«Абайлаңдар балалар!» Жол жүру ережесі



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі6.46 Mb.
#472076
1   2   3
жол ережелер

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

1. ескерту белгілері

2. басымдылық белгілері

3. тыйым салу белгілері

4. ақпараттық-көрсеткіш

белгілері

5. қызмет көрсету белгілері

6. қосымша ақпараттық

белгілер (тақташалар).

«Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. Ескерту белгілері - жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.


Басымдылық белгілері – жүріс бөлігінің қауіпті, екі көлік құралының бір мезгілде қозғалуы мүмкін емес жолдың жіңішкерген учаскелерінде, көше қиылыстарында, өтпелерде өту кезектілігін белгілейді.
Басымдылық белгілерінің – түсі мен формасы әр түрлі болады.

«Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. Тыйым салатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады .

«Нұсқау белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет