Адай тарихы сыр шертеді



Дата13.03.2023
өлшемі241.87 Kb.
#470739
АДАЙ тарихы СЫР шертеді


АДАЙ тарихы СЫР шертеді
Роман-эссе «Сонымен бірге мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлекеттігінің ғұмыр-шежіресін ірге көтерген кезден бастағанның өзінде, қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиіспін. Бұған қоса бүкіл түркі халықтарының тарихи-бесігі – Түркі қағанатын естен шығаруға болмайды, ал бұл дегеніңіз, осыдан аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең...» (Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінен) КіріспеОсы бастағалы отырған роман-эссеннің алғашқы сөзін Манғыстау топырағында туып өскен, орта мектепте бір сыныпта оқыған, күні бүгінге дейін арамыз ажырамаған қазірде мемлекет қайраткері Қазақстанның халық жазушысы, бірнешелеген халықаралық, мемлекеттік сыйлықтардың иегері, Қазақстан Республикасы сенатының депутаты, Әбіш Кекілбайұлының мына төмендегі сөзімен бастағалы отырмын:-«Бұл түбек-Тұран аймағындағы Үйсін, Қаңлы, Түрік, Оғыз, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда, Шағатай мемлекеттерінің де, ежелгі Хорезімнің де, Еділ бойындағы Бұлғар, Хазар, Алтын Орда, Днепірдегі Русь тарихи тағдырына өз үлесін қосқан өлке. Евразия тәңіршілік, зорастризм, Иудей, Ислам діндерінің таралыуы да бұл өлкені айналып өте алмаған. Сондықтан да Геродот тұсындағы Аристей, орта ғасырдағы Фадлан, Ибн Батута, Әл Макдисиден кейінгі Вамбери, Гмелин, Картуц, Бартольд сынды әлемге әйгілі дүние танушылар бұл өлкеге көп көңіл бөлді.Бұл жерге көп жиһанкездердің де, жиһангерлердің де аяғы жиі тиді. Кир мен Дарийдің, Аттила мен Ескендірдің, Хорезм шахтары Атсыз, Текеш, Мұхамедтердің, Бату мен Ақсақ Темірдің, Нәдір шах пен орыс императорларының самсаған сары қолдары өтті. Атақты Жалелетдин, Алтын Орда тұсындағы билеушілер Түйе қожа, Орыс-хан, Тоқтамыс, Едіге, Орманбет, Ақ Орданың ыдырау тұсындағы Асфендияр хан, Әбілғазы, Мұхамбет Шайбанидің тарих қойнауына ұлы сапарлары осы арадан басталады.Манғыстау мен манғыстаулықтар қазіргі елімен қазақ жерінің қалыптасуына да белсене ат -салысты. Сонау 7-8 ғасырлардағы Атырау, Арал, Қаратау маңындағы ежелгі сақ, массагет, кейінгі печенег, қаңғылы, оғыз субстраттарының Сібір мен Алтайдан келген қыпшақ, қалмақ, қыйдан, Алшын, Байұлы, тайпаларымен араласуынан осы заманғы Кіші жүз рулары түзілді. Олар Алтын Орданың ыдырауына байланысты, әр түрлі халықтардың құрамына быт-шыт шашырап кетті. Қазіргі Еділ, Жайық, Манғыстау, Үстірт, Жем, Ырғыз бойларын жайлаған бөліктері Ақ Ор да мен Шағатай ұлысындағы қандастары мен тілдеріне қосылып, дербес ұлт, дербес мемлекет болып бірігуіне тікелей үлес қосты. Ол замандарда Ноғай Ордасына қарап келген бұл өлке тұрғындарының оғыз тілдес бір бөлігі Ақназар хан тұсында Қаратау мен Жетісу бойында шаңырақ көтерген қазақ хандығына барып кірді,- деп көрсетті. (8т.1999ж.207,208,209,210 беттер)Түрік тұқымдас халықтардың оның ішіндегі қазақ халқының тарихта үлкен орын алған кезеңдері XV ғасырдан басталады десек, қателеспеспіз. Қай ғасыр болмасын барлық халықтардың да басынан көптеген уақиғалы кезеңдердің өткені тарихтан белгілі.Соның ішінде қазақ деген халықтың дербестігі, мемлекет болып құрылуы да осы XV ғасырдың еншісінде. Сақтар заманынан бастап жалғасып келе жатқан бірігу, топтасу, немесе қоғамдасу жүйелері қалыптаса келе XV ғасырдың ортасында ұлт болып бірігіп немесе Қазақ хандығы орнап ұлттық мемлекет пайда болды.XV- XVIII ғасырлар немесе төрт ғасырлық тарихи дәуір қазақ тарихында бірнеше кезеңдерге бөлінеді.Бірінші кезең- XV ғасырдың басынан ортасына дейінгі аралық. Бұл кездер Моңғол дәуірінен кейінгі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің ыдыраған мезгілі.Екінші кезең- XV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде қазақ хандығы құрылып, ол XVIII ғасырдың басына дейін бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Үшінші кезеңге XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы уақыт кіреді. Бұл кезең қазақ хандығының бытырап бастары қослмай Ресейге бодандыққа берілу кезеңдері болып бөлінеді. Осы мезгілдердің бәрінен де қазақ этносының негіздерін құрайтын тайпалардың іс қимылдарын, сол кезеңдердегі олардың жасаған әрекеттері мен даму процесстерін көре аламыз.Бізің әңгімелейін деп отырғанымыз он екі ата Байұлы тайпаларының бірлестігі. Осы он екі ата Байұлының бірі Адай тайпасы. Адайлардың ең әуелгі мекен еткен өңірі Қазақстанның батыс бөліктері оның ішінде әрине Маңғысту өңірі. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда секілді алып мемлекет ыдырап, оның орнына Ноғайлар Ордасы, Ақ Орда, Сібір, Қазан, Қырым хандықтары секілді ортағасырлық мемлекеттер құрылғанда, Дешті Қыпшақтың басқа да тайпалары секілді Адайлар да көрсетілген мемлекеттердегі этносаяси оқиғаларға қатынасады, аталған мемлекеттердің, этникалық негіздерін құрайды. XV- XVIII ғасырлардағы Алшын, Он екі ата Байұлы, оның ішіндегі Адай жөніндегі деректерді үш бағыттан іздеп мәліметтер алуға болады. Олар XV-XIX ғасырлардағы орыс тіліндегі мәліметтер, XV- XVIII ғасырлардағы Орта-Азия туралы шығыс деректеріндегі жазбалар, үшіншісі ауыз әдебиеті және шежірелер.Шығыс деректеріндегі XVI ғасырда Ферганадағы Мулла Сайф ад-дин мен Дамулла Шах – Аббас Ахсикенти жазған, соңынан Нұр Мүхаммед жалғастырған «Маджму ат-тауарих» шығармасымен Иран саяхатшысы Әл Ибн Бахуридың 1814 жылғы жазылған «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбектері Қырғызстанның - қырғыз ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтында сақталған. Сол жазылған Бахури шығармасында Алшын, он екі ата Байұлы оның ішінде Адай атауын да кездестіреміз. Сондағы Үисін, Қыпшақ, Арғын, Найман, Қоңырат, Керей, Жалайыр, Қаңлы, Алшын тайпаларындағы оның ішіндегі Адай атауының тұруы, он екі ата Байұлын XV- XVI ғасырлардағы қазақ халқының негізін құраған топтардың қатарына жатқызуға толық мүмкіндік береді.Немесе Н.И Гродековтың алғашқы жазып шығарған «Киргизы и каракиргизы Сыр-Даринской области» атты еңбегінің жалғасында қазақтың руға бөлінуі, олардың ұрандары мен таңбалары туралы деректер қамтылған. Бұл жазбада да он екі ата Байұлы, оның ішіндегі Адай тайпасы-одан тараған ру құрамдастарының ішінде Тәзіке, Қосай туралы мәліметтерді де кездестіреміз.Көріп отырғанымыздай қазақ халқының ішкі рулық, тайпалық бөлінулері бұрынғы ғасырдан басталады. Айталық П.И Рычковтың «История Оренбургская (1730-1750) –СПБ.1896, Венияминов-Зернов В.В. «Иследование о Касимовских царях и царевичах-СПБ, 1864 г. Левшиннің, Шәкәрім Құдайбердіұлының, А.И.Аристовтың, Г.Е.Грумм-Грижимайланның, В.В Бартольдтың, соңғысындағы М.Тынышбаевтың еңбектерінде көрінеді. Осындай еңбектер бұлардан да гөрі нақтырақтары жарық көрген болар еді дағы, егерде кеңестік-тоталитарлық кезеңге килікпесек. Әуелгі орыс отарлауынан бастап, соңынан кеңестік тоталитарлық қысымнан, тарих түгел басыңды паналайтын жер болмай қалған жоқпа? Ашығын айтсақ, XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап қазақтың ішкі бөліністері немесе ру-тайпалар тарихтарына қатаң түрде тиым салынып, оларды түгендемек түгел, жеті атаңды ұмыттыратын, салтың мен санаңды, ұлттық дәстүріңді, ұлттық мәдениетіңді жойып, ұлтсыздану, русыздану және рухсыздану саясаты өз дегеніне жетуге айналып еді, егерде тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді тіктемегенде.Қазақ деген халықты этникалық тұрғыдан құраған әрбір рулардың алғаш өзіндік рулық тулары, таңбалары-белгілері, сөйте келе ру ұрандарының үстемдікке ие болғанын Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарихи–Рашиди» еңбегінде көруге болады. Шындыққа келсек Қазақ деп аталатын ержүрек, ақ ниетті адал, дарқандық пен жомарттықтан дүние жүзіндегі барлық халықтың алдында тұрған, мәрт және бауырмал елді құрастырып әлемге белгілі етіп топтастырып отырған оның қырықтан астам руының түп-түқияннан басталатын тарихын жүйелеп жарыққа шығаратын мезгіл туған сияқты. Осыған байланысты Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлына қарайтын Адай тайпасы жөніндегі кейбір мұрағаттық деректерден, әртүрлі жазбалардан, шежірелерден, батырлар жырларынан, ауызекі әріден келе жатқан аңыз әңгімелерден, ескі кітаптардан жинақтаған осы еңбекті дәл тарихи деректерден алынған қатесі жоқ дүние деп айта алмаймыз. Тек қана қазақ руларының тарихи тағдырларын жан-жақты терең зерттеуді қолға алып жатқан қазақ зиялылары мен ғалымдарына, тарихшыларға азда болса көмектессе деген оймен жазылып отыр. Шежірелерді жинақтап салыстырмалы түрде қарағанымызда біріне-бірі ұйқаспай жатады. Солай болғанымен шежіредегі мәліметтерді түгелдей қисық деп ешкімде айта алмайды. Шежірелер тайпалар мен рулардың пайда болуы, олардың орналасқан аумақтары, қазақ халқының дамуына үлес қосқан жеке тұлғалар жөнінде құнды-құнды мәліметтер беретіндігі рас. Кейбіреулерінің шатастырып жіберетіні де рас. Шежірелерге де нақты тарихи талдау жасау керек десек артық болмас. Турасын айтсақ шежірелерді жинақтап, бір орталықтан қазақ халқының рулар тарихы жан-жақты зерттелсе деген ойдамыз.Қазақ тарихына, қазақ тарихшыларының еңбектеріне көз жүгіртсек әліде анықтауды талап ететін тұстары көп. Қазақ жүздері туралы нақты тоқтамға әлі келе алмай жүрміз. Қазақ халқы үш жүзден құралады деп айтамыз. Ал сол жүз деген мағнасы және жүз сөзі қазақ тарихына дәл қай кезде енді деген сұраққа тарихшылардың пікірі әртүрлі. Соңғы кездегі жүздер туралы жазған авторлардың пікірлері де түрліше. Нақтысына келсек қазақ халқының үш жүзден құралатыны рас. Тарихи деректерге үңілсекте, күні бүгінгі орналасу жағдайына қарасақта-үш жүздің жерге орналасуы олардың тайпалары мына төмендегідей болып келеді. Ұлы жүзге - Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Қаңлы, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Сіргелі, Ошақты, Шанышқылы тайпалары кіріп, Қазақстанның Оңтүстік-шығысы, Жетісу өңірлеріне орналасқан.Орта жүзге-Арғын, Қыпшақ, Найман, Уақ, Керей, Қоңырат тайпалары кіріп, Қазақстанның шығыс, орталық, солтүстік өңірлері және Оңтүстіктің бір бөлігін алып жатыр.Кіші жүзге- он екі ата Байұлынан тарайтын - Адай, Беріш,Байбақты, Тана, Таз, Шеркеш, Масқар, Ысық, Қызылқұрт, Есентемір, Алаша, Жаппас. Алты ата Әлімнен тарайтын - Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете, Шөмекей, Шекті. Жетіруды құрайтын - Тама,Табын, Телеу, Жағалбайлы, Рамадан, Кердері, Керейт - бұлар Батыс Қазақстанның аумағында орналасқан. Осы тайпалар көптеген рулардан құралады. Қалай болғанда да тайпалардың рудан пайда болғанын этникалық құрылымның өзі осылардан туындап отырғанын тарих мойындайды.Орыс зерттеушілері Н.И. Гродеков, Г.Н. Потанин, Н.А.Аристовтардың пікірінше жүздердің бір адамның үш баласынан Байшора, Ақшора, Жаншоралардан тараған десе, ал Г.Н.Потанин Алшын, Болат, Үйсін атты Қотан деген адамның үш баласынан шығарады. Мұндай әңгімелер қазақ арасында кеңінен таралған. Қазіргі шежірешілердің көбі Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталатын адамдардан үш жүз тараған деп көрсетеді. Бұл әрине болжамдар, нақты деректер жоқ. Сондықтан аңыз әңгімелердің қатарына қосуға болады. Бірақ аңыздардың басталу түбінде шындық жататынында ескергеніміз жөн.С.А. Аманжоловтың, Х.М.Әділгереевтің пікірлерінше Қазақтың үш жүзге бөлінуі түрік дәуірінен басталып X-XII ғасырларларды қамтиды деп жазған. Бұдан жасалатын қорытынды моңғолдар үстемдігіне дейін болған деген түсінік береді.В.В.Веньяминов-Зернов, М.Красовскийлердің айтқандарына келсек қазақ жүздері XV-XVI ғасырларда қазақ хандығын құрған үш ұлыстан түзелген деп көрсетеді. Ш.Уалиханов жүздер туралы әңгіме желісін Алтын Орда кезеңіне алып келеді. Т.И.Сұлтанов жобамен XVI ғасырдың ортасында ұлыстық жүйенің орнына келген деген тұжырымды қостайды.В.В.Бартолъд өзінің 1925 жылғы «История изучение Востока в Европе и России» атты еңбегінде жүздік құрылымды орналасу ерекшеліктеріне сай мал шаруашылығына байланысты көшпеліліктен туындаған деп қорытындылайды.Тарихи деректерге, шежірелер мен ескіден келе жатқан жыр дастандарға сүйене отырып және ғалымдарымыздың көпшілігінің пікірлерінің бір жерден түйіндесіп отырғандығынан «Жүз» деген сөзді XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының ішкі бөліктерінен немесе этникалық жағынан орналасқан жер көлемінен пайда болған деген тұжырымға келеміз. Осыдан шығарып жүз сөзінің өзі бөліну, бөлім, жер жағдайына қарай қазақ халықының бөлініп орналасуы деп түсінеміз.Қазақ халқының этникалық түзілімдерін дәл айқындап шығу үшін ұрандар мен таңбаларды да нақты зерттеуді қажет ететін сияқты.Ру таңбаларына назар аударсақ – Л.Меердің, И.Казанцевтің, А.Харузиннің, В.Радловтың – таңбаларды малдарға қолдану мақсатында Тауке хан ойлап тапқан десе, Шыңғыс хан кезіндегі таңбалар мен ұрандарды қырғыздарға (қазақтарға) таратқан деп көрсетеді. Немесе А.Харузин мен М.Иваниннің айтуынша Шыңғыс тұқымынан тарған хандардың қарауындағы әскерлердің ішіндегі қырғыз (қазақ) қосындарының қаруларының түрлерінің бейнелері деп түсіндіреді. А.Левшин - әуелде таңбалар мен белгілерді қазақтар моңғолдардан алып солар арқылы Орта Азияға, Үндістанға тарағанын айтады. В.Радлов өзінің жазбасында халық ауызынан естіген – руларға таңбаны Оғыз ханның баласы Күн ханның ойлап тапқаны деп жазыпты. Енді Аристовтың пікіріне жүгінсек рулық таңбалардың тіпті әріден басталғандығын, адамзаттың жеке меншікке ие болмай тұрғанда малдардың бәрі ру-тайпалардың ортақ меншігі болып тұрған кезеңдерді меңзейді. Немесе Аристов Күлтегіннің жазбасында түркі тайпаларындағы хандардың таңбаларының болғанын одан да бұрынғы Орхон бойынан табылған тастарда да кездескенін дәлелдеген. Н.