Абдуалиева Ақерке Тобы: спд 22-1қ



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі18.57 Kb.
#491717
  1   2   3
Документ (21)


Абдуалиева Ақерке
Тобы:СПД 22-1қ


1-тапсырма


Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуы: негізгі беталыстары. Бұл құқықтық отбасы әлемде кең таралғандардың бірі болып табылады. Жер шарының тұрғын халқының үштен бір бөлігі, аталған құқықтың қағидалары бойынша өмір сүреді.
Жалпы құқықтық жүйе Англияда нормандтық жаулап алудан кейін жалпы айтқанда, королдік сотттар қызметінің процесінде пайда болды. Жалпы құқықтың отбасы ағыошын құқығынан басқа, барлық ағылшын тілді елдердің құқықтық жүйесін қосады. Жалпы құқықты меңгеру ағылшын құқығын меңгерумен басталу керек. Жалпы құқық – бұл, оның тарихи ізі бар жүйе, ал XVIII ғасырға дейінгі тарих – ағылшын құқығының тарихы болып табылады. Расында, ағылшын құқығы жалпы құқық отбасында басты орын алады. Жалпы құқық тек Англияның өзінде ғана емес, сондай-ақ көптеген елдерге де үлгі болып келеді. Ағылшын құқығының тарихында 4 негізгі кезеңді бөліп қарастыруға болады:
1 кезең – 1066 жылғы нормандық басып алумен өтті;
2 кезең – 1066 жылдан бастап (1485ж.) Тюдоров билігін орнатқанға дейінгі жалпы құқықтың құрылу кезеңі;
3 кезең – 1485 жылдан бастап 1832 жылға дейінгі «Жалпы құқықтың» гүлденуі;
4 кезең – 1832 жылдан бастап біздің заманымызға дейінгі – заңнамаға қатысты жалпы құқықтың бейімделу кезеңі.
Англия шегінен тыс жерлердегі жалпы құқықтың экспансиясы (өктемдік жүргізуі). Құқықтың Англиядан тыс таралу процессінің ерекшеліктерін, АҚШ құқықтық жүйесінің қалыптасуын мысалға ала отырып, бақылауға болады.


2-тапсырма
Заң техникасы заң жобалау қызметінде кеңінен қолданылып, белгілі бір практика жүзінде қалыптасатын дүние. Мақаладағы негізгі ой нормативтік құқықтық актілерде заң техникасы ережелерінің сақталмауы мәселелері болып табылады. Онда заң техникасының ұғымы мен оның ерекшеліктері ашылады. Мақалаға негіз болған талдау қолданыстағы азаматтық, қор туралы заңнамаға, сондай-ақ ғылыми лингвистикалық сараптамаға келіп түскен жобаларға жасалды. Талдау барысында заң техникасын сақтау, терминдердің бірізді қолданылуы, құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі негізге алынды. Айтылған талаптарды сақтамаудың салдары нақты мысалдар келтіре отырып көрсетілді. Мақалада заң техникасы қағидаларын сақтау, оның талаптары, атап айтқанда, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігіндегі талаптары бойынша мәселе көтеріледі. Заң техникасы деңгейінің төмен болуы қабылданатын актілердің сапасы мен тиімділігіне кері әсерін тигізетіні де дәлелденді.Құқықтық актілердегі заң техникасы - құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы. Егер бекітіліп берілген талаптар сақталмаса, заң шығармашылық процесінде заң техникасының қағидаларын елемей жіберілетін қателіктер құқықтық актінің мазмұнына тікелей әсер етіп, айтарлықтай нұқсан келтіреді, сондай-ақ құқықтық сипаттағы салдарға алып келеді. Автор заң техникасы қағидаларын сақтау маңыздылығын теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеп қорытындылап, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында осы мәселе аясында іс-шаралар қатарына тоқталып өтеді. Атап айтқанда, Президент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Тиімді заңдар қабылдау арқылы маңызды реформалардың негізі қаланады.»,- деп, тәлімдік, тәрбиелік мәні бар ақпаратты ұсынып, жұртты тартатын жаңа стильді, жаңа форматты көбірек енгізу қажеттігін көрсетті.


3-тапсырма
3.Құқықтық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ережелерден өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет