А Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған жалпы нұсқаулар



бет1/13
Дата05.06.2024
өлшемі138 Kb.
#502356
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
коршаган орта туралы зертхана (1)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университеті
Тапишев М.С.

5В060800 «Экология» мамандығына «Қоршаған орта туралы ілім» пәніне арналған зертханалық әдістеме


(жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған)

Орал – 2011


ББК
Құрастырушы: Тапишев М.С.
Сын пікір берушілер: б.ғ.д., БҚИГУ-нің аға оқытушысы Канатбаев С.Г.

А\ш.ғ.к., Жайық-Каспий экологиялық департаментінің жетекші маманы В.Н. Хон


5В060800 «Экология» мамандығы бойынша Қоршаған орта туралы ілім пәніне арналған зертханалық әдістеме (жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған) - Орал – БҚИГУ баспасы - 2011. 15-бет
Экология және биотехнология кафедрасы

Кафедра отырысында қарастырылды


Хаттама № _______ «_______» _____________________ 2011 ж.
Университеттің Әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Хаттама № _______ «_______» _____________________ 2011 ж.
Зертханалық-практикалық әдістеме өсімдіктер дүниесін, жануарлар дүнесін жан-жақты танып, білу, зерттеу. Өсімдіктің, жануарлар мен микроорганизмдердің сыртқы және ішкі құрылысын, өсімдіктің, жануарлардың әртүрлілігін, жүйелігін, табиғатта таралуын, қоршаған ортамен байланысын, эволюциясын зерттейді. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің экологиясы, әртүрлі топ түрлерінің тіршілгіне, қауымдастықтардағы түрлердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысына ерекше мән береді. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биосферадағы ролі қарастырылады.
РББ БҚИГУ, 2011.
9.1. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


а) Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған жалпы нұсқаулар
Қоршаған орта туралы ілім пәні бойынша пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін студент жұмыс тәртібімен, қолданылатын құралдардың құрылысымен, жеке зертханадағы ішкі тәртіп ережелерімен танысуы тиіс. Сонымен бірге студенттер жүргізілетін тәжірибенің ерекшеліктеріне қатысты оқытушының нұсқауларын бұлжытпай орындауға міндетті.

  • Зертханада жұмыс жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен танысып, оларды үнемі сақтау керек.

  • Арнаулы оқулықтардан және дәріс материалдарынан зертханада орындалатын жұмыстарға байланысты теориялық материалдармен танысып, оның мазмұнын, мақсатын және теориялық маңызын аша білу.

  • Жұмысты жүргізу техникасын толық түсініп білгеннен кейін оқытушыдан орындауға рұқсат алу керек.

  • Тәжірибе жұмыстарының бәрінде таза ыдыстар қолдану керек.

  • Улы немесе өткір иісті заттар қолданылатын тәжірибелерді тек ауа сорып алатын шкафтарда ғана жүргізіп, оларды тек сол шкафта ұстап, тысқа шығармау керек.

  • Тәжірибе жүргізгенде керекті реактивтерді үнемдеп жұмсау керек.

  • Электр жүйесі істемей, зертхана және басқа аспаптар істен шығып, жұмыс жүргізуге болмайтын кездер болған жағдайда оқытушыға хабарлау керек.

  • Егер тәжірибе шықпаса, онда оқытушымен ақылдасып қайта жасау керек.

  • Ыстық заттарды тіке үстел үстіне емес, міндетті түрде асбесті тордың үстіне қою керек.

  • Студентке жалғыз зертханада жұмыс істеуге болмайды.

  • Зертханада су ішуге, тамақтануға және темекі шегуге болмайды.

  • Таныс емес нәрселерді өте сақтықпен жасау керек.

  • Отқа күйген жерге 5-10% калий перманганаты ерітіндісіне батырылған дәкі салынады.

  • Жұмыс аяғында жұмыс орны және пайдаланылған ыдыстар тазартылуы керек, аспаптардың электр тогын өшіру қажет.

  • Орындалған жұмыс бойынша қорытындылар тұжырымдалып, есеп беріледі.

  • Әрбір жұмыстың соңындағы есептер мен жаттығуларды орындап, бақылау сұрақтарына жауап беру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет