ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 373.881.151.02 Қолжазба құқығында
_________________________
АБДИМАНАПОВА АКНУР БАУЫРЖАНКИЗИ
Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу тетіктерін әзірлеу (Түркістан облысы мысалында )
7М01301- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші PhD
Абдуллаева П.Т.
|
|
1
Шымкент, 2024
ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика және филология» факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Байбекова М.М. пс.ғ.к.,
қауымдастырылған проф.м.а.
(ғыл.дәрежесі, атағы АЖТ)
_______________________
«____»_________2023 ж.
Магистрлік диссертация
Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу тетіктерін әзірлеу (Түркістан облысы мысалында )
Білім беру бағдарламасы: 7М01301- Бастауышта оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
Магистрант: Абдиманапова Акнур Бауыржанкизи
Ғылыми жетекші: Абдуллаева П.Т.
PhD
Шымкент, 2024
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ
|
|
І
|
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
|
|
1.1.
|
Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және оның түрлері
|
|
1.2.
|
Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері
|
|
|
|
|
ІІ
|
ҚР-ДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
|
|
2.1.
|
ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау
|
|
2.2.
|
Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Түркістан облысы мысалында)
|
|
|
|
|
ІІІ
|
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
|
|
3.1.
|
«Жол картасын» ҚР-да халықты дағдарыс жағдайында жұмыспен жедел қамту бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері
|
|
3.2.
|
Халықты жұмыспен қамтудың инновациялық әдістемесі және оның механизмдері
|
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
|
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
|
|
|
|
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып дағдарыс жағдайында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеу объектісі. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объекетивті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орыннын екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б.
Дағдарыс туындаған кезеңнен бері дүние елдерінің басты проблемасы жұмыссыздықпен күреске ауғаны белгілі. 2010 жылы да бұл өзекті проблема күн тәртібіндегі бірінші мәселелердің қатарында қала берері анық. Үлкен ұйымдар, беделді халықаралық сарапшылық топтар барыс жылын дағдарыстан кейінгі үмітті жыл ретінде қарастыра келгенімен де, басты қауіптің бір ұшы тағы сол жұмыссыздыққа кеп тіреледі.
Экономикаға жан біте бастайды деп болжанғанымен де, алдағы уақытта дамуға бірден секірудің мүмкін еместігі айқын аңғарылады, ендеше жылдағы көп түйіннің бірі жұмыссыздықтың өсуі мәселесі нақты шараларды жалғастырып, күшейте түсуді талап ететіні сөзсіз. Жұмыссыздық белең алса, қоғамды тұрақсыздық жайлайды. Бұған мысал келтірудің қажеті шамалы.
Халықаралық еңбек ұйымының есебіне сүйенсек, соңғы жылдары әлем бойынша жұмыссыздық мәселесі тым қордаланып кеткен. Егер 2008 жылы әлемде жұмыссыздар 190 миллион болса, 2009 жылы бұлардың саны шамамен 240-250 миллионды құраған. Бұл көрсеткіштің өзі осындай деректерді жинай бастаған 1991 жылдан бергі ең жоғары деңгей екен. Ал дағдарыс салқыны қайтпай, тіпті қайтқанымен одан оңалу ұзақтығы созыла берсе, жыл сайын еңбек рыногын 45 миллион адам жұмыссыз ретінде толықтырып отыратын көрінеді. Тіпті бұндай жұмыссыздықтың үдерісі бойынша оларды жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылдан 2015 жыл аралығындағы кезеңде әлемде 300 млн.-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құру қажет етіледі екен. Сондықтан халықаралық сарапшылар алдағы 2010-2011 жылдары да әлем елдері бойынша жұмыссыздық санының артуынан қауіптенеді, сонымен күреске үндейді. Атап айтқанда, былтырғы қарашаның басындағы Үлкен жиырмалық (G20) тобының қабылдаған қорытынды коммюникесінде «экономикалық және қаржылық орнықтылықтың қалпына келуі ынталандыру шараларына байланысты, ал жұмыссыздық әлі де осы бағыттағы негізгі проблемалардың бірі болып қала береді», деп көрсеткен болатын.
Диссертацияның жұмыстың мақсаты. Дипломдық зерттеуде жұмыспен қамтудың дағдарыс кезіндегі аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында халықты жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу болып табылады.
Диссертацияның жұмыстың міндеті:
-дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту концепцияларын, жалпы теориялық аспектілерді қарастыру;
- ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы мысалында)қарастыру;
-«Жол картасын» ҚР-да халықты дағдарыс жағдайында жұмыспен жедел қамту бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері; сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың инновациялық әдістемесі және оның механизмдеріқарастыру болып табылады.
Диссертация жұмыстың құрылымы. Диссертация жұмыс кіріспе, 3 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, 74 беттен тұрады. Отандық және ресейлік әдебиеттер, ҚР статикикалық агенттігінің жылнамалары, заңнамалық актілер қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |