Қабылиса ауылдық округінің 9 айлық әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы 2013 жыл
2013 жылы Аудан әкімінің тұрғындарының алдында есеп беру кездесулерінде айтылған талап – тілектер мен ұсыныстары Көкбастау ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша орталық жүйесінен үй-үйге су кіргізуге ықпал ету, толығымен үй- үйге су кіргізіп қазіргі уақытты толығымен аяқталды. Қабылиса ауылдық округ әкімінің тұрғындарының алдында есеп беру кездесулерінде айтылған талап – тілектер мен ұсыныстары округке учаскелік полиция инспекторы беріліп жұмысы жандандырылса, сәуір айында Керімбеков Еркін Бақытжанұлы учаскелік полиция инспекторы болып бекітілп берілді, қазіргі уақытта білімін жоғарлатуға оқуда.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысында «Ақын Қабан Жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде Аудан әкімінің «Сенім жәшігі » орнатылған комиссия құрылып әр айдың бірі мен отызы аралығында ашып тексеріліп тұрады
Биылғы жылғы Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан -2050 стратегия- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын округте насихаттау үшін жұмысшы тобы құрылып, іс-шара жоспары жасалды. Жұмысшы тобы жолдауды насихаттау үшін 3 жиыны өтті.
Қабылиса ауылдық округі 2 елді мекеннен Ақтекше және Көкбастау ауылдарынан тұрады.
Жалпы округте тұратын халық саны 1475 адам, оның ішінде 3 адам болкар, қалған қазақ. түтін саны 320.
Ақтекше ауылында – 970адам, 204 түтін.
Көкбастау ауылында – 505 адам, 116 түтін
ҰОС жылдарында тылдағы еңбек еткендер 16 соның ішінде 16 адам мемлекеттік жәрдемақыны алады, зейнеткерлері 133, ал I.-IІ- ІІІ және 16 жасқа дейінгі мүгедектер барлығы 36 адам, стажы толмаған жасына байланысты жәрдемақы алатындар 2. Асыраушысынан айрылғандар 15 жанұя, бар. «Алтын алқа» алған 25 ана, «Күміс алқа» алған 17 ана, «Алтын алқа»-ға 2 ананың құжаттары өткізілді. 1 жасқа дейінгі туылған балалар жәрдемақысын алатындар 25 жан ұя, және 4 баладан көп балалы 32 ана бар.
Ауылшаруашылық Жалпы жер көлемі – 63902,54 гектар, оның ішінде жайылымдық жері 57109,97 га, Шабындық жері – 2258,2 га, Егістік жер- 4522,07 га.Суармалы егістік- 41 га, басқада жерлер- 47 га. 840 га күздік бидай, 544 жаздық бидай, 1323 арпа 80 га майлы дақыл 746 көп жылдық шөп, 989 бір жылдық шөп егілді. Алынған өнім 2100 т күздік бидай, 980 жаздық бидай, 2911 арпа. округте жиналған шөп 14500 т
Мал шаруашылығы саласы бойынша мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғастырылып, мал басының өсуі, мал өнімділігінің артуы қолға алынуда.
Малды асылдандыру үшін округімізде қолдан мал ұрықтандыру пункітін қолға алынып, жыл басынан берілген жоспар 664 бас, қазіргі уақытта берілген жоспар орындалды. Қазіргі таңда Мадинов Алмастың үйінде ұрықтандыру пункті, керек құрал жабдықтармен толық жабдықталған.
Ірі қара саны- 2950 бас, қой- ешкі 17500 бас, жылқы- 1390 бас. Құстар- 3800 бас.
Ауыл ішінде 1 сүт жинау пункті сүт жинайды. Сүт жинау пункті әр он күн сайын тұрғындармен есептесіп отырады. Ауылдық әкімшілік, учаскелік полиция уәкілі және дәрігерлерден құрылған топпен отгон мал жайылым учаскелерін аралау, малшылардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларын тексеру 2 рет жүргізілді.Бұл жұмыс әліде жалғастырылады.
Кіші және орта бизнес Округте ауыл шаруашылығымен шұғылданатын 73 шаруа қожалығы және халыққа қызмет көрсететін 3 сауда орны бар, отандық тауар өндірушілердің тауарларын сатуға келетін кедергілерді қысқарту мақсатында округте орналасқан, сауда орнымен үш жақты меморандумдар жасалып, жеке шағын кәсіпкерлікпен айналысып, сауда жасап жүрген жеке тұлғалар бұл жұмысқа түсіністікпен қарап , бүгінгі күннің талабын орындауға қол ұшын беретіндерін білдірді..
Ауыз су бағдарламасы бойынша ауылда. Ауыз су жүйесінің ұзындығы 17 шақырым, үй үйге су кіргізілген. Округтегі ауыз су жүйесі «Көксу су құбыры» МКҚК баланысына өткізілген. Ауыз суға тарифтің көлемі 1 отбасына 625 теңгеден.
Әлеуметтік сала еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне келетін болсақ 9 – айлық қортындысы бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны – 23, Қоғамдық жұмысқа тартылғаны 8 адам, Кәсіптік оқуға жіберілгені 1 адам
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына және «Табысы аз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй көмегінің ережесіне сәйкес», Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 99 Қаулысын орындау мақсатында 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушы 2012 жылыдың қортындысы бойынша бала саны 58, берілген ақша 618845 теңге.
2013 жылы 9 айлық қортынды бойынша 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушы отбасы саны 6, бала саны 20, төленген ақша 228492 теңге
2013 жылы 9 айлық қортынды бойынша Тұрғын үй көмегін алушы жанұя және Мемлекеттік әлеуметтік көмек алған жанұя жоқ .
Денсаулық саласы бойынша Ауылдық округте 1 ФАП және 1 Көкбастау амбулатория мекемесі бар, онда 6 штаттық бірлікпен, атап айтсақ 1 фельдшер, 1 акушер, 3 медбике, 1 лабарант, 1 автокөлікпен қамтылған.Жалпы қабылдауда болған адам саны 860, үйге шақырылумен қаралған адам 470, емдеу – профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде эпидахуал біршама тұрақтанып 20 бала туылып, қайтыс болған адамдар саны 6. Бюджет тарапынан 1 жасқа дейінгі балаларға 10680 теңге, 5 жасқа дейінгі балаларға 48491 теңге, ал созылмалы жүрек ауруы 24038 теңге, ИБР – ға 125203 теңге, артериялық қан қысымының жоғарлауы 27208 теңге, бронх демікпесі (бронх асма) 32000 теңге, созылмалы өкпе ауруларында 1679 теңге, аяғы ауыр келіншектерге 10380 теңге көлемінде дәрі- дәрмекке ақша бөлінді.Жалпы аурулар көрсеткіші /жұқпалы аурулар/ - тіркелмеген. Аурулардың алдын алуға балаларға АКДС, вирустық гипотит, полиемелит, қылша, қызамыққа дифтерия мен тырысқаққа қарсы егу жұмыстары кесте бойынша жүргізіледі.
Білім беру саласында Ауылдық әкімшілік округтегі бір орта мектеппен тығыз байланыстамыз . Округте өткізілетін мәдени іс шараларға, қоғамдық жұмыстарға мектеп ұжымдары белсенді қатынасып көмек көрсетеді. 2013 жылы «Ақын Қабан Жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 30 мұғалім 219 оқушыға білім беруде, мектеп алды даярлық сыныбында 28 бала тәрбиеленеді және 25 адам кіші қызметкерлер түрлі жұмыстар атқаруда.39 таңдау курстары, 10 ақылы үйірме жұмыс жасайды. Мектепте 2 сынып 55 компютермен жабдықталған. Бұл дегеніміз орташа есеппен 4 балаға, 1- компютерден келеді.
2- интерактивті тақта бар. Мектепте 60 орындықта арналған асхана жұмыс жасайды. Жалпыға бірдей бөлінген қордан 20 оқушы, жалға алушы есебінен 10 оқушы тамақтанады. 2013 жылы 10 түлек мектепті бітірді. 5 түлек мектепте дәстүрлі емтихан тапсырды, 5 түлек Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысып, орташа көрсеткіші 66,0 балл жинады.бітіруші 10 түлектің 2 жоғарғы оқу орнында, 3 арнаулы оқу орнында, 1 оқушы грантқа түсті. Биылғы жылы «Қарлығаш» лагеріне 30 бала демалуға жіберілді. Оның ішінде 5 бала жалпыға бірдей бөлінген қордан жіберілсе, 25 бала ата-аналардың, мұғалімдердің және ЖШҚ-ның қаржылай көмегімен жіберілді.Мектеп жанынан ашылған шағын орталықта 25 бала, жиһаздармен толық жабдықталған.2013 жылы тасымалданған сұйық отын 29600 литр
Мәдениет саласы бойынша Ақтекше ауылдық мәдениет үйі 4 штаттық бірлікпен жұмыс істейді. Би, дәстүрлі әндер, домбыра, әжелер ансамбілінің үйірмелері жұмыс істейді.Аудан көлемінде өткен байқаулар М. Мақатаевтың «Жырлайды жүрек»атты әндерінен байқауға Ә.Маулен қатысып ІІ- орын, «Енесі жақсының шаңырағы» атты байқаудан Г.Байсеркенова қатысып ІІІ- орын, «Көксу жұлдыздары -2013» атты байқауға С Жақсыбай, Г.Өтелбекова қатысып ынталандыру, «Көксу аруы- 2013» атты байқауға С Даңғылқызы қатысып бас жүлде, «Ақмарал сұлу еркемай» атты байқауға Ж.Өмірбек қатысып ІІІ- орын алды. Ақтекше ауылдық мәдениет үйінде мереке күндеріне іс шаралар жоспары, сценарийі құрылып өткізіледі.Мәдениет үйіндегі кітапхана ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Кітапханада барлығы 9616 кітап қоры бар, қазақшасы- 4022 дана, оқырман саны- 384, кітап берілімі- 6264, оқырман келуі- 3717, өткізілген іс шаралар- 27
Спорт саласы бойынша Аудан көлемінде өтетін спорттық шараларға Ақын Қабан жырау атындағы орта мектептің оқушылары мен ауыл жастарынан құрылған командалар қатысып тұрады. Мәдениет үйінен бір бөлмесінен ашылған күрес залында 3 топта балалар жаттығады. Обылыс,аудан көлемінде өткен жарыстардан Қ.Немеребай 1 алтын, 1 күміс иеленді, Ш.Сабырбай
1 күміс иеленді, Жақсыбай Фархат 1 күміс иеленді
Ауылдық округінің әкімі және мамандар жұмыстарын бекітілген қызметтік міндеттер бойынша жүргізеді. Жұмыс жоспарлары –жылдық, тоқсандық, айлық болып бекітілген. Іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Істер номенклатурасы облыстық мұрағатпен келісіліп, бекітілген. Жаңа номенклатура негізінде 2013 жылы арнаулы салаларға 52 жинақ папкасы, 13 журналдар және 9 арнаулы кітаптар ашылды. Сонымен қатар 2 алфавиттік кітап, 23 шаруашылық кітабі толтырылды. 9 айлық бойынша 170 құжат келіп тіркелді, шығыс құжаттар 328 тіркелді.
Округ әкімі 2013 жылдың 9 айлығында 17 өкім . Шығарылған өкімнің 4 негізгі қызмет ойынша, ал 13 жеке құрам бойынша шығарылған.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның округте орындалу барысы туралы әкімнің жеке мәселе бойынша қабылдауында 8 адам болды, Ауызша өтініш 94, жазбаша өтініш 4 тіркеліп жауап берілді.
Салық саласы бойынша
№
|
Салық түрлері
|
Тапсырма 2013 жылдың 9 айына
|
Нақты орындалғаны
|
1
|
Мүлік салығы
|
12000
|
13485
|
2
|
Жер салығы
|
105000
|
111485
|
Байланыс бойынша Сымсыз желі орнатылған ауылда 120 үйде және 3 мекемеде телефон бар
Қылмыс және қоғамдық тәртіп бойынша Ауылдық округ бойынша 1 учаскелік полиция уәкілі жұмыс істейді. Арнайы кабинет, сейфпен, телефон желісімен, орындық, стол құралдырмен жабдықталған. Орталықтан тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында округте мектеп мұғалімдерінен құрылған «Жасақшылар тобы» жұмыс істейді. Ауылдық округі әкімшілігі мен жеке шаруа қожалық мүшелерінен құрылған «Сарбаздар» тобы, ДНД – тобы кешкі сағ 7- ден түнгі 11- ге дейін кезекшілік жұмысын атқарады
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қабылиса ауылдық
округі әкімінің м.а: Бейсенов Е.А
Достарыңызбен бөлісу: |