Қабылдаған: Қосжанова Ұ. Орындаған: Фархат Д. Тобы


III.8Қорытынды 3. Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясы арқылы оқыту



бет4/4
Дата30.11.2023
өлшемі0.51 Mb.
#484989
1   2   3   4
ИББ Блум таксономиясы БӨЖ-1 Фархат Дурдана ЖМА-211(2)

III.8Қорытынды 3. Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясы арқылы оқыту Қорыта келгенде Блум таксономиясы арқылы оқыту оқушылардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызуға ықпал жасайды. Оқушының ғана емес, мұғалімнің де ойлау кеңістігі артуына көмектеседі. Және мұғалімдер үшін дарынды, талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің оңтайлы әдістерінің бірі деп есептеймін. Мұғалімдер оқушыларды ынталандыру мен дамытуда талдау, бағалау, жинақтау үдерістерін белсенді қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне болады. Мұғалімдердің өз пәні бойынша Блум таксономиясының танымдық деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды дайындауға машықтанып, күрделі деңгейлі тапсырмаларды дайындау дағдысы қалыптасады. Егер оқушының шамасы тек қана III (жеңілдетілген) деңгей тапсырмаларына жететін болса, оның танымдық қабілеттерін даму деңгейі ең төменгі талап деңгей - «білу» және «түсіну» ауқымында. ІІ деңгей тапсырмаларын орындайтын оқушы «топтау» және «білімін бағалау» деңгейінде. Зерттеу жүргізілгенде диагностиканы оку жылының басында және соңында 3-4 жыл бойына өткізуге болады. Бұл жеке оқушының да, сыныптың барлық оқушыларының да танымдық қабілеттерінің даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, Блум таксономиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақстан Республикасында Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №308 -ІІ Заңы.

  2. «Мүмкіндіктері+шектеулі+балаларды7әлеуметтік8және8медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы №343 Заңы.

  3. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген.

  4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014ж жағдай өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) ҚР Кодексі.

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық НЗМ, ПШО,2016ж

  6. Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жана технологиясын енгізудің тиімді жолдары» Алматы 2006жыл

  7. Рудик Г. А. «Ойлау еңбегінің мәдениеті немесе оқытудың 101 техникасы» оку құралы Қостанай, 2010 ж.

  8. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандарымен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл. 5. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.

  9. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

  10. Инклюзивті білім беру жaғдaйындa ерекше қaжеттіліктері бaр oқушылaрдың oқу жетіcтіктерін критериaлды бaғaлaу жүйеcі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет