Боранбай 1 шумақ:
Бұл үйде үш қыз отыр қабу қауып,
Бір аяқ сусынға тұр көңілім ауып.
Үш қызбен қайтіп кіріп сөйлесемін,
Кеш болса, жатар едім бабын тауып.
Боранбай 2 шумақ:
Астыма атым мінген күрең шолақ,
Әзілге бір қыз-шебер,бір қыз –олақ
Байғұс қыз қызғанғаның кімнің асы
Бұл үйге менен жаман өзің қонақ
Боранбай 3 шумақ
Астыма атым мінген күлді бадам,
Иесі ғой ақ боз үйдің жігіт адам.
Иесі-ақ боз үйдің өзің болсаң,
Көрсетші бесіктегі кәне балаң?
Кербез қыз түре келді сақ-сақ күліп,
Өзінің әдептілік жолын біліп.
Мейманды сыйлай білу парыздарың
Үлкенге жас көрсетер ізеттілік.
Астыма атым мінген қасқа дөнен,
Жүргіздім жыланбауыр таспаменен
Сөздім де артық кетіп жатыр ма екен
Достарыңызбен бөлісу: |