МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………….........……………………………..........3 - 10
I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері...........................11-35
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы...................................…......11 - 19
1.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мағынасы............................................20 - 24
ІІ–тарау. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының қалыптастырудың әдістемесі....................................................…...........................................….36 - 50
2.2. Бейнелеу өнері сабағы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру формалары, құралдары, әдістері оларды жетілдіру жолдары........................................................................
ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....51-52
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………53 - 54
Кіріспе.
Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Танымдық белсенділік — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу — бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Ал, В.Г.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі -оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т.б.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы — осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.
Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі. Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Репродуктивтік жұмыстарға — оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б. жатады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шыгармашылық жұмыстар — оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.
Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың жалпы беісенділігін арттырады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.
Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамы-ту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың. қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
1) Әрекеттік жақындасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: "Маған айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін"). Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әркеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.
Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттерінің негізгі түрлерін білу керек: оқыту-танымдық, әлеуметтіқ, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру-сауықтыру. Әрекеттің барлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады. Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.
2) Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс):
- Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетті қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем-әлі сырттан ешкім танып білмеген.
- Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсі арқылы қатынас жасайды.
- Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.
- Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.
3) Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады (эврика-іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім (мұғалімнің басқаруымен) ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс
түрлері, әдісі.
Мәселелеп оқыту (проблема қою) - ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама-қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді.
Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциадцап, оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауларына болады. Егерде оқушы өзі таңдап алған болса тапсырманы, онда мүғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де оқушының осыған деген қүштарлығының деңғейін анықтай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оқу процесі оқытудың басқа да маңызды, оқушылардың дамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады (М.Д. Виноградов, Н.С. Дежников, И.Б. Первин, Х.И. Лийметс, Г. Кусайнов, Н.Н. Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз-бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н. Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен, қазіргі дидактика, ізденіс жәые әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest-мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығушылығы - танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С. Выготский былай деген: "Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді".
Танымдық ынта-ықыластардың қалыптасуы.
Ынта-ықылас (интерес)-(лат. Іntегst - мағынасы болу, маңызды) -әрекеттің адам аса маңызды деп түсінетін шынайы себебі. Ынта-ықыласқа субъектінің өз іс-әрекетіне дұрыс баға беру қатынасы деген анықтама беруге болады. Танымдық ынта-ықылас оқушының таным объектісіне деген эмоционалды қатынасында көрінеді. Оқуға деген ынта-ықылас танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. «Баланы қандай да бір іс-әрекетке шақырғың келсе, ең алдымен, оны қызықтыру керек, оның осы іс-әрекетке әзір екенін; осы іс-әрекет үшін қажетті барлық күш-жігерінің жиналғанын; баланың өз бетінше әрекет ететінін, мұғалім тек оның іс-әрекетін басқарып, бағыттайтын болады, осының бәрін анықтап алу керек" (Л.С. Выготский).
Оқушылардың танымдық ынта-ықыластары олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың ынта-ықыласы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерде оқушылар ынта-ықыласымен оқиды. Танымдық ынта-ықылас балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.
Танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; "қауіп-қатер балаларының" диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу, т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу біліктерін дамыту.
Зерттеудің объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін білім мазмұны арқылы арттыру. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану.
Зерттеу пәні. Бейнелеу өнері сабағы арқылы танымдық іс-әрекет қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – Бастауыш мектеп оқушыларын педагогикалық процеске қатыстыруда өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетіне арналған әдебиеттерге талдау жасау.
- танымдық іс-әрекеттердің мәнін ашып көрсету.
- жұмыстың негізгі түрлеріне, танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне сипаттама беру.
- мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін дамыту үшін мұғалімнің ұжымдық-танымдық іс-әрекеті және оның технологиясы жөніндегі білімді меңгерулерінің маңыздылығын дәлелдеу және педагогикалық процестің жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I – тарау. Қазіргі жағдайда бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың мәселелері.
1.1. Бастауыш сынып оқушылаының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды.
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:
- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алуы ретінде қарастырады;
жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.
2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.
3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.
4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.
5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.
6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.
а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік — адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.
ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия — "қалыпты балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар — дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықгары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе "қауіп-қатер балалары" деп атайды.
Олардың бойында дене және психологиялық дамуында кезге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша "қауіп-қатер балаларың бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ға жуығын құрайды.
"Қауіп-қатер балаларымен" жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қамтамасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуғе деген талпынысы мен ыкыласына әрдайым оң баға беру.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-катынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын карым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы осал жерлер жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |