«Абайлаңдар балалар!» Жол жүру ережесі



бет1/3
Дата11.04.2023
өлшемі6.46 Mb.
#472076
  1   2   3
жол ережелер

Жаңақала колледжі


«Жол жүру ережесі»
Орындаған: арнаулы пән оқытушысы Ситалиев Азамат
2023жыл

«Абайлаңдар балалар!» Жол жүру ережесі

Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту; - жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.


Оқушылар! Біз ХХІ қасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан жолдарындағы эаманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автокөліктер көреміз. Жаңа ғасырда техниканың өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Оқушылар! Жол жүру ережесі сабағы өте маңызды. Сіздер алдағы уақытта қолдарыңа автокөлік жүргізушісі куәлігін алып, темір тұлпар мінгенде, сабақта алған білімдеріңді ұмытпай, үнемі естеріңде сақтаңыздар! Неге? ҚР Конституциясының 1 бабында жазылған: “ҚР ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі...” және Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа әр жолдауында, адам өмірінің ең басты құндылық екендігі баса көрсетілген. Ал бүгінгі күні жол жүру ережесінің сақталмауы салдарынан қанша жол апаттары болады.

- Балалар, жол деген не? «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.

Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар? Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет