Интернетке тәуелділік



бет1/3
Дата02.09.2023
өлшемі1.31 Mb.
#476417
  1   2   3
Интернетке тәуелділік


Интернетке тәуелділік
Интернетке тәуелділік – бұл адамның “off-line” режимінде отырып ғаламторды қолдануға деген құлшынысы және керісінше, “on-line” режимінде отырып ғаламтордан шығуға қабілетсіздігі.

Интернетке тәуелділіктің себептері:

  • Шын өмірде адамдармен тіл табыспауы;

  • Компьютерден басқа нәрселерге қызуғышылықтарының болмауы;

  • Өзін-өзі таныта алмау;

  • Қоршаған ортаға көңілі толмау.


Интернетке тәуелділіктің түрлері:

  • Веб-серфинг - әртүрлі сайттардың беттерін парақтау, ешқандай мақсатсыз және мағынасыз ақпаратты ретсіз іздеу.

  • Виртуалды қарым-қатынасқа тәуелділік - үлкен көлемде хат алмасу, чаттарға, веб-форумдарға үнемі қатысу, интернеттегі таныстар мен достардың көп болуы.

  • Ойынға тәуелділік - бұл қолданушының желідегі компьютерлік ойындарға деген құмарлығы, ойындағы виртуалды әлеміне толық батуы, өз эмоцияларын бақылауға қабілетсіздігі, өте қатты алаңдаушылық танытуы, қиял әлеміне ену бейімділігі.

  • Интернет арқылы сатып алу қажеттілігіне тәуелділік - Интернет-дүкендердегі қажетсіз заттарды сатып алу.

Веб серфинг
1/4
Интернетке тәуелділіктің физиологиялық белгілері:

  1. Туннельдік синдром;

  2. Көздегі құрғақшылық;

  3. Бас аурулары;

  4. Арқаның ауырсынуы;

  5. Уақытында тамақтанбау;

  6. Жеке гигиенаны елемеу;

  7. Ұйқы режимін бұзу.


Интернетке тәуелділіктің психологиялық белгілері:

  • Жақсы көңіл-күй немесе компьютердегі эйфория;

  • Интернетте отырғанда өзін-өзі тоқтата алмауы;

  • Компьютермен өткізілетін уақыттың арттуы;

  • Отбасы мен достарды елемеу;

  • Интернетті пайдалануды тоқтатқан кезде алаңдаушылық тудыратын белгілердің пайда болуы;

  • Әлеуметтік желілерде парақтарды үнемі жаңарту, электрондық поштаны жиі тексеру;

  • Уақытты бақылай алмау мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет