Қызметтің арнайы түрлерін жүзеге асыратын адамдар (мысалы, дәрігерлер, заңгерлер, аудиторлар және т.б.) бейресми секторға жатады, егер олар бейресми сектордың кәсіпорындарын анықтау талаптарын қанағаттандыратын болса.
Ақы төленетін үй қызметшіні бейресми секторына жатқызу мәселе бойынша 15-ші ЕСХК Қарарында статистикалық деректерді пайдаланудың ұлттық жағдайларын және бағыттарын ескеру ұсынылған.
15-ші ЕСХК Қарарында бейресми секторда жұмыспен қамту, сондай-ақ бейресми сектордан тыс жұмыспен қамтудың бейресми қатынастарына адамдарды тарту туралы статистикалық деректеріне қажеттілігі белгіленген.
«Бейресми секторда жұмыспен қамту» тұжырымдамасы «бейресми жұмыспен қамту» тұжырымдамасымен сәйкес емес. Бейресми сектордан тыс өндірістік бірліктердегі жұмыспен қамтудың бейресми қатынастарында тартылған адамдар жұмыспен қамту жағдайында олардың тұрақсыздығына тәуелсіз бейресми секторға жатпайды.
Бейресми секторда жұмыспен қамту туралы 15-ші ЕСХК Қарарының ережесін тәжірибелік қолдану көпшілік елдерде байқалатын бейресми сектордың өсуімен экономиканың ресми секторындағы бейресми жұмыспен қамтудың әр түрлі нысандарының өсімі бір уақытта өсетінін көрсетті. Халықаралық еңбек конференциясының 90-шы сессиясындағы (2002 ж.) «Лайықты жұмыс және бейресми экономика» баяндамасында бейресми экономиканың тұжырымдамалық құрылымы ұсынылды, оны талқылау барысында бейресми секторды ғана емес, сондай-ақ осы сектордан тыс бейресми жұмыс орындарын қамтитын ақпараттарды әзірлеудің қажеттілігі бірнеше рет көрсетілді.
ХЕҰ әзірлеген тәсілдемелеріне сәйкес бейресми жұмыспен қамту ресми сектордың кәсіпорындарындағы және бейресми сектордың кәсіпорындарындағы бейресми жұмыс орындарының жиынтығы жатады.
Бейресми сектордың тұжырымдамасында байқау бірліктері бейресми жұмыспен қамту тұжырымдамасындағы – жұмыс орындары ретінде өндірістік бірліктер болып табылады. Дегенмен, бейресми сектордан тыс бейресми жұмыс орындары бар жалдамалы қызметкерлерге жұмыс орындарын немесе жалдамалы қызметкерлерді декларацияламау, кездейсоқ жұмыстар, жұмыс уақытының ұзақтығымен байланысты жұмыстар немесе мүмкін шегінен төмен төлем сияқты себептерден салық салумен, әлеуметтік қорғаумен қамтылмайтын қызметкерлер, олардың еңбек қатынастары стандарттық еңбек заңнамасына жатпайды.
Ресми сектордың кәсіпорындардағы бейресми жұмыс орындарына еңбек қатынастарын жазбаша рәсімделусіз ауызша келісім негізінде жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ мердігерлік шарттар және басқа да азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс үшін тартылатын адамдар жатқызылады. Шарттардың соңғы түрі, жазбаша нысаны болғанмен өзінің анықтамасы бойынша әлеуметтік қорғалуға қызметкерлердің құқығын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерден құралмайды.
Отбасының көмектесетін мүшелері қызметті тіркеу туралы сұраққа берілетін жауаптар бойынша бейресми сектор және ресми секторға бөлінеді.
Бейресми сектордың кәсіпорындары ретінде нарықта өткізуге арналған қызмет көрсетулер мен тауарлар өндірісін жүзеге асыратын және заңды тұлға мәртебесі жоқ үй шаруашлықтарының кәсіпорындары немесе үй шаруашылықтарына жататын корпоративті кәсіпорындары саналады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Бейресми сектордың өзіндік оң және теріс жақтары бар, оның баланстары соншалықты біркелкі емес және әр түрлі жағдайларға байланысты. Тұтастай алғанда, жалпы бейресми сектордың мәні экономика үшін тым бір мағыналы емес. Бір жағынан, оның шағын бизнесті дамыту үшін қорларын құру, тауар мен қызмет көрсету нарығын кеңейту, халықтың табысы мен жұмыспен қамтылуының мәселелерін шешуде позитивті ролі көрінеді. Осылайша, бейресми сектор жұмыссыздық өсуінің және халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуін ұстап тұрады. Ол халыққа тек жұмыс істеуге ғана емес және пайда табуға мүмкіндік береді, бұл көпшілік үшін (атап айтқанда, еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігі төмен адамдар үшін) еңбек жағдайларында өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі. Бейресми жұмыспен қамту ресми ұсынылған жұмыспен қамту, ең бастысы – еңбекақы жағдайына, қызметкерлер үшін мүлде қызықтырмайтын беделсіз жұмыс орындарын толтыруға себепші болады. Одан басқа, ол жұмыс берушілер мен көпшілік қызметкерлер санатын қызықтыратын жұмыс күшін икемді пайдалануға кең мүмкіндік береді. Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың жалақысы, өз кезегінде, тауарлар мен қызмет көрсетулерге, оның өндірісіне жағдай жасап, ұсыныстың өсуіне әкеп соғады.
Бірақ, сонымен бірге бейресми сектор еңбек қатынастарының қатаң деформациясын көрсетеді. Жұмыспен қамтуға тиісті рәсімнің жоқтығы жұмыс берушілермен еңбек құқығы нормаларына және қызметкерлерге құқықсыздығы, оларға әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтық қорғаудың жоқтығына алып келеді. Бұл жұмыс күшін еңбекке төмен ақы төлеу, еңбекті қорғау және оны пайдалану талаптарын және нормаларын сақтамау есебінен пайдалану мүмкіндігін білдіреді (еңбектің жоғары қарқындылығы және еңбектің шамадан тыс ұзақтығы, демалыс күндердің, ақы төленетін демалыстардың жоқтығы және т.б.). Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың төмен еңбекақысы жаңа техникалар өндіруді және енгізуді жетілдіруге ынталандыруын қысқартады. Осының барлығы қызметкерлердің денсаулығын жоғалтуына, жұмыс күшінің біліктілігін жоғалтуына, еңбек сапасының төмендеуіне және өндіретін өнімнің, яғни түпкі қорытындысы – еңбек әлеуеті сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Жұмыспен қамтудың тұрақсыз сипаты жұмыс жүйесінен алшақтауына алып келеді.
Кесте-4. Ресми және бейресми сектор кәсіпорындарының салыстырмалы сипаттамалары
Сипаттамалары
|
Ресми сектор
|
Бейресми сектор
|
Кіру барьерлері
|
Жоғары
|
Төмен
|
Технологиялар
|
Капиталды көп қажет ететін
|
Еңбекке қарқындылығы мол
|
Басқару
|
Бюрократиялық
|
Отбасылық
|
Капитал
|
Артық
|
Жеткіліксіз
|
Жұмыс уақыты
|
Тұрақты
|
Тұрақсыз
|
Еңбекақы төлеу
|
Қалыпты
|
Шектелген
|
Пайдаланылатын қаржы қызмет көрсетулері
|
Банктердің қызмет көрсетулері пайдаланылады
|
Жеке, бейресми қызмет көрсетулерді пайдалану
|
Сатып алушылармен қатынастар
|
Өзгешеліксіз
|
Жеке
|
Тұрақты шығындар
|
Ірі
|
Болмашы
|
Жарнаманы пайдалану
|
Міндетті
|
Шағын, не мүлде жоқ
|
Үкіметтік субсидияларды пайдалану
|
Жиі ірі
|
Жоқ
|
Нарықтық бағдар
|
Экспортқа таза күйінде
|
Экспортқа сирек күйінде
|
Ескерту: ҚР Статистика Агенттігінің Еңбек статитикасы бойынша әдіснамалық түсініктемелері [10, 1-21]
|
Экономиканың бейресми секторындағы және бейресми жұмыспен қамтудың жұмыс орындарындағы еңбек шығындары туралы біріктірілген деректермен бейресми сектордағы негізгі және қосымша жұмыспен қамтудың жұмыс орындарының саны, осы сектордағы барлық, соның ішінде – негізгі және қосымша жұмыстарда орындалған адам-сағат саны, толық жұмыс күнін есептеу арқылы жұмыс орындарының шартты санын сипайттайтын толық жұмыспен қамтудың баламын зерттеуге болады.
Бөлімді қорыта келе, Еңбек статистикасы көрсеткіштерін құру дереккөздері жұмыс күшін іріктемелі зерттеу материалдары мен шаруашылықты жүргізетін субьектілердің ағымдағы статистикалық байқау деректері болып табылады. Еңбек рыногын зерттеу және еңбек бойынша есептілікті жинау экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша республиканың барлық аумағында жүргізіледі. Жеке тұлғалар (халық, жұмыспен қамтылған адамдар) мен заңды тұлғалардың (кәсіпорындар және ұйымдар) жиынтығы байқау объектілері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |