Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру: 1. Жер атмосферасының химиялық құрамы қандай?
2. Адамның iс-əрекетiнiң ауа райы мен климатқа əсерi қандай?
3. Атмосфераны ластаушы негiзгi факторлар қандай?
Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Зертханалық жұмыс № 2 Тақырып: Топырақ пен ауылшаруашылық өнiмдерiн ластаушы минералдық тыңайтқыштардың сапалық талдау Мақсаты: Минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау немесе шамадан тыс артық мөлшерiн қолдану, оларды сақтау ережелерiн дұрыс орындау топырақ пен ауылшаруашылық өнiмдерiнiң ластану себеп анықтау.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: 1. 12 пробирка;
2. пробиркалардың штативi;
3. пестиктi ступкалар;
4. тамшылатқыш немесе пипеткалар;
5. муфельдi қысқаштар;
6. пинцеттер;
7. электрлi плитка;
8. спиртовка;
9. көмiр;
10. индикатор қағазы;
11. дистильденген су;
12. 8-10 %-тiк КОН не NaOH ерiтiндiсi;
13. 5 % -тiк барий хлоридiнiң ерiтiндiсi;
14. концентрациялы тұз қышқылы;
15. 2 %-тiк тұз қышқылы;
16. 10 есе сұйытылған сiрке қышқылы;
17. 1-2 % -тiк азот қышқыл күмiс ерiтiндiсi;
18. калий иодидiндегi йод ерiтiндiсi (20 г KI 20 мл дистильденген суда ерiтедi, 6,35 г кристалл йод қосады. Ерiтiндiнi 50 мл колбаға құйып, белгiсiне дейiн су құяды);
19. төрт түрлi минералдық тыңайтқыш.
Жұмыстың барысы 1. Түр-түсi Консистенциясы. Тыңайтқыш — кристалл, аморфты не түйiршiктi болуы мүмкiн. Кристаллды тыңайтқыштарға кальций цианамидiнен басқа барлық азотты жəне калийлi тыңайтқыштар, аморфтыларға — барлық фосфорлы жəне известi тыңайтқыштар жатады.
Түсi. Тыңайтқыштардың түсi тасымалдау кезiнде не шаң əсерiнен жəне өндiрiс технологиясына байланысты өзгерiске ұшырауы мүмкiн. Тазартылған тыңайтқыштардың өздерiне тəн түсi болады.