Абайдың “Толық адам” тұжырымдамасы студенттер тұлғасын тәрбиелеудің жаңа моделі



Дата20.11.2023
өлшемі338.22 Kb.
#483876
Срсп 7 Қадыр Нұржан

Абайдың “Толық адам” тұжырымдамасы студенттер тұлғасын тәрбиелеудің жаңа моделі

орындаған:

3-топша мүшелері

Күндеш Аяулым

Балтабай Фариза

Қадыр Нұржан

Эмиров Бауыржан

Абай­дағы толық адам – рухани жетілген, кемеліне келген адам.

Абайдың толық адам жа­йын­­дағы танымын ғылыми тіл­мен оқырманға тереңінен тү­сін­діріп берген ғалым М.Мыр­зах­метұлының 1982 жылы жарық көрген «Мұхтар Әуезов және абай­тану проблемалары» атты моно­графиясында алғаш Абай­дың исламиятқа қатысы мен мо­раль философиясына қатысы зерт­теліп, бір ізге түсіріледі. Ғалым сөзіне ден қойсақ: «Адам­зат қоғамы тарихында адам­гершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атау­лының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттары неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағ­дайында ұлы ойшыл алдына да қойылды».

Толық адам:


– Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы.

-Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ.

-Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек толық адам бойындағы қасиеттер

-Талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат

-Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы үнемі ақылды, білімді аса жоғары бағалайды.

-Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – дегенде, Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды атайды. Ақыл, қайрат, жүректің бірлігінде жүректі бірінші орынға қояды. 17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қылады... әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады» деп сөйлетеді. «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты.

Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы.

• "Ең алдымен, білім игеру. Біз бүкіл әлемді ақыл-ой мен парасатты пайым арқылы ғана мойындата аламыз. Заман талабына сай білім алу интеллек-туалды ұлт қалыптастыруға жол ашады.

Екінші, тәрбие мәселесі. Сондықтан өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның "Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет.

Үшінші, жаңа кәсіп игеру. Ақын әр қазақ өз ісінің шебері болса деп армандады.

Толық адамның мiндетi – Алла тағалаға cүйiспеншiлiкпен берiлу арқылы өзiн-өзі танып, рухани әлемге қайту. Абай көрсеткен өмірдің бұл түпкі мақсаты ойшылдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» деген қағидасы бойынша орындалады. Осылай рухани әлемде әрбiр жанның Абсолютпен түрлi қарым-қатынасы орнығады. Бұлар – өте сирек кездесетiн жоғары рухани адамдар. Оларды Абай «толық адам» деп атаған. Бұл сатының жоғары деңгейлеріне жеткендер дiни конфессиялардың ықпалынан шығып, толық рухани еркiндiк алғандар, немесе, Абайша айтатын болсақ: «діннің хақ мағрифатына жеткендер».

Назарларңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет