74
таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың
айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы
жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол
жұмсақ таңдай
мен жұтқыншақтың бір - бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп
тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай
жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі
биіктікке жоғары
көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған
дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда
дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың
артқы жағының шеті
мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік
қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда
болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в»
дыбысында, ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл
қабысуы дауысты «а» дыбысын айтқандағыға
қарағанда алты-жеті мәрте
күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа
ағыны мұрын резонатарының кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді.
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының
ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық,
жабық
(бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және
функционалды деп бөлінеді. Ринолалияның барлық түрлерінің негізі сөйлеу
аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: