Ацетилен генераторлары.
Ацетилен генераторы деп кальций карбидінен су көмегімен ацетиленді алуға арналған қондырғыны айтады.
МЕСТ 5190-78 стандарты бойынша ацетилен генераторлары келесі белгілерімен жіктеледі:
- алынатын ацетиленнің қысымымен;
- өнімділігімен;
- пайдалану әдісімен;
- кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісімен.
Алынатын ацетиленнің қысымына байланысты генераторлар төменгі (0,02 МПа-ға дейін) және орташа (0,02-ден 0,15 МПа-ға дейін) қысымды генераторлар деп бөлінеді. Өнімділігімен ацетилен генераторлары он түрге бөлінеді: 1,25; 3; 5; 10; 20; 40; 80; 160; 320; 640 м3/сағ. Пайдалану әдісіне байланысты генераторларды тұрақты және жылжымалы деп бөлінеді. Біріншісінің өнімділігі 3-тен 6540 м3/сағ. дейін, жылжымалары - 3 м3/сағ. болады. Кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісі бойынша генераторларды сұлбасымен бөледі:
- «карбид суға» (белгіленуі КБ);
- «су карбидке» (ВК);
- «суды ығыстыру» (ВВ);
- құрама (ВК+ВВ).
Барлық ацетилен генераторлары олардың жүйесіне қарамай негізгі бөлшектерден тұрады: газ қалыптастырушы, газ жинаушы, қорғаушы затвор, ацетиленді пайдалану шамасына байланысты өндіретін ацетиленді автоматты реттеу жүйесі.
Ацетилен генераторларының құрылысы мен жұмысы.
АНВ-1,25 (23-сурет) ацетилен генераторының өнімділігі 1,25 м3/с және жұмыс қысымы 0,025-0,003 МПа. Генератор жылжымалы болып табылады, жұмыс істеу жүйесі ВВ ВК жүйесімен біріктірілген.
23 - сурет. АНВ-1,25-68 төменгі қысымды ацетилен генераторы
Генераторға реторта 2 пісірілген, онда тиейтін корзина 3 орналасқан тұғырдан тұрады. Генератор тұғыры екі бөлікке бөлінеді – төменгі (газ жинаушы) және жоғарғысы (су жинаушы), олар горизонталь қабырғамен 25 бөлінген. Жоғарғы бөлігі төбесінен ашық. Төменгі және жоғарғы бөліктері газ жинауыштың түбіне дейін жететін циркуляциялық түтікпен 8 өзара жалғасады. Газ жинауышпен су затворының арасында олармен резеңке түтікпен 23 және 21 жалғасқан карбид кептіргіші 22 орналасқан. Генератор сумен тұғырдың ашық жоғарғы бөлігінен толтырылады. Су ретортаға газ шығатын түтік 28, бұрылыс 26 (вентиль 27 ашық болғанда) арқылы келеді. Реторта қақпақ 5, иін 6 және арнайы бұрандамен 7 жабылады. Кальций карбидінің сумен әсерлесу нәтижесінде бөлінетін ацетилен түтікпен 28 газ жинауышқа жиналады да ондағы суды су жүретін түтік 8 арқылы генератордың жоғарғы бөлігіне ығыстырады. Ретортаға су газ жинауыштағы вентиль 27 деңгейінен төмен ығыстырылғана дейін беріледі.
Ацетилен бөлініп газжинауышта және ретортада оның қысымы көбейген сайын су ретортадан 2 бөлмешікке 3 (түтік 12 арқылы) ығыстырылады. Бұл жағдайда одан әрі газ пайда болуы бәсеңдейді. Газ жинауыштан газ алынғанда ретортадағы ацетилен қысымы төмендейді, су ретортаға қайтады және газ пайда болуы үдетіледі. Сонымен газды қолданушы (жанарғы) алу жылдамдығына байланысты, ацетилен пайда болу жылдамдығы автоматты түрде реттеледі. Газжинауыштан газ карбид толтырылған карбид кептіргішіне 22 барады, содан кейін су бекітпесіне 14 одан нипель 15 арқылы жанарғы немесе кескішке өтеді. Су бекітпесі (затвор) 14 жалынның кері соққысынан болатын жарылыс толқынының генераторға өтуінен сақтау үшін қойылған. Ацетилен су бекітпесіне резинке түтікше 20 арқылы келеді. Төменгі түбі мен беткітпе тұрқысы жалғанған жерде тығыздық резина төсеме 10 арқылы жасалады. Түтіктің төменгі шетінде ацетиленнің бекітпе тұғырына өтуіне арналған алты тесігі бар. Тесіктердің үстінде, ажыратқыш ретінде қойылған, шайба 9 орналасқан. Ацетилен бақылау краны 11 деңгейіне дейін құйылған су арқылы өтіп, сақтандырғыш және газкелтіруші түтіктердің арасындағы саңылауға судың біршама бөлігін ығыстырады. Бекітпеден газ ниппель 15 арқылы шығады. Кері соққы болған кезде жарылғыш қоспа суды сақтандырғыш және газкельтіруші түтіктерге, қоспа судан сақтандырғыш түтіктің төменгі тесігіне өткенше ығыстырады. Сақтандырғыш түтік арқылы жарылғыш қоспа суды өзімен ала кетіп, атмосфераға шығады. Түтік тегісі арқылы шыққанда судың бір бөлігі обечайкада 17 қалып, бекітпеге қайта ағады. Газөткізуші түтік тығынмен 16 жабылады.
пәні: Газ жалынымен дәнекерлеу
Сабақтың тақырыбы: « Ацетилен генераторының құралы»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге Ацетилен генераторының құралымен, суреттермен, плакаттармен үйрету.
Дамытушылық: Студенттерге құрал-саймандарды күтіп ұстау, жұмыстары кезіндегі құралдарды дұрыс пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.
Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету
Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)
Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: , техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар(болгарка, дәнекерлеу аппараты, балға,кернер,шапқы, қол ара), үлестірмелі материалдар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Білім алушыларды түгендеу;
3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.
2.Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
Білім алушылардың теориялық сабақтарда оқыту және өндірістік сабағында іске асыру
Жана сабақ: Ацетилен генераторының құралы
Газбен пісіру кезінде қолданылатын жабдықтарға негізінен ацетилен генераторы, баллондар, бәсеңдеткіш, шілтер және кескіш жатады. Ацетилен генераторы (1-сурет) бұл – кальций карбиді мен суды өзара әрекеттестіру жолы арқылы ацетилен (С2 Н2) газын алуға арналаған құрылғы. Оған суды бақылау тығынының деңгейіне дейін құяды. Кальций карбидін құрылғының құжатында көрсетілген мөлшерде кәрзеңкеге салып, оны суға түсіргеннен кейін 5-10 с. ішінде қақпағын қымтап бұрайды.Ацетилен газы бөлінген кезде манометрді мұқият қарау керек.Кальций карбидін аузы қымталған бөшке ыдыста сақтайды.
Ацетилен генераторы міндетті түрде арнайы сақтандырғыш бекітпемен жабдықталуы тиіс.Сақтандырғыш бекітпе (2-сурет) ацетилен генераторын кері соққының әсерінен қорғау қызметін атқарады. Бекітпе болмаған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Баллондар (3-сурет) ішінде толтырылғын газдың түріне байланысты түрлі түспен боялады.Оттегі көк түспен, ацетилен сұр түспен, пропан газы қызыл түспен боялады.Төмендегі кестеде баллондардың сипаттамасы көрсетілген.
3. Сабақты қорытындылау
1 Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі; 2.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау; 3 Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
4.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
Металл дайындамаларды темір щетка көмегімен тазалау
Слесарлық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігі
Әр түрлі детальдарды кесу, тазалау жұмыстары
Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы және Ацетилен генераторының құралымен жұмыс істеу):
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;
- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;
- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды қабылдау.
5. Қорытынды нұсқау:
Сабақты қорытындылау;
Жіберілген қателерді талдау;
Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;
6. Үй тапсырмасы:
1. Газды пісіру мен кесуге қандай газдар қолданылады?
2. Оттегінің қандай қасиеттері бар?
3. Ацетилен дегеніміз не?
4.Пропан-бутан қоспалары және табиғи газдар қандай мақсатта қолданылады?
5.Ацетилен генераторының құрылысын жазыңыз?
7.Жұмыс орнын жинастыру.
8.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |