ІІ ҚР-ДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1. ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.
Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады. [9,275]
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Еңбек статистикасы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік статистиканың және оның басқа салаларымен тығыз байланысты маңызды құрама бөлігі болып табылады, себебі қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу көрсеткіштері экономиканың жағдайын тұтастай және жеке қызмет түрлері бойынша сипаттайтын басты элементі болып табылады.
Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі бағытта жүргізіледі:
еңбек рыногының көрсеткіштері;
еңбекақы төлеу (еңбек құны) көрсеткіштері.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады.
Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар) мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау объектілері болып табылады. [9, 277]
Еңбек статистикасында көрсеткіштер жүйесін, статистикалық есептілік нысандарын, статистикалық байқау әдістерін жетілтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылған. Бұл халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына негізделген әдіснамалық тәсілдерге өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. [10, 1]
Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінде еңбек рыногының 17 негізгі индикаторлары (KILM – Key Indicators of the Labour Market) бар. Осы көрсеткіштер бойынша дереккөздерді, сондай-ақ олардың есептеу тәртібін қамтитын бірыңғай әзірленген әдіснамалық түсініктер мен анықтамалар ХЕҰ-ның ұсыныстары мен стандарттарына негізделген. Олар сапаның барлық параметрлері бойынша Халықаралық Валюта Қорының Деректерін Таратудың Арнайы Стандарттарына (ХВҚ ДТАС) сәйкес деп танылған, бұл олардың халықаралық деңгейде салыстырмалығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қолданыстағы есептіліктің оның сапасына, дұрыстығына, обьективтілігіне және мүдделі ведомстволар мен басқа да пайдаланушыларды статистикалық ақпараттармен қамтылуына тұрақты бағалауы қамтамасыз етіледі.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі мен оларды алу әдістерін көкейтесті ету және қайта қарау халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандарттарға жақындауын есепке алумен, сондай-ақ «Еңбек статистикасы жөніндегі» Халықаралық еңбек ұйымының 1985 жылғы № 160 Конвенциясы мен 1985 жылғы № 170 Ұсынысын есепке алумен жүзеге асырылады.
Халықаралық еңбек ұйымы мен Еуростат ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногы статистикасын одан әрі дамыту, атап айтқанда халықты бейресми жұмыспен қамту көрсеткіштерін, еңбек (лайықты еңбек) сапасын өлшеу индикаторларын қалыптастыру, толық емес және ішінара жұмыспен қамтуды, еңбек құнын (бағасын) зерделеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Еңбек статистикасы көрсеткіштерін есептеу негізіне Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясымен (ХЕСК) қабылдаған анықтамалар және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін есепке алумен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары алынды.
Еңбек статистикасының кез келген көрсеткіштерін құру халықаралық стандарттармен және озық тәжірибемен ұсынылатын концепциялары мен қағидаттарына негізделеді:
- «Жұмыспен қамту, жұмыссыздық және толық емес жұмыспен қамту» Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық басшылығы («Surveys of economically active population, employment, unemployment, and underemployment»);
- «Еңбек рыногының негізгі индикаторлары» жүйесі («Key Indicator of the Labor Market» KILM) және 1999 және 2003 жылдары Женевада ХЕҰ-мен әзірленген KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық;
- Кәсіптегі жағдайы (жұмыспен қамтудағы мәртебесі) бойынша халықаралық жіктелім – Еңбек статистиктерінің 15-ші халықаралық конференциясында қабылданған ЖҚМХЖ (International Classification by Status in Employment, ICSE-93);
- Еңбек статистиктерінің 11-ші халықаралық конференциясында қабылданған жұмыс күшіне жұмсалатын шығыстарына жататын халықаралық қарар;
- Еңбек статистиктерінің 12-ші халықаралық конференциясында қабылданған жалақы статистикасының интеграцияланған жүйесіне жататын халықаралық қарар.
Негізгі индикаторларға (KILM) енгізілген ХЕҰ-ның стандарттары мен ұсыныстары жұмыс күшін, жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты, жалдамалы қызметкерлердің жалақысын және жұмыс берушілердің өтемақы (төлемдерін) шығыстарын, жұмыс күшінің құнын, сондай-ақ, еңбек рыногындағы жұмыс күшінің (қозғалысының) ағындарын және т.б. сипаттайтын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді. [10, 2]
Осы халықаралық материалдарды қолдану:
- рыноктың және еңбекақы төлеудің негізгі көрсеткіштерін ұсынуды;
- халықтың жұмыспен қамтылуы, қызметкерлерге еңбекақы төлеу және жұмыс күшінің құны саласындағы жаңа үрдістерді қадағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді кеңейтуді және көкейтесті етуге;
- есептелетін көрсеткіштердің географиялық өкілділігін;
- еңбек статистикасы көрсеткіштері жүйесінің айқындылығы мен мобильділігі;
- халықаралық деңгейде көрсеткіштердің салыстырмалығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |