Бекахметова Мадина Сұлтанахметқызы №4 Абай жом мг



бет1/5
Дата11.03.2024
өлшемі471.15 Kb.
#494924
  1   2   3   4   5
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ МЕН ЖҮРГІЗУ ӘДІСІ Гульнур



А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп – гимназия
Мектеп директоры
Ж. Сарсенбаева ________
___ ____ 2023 ж.


Информатика пәнінен дарынды оқушыларға арналған
мектепішілік жұмыс жоспары
(2023-2024 оқу жылы)


Пән мұғалімі: Ауелбек Г


Сыныбы: 5,6

Шымкент қаласы 2023




Дарындылықты анықтау дамыту және ұйымдастыру


«Қазақстан ұлы держава болуы
үшін бізге күш-қуаты, қажыр
қайраты мол, ақылды да ойлы
дарынды жастар керек »
Н.Ә. Назарбаев
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай .Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.


Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер:
1. Іс-әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.
2. Кез келген іс-әрекетті «өзінше орындауы».
3. Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілден –қиынды көру ерекшелігімен дараланады.
Дарындылық:
Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет