Қақаған қара суық күз еді. Сол күні әдеттегідей әкем бір досымен үйге кіріп келді. Шәй қой қызым, менің сыйлы досым келді деп бір жымыйды. Менің әкем өзі ат бегі., ат ұстап бәйге жарататын



Дата09.03.2024
өлшемі20.9 Kb.
#494779
Документ (28)


Қақаған қара суық күз еді.Сол күні әдеттегідей әкем бір досымен үйге кіріп келді.Шәй қой қызым, менің сыйлы досым келді деп бір жымыйды.Менің әкем өзі ат бегі., ат ұстап бәйге жарататын.Әлгі досыда ат бегі екеүі бір-бірін құба -құп тапқандай әзілдері жарасып әңгімелері қыза түсті.Шәйға шақырғанымда әкемнің досы маған бір жалт қарады да әрі қарай әңгімеге кірісті. Дастарханға отырғанымыз сол еді есіктен ұзын бойлы,аққұба келген қара шашты жігіт кіріп келді.Әкем шайға шақырды.Мен сүтпен шәй ішесізбе әлде қара шәйма деп тіл қаттым.Маған жымия қарап сүтпен деді.Әкем мен досының әңгімесі керемет жарасты .Досы қалжындап құда түсеміз ,екеуміз құда боламыз деп қарқылдап күлді.Әкем құның жетпиді менің қызыма деп күлді. Әлгі жігіт көзінің қиығымен қарап қояды ұялып отырмыз ,мен әкеме қараймын ол маған қарайды . Солай ас қайырып дастарханнан тұрдық..Әкеме телефонға қонырау шалып тұрып кетті Ал әлгі жігітке әкесі машинаны оталдыруды бұйырды. Дастархан жинап жүрмін бір кезде маған қанша жастасың деп сұрақ қойды 17де биыл мектеп бітіремін оқуға түсемін деп ашыла сөйлесе кеттім. Мектеп бітірсен жақсы деп жымыйды. Өзі түрі қатыңқы суық кісі еді . Келесі күні әкеммен қыстық соғым жайлы ақылдасып бірге кеткен.Әкем соғымды бірге таңдасып сойысып үйіне жеткізіп беріпті .Үйге кіріп шәйға отырған сәтте әлгі досы ештенеден дәм татпай қарап отыр шәй тамақ ішписінбе жаңа түскен келіндей сызылып отырсыңғой деп қарқылдап күліпті .Әйелі Түкең тамақ іше алмайды ішсе бірден құсады,өтірік айтпасын сізге еркеліп жүргені шығар, алдыңғы күні біздің үйден шәй ішкен ондай ештене болаған жоқ депті әкем.Әйелі таңғала баласына шынба деп қарап қалды иа бірақ аурыған жоқ дегені
.Сол күннен бері мен әкемнің бұл досын көрмедім.Кейін уақыт өте әкеммен анамды үйлеріне қонаққа шақырып.Әкем үйге өте көңілсіз келді анамныңда көңілі жоқ.Мен қалжындап әңгімеге тартып сіздерге не болған деп сабағыма кетіп қалдым.Кешке кешкі асқа жиналдық сол сәттен әкем бір күрсініп әлгі досым өте қатты ,жаман аурумен ауырып қалыпты деп әңгімені бастады.Сіздерді неге шақырыпты қатты жаман аурумен ауырып қалыпты деп әңгімені бастады.Сіздерді неге шақырыпты ,ауруханаға қаралып жүрмекен деп сұрақ жаудырдым .Асқазан ауруы…әлгі уақыттан бері жоқ болғанының себебіде осы екен .Алматыда болыпты бірнеше химия алыпты ,тіпті асқазанын алдырып тастапты. Алдыңғы жолы көргенде жағдайы ондай ауыр емес едіғой деп сенгім келмеді. Бұл қонақтыққа ет жақын адамдарын ғана шақырыпты.Әкемдіде шақыруының себебі бар еді.Үйлеріне барған сәтте акемді өз бөлмесіне шақыртып сөздің басын Аманат деп бастаған.Екі баланы қос бірақ қинамаймын бір-бірімен жарасса ғана депті. Әкем досының солып бозарып бара жатқан түрін көріп жүрегі ауырып тұр.Өз балаңдай көр деп зіл салып сөйлеген.Сенің қызыңның қолынан маған дәм жүрді деп әкеме қарапты Әкем уайымдама жазылып кетесін әлі деп талай тұлпарды жүгіретеміз әлі деп шығып кетіпті.Сол сәтте артынан інісі жүгіріп шығып ағам жауабын сұрап жатыр недисіз Әкем орындалады деп жауап қатып жүріп кетіпті Содан бір екі күннен кейін телефон хабарласып өзінің қатты нашар екенін аЙтып сөйлесіпті .Көңілін көтеруге тырысып екеуінің естеріне түскен қызық әңгімелерін айтып кулип ойнап қалыпты Әкем ертен таң азанымен жетемін деп, бірақ келесі күні жұмыстары шығып баралмады..Кейін бізге желтоқсанның қақаған күнінде суық хабар жетті. Сол күннен бері әкем маған аманат деген қиын зат деп айта бастады.Маған қызыңды баламмен қос деп аманаттаған екі өмірдің арасындағы аманат киын болады. Мен әкеме ашуланып мені сонда жақсы көрмитін жігітке күйеуге бересіндерме өздерің анаммен қызбен жігіт болып жүріп үйлендіңдер деп ренішімді білдірдім. Әлгі жігіттің атын естісем жек көретінмін маған оны мақтаған сайын көргімде араласқымда келмитін.Бірақ әкем сені ешкім қинамайды бұйрық болса Алла тағала бәрібір қосады .Аманатты өзім көтеремін сен ештеңкені ойлама сабағына дайындал деді. Қақаған қыста өтіп, көктем шықты бізді әкемнің бір досы ауылына қонаққа шақырды .Әкем достарымен шүйіркелесіп кеш батып қайтатын уақытта келді .Бір жерге кіре шығайық деп бір уйге қонаққа келдік .Үйге кірсем әлгі жігіт жүр жылқысын жүгіртіп.Мен әкеме ашуландым қандай оймен келдік деп .Осы ауылға келгесін қалай амандаспай кетеміз үйде үлкен әжесі бар деп әкем жайбырақат.Сонымен менде ештене ойламадым уйге кіріп құдды бәрін бұрыннан танитындай өте жеңіл араласып кеттім Қайтар кезде шығарып салып үйдегілер бәрі сыртқа шықты.Әлгі жігіт қарап қояды менде қараймын бір ұшқын бардай.Сол сәтті пайдаланып жеңгесі номерімді алып қалды Содан бері ойым өзгере бастады бір ұшқын сезім пайда болғандай бірақ уақытша деп көңіл аудармадым.Сол күні кешке әлеуметтік желі арқылы жазып тұр Сәлем бұл менғой деп жазыпты.Мен танымай қалады деп ойладынба деп күліп жазып жібердім.Содан бір екі күн сөйлесіп екеумізсөйлеспи кеттік..Менде қызуғушылық пайда бола бастады әлеметтік желіден барлық парақшаларын көріп шықтым .Бірақ содан кейін екеуміз араласпадық тек суреттеріме жүрек жіберіп тұратын.Уакыт өтті мектеп бітіретін кезде келді абыр-сабыр мектеп бітіру кеші,ұбт дайындық сонымен уақыт өтіп жатты.Мектеппен қоштасып сыныптастарымызбен демалуға Қапшағайға бардық. Демалысымыздың екінші күнінде жазып тұр кездесейік ақылдасатын әңгіме бар деп.Мен аң таңмын не айтады екен не үшін қазір жазып тұр деген ойлар мазалады.Мектеп бітіргеніңді күттім депті.Мен ойланып екі күннен кейін бос болатынымды айттым.Қапшағайдан қайттық .Кешке дайын бол келіп алып кетемін деді.Мен кездесетінімді тек анама айтып шықтым.Кездесуге шықтым қолында гүлі бар және тәттілері.. Кездесуге шыққаннан бастап құдды бір-бірімізді бұрыннан танитындаймыз таңғалдым өте тез араласып кеттік Күліпте қалжындасыпта тіпті әкесін айтып мұңайыпта алдық.Үйге қайттатында сәт келді үйге келсем әкем ұйықтамай есік алдында мені күтіп отыр екен.Әкем сәл дауысын жуандатып қайдан келе жатырсын кімнің көлігі кім әкеліп тастады деп сұрақты жаудыртты.Мен өзіңіз сөйлес дедіңізғой сол жігітпен сөйлесіп келдім деп жүгіріп кіріп кеттім.Сол күннен бері екі жақта бәрі білді бәрі мәз әкелерінің тілегі аманаты орындалатын болды деп.Күнде кездеу күнде гүл шоқтар әкемнен сұрап алып кетеді .Бір-бірімізді күннен күнге тани бастадық мінезі жайлы ұната бастадым.Бірақ бір затқа бола сөзге келіп қалатынбыз мен оқып сосын үйленеміз десем ол үйленіпте оқуға боладығой деп ренжісіп бірдемде ұмытып кететінбіз.Сүйтіп сөйлескенімізге бір ай болған уақытта сол күні ерте келемін ертерек дайындала бер әдеттегідей кездесу кино деп дайындалып шықтым бірақ сол күні әкемнен сұрап алғаны ерекше болды менің әкемді әке деп үйден сұрап алып шықты.Жолдан достарын алатын болып келістік. Бір жерге жеткізіп тастаймыз деп айтты мен келістім.Сол жүргеннен жүріп алысқа кеттік.Бұл алып қашу сәті екен достары мен дайындалып ұйымластырғаны.Мен өте қатты ренжідім жеткенше ұрысып бардық. Үйге келген сәтте құжынаған адам танымайтын бейтаныс түрлер менің басыма орамал тағып әжем түсірді.Ертен үйіңе қайтасын деп үйге кіргізіп жібергені. Үй үлкендері ақылдарын айтып шешімді өзіме қалдырды не кетерімді не қаларымды білмимін .Кетіп қалайын десем бір қимастық осы бір менің адамымау деген сезім жібермеді. Сол сәттен бастап менің қызықты өмірім басталды . Жаңа өмір жаңа отбасы мен тез үйренісіп кеттім бұрыннан сол үйде жүргендей ..Жасаған таңдауыма ешқашан өкінген емеспін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет