266
Даун ауруы – олигофренияның бір түрі. Ақыл-ойы және дене дамуының
тежелуі, ішкі секреция
бездері қызметінің бұзылуы, кейде кемтарлықпен
сипатталады.
Дәм сезу – негізінен тілде орналасқан дәм сезу рецепторларына әртүрлі заттар
әсер еткен кезде пайда болатын сезім.
Дәрумендердің жетіспеушілігі – ағзаға түсетін дәрумендердің көп
жұмсалуынан пайда болатын ауру күйі.
Дәрумендер – аз мөлшерде тамақтануға, зат алмасуға және ағза тіршілігіне
қажет химиялық құрамы әртүрлі органикалық заттар.
Дезинсекция – ауру қоздырушыларын тасымалдаушы
зиянкес буынаяқты-
ларды (шыбын, маса, бит, кене және т.б.), ауылшаруашылық зиянкестерін және
т.б. жою шараларының кешені.
Дезинфекция – сыртқы ортадағы жұқпалы ауру қоздырушыларын жою
шараларының кешені.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНқ) – тірі
ағзалардың жасушаларында
болатын жоғары полимерлік табиғи қосылыстар. Гистон нәруыздарымен бірге
хромосома затын түзеді.
Дендрит – жүйке жасушасының
тармақталған өсіндісі; жүйке импульсін
нейрон денесіне өткізеді.
Депрессия – психиканың бұзылуы: жабырқаңқы, тұнжыраңқы көңіл күй;
өзінің түкке тұрмайтынын сезініп, түңілушілік; қызығушылығының төмендеуі;
қимыл-қозғалыстың тежелуі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: