Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Зертханалық жұмыс № 3
Тақырып: Атмосфералық ауадағы микроорганизмдер санын анықтау.
Мақсаты: Атмосфералық ауадағы микроорганизмдер санын анықтау әдістерін оқыту.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
1. Бактерицидтiк лампа;
2. Петри тостағаншалары;
3. Су банясы;
4. Спирт шамы;
5. Термостат;
6. Пипеткалар;
7. Шыныға жазатын карандаш;
8. Ет-пептонды агар немесе басқа қоректiк орта;
9. Шпатель;
10. Қылқан жапырақты ағаш жапырағы.
Барлық ыдыстар алдын ала стерильденген болу керек.
Жұмыстың барысы
Лабораторияны ылғал шүберекпен сүртiп, тазалап, 15-20 мин бактерицидтiк лампамен стерильдейдi. Ет-пептонды агарды автоклавтан соң Петри тостағаншаларына салады. Стерильденген Петри тостағаншаларын кiшкене қақпақшасын төмен қаратып, үлкен қақпақшасын ашыңқырап столға қояды. Бұдан соң қоректiк ортаны тостағаншаға құйып, қақпағын жауып, агарды тостағаншаға бiркелкi етiп жаяды да бiраз уақыт қоректiк орта қатқанша сақтап қояды.
А. Ауадағы микроорганизмдер санын анықтау
Қоректiк орта қатыңқыраған соң ауасы лас орында 5 мин бiрiншi Петри тостағаншасын ашып, екiншiсiн осы уақытта лабораторияда, үшiншiсiн көшеде немесе қылқан жапырақты ағаштар арасында ашып қояды. 5 мин соң тостағаншаларды жауып, астын жоғары қарай аударып (қоректiк ортаға екiншi қақпақшадағы конденсацияланған су тамшылары түспеу үшiн), шыныға жазатын карандашпен нөмiрлейдi де, барлық тостағаншаларды +250 -та термостатқа қояды.
Б. Микроорганизмдерге өсiмдiктерден бөлiнген фитонцидтердiң əсерiн анықтау
Коэффициенттердiң сан мəндерiн орындарына қойып, атмосфералық ауаның СО2 газымен ластану деңгейiн анықтаймыз:
КСО2 = (0,5 +0,01 х 500 х 1,4) х1 х1,06 х 1,20 х 1,00 = 8,96 мг/м4.
Автотранспорттың СО2 газы бойынша ПДК=5 мг/м4.
Автотранспорттан шығатын улы газдардың мөлшерiн азайту үшiн төмендегi шараларды iске асыру керек:
— автомобильдер қозғалысына тыйым салу;
— қозғалыс интенсивтiлiгiне сағатына 300 автомобильге
дейiн шек қою;
— жүк машиналарының карбюраторларын дизельмен ал-
мастыру;
— фильтрлер орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |