Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: Ғылым ұғымын саралау
Дайындаған: Өтежанова А. (геоинформатика)
Қабылдаған: Сембаева Г.М.
Алматы, 2023
Қазіргі таңда әлемде ғылымның рөлі ерекше маңызға ие. Өйткені ғылым технологиялық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші болып табылатындықтан, оның мәнін түсіну қоғам үшін негізгі аспектілердің бірі болып саналады деп ойлаймын.
Ғылым бізге әдістерді, эксперименттерді және деректерді талдауды қолдана отырып, "бұл қалай жұмыс істейді?" және "неге бұлай болады?" деген сұрақтарға жауап беріп, айналамыздағы әлемді зерттеуге және түсінуге көмектеседі. Демек, ғылым біздің білімімізді кеңейтудің кілті болып табылады және біздің әлемді қызықты, әрі түсінікті етеді.
Ғылым ұғымын сараламас бұрын, ғылым мен білімді ажырата білуіміз қажет. Екеуін егіз ұғым немесе синоним ұғым ретінде қарастыру қате пікір деп ойлаймын. Өйткені орыс тарихшысы В.Ключевский «Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу» дейді. Менің пікірім бойынша да білім ол -ғылымға апарар жол, ал ғылым - білім нәтижесі.
Ғылым ұғымын саралауда ең алдымен ғылым туралы түсінікті қалыптастырған тарихтың әртүрлі кезеңдерін қарастырған жөн деп ойлаймын. Өйткені ғылым туралы түсініктің қалай өзгергенін және дамығанын түсінудің бірден бір жолы ол тарихтағы ғылым ұғымының эволюциясын қарастыру болып табылады. Тарихтағы ең алғаш ғылым ұғымын Ежелгі дәуірдегі Греция мен Римдегі философиялық идеялардан іздейміз. Аристотель мен Платон сияқты философтар табиғат пен логиканы қарастырды, эксперименттер жасады және өз теорияларын дәлелдеді, математика мен астрономияның зерттелуі де маңызды болып, ғылыми әдістің негізін қалаған философиялық идеялар тұжырымдалған болатын . Бұл зерттеулер орта ғасырлық университеттердің пайда болуымен, табиғатқа және бақылау ғылымына деген қызығушылық қайта жандана бастауымен жалғасын тапты. Жаратылыстану ғылымдары дамыған сайын, әсіресе Ренессанс пен ағарту кезеңінде "ғылым" ұғымы үшін нақты шекаралар қалыптаса бастады. Эксперименттер мен бақылаулар сияқты жүйелі және эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми қызметтің стандартына айналды. Нәтижесінде "ғылым" сөзі қазіргі заманғы ұғым және термин ретінде XVII-XIX ғасырлар аралығында ғылыми әдістің қалыптасуы мен дамуы және ғылыми қызметті ұйымдастыру барысында белсенді қолданыла бастаған болатын.
"Scientia" (ғылым) сөзі латын тілінен шыққан және бұрын ортағасырлық және латын мәтіндерінде қолданылған. Алайда, XVII ғасырға дейін "ғылым" термині және оның басқа тілдердегі аналогтары білімнің кең спектрін белгілеп, философия, астрономия, астрология және басқа салаларды қамтыды. Кейіннен Галилео Галилей, Исаак Ньютон және басқа ғалымдар табиғатты зерттеу үшін эксперименттік әдісті қолдана бастаған кезде, "ғылым" термині табиғатты жүйелі түрде зерттеуді және бақылаулар мен тәжірибелерге негізделген теорияларды құруды білдіретін тар мағынада қолданыла бастады. Мысалы ағылшын ғалымы, "Жаратылыстану философиясының математикалық бастамаларының" авторы И.Ньютон (1687) физика мен математикаға айтарлықтай үлес қосты және табиғатты жүйелі зерттеу контекстінде "ғылым" терминін қолданған болатын.
Маңыздысы, әр дәуір ғылыми ойлау мен ғылым философиясының эволюциясына өз үлесін қосты және ғылымға әртүрлі әдістемелік идеялар мен көзқарастар әкеліп, бір-бірін алмастырды. Бұл идеялар мен тұжырымдамалар ғылым туралы заманауи түсініктерді қалыптастырды, қазіргі ғылымның дамуына алып келді.
Қазіргі ғылым қарқынды дамумен, пәнаралық көзқараспен және жаһандық ынтымақтастықпен сипатталады. Ғалымдар мен зерттеушілер климаттың өзгеруі, аурулармен күресу және жаңа технологияларды дамыту сияқты жаһандық мәселелерді шешу үшін жұмыс істеуде. Бұл бізге болашаққа оптимизммен қарауға мүмкіндік береді, өйткені ғылыми зерттеулер өмір сапасын жақсартатын және күрделі қиындықтарды шешуге ықпал ететін жаңа идеялар мен инновацияларға әкеледі.
Ғылым дерексіз немесе бізден алыс нәрсе емес екенін түсіну маңызды. Қазіргі ғылым-бұл зертханалар мен ақ халатты ғалымдар ғана емес, сонымен қатар өзекті мәселелерді шешудің және біздің қоғам мен жалпы планетаның өмірін жақсартатын мақсаттарға жетудің құралы деп білуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |