойынша қабылданады:

Балқаш қаласы, Калмыков көш., 3, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана, №1 бөлме (әдістемелік бөлім).



Байланыс тел.: 8(71036) 75026

Электрон поштасы: cbss@list.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет