Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет4/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен 
иіскеп, тыстағы дүниеден алған әр нәрсенің, хабардың суреті 
жүректің айнасына анық рәушан болып түсуі шарт. Ол үшін 
жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырт-
тық секілді төрт нәрсемен кірлетпей, таза сақтау керек. Жү-
рек осы төрт нәрсемен кірленбей, таза қалыпта болса, тыстағы 
дүниеден алған хабар адамның тұла бойына жайылады, ұмы-
тылмайды. Егер жүректің айнасы әлгі төрт нәрсемен кірленген 
болса, онда ол я қисық, я күңгірт көрсетеді. Кірленген жүрек 
айнасында қисық я күңгірт көрінген нәрседен дұрыс ұғым ту-
майды [2, 221-222].
Абайдың білім концепциясында адамның ішкі қалпындағы 
білуге деген талабы туа біткен мінез шегіндегі қасиеттер қата-
рында сипатталады. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінез-
бен туады, – дейді Абай. – Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп 
тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ 
үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем 
екен демеклік. Не көрсе, соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен 
болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағы-
на, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, 
онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, 
біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, 
«ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан 
құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [2, 138]. 
Адам баласының білімге, білуге ұмтылуы жаратылысынан еке-
нін Аристотель «Метафизика» атты еңбегінің бастапқы тарауы-
ның басында көрсетеді [10, 65]. 


12
«Ішсем, жесем» демектің басын Абай туа біткен қуаттар қа-
тарына жатқызады. «Білсем екен, көрсем екен» демектің басы да 
адам бойында туа біткен табиғи қуаттар. Ал ақыл, ғылым – жүре 
келе қалыптасатын кәсіби қуаттар [2, 219].
Абайдың білім концепциясында білу үдерістері үшін біл-
мекке талпынушы жастың ішкі қалпының дұрыс қалыптасуы-
ның маңызы жоғары.
Абайдың білім концепциясындағы білу үдерістерінің басы – 
талап → қабылдау. Адам баласының дүние сырын қабылдауы 
оның бойына туа біткен қуат көздері арқылы, олардың бірте-
бірте жетілуі, кемелденуі нәтижесінде жүзеге асады. Адам біл-
сем екен, көрсем екен деген мақсатпен талпынып, талап қылып, 
«көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұ-
рынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың 
ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, 
әрнешік өз суретіменен көңілге түседі» [2, 219]. Көңілде жақсы 
нәрсенің суретімен байланысты жақсы әсер, жаман нәрсенің су-
ретімен байланысты жаман әсер қалады. 
Адамның тыстағы дүние құбылыстарын қабылдаудағы қуат 
көздері, оның жолдары, сатылары туралы ойлар мен қағидалар – 
Абайдың білім концепциясының өзекті желілері. Олардың эпис-
темологияда, білім беру, білу мен түсіну теориясының тарихын-
да алатын өз орны бар. Сонымен қатар мынаны ескеру қажет: 
Абайдың дүние құбылыстарын қабылдаудың, білудің, түсінудің 
тетіктері, жолдары, сатылары туралы ойлары мен қағидалары 
оқу мен оқытудың қазіргі заманғы теориясы мен методологиясы 
аясында да маңызды.
Көңілі тыныштық тапқан жас білім, ғылым үйренбекке та-
лап қылатын болса, ол білім, ғылым үренуге талап қылудың 
шарттарын білуі қажет. 
Әуелі, білім, ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір 
ғана білмектіктің өзін игілік деп санау шарт. Әр білмеген нәрсе-
ні білгенде, көңілде бір рахат күй орнайды. Сол білгенді берік 
ұстап, білмеген жайды тағы да сондай білсем екен деп құмар-
ланған махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігенді, көргенді 
көңіл жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырады. 
Егер көңіл өзге нәрседе, мысалы, мал немесе шен-шекпен 


13
табуда болса, ал білім, ғылымды соған себеп қана қылмақ үшін 
үйренсе, онда көңілдің білімге мейірімі шала болғаны. Адамның 
көңілі білімге шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірле-
неді. Шала мейір шала байқайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет