Ассонанс[1](фр. assonance, лат. assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.[2]
Мысал
Өлеңде немесе прозада бір тектес дауысты дыбысты қайталау. Бұл әдеби тілдің өркен-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады. Сөздің айтылу әуезін, мәнін арттырып, бояу мен әсерлілігін күшейтеді. Мысалы, жазушының «Абай» операсында шырқалатын Айдар мен Ажардың дуэтінде «Жан жарым» өздеріне байланысы «ж» дыбысы бірнеше рет қайталанады:
Бұл -аллитерацияға мысал бола алады. Ал ассонансқа мысал ретінде: "е"дыбысының қайталануын айтуға болады.
Ей, жарым, жаным бірге жаныңменен,
Ей, жарым, құшағыңа-аләніңменен!
Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,
Ей, жарым, тілек етем барымменен!
Жан жарым, кетсін күңдер қаралы өткен,
Жан жарым, жас жанымды жарапы еткен.
Арманды асыл арай айырма деп,
Жан жарым, құшам сені зартілекпен!
(20 томдық шығармалар жинағы, 10-том, 414-бет).
Сондай -ақ, Жиембет жыраудың: Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен- Есіл менің кеңесім, -деп басталатын толғауындағы "е" дыбысынан өрнек жасауын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |