Қабылдаған: Аргимбаева а алматы 2011 Мазмұны Кіріспе І. Әдеби шолу І.І. Зерттелетін заттың сапалық химиялық анализге дайындығы



бет4/8
Дата12.12.2023
өлшемі425.15 Kb.
#486210
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-123453

Жалынның түрлі-түске боялуы
Талданатын заттың жалынды бояйтын қабілетін сынау үшін, платина немесе нихром сымның ілгегін концентрлі тұз қышқылына батырып, жалында қыздырамыз ( сымды тазарту үшін ). Бұдан кейін сымның ілгегін қайта тұз қышқылының ерітіндісіне батырып ( тұздарды ұшпа хлоридтерге ауыстыру үшін ), берілген заттың аз мөлшерін ілгекпен алып,жалынға ұстаймыз. Бұл тәжірибе барысында жалын түсінің боялуы 3-кестеде келтірілген.
3 – кесте: Кейбір ұшқыш қосылыстардың элементтері горелканың түссіз жалынында боялуы.

Нөмірі

Элементтер

Жалын түсінің боялуы

1.

Натрий

Сары

2.

Кальций

Кірпішті-қызыл

3.

Стронций

Карминді-қызыл

4.

Калий

Күлгін

5.

Барий

Жасыл-сары

6.

Бор,мыс,висмут

Жасыл

7.

Қорғасын,мырыш

Ақшыл-көк

8.

Сурьма,мышьяк

Ақшыл-көк

Белгісіз затты қыздырғанда абай болу керек. Себебі затты қыздырғанда , жалын шығаруы немесе жарылыс беруі мүмкін. Сондықтан зерттелетін заттың аз мөлшерін сынау керек. Кейде затты қыздыру қыздырғыш түтікшеде жүргізіледі.
Қыздырғыш түтікше деп - ұзындығы 5-6 см, диаметрі 0,5 см қиын балқитын шыныдан жасалынған сынауықты айтамыз.
Талданатын заттың аз мөлшерін ( 0,1 грамм ) қыздырғыш түтікше түбіне себеді де, оны горизонталь етіп орналастырады және ақырындап жаққыш жалынында қыздырады. Заттың өзгеруін бақылаймыз. Алайда біз бұл тәжірибені практика жүзінде жасаған жоқпыз. Бірақ ол тәжірибені білу бәріміздің міндетіміз.
Егер зат ұшпаса, онда қоспада сынап пен аммоний тұздары, карбонаттар, органикалық қосылыстар жоқ.
Газдың түсіне қарап,
Ақ – аммоний тұздары , HgCl, HgBr ,As және Sb оксидтері;
Сары – Hg- ң , As-ң күкіртті қосылыстары , HgJ және S;
Сұр және қара – Hg , As қосылыстары , иодидтер , органикалық қосылыстар болуы мүмкін деп қорытынды шығаруға болады.
Қыздырғыш түтікшеде затты қыздырғанда, возгонмен бірге бу немесе газ бөлінуі мүмкін. Егер су тамшысы пайда болса , онда құрамында кристалдық суы бар тұздар , органикалық қосылыстар, гидроксидтер, негіздік немесе қышқыл тұздар болуы мүмкін.
Қыздырған кезде :
O2 бөлінсе - H2O2 , NO3- ,MnO4- және т.б.
СО2 бөлінсе – СО32- , С2О42- , органикалық қосылыстар ;
СО бөлінсе – С2О42- , органикалық қосылыстар ;
Азот оксидтері бөлінсе – NO3- , NO2- ;
Cl2 , Br2 , J2 , бөлінсе – Cl- , Br- , J- болуы мүмкін.
Егер зат балқыса , онда нитрадтар, нитриттер, ацетаттар, карбонаттар , сульфаттар ( сілтілік металдардың ) , мыстың , мырыштың , темірдің сульфаттары , ашудас және де Na2S2O3·5H2O , Zn(NO3)2·6H2O , Na3AsO4·12H2O және т.б. болуы мүмкін.
Егер затты қыздырғанда түсін өзгертсе , ыдырағанда оксид түзетін ( мысалы , CuO , CdO , Fe2O3 , Fe3O4 , PbO , NiO және т.б.) ауыр металдардың тұздары болуы мүмкін. Сары аммоний хроматын ( A ) және аммоний бихроматын ( қызыл – сары ) (Б) қыздырғанда , жасыл түсті хром (III) түзе ыдырайды:
2(NH4)CrO4→Cr2O3+2NH3↑+N2↑+5H2O
(NH4)2CrO7→Cr2O3+N2↑+4H2O
Сары күміс арсениті күміс метаарсенаты мен металдық күміс түзілу салдарынан қою – қоңыр түске айналады:
Ag3AsO3→2Ag+AgAsO3
Молибдаттар мен вольфраматтар тотықсыздандырғыш пен әрекеттесіп , көк түсті өнім береді:
Na2C2O4+2MoO3→Na2CO3+CO2↑+Mo2O5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет