Қабылдаған : Ермаханов Н.Қ Шымкент 2021ж Кадастр латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum»



Дата11.10.2023
өлшемі15.35 Kb.
#480377
Алымбекова Гузел АП21-6к5


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Факультеті : Аграрлық
Кафедра: Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника

Глоссарий
Пән атауы: Жер қатынастарын дамыту

Орындаған :Алымбекова Гузел
Тобы : АП-21-6к5
Қабылдаған : Ермаханов Н.Қ


Шымкент 2021ж

  • Кадастр - латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum» сөзі иемдену заттарының тізімі деген мағына береді.




  • Иқта-жерді пайдалану және оған иелік ету.






  • Жер қатынастары-жерді өндіріс құралы ретінде басқару, иемдену, пайдалану қатынастары.





  • Жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.




  • Кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.




  • Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер.




  • Жерді иелену –жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасызт етілетін мүмкіндігі.




  • Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.



  • Контракт –жүзеге асырылуы заңмен қамтамасыз етілетін келісім.



  • Жерге орналастыру-ішкішаруашылық территорияны реттестіру жөніндегі жұмыстар көбінесе тек қай жерді жырту немесе жыртпауды көрсетумен ғана шектеледі. Сондықтан да жаппай ұжымастыру кезеңіндегі жерге орналастыру жер көрсету(землеуказание) деп аталады.



  • Мемлекеттік жер кадастры - бұл жердің шаруашылық және табиғи жағдайы туралы мәліметтер жиынтығы.




  • Жер кадастры -жер учаскелері туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.




  • Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналымақсатымен пайдаланылу режимін белгілей отырып айқындау.




  • Салық салу: меншіктің салыстырмалы нарық құны негізінде алынатын салық мөлшерін анықтау.




  • Тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар.



  • Меншік – құқық тұрғысынан жылжымайтын мүлікке меншік құқығы.




  • Шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ осы Кодексте аталған өзге де тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелеріне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады.



  • Территория -  қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет