Стресті басқару



Дата26.01.2024
өлшемі15.59 Kb.
#489885
СТРЕССТІ БАСҚАРУ (1)


СТРЕСТІ БАСҚАРУ
Аңыз әңгімеден бастағалы отырмын. Ертеде бір данагөй қарт болады, ол кісіге бірнеше бала барып: біз сіздің шәкіртіңіз болайықшы?! Бізге біліміңізбен бөлісіңізші деген өтініш тастайды. Қарт оларға бір тапсырма береді. Алдымен бір-бір күректен алындар дейді, енді өздеріннің бойларыннан екі есе биік, ұзындығы екі есе шұңқыр қазындар деп тапсырма береді.
Балалар тапсырманы орындадық деп келеді. Қария, енді өздерін осы шұңқырға түсіндер деп ұсыныс тастайды.Бәрі түскеннен кейін шұңқырға бір-бір жыланнан тастайды.
Бірнеше уақыт өткеннен кейін қария келіп қараса бірінші шұңқырдағы бала қабырғаға жабысып алған. Аяқ қолы қатып қалған, тек тез-тез алып жатқан тынысы естіледі. Ал жылан бауырымен жорғалап,өзінің әрекетін жасап жүр дейді. Мұны психологияда мінез құлықтың стресі деп атайды.
Екінші шұңқырға барса жылан бар, бала жоқ дейді. Бала бар күшін жинап, шұңқырдан шығып қашып кеткен. Мұны психологияда ақыл ой стресі дейді.
Үшінші шұңқырға барса, ол жерде бала отыр дейді, бірақ қасында жылан өліп жатыр дейді. Баланың түріне қараса сондай ашу,ыза,қолында сондай діріл бар, жыланның басын жұлып тастаған. Біздің психологияда мұны эмоциялық стрес дейді.
Келесі шұңқырға барса жылан әдемі болып өзіңше әрекет жасап жатыр. Оған күлімсіреп отырған баланы көреді, екеуінің арасында сондай бір үйлесімді байқайды.
Содан балалардың барлығын шақырып алып, қарт сұрақ қояды. Балалар осыдан не түсіндіңдер деп? (Ал мен, сізге сұрақ қойсам осы тапсырмадан, сіз не түсіндіңіз? 1-2 секунд өзіңіздің ойынызды жинақтап, ой қорытындыға келсеңіз). Енді мен сізді қорытындылады деп ойлаймын.
Сонда, қарт осылай қорытындылаған екен... Өмірде қандай қиындыққа жолықсақта, әділетсіздікке кездессекте,сәтсіздікке ұшырасақта, біз ешқашан қашпаумыз қажет,олармен дос болуымыз керек. Біз достасқан кезде оларды женетін бізде күште пайда болады, сол тығырықтан шығатын жаңа жолда ашылатын болады дейді.
Міне, психологияда бұл туралы не дейді?
Біз қазір карантинде отырмыз, азаннан кешке дейін үйдеміз, бір-бірімізді көргеннен жалықтық.
Бойымызда қандай сезім бар? деп сұраса, реңіш бар, ашу бар ойымызды әртүрлі жағымсыз ойлармен, сезімдер бой алдырғаны шындық.
Енді осыны қалай басқаруға болады? деп сұрасаңыз, мен сізге төрт ұсыныс тастаймын.
1. Алдымен өзіңізге тоқта деген бұйрық беріңіз! «Тоқта» деген бұйрықтың күші болу қажет, оны ішінізден 7 рет айтып,өзіңіздің бұйрығынызды іштей орындауды қолға алуыныз қажет.
2. Бір минут тыныс алу, тыныс шығару жаттығуын жүргізу керек. Терең тыныс алып, ол тыныстың мұрын кенірсігінен өнешке, өнештен асқазанға, асқазаннан қарынға түскен ауаны сезініп, одан сол жолмен қайтып шығып жатқаның бақылап отыру керек.
3. Өзіңізге сұрақ қою қажет.Қазір менде қандай сезім бар? Яғни, түсінікті ия, ойымызда кішкене қысым бар. Соның бізге қажеті барма? Осы уақытта біз одан құтылуды қолға алуымыз керек. Сол кезде тыныс алу жаттығуын 10-15 минутқа созсаңыз болады, немесе ғаламтордан өзіңізге, жаңынызға жайлы медитацияны тындасаңыз болады. Ол миды тазалайды.
4. Сонымен қатар, дене жаттығуын ұсынар едім.Ол үшін өкшеңізді көтеріп, аяқтың ұшында тұрасызда, бар болмысынызбен денеңізді жерге тастап жібересіз, тастап жатқан кезде, мен ойымды бар уайымымды тастадым деп, аяқпен тастап жатқан кезде түсіп жатқаның сезінуміз керек. Басымыздан белімізге, белімізден тіземізге, тіземізден табанымызға қысымның кетіп жатқаның өзіміз сезінуіміз керек.
Енді ол түскеннен кейін, бойымыздан босанғаннан кейін сол түскен жерді басқа жақсы нәрсемен толықтыру қажет.Ол үшін мен сізге құндылықты ұсынамын.
Құндылық дегенім не? Құндылық деген әр адам үшін әртүрлі, бірақ жалпыға бірдей. Денсаулық, ол бізге құндылық, Отбасы құндылық,сол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанымыз, Кең байтақ даламыз біз үшін күш береді. Осы нәрселердің бізде бар екенің сезініп, сол бойымыздан өзіміздің шабытымызды оятып күшімізді іске қосуымыз керек. Сонда ғана, біз өзіміздің жеке тәуелсіздігімізге біртіндеп қол жеткізетін боламыз. Күнделікті осы тапсырманы орындап отыратын болсақ, алдағы уақытта өмір болғаннан кейін қиындықтар болады, ол мүмкіндік соны басқара алуға, сонымен үйлесімді әрекет етуге үйренетін боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет