Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құрал-
дарының қызметімен ерекшеленеді. Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді
басқа тілге
аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді
аудару едәуір жеңіл. Алайда аудармашылық шеберлігі кемел аудармашылар үшін де
Абайдың өлеңдерін аудару, Абаймен ақындық жарыстыра отырып аудару оңай емес.
Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады.
Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі көлемді болғанмен, көркемдік бейнелеу
құралдарының молдығы және күрделілігі жағынан аудармашы үшін аса көп қиындық
келтірмейтіндей көрінді. Шындығында олай емес, өлеңнің
аударма нұсқасын алып
қарағанда аудармашы бұл өлеңді қинала аударғандай әсер туды. Мысалы, «Ғылым
таппай мақтанба» өлеңі түпнұсқада 77 жол болса, аудармада – 76 жол.
М.Петровых
аудармасында «Ғылым таппай мақтанба» түрлі тұрғыдан, түрлі деңгейде байымдалған,
аударманың көркемдік-эстетикалық дәрежесі де түрліше болып шыққан.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа кулуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өлең жолдарында көркемдік бейнелеу құралдарының ішінде жиі қолданылатын теңеу
де, эпитет те жоқ, басқа бейнелеу құралдары да сіресіп тұрған жоқ. Ақын анық, айқын,
тіпті ауызекі сөйлеу стилінде ой толғап отыр. Аудармада бұлай емес. М.Петровых осы
жолдарды былай аударады:
Пока не знаешь-молчи.
Пока блуждаешь-молчи.
В бесцельных днях и в ночи
Пустых забав не ищи.
Чтоб человеком ты был
И в ровенъ с веком ты был,
Ты пятерых побори,
И пятерых избери…
Түпнұсқа мен оның аудармасын жолма-жол және
шумақ деңгейінде салыстырып
қарағанда, Абайдың ойы да, сөзі де мүлде басқа деңгейде шыққаны көзге түседі. Әрине,
аудармашы Абайдың өлеңін орыс тіліне аударып отырғанда, орыс тілінің
заңдылықтарын, орыс тілінің көркемдік құралдарын, орыс тілінің лексикалық,
фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бірақ
бұл аудармашыға түпнұсқадан негізсіз ауытқуға жол бермеуге тиісті. Әр ұлт тілінің
синтаксистік жүйесінде ерекшелік бары рас, алайда олардың синтаксистік,
поэтикалық,
лингвопоэтикалық қызметінде үндестік, үйлестік, бірегей жүйе барын естен шығармау
керек. Сондықтан түпнұсқаның синтаксистік жүйесіне, басқаша айтсақ, өлеңнің тармақ
жүйесіне орынсыз, қажетсіз өзгерістер, толықтырулар енгізу, сөйтіп түпнұсқаның
құрылым жүйесін ғана емес, мағыналық-мазмұндық жүйесін де бұрмалау аудармашы
шеберлігін таныта алмайды. М.Петровых түпнұсқадағы
«ғылым таппау», «орын
таппау» секілді авторлық тіркестерді өзінше өзгертіп аударған. Ал
«мақтанба»,
«баптанба» секілді әрқайсысының дербес мазмұны, мағынасы бар екі түрлі сөздің
орнына бір ғана
«молчи» («үндеме») деген сөзді қолданады. М.Петроых
пайдаланып
отырған сөздердің эмоциялық, эстетикалық бояуы солғын. Ал түпнұсқадағы «мақтанба»
да, «баптанба» да белгілі бір лексикалық мағынасына қосымша эмоциялық реңкі бар
сөздердің қатарына жатады. М.Петровыхтың аудармасында осындай қосымша
мағыналық реңк, өлең тармақтарының мазмұнын, ақынның ойын байытып тұрған мән
мүлде жойылып кеткен. Соның нәтижесінде ақынның ойы мен ойлауы да кедейленіп
шыққан.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақын адамның бес дұшпаны мен бес асыл істі былай
санап көрсететіні белгілі:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Злословие, ложь, хвастоство,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Безделье и мотовство-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Вот
пять врагов твоих, знай.
Талап, еңбек, терең ой,
А разум, и доброта,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Упорство, скромность, труд-
Бес асыл
іс көнсеңіз
Вот пять друзей, согласись.
Ақынның мұндай ойларын, тұрғысын, көзқарасын білдіретін ұғымдар мен түсініктерді
де ауытқусыз, тура жеткізу шарт. Соған қарамастан, аудармада
«еріншек» (безделье),
«талап» (упорство) секілді нақты ұғымды білдіретін термин дәрежесіндегі сөздер
түпнұсқадағы мағынасын жоғалтып, едәуір қарабайырланып берілген.
Аудармашы түпнұсқадағы әрбір детальді, әрбір бейнелі мағынаны мүмкіндігінше дәл
аударуға күш салатыны рас. Түпнұсқадағы жекелеген бейнелеу құралдарын немесе
пішіннің басты қырларын дәл бермей, өзгертіп жеткізу шығарманың бастапқы түрін,
формасын ғана емес, мазмұнын да өзгертіп жіберерінде сөз жоқ. Жоғарыда талданған
өлең жолдары туралы осыны айтуға болады. Аудармашы
Абай өлеңінің жалпы
мазмұнын ғана бере алған. Одан ақынның ой желісі, айтып отырған ойының жалпы
мазмұны табылғанмен, ақынның шығармашылық ерекшелігі, өлеңнің көркемдік-
эстетикалық
болмыс-бітімі, мазмұн мен пішіннің жарасқан келісімі көмескі тартып
көрінеді.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай өзінің ғылым, білім туралы ойын үзбей,
жалғастыра, дамыта баяндайды. «Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай-Абай ғалым
болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры,
түбі бір деп санайды». М.Петровых өз аудармасында осы көрсетілген ой желісін жеткізе
алған. Аудармашы үшін бұл аз жетістік емес.