Аристовтың таңбаларды-рулық меншіктің белгісі дегенге келіссек, онда ру-тайпалық таңбалардың шығу тегі Орхон-Енисей жазулары мен түптес болып шығатын сияқты.Қазіргі кездегі түркілер тарихын жазып жүрген Мұрат Әджи кейбір белгілердің тәңірге табыну кездерінде болғанын, б.з.д. IV-III ғасырлардан б.з. VII ғасырына дейін Алтай түркілерінің пайдаланғанын, оны Еуропаға ғұндар апарғанын жанжақты баяндайды.Немесе Махмуд Қашғаридың – түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат ат-түрік) еңбегінің 1978 жылғы Алматы баспасынан шыққан бірінші томында рулық таңбалар көрсетілген. Солардың ішіндегі Оғыз рулары таңбалары мен қазақ рулары таңбаларының ұқсасатықтарын көрсетеді. Мысалы оғыздардың Салғұрлар деп аталатын ру таңбалары Адай таңбасына, Тұтырқы деп аталатын ру таңбасы Беріштердікі мен бірдей болғандығы ойға қалдырады. Осы жағдайларға байланысты Махмуд Қашғаридың, Рашид ад-диннің көрсетіп кеткен рулық таңбаларды – «кейінгі түрік, моңғол тайпаларының таңба белгілері мен салыстыра қараса Орталық және Орта Азия халықтары этногенезін зерттеп білуге қажетті аса құнды деректер берер еді» деп жазған Ю.А.Зуевтің сөзінің дұрыстығын көреміз.Ру-тайпа таңбалары жөнінде көптеген ғалымдарымыздың еңбектері соңғы кездерде жарыққа шыға бастады. Оларға тоқтап кететін болсақ көп әңгімеге кетіп қалуымыз мүмкін. Қазақ рулары және тайпаларының таңбалары мен түрлі белгілері туралы деректер толық зерттелсе, таңбалар мен белгілер қазақ елінің рулары мен тайпаларының өткен жолдарын көрсетіп қоймай, олардың бірлесу жолдарының да анықталуына көмегі тиетін болады.Енді қазақтың ұрандары жөнінде де тікелей зерттеулер болмағанын білеміз. Ұран қазірде де бар. Мысалы күні кешегі Кеңестік дәуірде де екінші дүниежүзілік немесе Отан соғысы, деп те атадық – сол соғыста бүкіл кеңес одағы армиясының ұраны Отан және Сталин болды. Жауға қарсы көтерілгенде Отан үшін, Сталин үшін деп қырылғанына қарамай оққа қарсы жүгірген жоқпа? Соның өзіненде ұранның жеке адамға да немесе топтасқан ұжымға да патриоттық рухты көтеріп, ерлікке жетелейтін, жігер тудыратын, өз жандарын пида етуге дейін апаратын жалынды да қасиетті сөз екені белгілі. Ұранның жоғарыдағы дәлелдемелерімен бірге оның аталуларына қарап, қай атадан екенін, қандай руларға жататындарын да білуге болатын сияқты. Бұрын қазақтар ат қосқанда да бәйгіден келе жатқан аттарының қай рудан қосылғандығын олардың мәреге жақындағандағы айқайларынан да айыруға болатын көрінеді. Мысалы Мұңал, Мұңал деп ұрандатса бәйгіден келе жатқан бірінші ат Адайдың ішіндегі Мұңал тайпасынікі екені белгілі болып отырған. Ат қосқандағы бүкіл тайпаның табынатын ұранынан басқа, берідегі ру басыларының аттары мен атала беретін болған. Қазақ ру-тайпаларының ұрандарын білу және оны анықтаудың қажеттігі туады. Себебі таңбалар сияқты ұрандарда ру-тайпаларының шығу тарихын зерттеуге мол үлесін қосады. Ру ұрандарына халықтың немесе тайпаның үлкен құрметке ие болған, бүкіл ел сыйлайтын, табынатын тұлғалары, оның ішінде қасиетті-киелі аналардың есімдерінің де алынатындығын көреміз. Қазақтарда көбінесе ең-әуелі ұранға айналатын тарихи тұлғаның әулиелілігі, киелілігі бірінші орында тұрады. Оның көсемділігі, батырлығы немесе шешендігі мықты болғанмен ел құрметтеген киелі әулиенің алдына шыға алмайды. Ұранды қолдану тек қана жауға шапқанда әскерді жігерлендіріп-рухтандырудан тыс ұранға айналған әулиенің әруағына сыйыну, одан медет, күш-қуат, жанына шипа сұрап басына түнеу жақтары да қоса жүргізіліп келген. Ұран туралы әңгіменің түйініне келер болсақ белгілі тұлғалардлың есімі ұранға айналуы үшін оның әулиелік-киелілік, көсемдік, шешендік, батырлық қасиеттері халыққа дұрыстап танылып, ел оны толығымен мойындауы керек. Кейбір ұрандар бірнеше ғасырлардан кейін өзгеріп, басқа атаққа ауысады. Адай тайпасының ұраны әуелде Тегелен болып аталып артынан Бекетке ауысты.Оның негізгі себептері – біріншіден Тегелен атағы, көп ғасыралардан бері аталып келе жатқандықтан, оның кезіндегі киелі, аруақты атақтары ескіріп, елдің есінен шығып, ұмыт болуы; Екіншіден – рулардың өсіп, көбейіп тайпасының іріленгендігінен; Үшіншіден – ел ортасынан жаңадан киелі, әруақты адамның шығып, халыққа пайдалы, шарапатты жан-жақты қасиеттерімен танылғандығының куәсі, көріп отырғанымыздай қазіргі Адай, Мұңал-Бекеттің аты ұранға айналды.Аса дарынды жазушы, мемлекет қайраткері, Әбіш Кекілбаев «Бекет-Ата» туралы өзінің сөзінде: - «жақсы заманда да, жаман заманда да оған деген ел сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені, ол тірісінде – елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған батыр. Дауда әділетті арашалаған қази. Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірадар.Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған Ата жұртының, Ата мекенінің барлық шекарасында қырандар түлек түлететін қия шыңдардан өз қолымен тас қащап, тауды үңгіп, жер асты ғимараттар салып, мешіт-медреселер ашуы да ескі аңыздардағы Прометей мен Фархадтарды, Киелі кітаптардағы Мұса мен Әзірет Әліні еске түсіретіндей ерен ерек. Шөл кезіп, еріні кезерген еліне асасының ұшымен тас шұқып, каусар бұлақ тауып берген Мұса пайғамбарымдай Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет-Атаға байланысты жердің бәрінде де балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке.Олар Елдіктің шебі. Елдіктің төрі. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Ондай елдік Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмайды.Елі мен Жерін шексіз сүйген Асыл Азамат, Абзал адамды елі де шексіз сүйеді.Бекет-Атаның басты құдыреті –міне, осында. Өйткені, ол көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің, күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттың асқан үлгісін танытып, үлкен-кішіні, алыс-жақынды, дос пен дұшпанды түгел мойындатқан адам» - деп көрсетеді.Қазақ ұлтын құрайтын рулары мен тайпаларының, оның таңбалары мен ұрандарының тамырлары тереңде жатқаны белгілі.Олай болса қазақты құраған рулар мен тайпалардың, таңбалар мен ұрандардың сан-ғасырлы, сан-салалы тарихын ден қойып түп-тұқияннан бастап үңгіп, шындыққа көзді жеткізіп мойындайтындай дәрежеде анықтап зерттемей, ұлтымыздың жан-жақты қамтылған сапалы тарихын жасап шығаруға мүмкіндік жеткіліксіз сияқты.Адайды, қазақ халықы үшін қасиетті Пір Бекет-Атаны, ұлттық тарихымызда аты қалған Құдайберді, Келімберді, Қосай-Тәзіке, Мұңал, Назар, Сабытай, Есек, Шотан, Атағозы, Қонай тәрізді біртуар тарихи тұлғаларды әкелген Адай тайпасы екені рас. Адай тарихы сонау түрік қағанаттары кезеңінен бастау алғандықтан оның тарихи жолындағы қазақ халықының күрделі де қайшылықты қалыптасу кезеңдерінің барлығы көрініс береді. Сонымен қоса біздің заманымыздың бірінші ғасырында Алшын тайпасы Алозон деген атақпен Днепр жағалауындағы сақтардың ортасында жүрді немесе X-XI ғасырларда Солтүстік Қара теңізбен Оңтүстік орыс далаларында да пайда болды.Скиф-алаңдардың ескі қорғандарды, үйіктерді зерттеуші археологтар б.д. бірінші ғасырларында Еділ-Жайық пен Каспийдің, Орта Азияның шығысынан ауған Алшындықтар Днепр, Дон бойларынан батысқа қарай жайыла қоныстанғандығын анықтаған. Каспийдің шығысынан II ғасырда Еуропаға өткен гундар мен аландардың қалған бөліктері XI ғасырға дейін Маңғыстауда, Үстіртте өмір сүрген.Сол кезде Аландармен бірге тіпті олардан бұрынырақ Еуропаға Алшын тайпасының, адайлардың да келгендігі көп жазбаларда әңгіме болады. Олардың қоныс еткендігінің бір куәсі Солтүстік Кавказдағы Адайкох аңғары, Адайкохы тауы. Адай руларының мекені болған сол жерлер күні бүгінге дейін сол атақпен келеді. Е.И. Крупновтың «Древняя история Северного Кавказа» (М. 1960 ж.) еңбегінде Адайкохы тауын мекендегендердің ішінде қазақтың адай тайпасымыз дейтіндердің соңғы уақыттарға дейін болғандығы жазылған.В.В.Востровтың «Киев пен Полтава губерниясының арасында Рамадан деген қала бар, ол бізге алшындықтардың бір бұтағы саналатын Рамадан руын еске түсіреді. Москва-Киев темір жолының бойында Алтын дейтін село, әрі станция, ал Саратов облысында сол аттас қала бар. Біздің пікірімізше, ол Алшын тайпасының Алтын руы болар. Днепрге құятын Сула өзенінің бір тарауы Удай, аздап бұрмаланған Адай болса керек. Харьков-Пенза темір жолындағы Бюрюш қаласы Алшын тайпасының Беріш руының бұрмаланған түрі болуы ақиқат» -дегеніне қарағанда шындық жатқан сияқты. (Вопросы этнографии, истории и антропологии Казахстана, А-Ата, 1962, стр75).Маңғыстау жерінің ежелден келе жатқан ескі қоныс екеніне ешкімде дауласа қоймас. Осы өлкені жайлап өткен халықтар туралы оның ішінде Адай тайпасы туралы ғалымдардың болжамдары түрліше.С.П.Толстовтың жазбасына қарағанда Адай тайпасы біздің дәуірімізге дейінгі VI-IV ғасырларда Сырдария сақтары мен одақ болып, II-I ғасырларда хорезімдіктердің батысында, біздің дәуіріміздің біріші ғасырында Каспийдің оңтүстік-шығысында, VI ғасырда батыс түркілерінің құрамына енген ірі тайпа –деп көрсетеді.Н.Аристов өзінің 1893 жылғы «Қазақ құрамы» атты ықшам мақаласында Адайларды түрікменнің Адақылы руына апарып қосады. С.Аманжолов, В.В.Востровтар Адайды «ада» сөзінен шықты дегенге келтіреді. В.В.Бартольд ада деген сөзді оғыз түрікмендерінің «Бейбітшілік бағанасы» деген сөзі деп аударады.Я.Ғ.Гулямов, Ә.Абдірахманов, С.Омарбеков, А.Медоевтер Адайларды дайлардан шығарады.Грек географы Страбон Каспий жағалауын жайлаған скифтердің бір бөлігін – дайлар, солтүстік шығыс жағындағыларды – массагеттер мен сактар деп атағандығын дәлелдейді.В.В.Востров – адай деген сөзді оғыздар ада-арал халқы деген ұғымнан пайда облған ежелгі жаратылуы дай, дох тайпасы болар деген түсінік береді.Тарихымызбен ғалымдарымыздың жазбаларына қарасақ Алшын, Адай, Байұлы тайпалары дым ертеде және көп жерлерге тарап кеткендігін көрсетеді.Махмұд Қашғари, ибн Батута, Рашид-ад-динндердің деректеріне сүйенсек, Атырау, Арал маңын қоныс еткен Алшындықтар Қыпшақтармен, Оғыздармен, Қаңлылармен, Қарлуктармен көрші орналасып, бірігіп қимыл жасағанын айтады.А.Медоев дайлардың тарихи деректерге дай, дахи-даха, дахари аталатындығына сүйене отырып, адайларға Бактриядағы тохарлардың (тох-ар, ар-батыр) қатысы болуы керек деген жорамалының бар екені де белгілі. Кейінгі кездерде дағыстандықтардың адайлармен түбі бір деген тұжырымдар да болды. Көп жорамалдардың меңзейтін түйіндері Маңғыстау түріктері аталған Адай тегін дайлардан іздегенді дұрыс көреді.Әйгілі шежіреші Қазыбек Тауасарұлының айтуынша қазақ атамасының өзі де, одан тарайтын ірі рулар шығысы да ертеректен бастау алатын сияқты. Біздің байқауымызша Алшын мен Алаудан ары қазаққа дейінгі аралықта аталмай қалып тұрған бізге белгісіз аталық орындар бар шығар деп ойлаймыз. Оған дәлеліміз Адай жыршылары арасында айтылған «Алаңқай батыр» атты жыр дастан болған. Бұл жыр-дастанды кезінде Өгізбай жырау жырлап? Одан шәкірті Қалниязға ауысқан деседі. Солардан қалған жыр желісі Сабыр жыршының айтуымен бізге жетіп отыр. Осы жыр-дастан желісі Еділ-Жайық бойынан бастау алады да, ертедегі кездерден елес береді. Жырдың бас кейіпкері Арғынбек батыр, оның баласы Молақсай жырау болып, Молақсайдан Алаңқай, одан Алақай туылады. Соңғы екеуінің батырлықтан аты шығып, соңында олардың ерлік істері жыр-дастанға айналыпты. Жыр соңында Алақайдың апасын анығы Молақсай жыраудың қызы Ақкербезді Алау батыр алып, одан Алшынды тудырады. Біздің Алшын мен Алаудың ар жағында аталмай тұрған аталық орынның бар болуы да мүмкін деп жорамалдаймыз. Осы жайттарды ескергендіктен айтылып отыр. Дегенмен, шежірешілеріміз Алшын мен Алаудан әрі кетіп аттарын атамай, бірден Бекарысқа тірейді.Олардың шежіресінде Алаңқайдың да, Алақайдың да аттары аталмайды. Қашекеңнің «Адай тегі» аңыз-хикаялары мен Ұзақбай жыршының Адай шежіресінде аталатын аңыз іздерінің «Алаңқай батыр» ертегі жырымен үндестігіне қарағанда, ақын – жырауларымыз өзара сабақтас болған сияқты. «Алаңқай батыр» жыр-дастанының жалғасы болған «Алақай батыр» жырының Сабыр жыршы айтатын нұсқасында:Айтып кеткен секілді,Алаңқай жұртын Адай деп,Айтуға жеңіл оңай деп.Айтады екен шалдарым:Алақайдың ұрпағы –Ерқосай, Жанақ, Шабай деп,Атағозы, Ер Қармыс,Қазыбек, Шотан, Қонай деп.Әулие Бекет ұрпағы,Айтылған сөз солай деп,Алақайдан тараған,Осы жүрген Адай депАдай елінің шығысын осылайша арыға сілтейді. Бұл әрине, жоғарыда айтып өткендей ғалымдарымыздың жорамалына дұрыс келетін сияқты және айтпағымыз ертегі-жырдың бас кейіпкері ретінде Арғынбектің аталуы. Жоғарыда біз келтіріп өткен жыр қатарындағы: «Айтып кеткен секілді Алаңқай жұртын Адай деп» делінген сөзге көңіл етсек, жырдағы Алаңқайымыз Арғынбек батырдың шөбересі – ғой. Сонда Арғынбек батырымыз қазіргі Адай елінің арғы бабасы деуімізге болғандай. Орта жүз қазақтарында Арғын атты рудың барлығы және оның рулық таңбасы Адайдың рулық таңбасымен өте ұқсастығы көңілімізге біраз ой салады да. Шежіреші ақындарымыздың бірі Түмен Балтабасұлы «Адай тегі туралы» деген толғауында Арғын атын атайды. Осы толғауында ол: «Адай деген ауылдың аталығы – Ұлы жүз, аналығы Кіші жүз» деп деректе келтіреді. Бізге мұндағы Арғын атамасы «Алаңқай батыр» жырындағы Арғынбекті еске түсіреді. Әдетте белгілі бір бабасының атын жоғалтпас үшін бабаларының біріне қоя салатын ел ішінде әдет-ғұрыптар болған ғой. Сол айтқандай, Елтай атамыздың жастай өліп, баласын көрмей кетуін еске алып, оның белгісін өнген тұңғыш перзентіне арғы бабасы Адайдың атын ырым етіп қоюы да мүмкін ғой, міне біз осы бергі Адай атамыздан бастап шежіре желісін тартып кеткен болармыз» - деп әңгімелейді. Біз осымен Алшын, Байұлы, Адай дегендердің алты-жеті ғасыр кейінгі бабаларының аттарымен аталып, солардың өмірінің жалғасы болып келе жатқан Алшын, Байұлы, Адайлар туралы әңгімелекпіз. Немесе күні бүгінгі қарттарымыздың біреуі 21, біреулері 20, қайсыбіреулері 19 атаға дейін аттарын атап Адайға дейін жаңылмай апарып отырғандығын да қатерге алдық.Осы жерде тағыда Әл Ибн Бахуридың 1814 жылғы «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегіне (49-77 беттер) сүйенеміз. Бұл еңбекте Алшынның Адайы туралы, оның қазақ хандығын құрысудағы еңбектері көлемді түрде баяндалған. Әбілқайырдан бөлініп шыққан елдер әуелі Адайды хан деп те атағандығы туралы айтылған. Осыған қоса Адай балалары Келімберді, Құдайке, Қосай туралы да көптеген мәліметтердің бетін ашады. Сол сияқты тарихшы Әкрам Мұхитбердінің «Қазақ құрамасы» атты 1797жылғы еңбегінде де Адай және оның балалары жайлы нақты мәліметтер берілген.Бүгінгі тәуелсіздік өткендегі кемшіліктерден арылуға толықтай жағдай жасап отыр. Қазақстандағы ғана емес, түркі тұқымдас халықтардың ішінде де шашырай қоныстанған Адай тайпасының тарихына тән өзіндік ерекшіліктер, дербес әлеуметтік-этникалық сипаттар баршылық. Ғылыми жобаларды, концепцияларды қарасақ он екі ата Байұлы тайпасының Саян-Алтай өңірлерінен бастау алған түркілік негіздері олардың Шу мен Сыр бойларындағы өмір сүрген кезеңдері және батыстағы қоныстану бағыттары, түрлі ортағасырлық ұлыстармен араласу тарихындағы өзіндік орны бар екендігі белгілі. Қазақ хандықтарындағы саяси-этникалық процестердегі, Алшын тайпасынан шыққан, қазақ еліне белгілі болған жүрек жұтқан батыр Адайдың тұңғыш Қазақ хандығын ұйымдастырудағы орны және оның батыр балалары – Келімберді, Құдайберді – олардан тарайтын Қосай, Тәзіке туралы әңгімелемекпіз. I-бөлім.АДАЙ және ҚҰДАЙКЕ-ҚОСАЙМоңғол мемлекетінің бір мың екі жүз алтыншы жылы құрылып, әкесі қият, шешесі та-та елінен шыққан Темучин моңғолдардың билігін қолына толық алды. Соңынан Темучин өзін Шыңғыс хан деп атайды. Шыңғыс бастары бытырап кеткен моңғолдарды тез арада біріктіріп алып көршілес жатқан Орхон, Онон, Керулен өзендерінің бойын жайлап отырған Найман, Керей руларын жаулап алып, өзіне қаратты. Не бары үш-төрт жылдың ішінде айналасындағы ұсақ елдерді өзіне қаратып, бұрын атағы жер жарған тунгус елінде басып алады. Бір мың екі жүз онбірінші жылы Шыңғысхан Қытайға соғыс ашып үш жылдың ішінде қытайды жеңіп Пекинді өзіне қаратты. Бұдан кейін кідірместен екі жүз елу мың әскерімен Орта Азияға кірді. Сол кездегі Хорезм шахы Мұхаммед күш біріктіріп моңғолдарға қарсы тұра алмады. Жеке қалалар қақпасын жауып қарсы тұрғанмен қол күшіне бағындырылған темір қарумен қаруланған, далалық ұрыстарда тәжірибе жинақтап, соғыс тәсілдерін жақсы меңгерген моңғол әскеріне төтеп бере алмады. Бір мың екі жүз он тоғызыншы жылдан бастап үш жылдың ішінде Шыңғысхан бүкіл Орта Азияны жаулаумен тынған жоқ, одан кейін аз уақыттың ішінде оңтүстігінде солтүстік Иран, оның терістігіндегі орыстарды, батысындағы Кавказды басып алып, бір мың екі жүз жиырма бесінші жылы Моңғол деп аталған үлкен империя құрып, даңқын жер шарына жайды. Сол жылы Шыңғысхан Ертіс бойынан Монғолияға оралған болатын. Монғолияға оралғаннан кейін өзінің жаулап алған жерін төрт баласына бөліп береді. Себебі қарамағындағы жер көлемі өте ұлғайып кеткендіктен бір орталықтан билік жүргізу мүмкін болмаған болатын. Сол бөлісте Шағатай – Жетісуді, Мауреннахрдың нобай жерін, Шығыс Түркістанды, Үгедей – жоғарғы Ертісті, Тарбағатайды, Монғолияны, Жошы – Дешті-Қыпшақты, түгелдей, Жетісудың жартысын, жалпы айтқанда Ертістен төменгі Еділ бойына дейінгі жерге ие болған еді. Ал, Төлей кенже баласы болғандықтан өз жұртына иелік еткізген.Шыңғысхан 1227 жылы өлді. Өлгеннен кейін тоғыз жылдан соң Жошының баласы, Шыңғысханның немересі Бату шығыс Еуропаны жаулап алу мақсатында жорыққа аттанады. Сол бір қанды жорықта Бату басқарған моңғол басқыншылары Еділ бойындағы болғарларды, орыс княздіктерін күшпен алып, адам айтқысыз түрде жаншып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны Валахияны т.б. мемлекеттерді талқандап Адриат теңізіне дейін өзіне қаратып барып ат басын кейін бұрды. Бату сол жорықтан бір мың екі жүз қырық екінші жылы оралып, Еділдің сағасына сарай салдырып, Алтын Орда мемлекетінің іргесін қалады. Бір мың екі жүз қырық үшінші жылы жаңа мемлекеттің астанасы Сарай-Бату қаласы болды. Соңынан Берке хан болған уақытында Сарай-Беркеге көшірілді. Алтын Орданың қарамағындағылар түркі-моңғол тайпалары деп аталды. Батудан кейін Төленің тұңғыш ұлы Меңгу Қарақұырымға хан сайланды. Меңгу кейіннен Мөңке болып аталды. Мөңкенің таққа отыруына Шағатай мен Үгедей ұрпақтары іштей қарсы болды. Бірақ Мөңкені халық қолдағандықтан ашық қарсылық көрсете алмады. Хан сайлауына қатынаспай өздерінің ішкі ойларын білдіртіп те алғанды. Соңынан Мөңкенің беделінің күшейіп бара жатқанын байқаған Шағатай мен Үгедейден тарайтын ел басқарып жүрген билер мен сұлдандар Мөңкені құттықтауға келгенде жақсылап қарсы алып қонақ жасайды да, түнде түгелімен бірін қалдырмай өлтірткізеді. Міне осыдан бастап Шыңғыс ұрпақтары бірімен бірі жауласумен келді.Сол кездерде Алтын орданың алып жатқан көлемі, оның құрылымы, әлеуметтік түрлі жағдайлары жер ыңғайларына қарай әртүрлі болатын. Сонау Алтайдан бастап Дунайды қосқанда ұлан-асыр кең жерді жайлап жатқан зор мемлекеттің оң жағы Еуропалық, сол жақ қанаты Азиялық бөлік деп бөлінді. Немесе оның оң қанатын Ақорда, сол қанатын Көк орда деп атады. Көк Орданың алып жатқан жері қазіргі біздің Қазақстанның жерін толық қамтып жатты. Оның орталығы Сыр бойындағы Сығанақ шаһары еді. Көк Орда да билік жүргізген Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының ұрпақтары болатын. Көк Орда халқы Алтын орданың бір бөлшегі болып саналатын. Солай бола тұрғанмен терістігі Сібір тайпасына дейін, түстігі Сыр-Дарияға дейін, екінші жағы Жетісу мен Тарбағатайға дейін, бір жағы Маңғыстауға дейінгі жерге ие болған әбден кемеліне келген жұрт саяси бірлігі халқының тұтастығы бекіп, қалыптасып қалған болатын.Алтын Орданың ұлы ханы Жәнібекті өзінің баласы Бердібек өлтіріп, хан тағына ие болғаннан кейін жағдай күрт өзгереді. Бердібектің зұлымдығы, шектен шығып кеткендігі сондай, тағымды тартып алады деп айналасындағы туыс жақындарының бәрінің көзін жояды. Екі жылға жетпей-ақ кісі қолынан өзінің де көзі жойылады. Қанішер Бердібек сөйтіп Батуханның тұқымын құртып, өзі де солармен бірге құриды. Енді Жошыдан қалғандардың арасында таққа-талас басталады. Халықта сол бір кезеңде «нар мойыны кесілді» деген сөз әліге дейін сақталған. Шындығында да нар мойынын Бердібек құзғын кесіп еді. Сөйтіп Алтын Орданың ханы Жәнібек 1357 жылы өз баласының қолынан жауыздықпен өлтірілді. Содан кейін-ақ таққа талас бірін-бірі өлтіру халықтың қамы емес, қарақан басының пайдасын ойлаған хансымақтар бірінен соң бірі таққа отырып жатты. Жәнібек өлгеннен кейін онтоғыз жылдың ішінде Алтын Орда тағына бірінен соң бірі он төрт хан ауысыпты. Солардың бәріде бірімен бірі жауығып, соның нәтижесінде жойылып отырған. Сол кезеңдерде Көк Ордадағы билік басында отырғандардан Алтын Орда тағына ие болғандары болды. Әсіресе – Орыс хан, Тоқтамыс хан, Барақ хандар ұлы хандық дәрежеге жетіп билік құрды. Солай болғанмен, олардың бірде біреуі ыдырап бара жатқан Алтын Орданы толық күш қуатына келтіріп дамыта алмады.Сол кезде атағы әлемге жайылған – Орта Азиядан пайда болған Ақсақ Темірмен соғыста Тоқтамыс үлкен жеңіліс тауып өледі. Барақ хан ғана Ақсақ Темірмен әлденеше рет айқасып, Тоқтамыстың кезінде айырылып қалған Сауран, Сығанақ, Отырар, Түркістан қалаларын, Сыр бойын түгелдей қайтарып алады. Ақсақ Темірмен соңғы соғысында Ұлықпек пен оның інісі Мұхамбет – Жаукенің қолын талқандайды. Одан кейінгі соғысында Барақ хан өзіне бағынышты болып жүрген ноғай ұлысының опасызының қолынан қаза табады.Осыдан кейін-ақ, Алтын Орданың шығыс беті ит-ырғылжыңмен ыдырай бастайды. Бөлшектеніп, әр сұлтан әрқайсысы хандық құруды көздейді. Келе-келе бір мың төрт жүз жиырма жетінші жылы Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тарайтын Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы Әбілқайыр таққа отырды.Мөңкеханның тұсында Алтын орда астанасы Сарайдан бастап басқа қалаларда да алтын динарлар құыйлып жасалып сауда айналымдарына түскені белгілі. Мөңке өлгеннен кейін Шыңғыстың Ұлы Ордасы Қытайға көшірілді. Орда ыдыраған соң, ақша жасауда жойылған. Негізгі ата кәсібі болып келе жатқан мал бағумен айналысып отырған қазақтың көп рулары қала салуды қойып, малының жайымен ен даланы бұрынғысынша көшіп қонып, қоныс іздеп, қайда шөбі шүйгін, суы мол жерлерге қоныстана бастаған.Әбілхайыр хан тағына отырғаннан кейін Дешті Қыпшақтың халқын Сейхун және Жейхун бойларындағы Шыңғыс қиратып кеткен қалаларды қайта тұрғызып, елді отырықшылдандыруға кірісе бастаған кезі еді. Әбілхайырдың бұлай етуі малмен айналысуға шыққан Алшын, Арғын, Қыпшақ, Үйсін, Найман, Қоңырат, Керей, Қаңлыларға тиімді болмады. Сол уақыттағы Әбілхайырдың шындығында бүйрегі бұратындары Мәуреннахр, Соғды, Қорасан жерлеріндегі қыз алысып, қыз беріскен құдамдалы, нағашылы жиенді болып кеткен Барлас, Маңғыт, Бүркіт рулары болды. Жәйлі жағдай соларға жасала бастады. Әбілхайыр Орданың салт-дәстүрін де Мәуреннахр елінің әдет-ғұрыпына қарай бағыттауды жөн көрді. Халықтың наразылығының негізгі себебі бұданда да емес, халыққа салықты үсті-үстіне салып, әлеуметтік жағдайды төмендетіп жібергендігінен еді. Соның салдарынан Дулат, Найман, Қоңырат тайпалары Әбілхайырдан ат-тонын алып қашып, моғолстанға көшіп те кеткен болатын. Осы кезде Әбілхайырға наразы халық топтасып бас көтерген еді. Негізгі бас көтерушілер Орда-Ежен, Тоқай-Темір әулеттері болды. Оларды бастап жүрген Көк Орданың ханы болған Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек болатын.Әбілхайырдың ордасында ешкімді кіргізбей жолбарыс терісінің үстіне аунақшып-төңбекшіп жатқандағы ойы Жәнібек пен Керейдің көзін қалайда жоюдың жолдарын ойлаумен жатқанды. Ол үшін әуелі Арғынның елді ауызына қаратып жүрген Ақжол бидің көзін құртуды ойластырды. Осы бір ой басына келгенде Ақжол мен Қарақыпшақ Қобыландының бас араздығы ойына келе қалды. Ол араздықтың да жай-жапсарын Әбілхайыр жақсы білетін. Әбілхайыр Қобыландыны ордаға шақырып оңаша сөйлесті. Қобыланды мен оңаша жолыққаннан кейін екі-үш күн өтпей, үстінде сауыты жоқ, қолында қаруы жоқ Ақжол биді қасында екі жолдасы бар жолаушы келе жатқан жерінде Қобыланды жекпе-жекке шақырып, қолындағы шоқпармен басынан ұрып өлтіреді. Сөйтіп Ақжол бидің бассыз денесін қалың Арғын қара жер қойынына тапсырады. Ақжол биді қалай өлтірсе, Алшағырханның баласы Орақ өзінде солай өлтіретінін Қобыланды білген жоқ еді. Ақжол биді жерлегеннен кейін көп ұзамай-ақ Арғындар бастаған жаппай қаруланған екі мыңдай қазақ аламандарын ерітіп хан ордасының желкесіне тақап әкеліп қойып, Керей мен Жәнібек бастаған бір топ адам Әбілхайырға келіп Ақжол бидің құнын сұрайды және Ақжол бидің құны тек қана Қара Қыпшақ Қобыландының басын алумен бітетінін мәлімдеп, талап қояды. Әбілхайыр бұл талапты орындаудан бас тартады. Әңгіме осымен тамамдалады. Керей мен Жәнібек бастаған топ Ханмен қоштаспастан шығып кетеді. Зығырданы қайнаған Әбілхайыр қолының қапталындағы алдаспанға қалай барып қалғанын өзіде білмей қалды. Шұғыл бас уәзірін шақырып Жәнібек пен Керейдің басын ал деп айтуға оқталып барып, ордаға тақалып тұрған қазақ руларының қалың қолын көрген соң амалсыздан тежелген болатын. Абілхайырдың тұла бойын ашу билеп алқынып біразға дейін өзіне келе алмады. Жаңа ғана Ордасының желкесіне келіп тіреліп тұрған қара халықтан жиналған тобырды көріп тәубесіне келгендей болды. Осы тобырдың негізгі тамырына балта шабылмаса ертең өзінің басына шабылатыны ойына түскенде жүрегі атқалақтап, тұла бойын мұздай тер жауып кетті. Өткен тарихтағы қара халықтан шыққан, құлдыққа сатылып кеткен беріш Бейбарыстың Мысыр жерінен Құлағуды қуған, тұқымдарының да осы тобырдың ішінде жүргені жаңа ойына түсті.Қыпшақ даласын жайлаған Алшындардың ішіндегі Беріш руындағы Есенғұл батырдың ауылы шабылғанда қолға түсіп, құлдыққа сатылған Бейбарыстың ерекше қабылеттілігімен көзге түсіп Сирия әскерінің қолбасшысы болып, соңына қаратабан кедейлер мен құлдарды ерітіп Мамлүктер деген атақпен соғыс тәсілдерін толықтай үйренген жер қайысқан қол жинап Бағдатты басып алып, Иран шахы Құлағу әскерін ойсырата жеңіп, жеңуімен қоймай оны Мысыр жерінен тұтастай аластап, одан кейін Крест ұстаушыларды Сириядан қуып, Аққа қаласын басып алғаны бірінен соң бірін ой елегінен өткізіп үлгерді. Қалың қара тобырдың көтерілуі қиын, оны көтеретін ауызы дуалы, өзі қайратты, жүрек жұтқан әрі би, әрі батыр адам керек. Ол адамдардың пайда болғанын, оның Жәнібек пен Керей екеніне көзі жетті. Әуелі осылардың көзін құртпай болмайды деген алғашқы ойына қайта келіп тірелді.Ордадан шығысымен Керей, Жәнібектер, Алшынның, Арғынның, Найманның Тарақтының, Керейдің, Қоңыраттың, Уақтың батырлары мен билерін шақырып кеңес өткізді. Кеңесте Керей сөз сөйлеп қазақ жұртын бастап, Әбілхайырдан іргені аулақ салуды ұсынды және елді қайда апарып орналастыру керек екенін ортаға салды. Жиналған билер мен батырлар бір ауыздан билікті Керей мен Жәнібектің өздеріне берді. Сіздердің шешімдеріңізді естиік содан соң барып ақылға салып көрелік деген ұйғарымға келді.Енді сөзді Жәнібек өзі бастады: - «Өздеріңіз білесіздер Әбілхайыр ханның халыққа жағымсыз қылықтары күннен күнге өршіп келеді. Оның үстіне Қобыландының қолтығына су бүркіп, Ақжол биге айдап салып өлтіргізіп екі туыс елді біріне-бірін жау қылып, біздің ауыз бірлігіміздің арасына сына қағып, жауластырып, әлсіретіп алып, өзінің уысында қалдыруды ойластырды. Ақкөңіл-даңғой батыр Қобыланды Әбілхайырдың қарындасында Ақжолдың көзін құртсам аламын деген оймен, түбінің неге соғарын білмей жасарын жасап тынды. Біздің бүгінгі көшуіміздің негізгі себебі бұл да емес. Тісқаққандарыңыз білетінде шығарсыздар. Бабамыз Орысхан ортнатқан Ақ орданы қайтадан тұрғызып бүкіл қазақ жиналып, жеке қазақ елі болсақ деген үміт бар. Енді қазақ деген халықтың туын тігіп орнығатын екі жер бар екенін өздеріңіз білесіздер. Оның біріншісі Алтын Орда, Еділ мен Жайықтың арасы. Қазір ол жерге бара алмайтын шығармыз деп отырмын. Оның себебі бізді қабылдағысы келмейтін Темір бимен Қасым сұлтан отыр. Түпкі жағында Түркияға назары ауып отырған Қырымның басқарушы сымақтары мен Қалмақ хандығы бар. Олардан өтіп аржағындағы орыс жұртшылығының қарамағына барып жай таба алмаспыз. Бізге тиімдісі Орысхан бабамыздың орныққан жері Сығанақ қаласының төңірегі. Бірақ ол Әбілхайырдың қол астында. Негізгі нысана сол болмақ. Қазіргі барып кідіретін жеріміз Моғолстан мен Түркістан шекарасы болмақ. Жәнібек өзінің сөзінің аяғында Моғолстан ханы Исан-Бұғы бізге кет демейтін шығар деген ойдамын, себебі біздің еріткен қалың қолымызға қазірде зәру екенін сол жақтан келген адамның хабарынан біліп отырмыз дегенді де айтып қалды. Жиналған ру, тайпа басшылары Керей мен Жәнібектің сөзін бір ауыздан қостады. Осыдан кейін тағыда кімнің айтары бар деп Керей төңірегіне көз салып еді ортада отырған ұзын бойлы сұңғақ денелі, өткір көзді ақсұр жігіт Алшыннан шыққан атақты батыр, Қара Қыпшақ Қобыландының үзеңгілес жолдасы және оң қолы болып келе жатқан Адай тамағын кенеп орынынан көтерілді. Орданың іші тынши қалды. Адай асықпай жан-жағына өзінің өткір жанарымен бір қарап өтті де Жәнібекке қарап - «айтқан әңгімелеріңізді зердеге салып ойлап менде дұрыс деген қорытындыға келдім. Менің айтарым өздеріңіз әңгімелеген қыпшақ батыры Қобыланды болмақ. Менің ойым Қобыландыны Әбілхайырдың қарауына тастап кетуіміз жөн емес сияқты. Сондықтан ертең мен Қобыландыға барып өзім сөйлесейін деп отырмын. Өзімнің де азғантай Алшын ауылын бастап сіздермен бірге өз қазағымның хандығын көтерісетінімді айтып алдынан өтпекпін» - деп тоқтағанда, Жәнібек орынынан тұрып келіп жарайсың бауырым, менің сенен күткенімде осы еді ғой – деп екі батыр айқара құшақтасты. Құшағын жазғансын Адай өзінің сөзін қайта жалғастырды. Мен Қобыландыға жалғыз барғаннан-гөрі Арғын биді бас қылып белгілі-белгілі батырларды ерітіп барып, Қобыландыны да Әбілхайырдан қонысын аудартқызуымыз керек деп тұжырымдады. Керей орнынан тұрып Адайға қарап, сіздің батырлығыңызды көріп ырза болып жүргенмен мынадай ақылдылықпен парасаттылығыңызды енді көріп отырмын. «Бұл айтып отырғаныңыз өте орынды іс. Егерде сіз қатерімізге бермегеніңізде соңынан бармақ шайнайтындай опық жейтін едік» деп қане ертең сіздің қасыңызға кімдерді қосқанымыз дұрыс болады – деді Керей. Адай іркілместен - «Арғын биді, Керей қарақожа батырды, Алшын Ағатай батырды, Найман Қаптағай батырды, Жалайыр Бөрібай батырды және өзімнің ағам Тазды еріткенімді дұрыс көріп тұрмын» - деді.Адай ертесіне жоғарыдағаы батырларды ерітіп Қарақыпшақ Қобыландының үйіне келіп түсті. Қобыланды сыртқа шығып қонақтарын қарсы алды. Қонақтар келісімен Құртқа бәйбіше сырттағы қызметшілеріне қысырдың тайын ұстатып сойдыртып тастады. Келген қонақтар сусындасын деп қыпшақтың жас жігіттері үйдің босаға жағында тұрған сабаны пісіп-пісіп жіберіп бір қолдың күші жетпейтін үлкен зерең аяқтармен қосқолдап ұстап әрқайсысына қымызды алдарына әкеліп қойды. Шөліркеп келген қонақтар үлкен ыдыстағы қымызды біреулер орталап, біреулері тауысып ішіп алды. Қымыз ішіліп болғаннан кейін Арғын би сөзін бастай бергенде Қобыланды батыр қолын көтеріп тоқта дегендей белгі беріп еді, Арғын кідіре тұр өз үйіңде отырғаныңды ұмытып кетпе деп сөзін жалғастыра беріп еді – тоқтат дегенде тоқтат деп Қобыланды ашу қысып орынынан атып тұрғансын, Арғын сөзінен жаңылысып амалсыздан кідіріп қалды. Ұшып тұра келген Қобыланды керегеде ілулі тұрған алдаспанын қынабынан қалай суырып алғанын жылдам қимылдағанынан отырғандардың көбісі байқамай қалды. Қобыландының ұрда жық мінезінен хабардар батырлар отырған орындарынан қозғала алмай қалды. Тек қана Қобыланды мен бірге тұра келген Адайдың оң қолы қапталындағы қайқы қылыщтың сабында тұрды. Қобыланды Адайға қарап, отыр Адай сен орныңа дегендегі дыбысы жұмсақтау естілді. Адай қылышын қынабына салып орнына отырды. Қобыланды Арғын биге қарап - әй Арғын үйіме келген қонақты өз шаңырағымның астында өлтірмеймін, ұстының өзгеріп кетті-ғой, өлімнен қатты қорқасың-ау шамасы, қорықпай-ақ қой, кеше Әбілхайырға келіп Ақжолдың құны деп менің басымды сұрапсың, Әбілхайыр мен үшін үш қыпшақтың басын ал депті, мен көзімнің тірісінде үш қыпшақ түгел қыпшақтың тышқақ лағында бергізбеймін. Енді үйіме келіп билік айта бастадың, сенің билігіңнің қажеті жоқ – мә, мына алдаспанды қолыңа алда саған керегі менің басым болса ала ғой деп қылышын Арғын бидің алдына тастап өзі еңкейіп келіп басын Арғынға тоса берді. Егерде менің басымды ала-алмасаң тез үйден шығып келген жағыңа кететін бол, әйтпесе сыртқа шығып менімен жекпе-жекке шығасың және сенің басыңды мен аламын деді. Арғынның қолы алдаспанға барып қалғанын байқаған Адай орнынан қалай ұшып тұрып қылышын қалай суырып алғанын өзі де байқамай қалды. Ұзын бойлы ақсұр жүзді адамға Арғынның көзі түсіп кетіп еді, бет-ауызы әлем тапырақ болып Арғынға қарап атылатын жолбарысқа ұқсап тұрғанын көргенде Арғынның іші қылп ете түсті. Себебі енді қозғалса Адайдың қылышының өзіне жұмсалатынын анық сезіп еді. Оң қолындағы қылышын қынабына салмастан Адай Қобыландыға қарап – «батыр аға орныңыздан тұрыңыз – Арғын құныкер болғанмен сіздің басыңызды алу үшін келген жоқ. Екіншіден сіздің басыңызды шынтуайтында аламыз десе әуелі Ағатай екеуіміздің басымызды алып барып, сізге баратын шығар. Қобыланды орнынан тұрып барып, Арғынның алдындағы алдаспанын алмастан өз орнына барып отырғансын Адайға қарап езу тартып, айналайын Адайжан мен алдаспанымды Арғынның алдына тастап басымды тосқандағы бірінші себебім Дайырқожаны, әрине оның кінәсі мен үшін үлкен болса да өлтіргенім ақылымды ашуға жеңдіргенім үлкен қателік болыпты. Тентектің ақылы түстен кейін келеді демей ме, өзімнің кінәмді кешеден бері өзім мойындап, алса басымды алсыншы деген ойға келгенім рас еді. Бірақ осы Арғынның биліктен басқа қолынан не келер дейсің деген ойда болып едім. Менің басым Арғынның алдында иіліп жатқанда сенің қынабыңдағы қылышыңды суырып алып тұрғаныңа қарағанда Арғынның басымды алғысы келгенін түсініп отырмын. Міне енді сен сөйлегенде барып менің басымды Ағатай екеуіңіз тұрғанда ешкімнің ала-алмайтыны ойыма түсіп отыр. Адайжан өткен жылғы оқиға менің есімнен кеткен жоқ. Мәңгілікке кетпейтін болар. Мен Әбілхайырдың қолын бастап жорықта жүргенде бүкіл елімді Ноғайлының Қази бастаған қолы келіп шауып, жүздеген қыз-келінщектерді тұтқынға алып, ішінде менің отбасымда бар, қыпшақтың мың-сан малын олжалап кеткенде Алшынның бесжүз жігітімен Таз екеуіңіз соңынан қуып барып, менің осыдан үш жыл бұрын жекпе-жекке шығып, бір-бірімізді жеңе алмай ажырасқан жауым Қазимен жекпе-жекте басын алып, айдалып бара жатқан тұтқындармен малдарды қайтарып әкелгеніңді қалай ұмытармын. Мен сенің алдыңда борыштымын Алшынның жас батыры, сөзіңді жалғастыра бер, мен тыңдауға даярмын деді. Қобыланды сөзін аяқтай бергенде Ағатай орнынан тұрып барып Арғынның алдында жатқан Қобыландының алдаспанын орнына апарып қынабына салып қойды. Адай өзінің сөзін жалғастырды:- «Батыр аға - деп бастады сөзін Адай – «сіз маған борышты емессіз. Мен өзімнің міндетімді-ғана атқардым. Алшынның еліне жау шауып жатса сіздің де қарап отыра алмайтыныңды жақсы білемін. Керісінше мен сізге борыштармын. Себебі мені бала кезімнен қасыңызға алып, ақылыңызды айтып соғыс өнеріне үйретіп шығардыңыз. Сіз менің ұстазымсыз, күні бүгінге дейін ұстаз болып келдіңіз. Енді маған осында сізге келгендегі мақсатымыз бен өтінішімізді айтуға ұрықсат етіңіз дегенде – Қобыланды іркілмей айта бер, мен сенің әңгімеңді де өтінішіңді де аяқ асты етпеймін деді. Айтсам кешегі Әбілқайыр ханға Керей мен Жәнібек бастап келген адамның ішінде мына отырған Арғын бидің де бар екені рас. Ақжол бидің (негізгі аты Дайырхожа болатын) құнын сұрап сіздің басыңызды талап еткенде, сізді өлтірткізгісі келген жоқ. Сізді, сіз арқылы қалың қыпшақ елін Әбілқайырдың қарауынан алып кеткісі келген мақсат болатын. Бүгінен бастап Керей мен Жәнібек өзіне ерген қазақтарын ерітіп Моголстан жеріне түп көтеріле көшкелі жатыр. Менде өз ауылымды ерітіп солармен бірге кететінімді сізге айтып батаңызды алғалы келдім. Екіншіден, сізге де Әбілқайырдан қосыңызды бөлектеуді өтінгелі келдім. Сіздің Ақжолды тек-қана бір қыз үшін өлтірмейтініңізді көкірегім сезеді. Сізді айдап салған әрине, Әбілқайыр хан. Қыпшақты – Арғынға айдап салып төбелестіріп, сөйтіп барып Керей мен Жәнібектің қазақ елінің отауын көтеріп бөлініп кетуіне жол бермей, соңында Жәнібек пен Керейдің көзін жоюдың жолы екені белгілі болды. Оны өзіңізде қазір сезініп отырған шығарсыз. Енді әңгімемнің төркіні көрінген шығар, сізде Қыпшақ жұртын бастап өз жеріңізге көшсеңіз дұрыс болар еді, дегім келеді. Мен сізге Керей мен Жәнібектің көшіне ер деп айта алмаймын. Өзіңіздің ата қонысыңыз Ырғыз, Қобда жағына барсаңыз, арғы жағын көріп алармыз. Халыққа қорған болып келе жатқан Ағасын. Сізден бізде қол үзіп кете алмаспыз, сізде бізден қабарсыз кетеді деп ойлап тұрғаным жоқ. Әбілқайырдың қолшоқпары болып қала бергеніңіз бүкіл елдің арысы Қобыланды батырға жараспайтын сияқты аға – ендігісін өзің ойлап шешерсің деп сөзін аяқтап Адай орнына отырды. Қобыланды көпке дейін төмен қараған күйінде отырып қалды. Үйдің ішіде біраз уақыт тыныштық орнады. Біраздан кейін барып басын көтерген Қобыланды қонақтарын бір шолып өтті де Адайға бұрылып кешеден бері ойлап-ойлап менің де шешімім осы еді – дегенде үйдегі отырған батырлар демін бір алды. Бірақ деді Қобыланды, ендігі менің қимасым өзің едің Адайжан, амал қанша мына көшіп бара жатқан елге де қорған керек-қой. Жолың болсын бауырым, құдай бұйыртса тағы басымыз бірігер, ертеңнен бастап қыпшақтар түгелдей бұл жерден өкшесін көтереді. Басыма бір ой келіп, сені кеше шақыртамын ба деп те, ойландым. Себебі Жәнібек пен Керейдің жасағына қыпшақтарды қосып Әбілқайырдың ордасын басып алып, өзінің басын алсам ба деп барып, көпжылдан бері дәмдес, тұздас болып, араласып кеткендіктен құдайдан қорқып өзімді тоқтатқанмын. Менің жерім де Әбілқайыр ханға қарайды, барғансын әңгіме тудыратын болса оның басы менің қанжығамда болатыны сөзсіз.Адай орнынан тұрып, «Аға көріскенше аман болыңыз» - деп құшақтасып ұзақ тұрып қалды. Адайдан соң Арғын би бастаған үйдегі батырлар ашу араздықты тастадық деп бәрі де Қобыландымен құшақтасып, төстүйістіріп, көңілдерін бірлеп орындарына отырысты. Қобыландының ордасынан қысырдың тайының етін жеп, Арғын би бастаған қонақтар аттанып кеткесін Қобыланды бүкіл қыпшаққа хабаршылар аттандырды.Осыған байланысты мына бір жағдайды оқушылар қатеріне бере кеткенді жөн көрдім. Кейбір ертеден келе жатқан әңгімелер мен жазбаларда Жәнібек пен Керей Қобыландыны өлтіруді ойластырды деген қате түсінікте болып келген. Шындығында Дайырқожаны өлтіргені үшін құнына Қобыландының өзін өлтіруді әдейі талап еткені Әбілқайырдың қарауынан шығару үшін жасалған тәсіл екені осы жазбада дәлелденген. Екіншіден Қазақ хандығын құрысуға Қобыланды араласқан жоқ деген де дұрыс пікір емес. Артындағы елін Ырғыз, Қобда жерлеріне орналастырғаннан кейінде қазақ хандығын қорғауда бірнешелеген жорықтарға қатынасқанын Әл Ибн Бахуридің еңбегінен көруге болады. Сол күні Керей мен Жәнібек бастаған қырық сегіз мыңдай түтін қазақ ауылдары да Адай бастаған жиырма мыңдай қарулы жасақтың күзетуімен Моғолстан жеріне бет түзеді.Дешті қыпшақ жерінің ортасында, Ұлытаудың күн шығысында, құлан мен киік жортқан сағым қуған жазық далада Әбілқайыр ханның ордасы Орда-базар қаласы алыстан мұнарытып көрінеді. Орда-Базар Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған қала. Сонау бір кездерде Батудың жүз мыңдаған әскері жорық алдында осы Орда-Базарға жиналатын болған. Оның себебі қала орналасқан жазықтың шөбі шүйгін – көк еркегі мен көк жусаны, бидайық пен изені тізеден келетін мың сан мал жайылса да жайылысы ортаймайтын түгін тартса майы шығатын жер болатын. Сондықтан да Батуханның орасан көп әскерінің ат-көліктерінің таптағанына міні құрамайтын жайлы жайылысы болғандықтан осы жерге атты сарбаздардың басы қосылатын. Аттарын Қаракеңгірден суарып мың-мыңнан бөлектеп жайылысқа жіберетін. Орда-Базар үлкен қала емес. Не бары екі жүздің шамасында ғана қыштан қаланған үйлері бар, хан сарайы, ескі мешіті бар, сыртқы қорғаныда мықты емес еді. Әбілқайырдың жазда өзінің ойлаған ойына сәйкес ауылдары жайлауға көшетін. Әбілқайыр ауылын кейде Жем, Ойыл өзендеріне, кейде Тобыл, Есіл, Нұраға апаратын. Кейбір кездерде Сыр бойымен Көкше теңіздің жағасына көшетін. Хан ауылдарының жазғы қоныстануы малдың жайынан гөрі кейбір руларға жақындап барып орналасып, өзіне қырын қарап жүргендердің елін шауып өзіне бағындырудың жолдары болатын. Ол Орда-Базарды уақытша ғана өзіне орталық еткен еді. Түпкі ойы өз астанасын Самарқант қаласына аудармақшы болатын. Сондықтан да Орда-Базарды үлкейтпеген. Өзінің қаласындағы қазақтардың түп көтеріле көшкен хабарын естігенсін ордасының ішінде екі күн бойы ұйықтамастан сенделумен болды. Бет-ауызы түтігіп, екі көзі құтырған қасқырдың көзіндей қызарып, ордаға ешкімді кіргізбей ашу мен ызадан жарылардай қалге келгенді. Жәнібек пен Керейдің соңына ерген рулардың өзіне деген өкпе-ашуының бар екендігін білгенмен ат-құйрығын осылайша үзіп кетеді деп ойламаған еді. Енді міне өзінің елге жасап келе жатқан зұлымдықтары жинала-жинала бітеу жараға айналып бүгін бір-ақ жарылғанын көріп санын соғып қалды.Жәнібек пен Керейге ерген қалың елдің бағыты Моғолстан екені белгілі болды. Оның үстіне өзінің қолынан қойған Самарқант билеушісі Әбусейттің бұған бойұсынбайтын хабары тағы келді. Басқасы басқа-ау Еділ бойындағы елдерді жарпылай соңына ерітіп қарға бойлы Қазтуғанның Жәнібек пен Керейдің көшіне қосылғаны қабырғасын қайыстырып кетті.Әсіресе Қазтуғанның:Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,Балығы көлге жылқы жаптырмас,Бақасы мен шаяны,Кежідегі адамға,Түн ұйқысын таптырмас,Сөйткен менің Еділім,Сен салмадың, мен салдымҚайырлы болсын сендергеМенен қалған мынау Еділ жұрт – деген қоштасу өлеңін естігенде есінен адаса жаздады. Қобыландыдының қыпшақтарын ерітіп көшіп кеткеніне көп қинала қойған жоқ, себебі Қобданың бойы да өзімнің қарауымда ғой, қайда кетер дейсің, ең қиыны Адайдың азғантай Алшындарды ерітіп кеткенін естігенде зығырданы қайнады.Әбілқайырдың көп арманының бірі Алшынның жүрек жұтқан жас батыры Адайдың ел алдындағы беделі мен көзсіз батырлығына көзі жеткенсін жан-жақтағы Алшындарды жинатып өз қарамғына алып, жел жағына пана, жау жағына қалқан еткісі келіп жүрген болатын. Әбілқайырдың есіне Адайға байланысты бір оқиға оралды. Онда Самарқанттың әмірі, өз әкесі ұлы, дана Ұлықпекті өлтірген Әбді Латиф мырзаның өзі де алты айдан кейін дұшпандарының қолынан өлгенді. Ол уақытта Ақсақ Темірдің шөбересі Әбусейт қуғындалып, қашып жүрген кезі еді. Осы кезді пайдаланған Үргеніштің билеушісі Шахрухтың немересі Әбділлах Самарқантты басып алды. Соңынан қашып жүрген Әбусейт қол жинап Бұхарды бағындырып, онымен қомай Самарқантқа шабул жасады. Бірақ Әбділлахтан жеңіліп және өзінің басып алған Бұқарасынан да айырылды. Әбділлахқа күшінің жетпейтінін білгенсін жаулап алған қалаларынан түскен асыл тастары мен алтындарын Әбілқайырға әкеліп сыйға тартып, Самарқантты Әбділлахтан тартып алып беруді сұрайды және – «Егер осы айтқанымды жасасаң өмірімнің аяғына дейін сіздің айтқаныңызды екі етпей тыңдап, қарауыңызда кіршіксіз қызмет атқаратын боламын» - деп антын берді.Әбусейтпен анттасқаннан кейін көп қолмен Самарқантқа Адайды аттандырады. Әбілқайыр ханның өзіде бірге жүреді. Самарқантқа таяғанда екі әскер кездеседі. Екі жақ бір-біріне жақындап келіп кідіреді. Сол кезде сап түзеп тұрған екі жақтың ортасына Әбділлах шығып жекпе-жекке Әбілқайырдың өзін шақырады.Әбілқайырдың қасында тұрған Адай – «Осы жаманға қолыңызды қандап қайтесіз мен барып шаруасын бітіріп келейін» - дегенде Әбілқайыр – «Бұның өзі керемет найзагер дейді, абай болыңыз» - деді де, «құдай қолдасын» - деп батасын берді. Адай атынан түсіп айылын тарпастан ақжал қара атпен ортаға шыға берді. Әбділлах емінумен ентелеп келіп Адайға найзасын ұрды. Адай да найзаға оң қолындағы қалқанын тосып үлгерді де ақжал қара аттың үстінен өте жылдам еңкейгендей болғаны сол еді, оң қолымен Әбділлахтың найзасын жұлып алып лақтырып жіберді де өзін аттың үстінен лақша жұлып алып, басын оң аяғының тақымына қысып, ерінің алдына көлденең салып алып, асықпай Әбілқайырдың алдына әкеліп талмаусырап жатқан Әбділлахты жерге тастай салды. Адайдың тақымында буынып, енді жаны кешіуге айналған Әбділлах жерге түскесін қырылдап дем алып қапталына аударыла бергенде Әбілқайырдың алдаспаны басын денесінен бөліп тастады. Басшысынан айырылып қалған Әбділлахтың сарбаздары абыржып қалды.Адай одан әрі кідірген жоқ ақжал қараның басын жіберіп жауға қарай ақырып салып қоя берді. Сол-ақ екен Адай бастаған Әбілқайырдың әскері лап қойды. Әбілқайыр хан бір топ нөкерімен соғыстың жүрісін бақылап тұрып қалды. Әбілқайыр жаңа ғана Адайдың атын ойнатып Әбділлахқа қарай жүргенде аспанда қалықтап жүрген бұрын көрмеген қызғылт түсті қыранды байқап қалған еді. Адай Абділлахқы атқа өңгеріп келе жатқанда көрінбей кеткен. Енді міне сол қызғылт түсті қыранның жаудың ортасында былағайды салып жүрген Адайдың тас-төбесінде қалықтап жүргенін қайтадан көріп, Адайдың киесінің қыран бұркіт екеніне сонда барып көзі жетіп – бұл адамның жау қолынан ажал таппайтынын да сол жерде білген еді. Содан бастап Адайды барынша ішке тартып қиын жағдайларда Қобыланды екеуін кезек жұмсап қолы ұзарып келгенін ойлағанда көзіне жастың қалай келгенін де сезбей қалды.Сонда Әбділлахтың жасағы түгелге жақын қырылып, қалғаны тұтқын болып қолға түскен. Самарқантты алып, жеңіс тойын өткізіп, Әбусейітке бір қызын беріп күйеу бала етіп алады. Сөйткен Әбусейттің бүгінде өзіне азу тісті көрсетіп отырғанына қатты өкінді. Неге мен сонда Әбусейтті емес Адайды күйеу бала етіп алмадым деген ой басына келгенде бармағын шайқады. Әбілқайырдың Әбділлахқа қарсы Адай бастаған қолға бір топ жолдасы мен өзінің келуінің де себебі бар еді.Ұлықбек өлгенде Шахарбике атты бәйбішесінен Рабиу-Сұлтан-Бегім атты өте сұлу қыз қалғанын естіген. Егер Әбділлах қолы жеңіліп Самарқантты алар болса сол қызды көріп дидарласу ниеті болған. Самарқантты алып, жеңістің тойы болып жатқанда Әбілқайыр сарайға Рабиу-Сұлтан-Бегімді алдырды. Рабиу-Сұлтан-Бегімді жетелеп әкелген қыздар есікті жауып сыртқа шығысы мен Әбілқайырдың күзетшілері сарайды қоршап тұрып ішке тірі пендені жібермеді. Сарайға келіп кірген Сұлтан-Бегім Әбілқайырдың алдына қыздардың әкелген жерінен бір адымда қозғалмастан бүгілген күйінде тұрып қалды. Әбілқайырға алдында тұрған адам емес хордың қызы болып көрінді. Әбілқайырдың Рабиу-Сұлтан-Бегім деп жылы сөйлеген лебізінен жалт еткен қара көзді, көктегі періштеден туғандай перизат тұлға, гүлін жарған раушандай келбетті көргенде Әбілқайыр есінен тана жаздады. Әбілқайыр орнынан тұрып келіп, ептеп қана аппақ білегінен ұстап жайлап мамық төсекке қарай қозғала бергенде қыздың артынан екі қара жылан ергендей болып көзіне көрінгенде тұла бойы түршігіп, жылан емес сүйретіліп келе жатқан екі қара бұрым екенін білгенде барып есін жинап тұла бойының дірілі басылды. Шығыстың әйелдерінің салт-ғұрыпына қарамастан әкесі оқымысты-әулие аталынған Ұлықбек Рабиу-Сұлтан-Бегімді бес жасынан бастап өзі оқытып түрік, араб, парсы, қытай, моңғол тілдерін үйретіп, әдет-ғұрыпын түсіндіріп, адами тәрбиелерді бойына дарытып сұлулығына білімін сай етіп тәрбиелеп өсірген сүйікті қызы еді.Әбілқайыр ханның кім екенін, ниетінің қандай екенін сырттан білетін Рабиу-Сұлтан-Бегім енді мұның қолынан тәнінің таза күйінде құтылмайтынын сезіп тұрғанды.Әбілқайыр қыздың сүйретіліп келе жатқан қос бұрымын жәйлап барып көтеріп оң иығына астыда – «Рабиу-Сұлтан-Бегім мен сіздің атыңызды естігеннен бері қарай дидарыңызды бір көруге асық болып жүрген пенденің бірімін» - деп қолымен демеп өзіне қарай жақындай бергенде – «сәл кідіріңіз хан ием, менің айтатын бір сөзім бар соны тыңдап алыңыз, соның жауабын естігенсін барып мен сіздікі боламын» - дегендегі әрі нәзік, әрі мұңлы, әрі биязы үні Әбілқайырдың тұла бойын балқытып жіберді. «Құлағым сізде Рабиу-Сұлтан-Бегім» - деп қыздың жүзіне тіктеп қарады. - «Сіз мені өз еркімнен тыс сарайға алдырып отырсыз. Сіз арлансыз, ал мен сіздің алдыңызда тұрған киіктің лағымын. Менің әкем оқымысты ғалым, әрі қол бастаған батыр. Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек екенін, ол кісі өлгенше ешкімге жамандық жасамағанын, соғысты болғызбауға, қандайма болмасын дау-жанжалдарды бейбітшілік жолымен шешуге барлық күш жігерін салып келгенін, елді сауаттандыруға, адамды адамға дос ету жолында үлкен еңбек еткенін өзіңіз жақсы білесіз. Мен сол кісінің тікелей тәрбиесінде өскен ең сүйікті қызы болдым» – дегенде Әбілқайыр «бүкіл ел сыйлаған өте құрметті Ұлықбекті менде сыйлаймын, Самарқантты билеп тұрған өзінің баласы Әбді Латиф өз әкесі және сіздің әкеңіз Ұлықбекті өлтіргенін естігенімізде бәрімізде қара салып қайғырдық» дегенде, «әрине хан ием адам әртүрлі-ғой, сонда да өз әкесін өзі өлтірген адам оңбайды-ғой. Әбді Латифте алты айға жетпей ит қорлықпен өлген жоқпа. Алтын тақ кімдерді аздырмай жатыр. Таққа хандардың азбайтыны некен-саяқ. Ақтан ақ та туады, қара да туады, ғалымнан да жауыз туады. Жауыздар не жасамайды. Моңғолдың мақалы бар емеспе – «ханнан құтылғың келсе оның баласын қара ниеттілік жолға түсіріп алып, әкеңнің орнына хан етем десең» - дегеніңе жетесің депті ғой. Зұлымдар көп-қой, әкесіне сездірмей баласын уағыздап бұзғанын кейін естідік. Хан ием мен бастаған әңгімемді аяқтауға рұқсат етіңіз» дегенде Әбілқайыр «ғафу өтінем Рабиу-Сұлтан-Бегім, әңгіменің орайы келіп қалғасын айтқан шығармын, сөзіңізді жалғастыра беріңіз» деп басын сәл қыздың алдына игендей болды. Жалғастырсам - деді Рабиу-Сұлтан-Бегім - «мені әкем пәктікке, жан тазалығымен бірге тән тазалығына да тәрбиеледі. Мен әлі хауызы ашылмаған гүлмін. Гүлді аялап ұстамасаңыз ол өліп қалады, сіздің арғы ниетіңізге түсінбей осы әңгімемді айтып тұрмын, әкем Ұлықбекті бүкіл халық сыйлады, жаңа өзіңізде ол кісі өлгенде қара жамылып қайғырдым дедіңіз, олай болса Ұлықбектің рухын сыйлайтын шығарсыз – мені не істемекке шақырып отырсыз?» - деді.Әбілқайыр шындығында да Ұлықбектің өзінде, оның рухында сыйлайтынды. Әбілқайыр Рабиу-Сұлтан-Бегімге қарап, - «мен сізді сарайға оңаша шақыртқандағы мақсатым сіздің атыңызға көптен қанықпын, көптен сізді көруге ынтазармын, рұқсат болса сізбен бас қосып жар етіп алғым келеді. Мен сізді өмір-бақи алақаныма салып аялап өтетін боламын, сол үшін сіздің ризашылығыңызды беруіңізді сұраймын» - деп Рабиу-Сұлтан-Бегімге қолын ұсынды. Қыз орнында тұрып аппақ қардай болған қолын соза бергені сол еді Әбілқайыр әп жыланша түкті білегімен Рабиу-Сұлтан-Бегімді орап ала берді. Сол түнде алтын сарайдағы ақ мамық төсектің үстінде Рабиу-Сұлтан-Бегімнің желден басқа леп соқпаған алтын-тобатайының құлпы бұзылды, жан сипап көрмеген ақ төсінен Әбілқайыр тоят алды. Ертесіне Әбілқайырдың адамдары құда түсіп көп ұзамай Рабиу-Сұлтан-Бегімді үлкен той жасап, асыл қазына-жасауын қырық нарға артып, қасына қырық құл, қырық қыз нөкерімен Әбілқайыр ханға ұзатты. Сөйтіп Әбілқайыр Рабиу-Сұлтан-Бегімді төртінші әйел етіп алды. Ал Рабиу-Сұлтан-Бегім Әбілқайырға екі ұл сыйлады. Өзінің ақылдылығымен, орнықтылығымен Әбілқайырдың ең сүйікті әйелі болды.Сол соғыстағы жеңіс тек-қана Адайдың арқасында болып еді. Әбділлах шындығында алып күштің иесі және өте жүректі батыр болатын. Одан бұрынғы соғыстарда да талай жекпе-жекке шығып түгелдей жеңіске жетіп жүрген Әбділлахты Адай лақ құрлы көрмей ат үстінен жұлып алып тақымына салғанда таң қалып еді-ғой. Егерде Адайдың орнында өзім болғанда не болар еді, жылдамдығы оқша атылатын Әбділлахтың найзасының ұшынан өліп кетуім де мүмкін еді-ғой. Адайдан айырылып қалғаным әлі де талай опық жегізеді-ау деген ой маза бермеді.Жылдар жылжып өткен сайын, жас егдерген сайын дүниенің қызығы да көрген түс сияқты болатынына Әбілқайырдың көзі осы жолы жетті. Бір күндерде Қорасан, Мәуреннахр, бүкіл Дешті Қыпшақ аяғына жығылып тұрған мынау алтын тақтың адыра қалатынын, қызықты думан, шаттық пен қуанышты күндердің тек-қана уақытша кезең екендігін бүгін мойындады. Барлық адамзатқа ортақ өткінші емес мәңгілік бір орында тұратын тек қана ажал екенін бұрында білетін – бірақ оны сәтте мойындаған жоқ еді. Әбілқайыр өмір арнасын өзіме бағындырам деген пенденің бірі еді. Әбілқайырдың негізгі арманы он баласын одан өрген немерелерін өзінің қарауындағы ұлыстарға сұлтан, әмір, билеуші етіп қойып өз тағын сенімді ұлдарының біреуіне өткізу еді. Бірақ ер жеткен ұлдары әскер бастап жүргенмен ұлы хан тағына лайық деген дәрежеге жетпегенді.Өзінің бәйбішесінен туған Шах-Будақтың ұлдары Мухамед-Шайбани, Махмұд-Сұлтандар мен Рабиу-Сұлтан-Бегімнен туған Сүйіншіктен зор үміті бар, бірақ олар әлі жас кемі жеті, сегіз жыл керек. Несі бар өмірім жетсе жеті, сегіз жылда тұғырдан түсе қоймаспын деп өз көңілін өзі демеді.Бүкіл қазақты соңына еріткен Жәнібек пен Керейлер барлық жауларынан да гөрі қауыптірек болып шығып отыр. Менің Самарқант пен Бұхара бектері мен хандарына шындығында да көбірек көңіл бөліп, басқаларға жасамаған жақсылығымды соларға жасағаным Жәнібектің шымбайына батқан сияқты. Шыңғысхан әскерлерінің талқандап кеткен Сығанақты қайта қалпына келтіріп, бабалары Орыс хан билеген жерін жаулап алғанымды бұлар ұмытқан жоқ, ұмыту былай тұрсын өзімнің жасағанымды өз басыма келтіретін сияқты. Онымен қоса Шахрук сұлтаннан туған ұлы ғалым Ұлықбектің қызын төртінші әйел етіп алғаным тағы бар. Шамалары келсе қазақ хандығын құрып барлық қазақты тудың астына жинап, күш-қуатын толық кемеліне келтіріп алғасын менің тұқымыма тұз сеппекші. Иә шынымен солай болмақшыма – қайран дүние! Өткен отыз жылдың ішінде мен қандай едім? Қарсы келгендердің бәрін қырып түп тамырымен жойып жіберіп едім ғой. Менің басып алмаған шаһарым қалыппа еді? Сығанақ, Бұхар, Икра-туп, Смарқант, Хиуа хандықтарын тізе бүктіріп, қазақтың жеке ұлыстарын басқарып жүрген, өзімнен басқа неме жоқ деп жүрген Мұстафа, тумаласты Ахмед-Махмуд, Махмед-Қожаларды табанымның астына таптап едім-ғой. Есіл, Тобыл, Нұра бойларын да жаулап алғаным жоқ па? Енді маған не болғаны, Жошының ұрпақтары бас көтерді екен деп мұншама неге уайымге түстім. Он алты жасымда Едігенің немересі Қазы батырды өз қолыммен мауыздағанымда, он сегіз жасымда өзімді тәрбиелеп өсірген Жұмадүк ханды жекпе-жекке шақырып өз қолыммен өлтіргенімде бүлк етпеген жүрегім бүгінде неге Керей мен Жәнібектен ығады.Әбілқайырдың қаһарына ұшыраған, бытырап шашырап кеткен Жошының ұрпақтары Әбілқайырды тағынан тайдырып өздерінің бұрынғы ата қонысын қайтарып алуға кірісіп жатыр. Моғолстанды басқарып отырған Жағатай ұрпақтары Жәнібек пен Керейді құшақ жая қарсы алатынында айналадығы қыбырды аңдып отырған Әбілқайыр жақсы білді. Маголстанға Жәнібек, Керейлердің қалың қазақпен барғаны Исан-Бұғының жерден іздегені көктен табылғаны. Күні бүгінге дейінгі Әбілқайырдың Маголстанға тісі батпай келеді. Маголстанның жер көлемі өте үлкен. Күн шығысы Алтын Емел, Ертіс, Барыс көл-қалмақпен шектесіп жатыр. Солтүстігі Қаратал өзені, Көкше теңіз, батысы Түркістан мен Ташкент , шығысы Турфан мен Түркістан қаласы, оң жағы Фергана мен Қашқар уалиаты. Қарамағындағылары негізінен Үйсін, Қоңырат, Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ұйғыр, Найман, тайпалары. Оның үстіне Арғын, Қыпшақ, Алшынның бір бөлігі барып қосылмақшы. Бұл үлкен күшке айналғалы тұр. Өзіме қарасты батырлар мен сұлтандарды, ер жеткен ұлдарды жыинап ақылдаспа са болмас деген ойға тоқтады.Әбілқайырдың кәзірде бес әйелінен-Шах-Будах, Қожа Мұхамед, Ахмед, Мұхамед-сұлтан, Шах-Хайдар, Санжар, Шайх-Ибрагім, Күшкінші, Сүйіншік, Ақ-Бұрық, Сайд-баба деп аталатын он бір баласы бар. Осы балаларының ішінен өзінің үлкен ұлы Шах-Будахтан қалған екі немересінің үлкені Мұхамед-Шайбаниді аққұла жақсы көретінді. Оның себебі Мұхамед-Шайбанидің бойында Шыңғыс ұрпағының қанына біткен қайсарлық байқалып тұратынды. Әбілқайырға әлі де өмір берсе немересінің де ат жалын ұстап мінгенін көріп қалармын деген ой келгені сол еді, екінші бір ойдың басы қара жыланша басын көтергенде шошып кетті. Өзінің қасында ойнап отырған Мұхамед-Шайбаниді басынан сипап, расымен ақ осы бір жаны таза пак жанға да, біреу қастық жасарма екен? Кімнің ұясын бұзып, кімнің шаңырағын шайқалтып еді – деді де, өзінің Махмед-Қожаның баласын үш жасар нәрестені өлтіргені есіне түскенде, ауа жетпей тұншығып қалды. Елуге таянған Әбілқайырдың өз тағына отырар мұрагері тұңғыш баласы Шах-Будах сұлтан болатын. Ол жастайынан өз ажалынан өлді. Енді кезек екінші баласы Шах-Хайдар мен осы Мұхамед-Шайбани еді. Әбілқайыр осы жеті жасар немересінің ер жеткесін ел билігін қолына алып талай шайқастарды басынан өткізетінін сезгендей болып отырды. Уақыт өте келе тап солай болған еді. Әбілқайыр ауыр ойдан серпіле алмай ертеме, кешпе бәрібір ажалдан құтыла алмайсың, өзі атағыңның ұзақ сақталуы тек өз ұрпақтарыңның өмірімен байланысты. Сондықтанда құдай осыларға өмір беріп билік тізгінін солардың қолына ұстататын мезгілге жетсем, ол үшін жауларымның көзін кәзір жойю керек деген тоқтамға келді.Таң атып күн шыққанда көк шалғынды жазық даланың төрт түлік малын өріске өргізіп, күнде думан, күнде той болып жататын ақ шағала болып отырған қалың елдің көшіп, тарқап кеткен базар алаңына ұқсап, құлазып қалған даланы Орда-Базар халқы көріп олардыңда көңілдері құлазып қалды... * * *Бүгін Моғолстанның теріскей шекарасында орналасқан Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік азғана еріткен адамдарымен Талас өзеніне келіп кеше-ғана өзінің досы Ахұрықтан қалап алған көк қаршығасын қазбен, үйрекке салып көру үшін өзен жағасына жақындай бергені сол еді алдарынан қырық-елу адамның шамасында салт атты қарулы топ шыға келді. Қырағы көзді Сүйіндік батыр топтың алдындағы ақжал қара аттың үстіндегі өзгелерден оқшау келе жатқан адамның Адай екенін бірден таныды. Сүйіндік алшынның қызынан туған Адайларға жиен болып келетін жайлары бар. Осыдан бір жыл бұрын нағашыларына көрісе барғанда жас батыр Адайды көріп танысып дәмдес болып кеткенді.Екі топ бір-біріне жақындап келгенсін аттарынан түсіп көрісіп амандасып жөн сұрасқаннан кейін Адай Сүйіндікті оңашалап жүрісінің жайын айтты. Адайдың хабарын естіген Сүйіндік қуанып кетті. «Олай болса – деді Сүйіндік – Моғолстанның ханы Исан-Бұғыға өзім ерітіп барамын сіздер асықпаңыз, көшіп келе жатқан елдеріңіз өзеннің жағасына ерулеп, көліктерінің белін босатып тынығып алсын. Сіз кейін қайтып Жәнібек пен Керейді ерітіп, би-сұлтандарыңызбен менің басқа да нағашыларымды қалдырмай Жаңғыға келіп маған қонақ болыңыздар» - деп Адайдың келісімін алып ат басын кері бұрды.Өзінің жолдастарының ішінен екі адамды жолбасшылыққа Адайдың қасында қалдырды. Адайлар да көштің алды келіп қостарын түсіріп жатқан Жәнібек пен Керейге оралып хабарын айтты. Жәнібек пен Керейлер Адайдан хабарды есітіп көңілденіп сала берді. Шаршап-шалдығып, бірнеше мыңдаған малды көшпен бірге қозғап келе жатқан ру басшылары да бұл хабарды бөтен көрген жоқ. Сүйіндіктікіне қонаққа елу шамалы адам жүретін болып шешілді. Алып баратын тарту таралғылар да ойластырылды. Көшіп келе жатқан елдің біраз күн тынығатын мезгілін пайдаланып Адай жан-жақтағы қазақ руларына хабаршылар жіберіп, бүкіл қазақ бірігіп өз алдына шаңырақ көтеріп дербес мемлекет болуға жиналып жатқанын хабарлап, келіп қосылуларын сұрау керек деген ұсынысын айтты. Керей Адайдың ұсынысын қабыл алып, өзінің ойының осы екенін, елді тез құлақтандырудың қажеттігін Жәнібекте, ру басшылары мен билерде дұрыс деген қорытындыға келді.Сол бойда қос атпен жан-жаққа хабаршылар аттанды. Елге хабар айтушылардың ішінде өзінің қалауымен қарға бойлы Қазтуған да жүрмекші болды. Жәнібек Қазтуған ақынға қарап – сіз ел араламай-ақ бізбен бірге болып Сүйіндіктің ордасын жырмен желпіндіргеніңіз дұрыс сияқты дегенде, қарға бойлы Қазтуған Жәнібекке қарап, менің жырым би-сұлтандардан гөрі қара халыққа керек. Менің пайдам ел-араласам көбірек тиетін шығар дегенде» - Жәнібек күліп – «олай десеңіз жолыңыз болсын Қазтуған аға» - деді де, «қасыңызға кімдерді ерітесіз» - деді. Қазтуған Жәнібекке қарап, қасыма сен қарсы болмасаң бала болсада Қасым төрені ерітейін деп тұрмын, өзінің зауқы соқпай қалмаса деді. Сізге қосшы балалыққа жараса, мен қуанамын-ғой Қазеке – деді Жәнібек. Топ адамның шетінде тұрған онбір-онекі шамасындағы қошқар тұмсықты, жазық маңдайлы ұзын бойлы талдырмаш бала тамағын кенеп әкесі Жәнібекке қарай берді. Бірдеме айтқың келіп тұрма? Қасымжан деп Жәнібек баласына қарап еді сізден рұқсат болса бір-екі ауыз сөз айтсам ба деп едім» - деді. Айт деді Жәнібек. «Қазтуған ағам мені олқысынбай қасына ерітсе, мен Қазекеңнің көздеп тұрған үлкен мақсатты шаруасына септігімді тигізе алсам одан артық маған қандай дәреже керек» - дегенде Қазтуған келіп құшақтап Қасымның маңдайын сүйді. Олай болса деді Қазтуған ауқаттанып алып бізде аттанамыз. Сіздерге де оң жол-сапар тілеймін деп қоштасты. Қасымға қарап – «қасыңа ағаларыңнан адам еріткің келсе менен қарсылық жоқ» - деді Қазтуған. Адай қарға бойлы Қазтуғанға қарап аға жолыңыз болсын, оң сапар тілеймін, қазақ елі сізді тыңдайтынына да сенімдімін. Сіздің қасыңызға ерітіп бара жатқан Қасымның да жолы болсын. Тәуір келін болса оны да көздей жүрерсіз Қазеке дегенде, тұрған адамдар – «дұрыс айтады» - деп күлісіп алды. Қазтуғанның қасында тұрған Қасымның бет-ауызы ду етіп ұялып жерге қарады. Қазтуған – «ал қане, қозғалдық» - деп Қасым екеуі топтан бөлініп шыға берді.Жәнібек, Керейлерде жолға дайындық жұмысына кірісті. Адай жасақтың мың басыларын жинап алып тапсырмаларын берді. «Жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» - деген мақал бар деді Адай – еру елдің жан-жағына күні-түні мықты күзет қоюды, жау келіп қалғанда хабар жеткізетін жігіттеріне дейін белгілеп, тапсырмаларын берді. Адай өзімен бірге таңдап тұрып белгілі-белгілі батырлардан жүз жігітті ерітіп жүрді, олардың бұлардан бөлек негізгі мақсаты Керей мен Жәнібек бастаған адамдардың өмірлеріне жауапты күзет жасағы екені белгілі болды. Оларға тапсырманы Адайдың тікелей өзі берді. Адайдың бұл жұмысын да Керей мен Жәнібек бастаған топ бөтен көрген жоқ. Ертесіне Керей мен Жәнібек бастаған қазақтың белгілі болған билері мен сұлтандары төрт нарға Сүйіндік пен Исан-Бұғы ханға арнаған тарту-таралғыларын тиеп жолға шықты. Бұлардың соңынан Ағатай бастаған кілең атақтары жер-жарған жүз адамнан құралған мұздай темір құрсанған қазақтың жүрек жұтқан батырлары ілесті. Келе жатқан қазақ сұлтандары мен би, батырларын қозы-көш жерден Моғолстан ханы Исан-Бұғының атақты батырларының бірі Жаңғы қаласын басқарып отырған Сүйіндік бір топ жолдастарымен Керей мен Жәнібек тобын қарсы алды. Екі жақта аттарынан түсіп төс түйістіріп көрісу рәсімдерін жасады.Сүйіндік орта бойлы төртбақ жауырыны қақпақтай, көзі үлкен, жирен сақалды, жасы қырықтарға келіп қалған адам болатын. Сүйіндік Жәнібекпен Керейге қарап күліп, кеше өзен жағасына құс салам ба деп келгенімде нағашым батыр Адаймен кездесіп сіздердің хабарларыңызды есітіп қуанып қалдым. Адай бастағансын-ақ, істеріңіздің оңалатынын ішім сезіп тұр, қош келдіңіздер, қане елге қарай қозғалайық деп атына міне берді. Атына мінгенсін артта келе жатқан жасаққа көзі түсіп, мынау алдындағы құла жиреннің үстіндегі менің Ағатайым емес пе деп Адайға қарады. Адай болса-болар деп жымиды. Сол-ақ екен манадан айтпайсың ба деп астындағы бурыл арғымақты қарғытып артқы жақта жарты шақырымдай жерде келе жатқан қарулы жасаққа қарай шаба жөнелді. Жәнібек пен Керей Адайға қарап таңданып қалды. Адай - бұл екі батыр түйдей құрдас, қытай, қалмақтармен соғыста талай тізе қосқан бірін-бірі жауға тастамайтын достықтарының арасына сызат түспеген адамдар - деді. Керей – «апырай Сүйіндікпен екеуінің арасы осындай екенін кешеден әңгімеміздің ішінде жүрген Ағатай – бізге бір ауыз сөз айтып білдірмегеніне таң қалып тұрмын» - деді. Жәнібекте таңданысын жасыра алмады. Мен оны білетінмін, кеше өзіне Сүйіндікке барамыз дегенде де сыр білдірмегенсін мен де әңгімені қозғағаным жоқ. Әдейі жасақты өзің басқарып жүресің дегенімде, жақсы деп қоя салды. Ағатайдың ауызынан сөзді сатып алмасақ, өздігінен ештеңе айтпайтын ағаларымыздың бірі – ғой деді Адай.«Иә, Ағатайдың істеген ерліктерінде, жауын жайратып келіп отырса да мен сондай іс жасадым деп айтпайтынын мен де бұрын естігенмін» – деді Керей. Бірінде – деді Керей, «осыдан үш-төрт жыл бұрын Алшынның ауылының бес мыңдай жылқысын қалмақтар жылқышыларын соққыға жығып айдап кеткенде, үстіне жолаушылап келе жатқан Ағатай кездесіп, соққыға жығылған жылқышылардан хабарды есітіп соңынан қуып жетіп барып барымташы қалмақтарды түгелдей аттарынан аударып тастап, олардың ат көліктерін жылқыға қосып айдап келіп өз адамдарының қолына өткізіп, өзі ауылына келген – ғой. Мен сүйттім деп айтуды ұмытып кетулі. Артынан қостағы жылқышылардың хабары елге тарап, Ағатайдың жылқыны қуып баражатқан жеті қалмақты ұрып жығып атынан аударып тастап жылқыға солардың жеті ерттеулі атын қосып айдап келгеніңді еліңе неге айтпадың дегенде –«оның несін айтам» депті деген әнгімесі елге тарап кеткен. Сөйткен Ағатай ғой бұл» - деп Керей күлді.Бурылды жүйткітіп жетіп барып атынан қарғып түскен Сүйіндік жүгіруімен барып, атынан енді түсейін деп жатқан Ағатайды аяғын жерге тигізбей ат үстінен көтеріп алып екеуінің құшақтары көпке дейін ажырамай тұрып қалды. Екеуі құмардан шықсын деп Керей мен Жәнібек бастаған топ жерге түсіп аттарының белдерін босатты. Көп күттірмей Ағатайды ертіп Сүйіндікте келді. Ағатай Адайға жақын келіп жасақты Бөрібайға тапсырдым деді-Адай басын изеді. Сүйіндік Керейге қарап Ағатай менің құрдасым, әрі ақреттік дос болуға ант беріскен досым. Ағатай мені екі рет ажалдан арашалап қалды дегенде-Ағатай сенде мені өлімнен алып қалдың ғой деп күңк-етті. Екеуінің сөзіне жұрт ду күлді. Сүйіндік қонақтарын бастап әкеліп өзінің үлкен ордасына ат басын тіреді. Қонақ күтуші елу-алпыстай жас жігіт қонақтарды қолтықтарынан сүиеп аттарынан түсіріп екіншілері аттарды ат қораға апарып орналастырды, Сүйіндік Керей мен Жәнібек бастаған қонақтарды өзінің үлкен сарайына бастап алып жүрді. Бөрібай бастаған жасақтар үш орынға бөлініп орналастырылды. Бөрібай жасақтың елу адамын сыртқы күзетке қалдырып белгілі мезгілде ауыстырып тұрды. Қонақтар жақсылап силанды. Күніге төрт–бес ту бие сойылып, сары қымыз суша сапырылды. Сүйіндік қонақтарын екі рет серуенге алып шығып өзен жағасына барып құс салып, аң аулап сеиіл құрғызды. Үшінші күні Маголстанның ханы Исан-Бұғыға ат-шаптырып Әбілқайыр ханның қарауындағы Керей мен Жәнібек және он мыңдай жасағымен алшынның батыры Адай бастаған қалың қазақ Талас өзенінің бойына көшіп келіп ерулеп жатыр. Қазір Талас өзенінің бойында қырық бес мыңдай түтін келіп, ат көліктерін тынықтырып, сіздің шешіміңізді күтіп отыр, әліде көшіп келетіндер көбейетін сияқты. Себебі Таласта ерулеп жатқан елге жан-жақтан күніге қазақ ауылдары келіп қосылып жатыр жуық арада түтін саны елу мыңға жететін сияқты. Керей, Жәнібек және Адай батыр бастаған қонақтар менің ордамда, сізбен сөйлесіп өздерінің жағдайларын баяндағысы келеді, сіздің хабарыңызды күтеміз деп – хабаршысын жіберді.Исан-Бұғы Моғолстанға хан болғанына да отыз жылға таяп қалғанды. Соңғы кездерде Исан-Бұғының ішкі жағдайлары да мәзді болмай тұр еді. Әкесі Уайс ұзақ жылдар әскер басы болып көптеген соғыстарда жеңіске жетіп ақырында Моғолстанға хан болған. Уайс ақ киізге көтеріліп хан болғаннан кейін ордасын осы Алмалыққа көшірген. Әкесі атақты Уайс хан өліп өз туысы Жұныспен хан тағына талас басталып, Жұнысты моголстаннан қуып, таққа өзі отырған еді.Осыдан бір жеті бұрын өзінің жиені Қашқардың ханы Сетәлі Қытайлардың жуық арада Құлжа, Қашқар қалаларына басып кіретінін, оларға қарсы тұрып соққы беруге күштерінің жетпейтінін, қытай әскерінің санының өте көп екендігін хабарлаған. Енді міне бүгін Қара Ертісті жайлап отырған Найман, Керейлерден де, арғы жағындағы Ойраттардың да шабулға шығайын деп жатқан хабары жеткен. Осылардың бәріненде қауіптірегі соңғы хабар болып шықты. «Жау жағадан алғанда ит етектен алады» -деген осы. Қытай мен Қалмаққа қарсы ел-үшін, жер-үшін соғысуға болар еді, ал мына іштен шыққан жауды тойтару ол өте қиын. Исан-Бұғы ойға қалды.Ақсақ темірдің ұрпағы мен Жағатай балалары бабаларын бір түнде қырып салғаннан бері бірімен-бірі қастасумен келе жатырған. Бұл қастық Самарқант тағына Әбусейт отырғаннан кейін күшейіп кетті. Ол енді Уайыс хан балаларының арасындағы қастықты пайдаланып, біріне-бірін айдап салып соғыстырып, әлсіретіп алудың жолдарын қарастырып жүргенін Исан-Бұғы бұрыннан да сезетінді. Міне бүгінгі келіп отырған үшінші хабарға қарағанда Әбусеиттің Иранға қашып кетіп, қазірде сол жақта жүрген Жұныс сұлтанды шақырып келісім жасаған. Жұныс сұлтанға көп жасақ беріп Моғолстанға шабуыл жасап, басып алатынға келіскен. Жұныс сұлтан жуық арада Шу, Талас өзендерін қуалай келіп Алмалықты басып алу жоспарларының жасалғандығын сол жақтағы тыңшысы арқылы құпия түрде хабарланып отыр. Қандайма болмасын жаулар туралы шабуыл жасағалы жатыр деген хабарларға айылын жимайтын Исан-Бұғы мына хабардан қатты тіксінді. Жұныста Уайыс ханның баласы. Моғолстан жері Жұныстың да жері, Моғолстан елі Жұныстың да елі. Сондықтан да Исан-Бұғы қатты шошыды. Басқа жаулардан да гөрі өз ішінен шыққан жау қауіпті. Ел іші екі жарылады. Жұныстың да бұл жерде жақтастары жетеді. Сырттан келетін жауға өзіңнің елің мен өзіңнің жеріңді қорға деп қол жинап, қасықтай қаның қалғанша күресесің. Ал өз ішіңнен шыққан жау ол Моғолстан халқының жауы емес ол тек қана өзіңнің қара басыңның, тағыңның жауы. Жұныс сұлтанның өзінің туысы Исан-Бұғыға соғыс ашуы, ол әкесінің тағы үшін екені Моғолстан халқына белгілі. Халыққа Уайс ханның қай баласының хан болғаны бәрі-бір емеспе бірі өліп бірі қалсын дейтіндері де бар.Бұдан отыз жыл уақыт бұрын, бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жылы әкесі Уайс хан өлгенде артында қалған екі баласы Жұныс пен Исан-Бұғы таққа таласты. Сонда бұларға ешкім арашашы болған жоқ араша емес екеуін төбелестіріп өшіктіріп айдап салған осы Моғолстан әмірлері емеспе еді. Енді Жұныс сұлтан келіп екеуі тағы айқасатын болса Моғолстан халқының кейбіреулерінің Жұнысты қолдайтыны анық. Исан-Бұғының әкесі Уайс сұлтан ержетіп ат тізгінін ұстаған кезде хан тағында әкесінің інісі Мір Мұхамед отырған еді. Мір Мұхамед хан мен Уайс сұлтанның арасы жақсы емес болатын. Уайс сұлтан ержете бастаған кезінде көптеген ержүрек жігіттерді бастап аламан жорықтарға шығып атағы жайыла бастады. Сондай бір жүрістерінің кезінде Түркістанның хакімі қыпшақ Шаих-Нұридин мен кездесіп қалады. Шаих-Нұридин Уайс сұлтанды ордасына апарып қонақ етіп бірі мен бірі дос болады. Тек достық емес Уайс сұлтанға өзінің қызы Дәулет-Сұлтан-Сақынажды ұзатып өзіне күиеу бала етіп алады. Одан Уайстың ұлы Жұныс сұлтан туғанды. Шаих-Нұридин Мір Мұхамед пен көптен бері араз еді. Араздықтың соңы жаулыққа ұласқан. Сондықтан да болу керек Шаих-Нұридин өзінің күйеу баласы Уайс сұлтанды Мір Мұхамедке жасақ беріп әлденеше рет соғыстырған болатын. Бірақ сол кезде күшті жасағы бар Мір Мұхамед үнемі жеңіске жетіп отырды. Мір Мұхамед бір мың төрт жүз жиырма бесінші жылы өз ажалынан өлгеннен кейін Уайс сұлтанның қолы Моғолстан тағына жетті. Міне қаншама уақыттан бері әкелері бірі мен бірі жауласып келе жатқан Жұныс пен Исан-Бұғы да достаса алмаған еді. Сол Жұнысты Самарқанттың ханы Әбусейт қолтығына су бүркіп Моғолстанға айдап салып отыр.Исан-Бұғы ақыл таба алмай бүгін хан кеңесін шақырған болатын. Осындай қалың ойда отырғанда үйге келген дәиекші жігіт, сыртта Сүйіндік сұлтаннан шабарман келіп тұрғанын хабарлады. Ойы бөлінген Исан-Бұғы тағы не болып қалды, әліде Әбілқайырда Моғолстанды басып алсам деп жүргендердің бірі еді, сол аттанды ма екен деген суық ой келгенде тұла бойы түршігіп кетті. Даяшыға қарап «кірсін» - деді. Үйге сәлем беріп жас шамасы отыздардың ішіндегі, шашын тықырлатып қырыққан, ортадан жоғары бойы бар, үстіне жеңіл етіп тоқылған жеңсіз сауыт киген жігіт кіріп, қолындағы тобылғы сапты қамшысын омырауына қысқан күиінде Исан-Бұғыға иіліп тәжім еттіде бір тізесін бүгіп отыра кетті. Тізе бүгіп отырғаннан кейін аман-сау жүрсізбе хан ием, мені сізге өзіңіздің қарауыңыздағы Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырза жіберді деп Исан-Бұғыға қарап, кідіріп қалды. Исан-Бұғы – қай рудансың деп сұрап еді Алшынмын деп жауап берді. Ал кәне хабарыңды айта бер жүрісің жайшылық па өзі – деді Исан-Бұғы. Жайшылық хан ием. Әбілқайыр ханның қарауындағы қазақ ұлыстары Керей мен Жәнібек бастаған қалың ел Талас өзенінің жағасына келіп ерулеп жатыр. Ол елді бастап келген Жанібек, Керейлер және оларды 10 мыңдай қарулы жасақпен қорғап алып келе жатқан Алшыннан шыққан қарақыпшақ Қобыландының серігі Адай батыр. Осыдан бір-екі күн бұрын Сүйіндік хакім сізге келе жатқан Жәнібек, Керей, Адай бастаған елу-алпыстай қазақтың би-сұлтандарын кідіртіп қонақ жасап, ұрықсат болса сізге ертең өзі бастап келмекші. Осы хабарды жетістіріп сіздің жауабыңызды алып кел деген тапсырмамен келдім деп орнынан тұрып ханға қарап бас иіп тәжім етті де – «олардың негізгі мақсаты сізден түпкілікті қоныстанатын жер сұрайтынын айтарсың деді, Сүйіндік хакім деп тағыда иіліп тәжім етті. Исан-Бұғы уазірін шақырып мына келген жігітті жақсылап ауқаттандырып астына ат мінгізіп, үстіне шапан жауып бүгін кері қайтарыңыздар деді де хабаршы жігітке қарап, сен тамақтанып жүріп кеткен де Жаңғыға қашан жетесің деп сұрады. Егерде ат-көлігім жараса кідірмей жүріп отырсам сар жұлдыз туа жететін шығармын деді. Исан-Бұғы өзің жарасаң ат көлігің жарайды деп уәзіріне суытылып жүрген аттың бреуін беріңдер деді-де барған бойда Сүйіндікке оңаша айтарсың ертең ерте шықсын, бесінге дейін жетіссін, менің өзімде нөкерлеріммен Қара-Құдықтың басынан қарсы алатын шығармын деп хабаршыны шығарып жіберді. Хабаршы жігіт шығысымен өзінің шаруашылық басқарып жүрген Бұхарбекті шақырып алып шұғыл түрде улкен арбаларды үстінде тігулі тұрған алты қанат ақбоз үилердің жиырмасын және менің көшпелі ордамды ішіндегі толықтай жасаулары мен қазір жүргізуді, әрқайсысындағы күтуші қыз-келіншектері мен Қара Құдықтың бергі жағындағы Тепсеңді ойға апарып орналастыруды тапсырды. Мал шаруашылығын басқарып жүрген Бердібекті шақырып сойыстыққа жабағы тайлар мен ту биелерді және уақ малдарды жылқышылар мен қойшылардың қостарын Қарақұдықтың басына тіктіріп малдарды сол жерге жетістіріп қоюды және үш жүз құлынды биені апарып желі тартуды, ертең түске дейін осы жұмыстың бітіп даяр болуын міндеттеді.Бір шай ішім уақыт өтпей-ақ үстіне аппақ киіз үйлер тігулі тұрған күймелер әр қайсысы қос нарға жегітіліп жолға шығып кетті.Исан-Бұғы қуаныштан жарыла жаздады. Бұрын Әбілқайыр ханға ел ішінде қарсылық бар, оларды бастап жүрген Керей мен Жәнібек деп естігенді. Тап мынадай қазақ елі біргіп, ханнан қостарын ажыратып Моғолстанға жер сұрап келеді деген ой үш ұйқтаса түсіне кірмеп еді. Енді міне көктен сұрағанын құдайдың өзі жерден тауып беріп отыр. Әсіресе Алшынның жас батыры Адайдың он мың қолды бастап келе жатырғанын естігенде жүрегі қуаныштан жарыла жаздады. Соғыстың тәсілдерін өте жақсы білетін, және тиімді қолдана алатын, ұшқыр ойлы, соғыс кезінде табан астында адам ойлап таппайтын шешімдерге барып тамаша жеңістерге жететіні елге аңыз болып тарап кеткен еді. Сол Адай қол бастап Моғолстанға достық сапар мен көмек сұрап келе жатқанына Исан-Бұғы қуанбай кім қуансын.Исан-Бұғы шақырылған тағанақ кеңесін ықшамдап өткізді де сұлтандарына қарулы жасақтарын жинақы түрде ұстап өзінен хабар күтуді тапсырып таратты. Әуелден елдің жайын ақылдасып шешіп жүрген Үйсін Қастек биді және Мір Сейтәлі, Мір Мұхамед-Шаих, Мір Сартақ, Мір Бұғыларды алып қалып, Жәнібек пен Керейден жаушы келгенін қазақ рулары бірігіп бөлек мемлекет құру мақсатында Моғолстан жеріне көшіп келіп жатқанын негізгі мақсаты тұрақты орналасуға жер сұрайтынын хабарлады. Үисін Қастек би Исан-Бұғыға қарап – «Бұл көшіп келе жатқан қазақ рулары біздерге жат адамдар емес. Біздер мен туыс ел екендігін естен шығармаған дұрыс. Оның ішіндегі әскербасы Алшын Адайдың атағы бүгіл Орта-Азияны жайлап отырған елге белгілі болып қалған адам. Оның ерліктері қазірдің өзінде елге аңыз болып таралып кеткен азамат. Өзіңіз айтып отырсыз қарақыпшақ Қобыланды да Әбілқайырдан қосын бөліп елін Қобдаға бастап алып кетіпті деп. Ал сол Қобыланды мен Адай бір-бірінен ұзақ уақыт ажырап кетпейді, қайтадан табысатынына күмән келтіруге болмайды. Сондықтан бұл көш бізге Алланың жіберген сыйы екенін білуміз керек. Қазірде жау бізді жағадан да, етектен де алып тұр. Қазақ елі бізді қорғауға келе жатыр деген түсінікте отырмын, сондықтан бұларға Моғолстанның тең жартысын бөліп берем десеңде артықтық етпейді»- деп сөзін аяқтады. Ханның қасында отырған әмірлері Қастек бидің айтқанын қостады. Көшіп келе жатқан қазақ елін Қалмақ, Қытай шабуыл жасайды-ау деген бағыттағы жерлерді түпкілікті беруді ұсынды. Бұл ұсынысты хан Исан-Бұғы қабылдады. Осыған келісіп алғаннан кейін Исан-Бұғы қонақтарды Қара-құдықтың бергі жағындағы Тепсеңді ойдан қарсы алуға жасалып жатқан шаралармен таныстырды. Енді ертең Тепсеңді ойға өздеріңізді алып, басқада сұлтандар мен билерді ертіп өзімнің жүргенім қалай болады, болмаса Қастек аға өзіңіз бастап барып сол жерден төрт-бес күн қонақ етіп содан соң ордаға әкелген дұрыс болама? - деп Қастек биге қарады. Қастек би кідірместен Егерде қонақтарды Тепсеңді ойдан қарсы алатын болсақ, онда бізді бастап өзің жүріп, барлық шаруаны сол жерден шешіп қайтарғаныңыз жөн. Ордаға алып келіп тағы қонақ күтіп жатқанның реті жоқ сияқты – деді. Бұл ұсынысты Исан-Бұғы дұрыс деп тапты. Ертесіне Қастек би бастаған қасына әмір сұлтандарын алып Исан-Бұғы Тепсеңді ойға жүріп кетті.Сүйіндік хабаршыдан Исан-Бұғының тапсырмасын естігесін келесі күні қонақтарын бастап Моғолстан ханының күтіп алам деген жері Қарақұдыққа беттеді. Адай, Ағатай бастаған жиырмашақты батырды алып қалып қалғандарын кері қайтарды. Сүйіндік бастаған Керей мен Жәнібек тобы Қарақұдыққа бес-алты шақырым жер қалғанда қонақтарды күтіп тұрған Мір Сеитәлі бастаған топ та алдарынан шықты. Қарсы жолыққан адамдар аттарынан түсіп жаяулап келіп бірімен бірі құшақтасып көрісіп аман-саулық алысқаннан кейін Мір Сеитәлі қонақтарға қош келіпсіңін айтып, Исан-Бұғы ханның өзі бастап сіздерді қарсы алуға Тепсеңді ойға үй тіктіріп, күтіп жатқанын хабарлады. Жолды өзі бастап алып жүрді. Тепсеңді ойға жақындай бергенде алдарынан бір топ атты адамдар көрінді. Топтың алдында, үстінде жеңіл зерлі шапан киген сом алтыннан құиылған деңмент белбеу буынған, басында зерлеп тастаған ықшам шошақ төбелі қалпақ киген жолбарыстың терісінен жасалған олбыр тоқымның үстінде таза күмістен құйылған алдыңғы және артқы қастарына алтын жалатылған ер, ердің үстінде бұлғын терісінен бұлық көпшік салынған құла жирен арғымақтың үстінде қазықтай тіп-тік болып отырған Исан-Бұғы хан көзге бірден түсті. Хан тобы жақындай бергенде Керей мен Жәнібек тобы түгелдей аттарынан түсіп келе жатқандарға қарай жаяу жүрді. Керейлерге таяла бергенде Исан-Бұғы атынан түсті. Қасындағы еріп келе жатқан нөкерлері де түгелдей аттарынан түсіп іркіліп тұрып қалды. Исан-Бұғы ғана кележатқандарға қарай бір-екі адымдап кідірді. Алдыңғы келе жатқан Керей, Исан-Бұғыға тағызым жасап қолдасып амандасты. Одан кейін Жәнібек, Адайлар бастаған топ түгелдей ханға сәлем беріп амандасудың ишараларын жасады. Содан соң ханның ерткен нөкерлері келіп көрісіп амндасты. Амандасу аяқталғаннан кейін Исан-Бұғы хан қонақтарына қарап –«қош келдіңіздер қазақ бауырларым, қадамдарыңыз құтты болсын» деді. Керей «айтқаныңыз келсін Моғолстан халқының ұлы ханы Исан-Бұғы мырза»-деп жауап берді. Айтқаныңыз келсін деген бірнеше дауыс қосарлана естілді. Исан-Бұғы бастап қонақтарын қаз-қатар орналасқан көк арбалардың үстіндегі ақ ордаларға қарай беттеді. Ханның қызыметшілері келген қонақтарды рет - ретімен ақбоз үилерге бөліп орналастырды. Исан-Бұғы - Керей, Жәнібек, Адай, Ағатай бастаған батырлар мен ру-басыларын өзі бастап ортадағы онсегіз қанат ақ ордаға кіргізді. Мұздай тепсеңде тігілген орданың ішінің қоңыр салқын таза ауасы көңілді жайландырып жіберсе, саумал қымыздың исі көкірегіңді жайлап тәбеттіде ашып жіберген сияқтанды. Ордаға жайылған қызғылт-қоңыр парсы кілемнің үстіне қалыңдығы қарыстай құстөсектер төселіп үйдің ішіне жағалай құшақ толатын мамық жастықтар тасталыныпты. Қонақтар төрге жайласқасын сырлы зереңдермен ішіне киіктің мүиізі мен бал қосып пісіріп, тобылғының түтінімен ысталған күбіде ашытылған жылқы сүтінің үстіне саумал қосылған салқын қымыздар әкелінді. Таңертең ерте шығып шөліркеп келген қонақтар бірінші зереңді ішіп жібергенде тұабойлары бусанып, денелері жазылып қоя берді. Екінші зереңдермен әкелінген қымыздар да орталанып ішілді. Күніге жас жабағының етімен, уыз татыған сары қымызбен күндіз өзен жағасынан қаз, үйрекке қаршыға салып көңіл көтеріп, кейбір күндері құлан аулап Исан-Бұғы хан қонақтарын бір жеті қонақ етіп силады. Бір жеті өткенсін Керей осыншама құшақ жайып қарсы алып қонақ еткендеріне алғысын айтып рұқсат болса қайтқыларының келіп отырғанын білдірді.Исан-Бұғы қонақтарына қарап – «ал енді қазақ бауырларым кел демек бар да, кет демек жоқ деген бар, бүгін қонақасыларыңызды жеп, ертең сәрсенбінің сәтіне аттанарсыздар, енді маған тіреліп келген жұмыстарыңызды айта беріңіздер» - деді.Керей – «бізің келіп жатқан шаруаларымыздың жайын өзіңізде есітіп жатқан шығарсыз. Әбілқайыр хан мен келісе алмадық. Осы кезге дейін бір хандықтың туының астында, «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жеңнің ішінде» болып кеткендіктен ат құйрығын кесіп шыққан мен соғыс ашып жазықсыз халықты налытуға батылымыз бармады. Өзі бастап қан төгіске бара қалса оғанда дайындығымыздың болғанын жасыра алмаймыз. Не де болса тәуекел деп отыз жылдан бері хандық құрып келе жатқан әуелден де аралас өскен ел болғандықтан, көкірегімізден итере қоймас деген ақ ниетпен көшті бастап келіп қалдық. Сіздің бізді алдымыздан мынадай дайындықпен өзіңіз бастап қарсы алып, қол қусырып күтіп алғаныңыздың өзінен бізге деген ақ ниетіңізді байқап отырмыз. Осыдан он бес күн бұрын сіздің жердің шетіне Талас өзенінің жағасына қырық мың үймен келіп ерулегенбіз. Бүгінгі өзіңіз көрген жігіттің әңгімесіне қарағанда түтін саны елу мыңға таяп қалғанын хабарлады – дегенде Исан-Бұғы ішінен түтін саны елу мың болса құрығанда елу мың қол шығады – деген ой басына келгенде көзінен қуаныштың белгісі білініп барып қайта басылды. Сонымен – деді Керей, сөзін жалғасытырып бізге жақсылық етсең бүтін ет деген бар, елу мың үй немесе екі жүз елу мың халқымыз бар, осыған түпкілікті орналасатын қоныс сұрай келдік – деді. Бұл әңгімеден мен хабардармын. Біздер сіздерді бөтен дей алмаймыз. Біз тілі бір, түрі бір, діні бір елдерміз. Сондықтан мен сендерге өз жерімнен түпкілікті қоныстанатын жерді беремін. Осыған орай меніңде сіздерге қоятын талабым бар, сол талап орындалатын болса менен қарсылық болмайды – деді. «Қолымыздан келсе біздер сіздің талабыңызды орындауға даярмыз» - деді Керей. Олай десеңіздер сіздерден жасыратыны жоқ қазірде Моғолстан жеріне сырттан да іштен де жаулар төбе көрсетіп жатыр дей келіп – ішкі және сыртқы жағдайларды толығымен жасырмай айтып шықты. Осы жауларға бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігіп күресуге, әсіресе бізге соғыс ашуға даярланып жатқан Қытай мен Қалмаққа қалқан болуды ұсынамын, бұған қалай қарайсыздар – егерде осыған келіссеңіздер, бұдан былай бірлігіміздің ажырамауына ант береміз – деп аяқтады. Керей Жәнібекке қарады, Жәнібек Адайға қарады. Адай керейге қарап қарсылық жоқ дегендей ізет білдірді. Керей Исан-Бұғыға қарап бізің еліміз толық сиып орналаса алатын жер берілсе біз достыққа да, жауға бірігіп шабуға да даярмыз, антымызды беруге қарсылығымыз жоқ – деді. Онда - деді Исан-Бұғы, сіздерге Шу, Бадам, Сарысу, Талас өзендерінің бойы, Қаратаудың Моғолстанға қарайтын жағы мен Қозыбасыны түпкілікті беретінін айтты. Екі жақта бір-бірімен құшақтасып тұрып ант етісті.Исан-Бұғы екінші ұсынысын айтты. Екінші әңгімем – деді Исан-Бұғы Алшынның жас батырын өзіме күйеу бала етіп алғалы отырмын. Менің оған Бек-Бұғының қызы Айымнұрға келгелі Адай батырдың көзі түсіп жүр деген әңгімені естідім. Егер Адай шын ұнатып жатса қарындасым Айымнұрды қосып тойын жасап аттандырғым келіп отыр дегенде, Керей мен Жәнібек бастаған қонақтар айтқаның келсін, құда болудан біздер қашпаймыз, егер Адай мен Айымнұр бірін-бірі ұнатып жатса болды - деп, бәрі де Адайға сұраулы жүзбен бұрылып қарады.Адай Керей мен Жәнібекке қарап, мен Айымнұрды екі жылдан бері білемін. Бек-Бұғы атамыз бір-екі жыл бізің әкелерімізбен қоныстас болды. Сол кезден бастап бір-бірімізді танимыз. Келгелі кездесіп әңгімелескенбіз. Сөз байласқанымыз да рас. Бірақ тап бүгін шешіледі- ғой, деп ойлағанымыз жоқ. Егер де Айымнұр келісіп жатса менің қарсылығым жоқ деді. Қонақтар қуанысып қалды. Жеңгелері Айымнұрмен де сөйлесіп үлгерген болуы керек, қыздың да келісім бергені белгілі болды. Той осы жерде өтетін болып белгіленді. Жәнібек пен Керей және Адай бастаған топ шұғыл кері қайтып, қалыңмалдары мен түрлі жора-жоралғыларын алып бір жетіден кейін келетін болып елге аттанды. Исан-Бұғы да ағасының ауылын алдырып, тойды осы жерден өткізіп, қызды осы тепсеңді ойдан ұзататын болып, той дайындығына кірісіп кетті. Айымнұр Бек-Бұғының қызы болғанмен інісі Исан-Бұғыға атап еншілеп берген баласы еді. Анда-сонда әкесінің үйіне де қыдырып барып тұратын, көбінесе өзінің үйі болып саналатын Исан-Бұғының қолында болатынды.Бек-Бұғы осы өңірдегі ірі байлардың бірі еді. Сонымен қатар, мінезі жайлы, елге қайырымды, мырза кісі болатын. Өзінің үйіне тіктеп келген қонақтардың ішінде көлігі жоқтары болса ат мінгізіп жіберетін. Осындай қасиеттеріне байланысты Бек-Бұғыны ел қатты қадірлейтінді. Өзінің халыққа жағымдылығына байланысты жұртшылық атын өзгертіп, Бек-Бұғының орнына Бек-Сұлтан деп атап кеткен болатын. Исан-Бұғы төрт-бес күннің ішінде тоғыз-қанат етіп қыздың отауын ішіндегі жасауымен және алты қанат ақ киізден жабылған жеті үйді қызбен бірге баратын қызметші қыздары мен күңдері үшін даярлатты. Моғолстанның ру басылары мен би-сұлтандарын тойға шақырып хабар жіберді. Тепсеңді ойға бес жүздей үй тігілді.Керейлер де тоғыз нарға тарту-тарлғыларды тиеп, қалың малы үшін тоғыз айғырдың үйірін айдатып жолға салды. Адай келген бойда Қобыланды батырға хабар айтып, Исан-Бұғы ханға құда болып бару үшін шұғыл шақырып Ырғызға ат шаптырды. Керей ел аралап кеткен Қазтуған мен Қасымды іздеп тауып шақыруға адамдар аттандырды. Үшінші күн дегенде қасына қыпшақтың екі батырын ерітіп Қобыланды келді. Олардың соңынан көп ұзамай Қазтуған мен Қасымда келді. Сонымен бас құда қылып Қазтуғанды белгілеп, Жәнібек, Қобыланды, Керей Қарақожа батыр, Найманның ақ-иығы Қаптағай және Адайға күйеу жолдас болып өзінің туысы Таз, Керейдің үлкен баласы Бұрындық және Жәнібектің баласы Қасым сұлтан еретін болды. Керей мен Ағатай батырлар елді көшіріп Исан-Бұғының түпкілікті берген жеріне орналастыру жұмысымен келінді Қазыбасынан күтіп алу жабдығы мен айналысатын болып қалды. Уәделі күні қарға бойлы Қазтуған бастаған құда күйеулерді Исан-Бұғының бір топ адамдары қозы-көш жерден қарсы алды. Бек-Бұғы мен Исан-Бұғы келген құдаларды Исан-Бұғының ордасына әкеліп түсірді. Күйеулерді жолдастарымен бөлек отауға орналастырды. Той оншақты күнге созылды. Ат бәйгесіне сексендей ат қосылды. Бірінші бәйгені Қобыландының бурылы алды. Екінші бәйгіні Исан-Бұғының құласы алды. Үшінші бәйге Найманның жиреніне берілді. Бірінші бәйгеге тігілген тоқсан нарды Қобалынды ошақ басына қалдырды. Күрестен Керейдің баласы Бұрындық шыққан палуандарды түгелдей жығып бас бәйгені иеленді. Бұлардан басқа атан жарыс, жаяу жарыс, жамбы ату, көкпар тарту сияқты бәйгілі ойындар өткізілді. Он бірінші күні сексен нарға жүктерін тиеп, жиырма шақты қызметші қыз-келіншектерімен малшы-жалшыларымен Айымнұр ұзатылды.Керейде Қозыбасына алты жүздей үй тіктіріп, отыз айғырдың үйірін байлатып, сойыстық жылқыларды оның ішіндегі қысырдың тайларын бөлектеп, бес жүздей сауын түйені бір орынға жинақтап, сауыншылардың қостарын той өтетін ауылдан 6-7 шақырымдай жерге тіктіріп шұбат дайындатты. Шұбат құйылатын еменнен жасалған күбілерді тобылғының түтінімен ыстатып шұбатты дұрыстап баптайтын адамдар бөлінді. Жылқының қымызы сабаларға құйылды. Шұбат пен қымызды таситын әдейі қырық арба, оны сүйрейтін сексеннің үстінде бұрын арба сүйреп жүрген аткөліктер бөлінді.Жәнібек бастаған қызды алып келуге кеткен құдалар ауылға бір күн бұрын келіп тойдың дайындығымен танысып көңілдерін бірледі. Бір күннен кейін қыздың көші де келіп жетті. Ат шаптырым жерден келінді қарсы алуға жүз қаралды қыз-жігіттер салт атпен алдарынан шығып келіннің жан-жағын қоршалай жүріп отырып, аттың үстінде тартылған домбыра мен шырқалған әндер көштің сәнін келтіріп салтанатын көтеріп тастады. Салтанатты көш ауылға жақындай бергенде келін күймеден түсіп, қыз келіншектердің ортасында алтындаған сәукелесін киіп, алтын жіптен тоқыған шытырасын бүркеніп жаяу қозғала бастады.Осы кезде ауылдан бір топ бәйбішелер алыстан қарағанда сарыала қаз сияқтанып, аяқтарын мамырлай басып келіннің алдынан шықты. Алтын теңгеден шашулар шашылып, көп кідіртпей қызметші қыздарымен бірге ортада тігілген Қыдырқожаның үйінің есігінің алдындағы ағаштан жасалған көлемі он алты қанат киіз үйдің орнындай сәкіге жайылып тасталған парсы кілемдерінің үстінде бір топ қыз нөкерлерімен келін көтерілді. Сәкінің үстіндегі алдыңғы жағына қойылған кұмістен құйылған орындықтың үстінде отырған қарға бойлы Қазтуған келіннің бетін ашты. Қазтуғанның дауысы зор еді, бүкіл тойға тігілген үйлерге естіліп жатты. Сөйтіп, Байұлы - Ұлы Шыңғысханның екінші баласы Жағатайдың бесінші ұлы, Мұхамед ханның шөбересі, атақты Уайс ханнан туған Моғолстанның қазіргі ханы Исан-Бұғы мен Құдайласқан құда болып алды.Той қызығы басталып кетті. Қозыбасындағы ұзындығы ат шаптырым қаражалдың басында жағалай үш ұлыстың ең аталы ауылдарының ақшаңқаң отаулары тігіліп, көңілді көргеннен тойғызатын қыз-келіншектері иіліп-бүгіліп қонақтарын күтіп бәйек болуда. Тігілген алты жүз үйдің қай-қайсысының да төрі қонақтан босамады. Әр үйдің алдындағы жер ошақтағы алты құлақты тай қазандарда жабағы мен бағыланның еті бүлік-бүлік қайнап жатты. Үй сайын гүрсілдеген саба дауысы естіледі. Қайда қарасаңда ығы-жығы адам, ығы-жығы ат. Түнде қарасаң ұзын жалдың өне бойы лықа толы жұлдыздай самсаған көп от маздап жатты. Қайда қарасаңда көңілді көтерер көрік пен сән. Үнемі тұмсығыңа көкірегіңді ашар тәтті иіс келеді. Қалай қарай құлақ тоссаң да аспан астын шатыната шырқалған ән, күмбірлеген күй, сыңғырлаған күлкі көңіліңді көтеріп тұла бойыңды сергітіп тастайды.Ұшы-қиыры жоқ даланың жан-жағына түтін иісін таратып, ызғындай елдің қара жұртына енді айнала бастаған Қозыбасы тап сол күндері жапырағы жайылған үрім-бұтағының жан-жақтан жамыраса табысып, қатар отырып, амандық-саулықтарын сұрасып, бір дастарқаннан дәм татқандарына қуанып жатқандай сияқтанды. Бұл тойдағы ат жарысынан тағы да бірінші болып Қобыландының тайбурылы келді. Күрестен тағы да бас бәйгені Бұрындық алды. Қызығы мол думанды той бір жетіге дейін созылып, тойға келген қыз-бозбалалар бірін-бірі қимай тарасты. Кейбір рубасылары құда болуға сөз байласып келісім жасап ажырасты. Тойға қатынасқандардың көңілінен тойдағы қызық суреттер көпке дейін шықпай жүрді. «Тойға апарып тіккен пәленшекеңнің отауының сәнін, салтанатын, дастарқанын – айтсайшы, пәленшенің бәйгіден озып келген атын айттағы, түгеншенің жауырыны жерге тимейтін палуанын айтсайшы» - деген кеу-кеу әңгіме алты алашқа тарап жатты.Қазақстанның халық жазушысы, қазақ тарихының ірге тасын қалаған ғалым – Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесінде» атты еңбегінде: - «Қазақ ордасы бұрынғы Алтын орданың» шығыс бөлігі Көк Орда жеріне біржола орнығады, ежелден ата мекенінде отырған түрік-қыпшақ рулары енді қазақ ұлттық есімге атығады. Қазақ орадасындағы халықтың ұзын саны бір миллионнан асады. Ол заманда жұрты бір миллионнан асқан ел әлемде некен-саяқ болатын.Қазақ Ордасының құрылуы, соның нәтижесінде қазақ аталатын халықтың тарих сахынасына шығуы – бір жұрттың екінші жұртты жаулауының, белгілі бір тайпалардың жаңа қонысқа келіп, жаңа патшалық орнатуының нәтижесінде жүзеге асқан іс емес. Бұл – тілі бір, діні бір, салт-санасы ортақ туысқан рулардың, яғни этникалық тұрғыдан алғанда біршама қалыптасқан қауымның жаңғырған орда құрамында қайтадан топтасуы болатын.Көне түрік қағандығы – біздің түп тамыр, әуелгі ұлы мемлекетіміз - Алтын Орда, одан соңғы бабаларымыз орнатқан ұлысымыз – Көк Орда, қазақ жұртының этникалық бірлігіне жол ашып, мемлкеттік жүйесін қалыптастырған, туған әкеміз десек, Қазақ Ордасы біздің өз есімімізбен көрінген, халықымызды этнос ретінде бір жола орнықтырған құрылым болады» - дей келіп – «Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйтқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттіңде негізін салушы. Қазакқ Ордасының құдыретті әміршілері, қазақ халықының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ Назар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер-Есім хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары» - деп көрсетеді.Қазақ мемлекетін өздерінің ұйымдастыру қабылеттерінің молдығымен және саясаткерлігімен құрған Керей мен Жәнібек болса, үшінші адам Алшыннан шыққан жүрек жұтқан батыр тұңғыш құрылып жатқан Қазақ Ордасын өзінің жасы ұлғайып төсекке отырып қалғанша жауға алдырмай, жасы ұлғайып жорықтан қалған кездерінде көрегенділігімен, ақылдылығы мен парасаттылығын жоғалтпай ел тізгінін берік ұстауға үнемі ақыл айтып, бата беріп, сөзін елге тыңдатып отырған, данагөй қарт болып өз ажалынан 115 жасқа келіп дүниеден өткені бізге жазбалы деректерден белгілі – Адай кім деген сұраққа байланысты бір-екі ауыз сөз қыла кетейік.Адай туралы шежіреші қарттарымыздың жазбалары мен ауыз-екі әңгімелеріне, аңыз дастандарына назар салсақ немесе Маңғыстаулық белгілі жыршы және шежіреші Айтқұл Шманұлының жазбасына үңілсек:«Жаратылған түбіміз – Адам – Ата Сафиолладан, делінеді. Одан Абыл мен Қабыл туады. Олар соңынан бірін-бірі өлтіреді. «Абылды Қабыл өлтіріп, қастасқан кәуір бізіңмен» деген жырдағы әңгіме осыдан шыққан. Нухыдан – Яфес, Хам, Сам тараған. Осыдан соң арабқа сіңісіп кеткен Назар атты жетім баладан бастайды. Мәлік туады, Мәліктен Әнес атамыз болған деп көрсетеді. Әнестен Жебелі, одан – Мағаз, Мағаздан – Сахи, Жайыл туған. Жайылдың орыс әйелі егіз бала туып, олардың аттары Естек, Ноғай аталған. Екінші әйелі қыпшақтың қызынан Қырым және Қараноғай атты екі бала болған. Үшінші әйелі де қыпшақ қызы болған. Одан Ақшолпан, Құрай деген екі балалы болған. Ақшолпаннан Жайылхан туған. Құрайдан сегіз арыс Сейілхан туған. Сейілханнан Түрікпендер тарайды.Жайылханнан – Майқы, Мүйтен, Майқыдан - Өзбек, Жаһан, Түмен туылған. Түменнен – Айырқалпақ, Келемек туған. Айырқалпақтан – Қазақ, Созақ, туылған. Созақтың әуелгі аты Разақ болған.Шежіре жалғасында Қазақтың Елеуінен – Алаш, Маңғыбай деген екі бала болған. Алаштан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туылған. Бекарыс – Мөңке биден – Алшын, Кеншін туған.
Алшыннан – Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа. Нәдірқожадан – Қаракесек, одан - Әлім, Шөмекей. Әлімнен – Аманақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнақ, тоқалынан – Түмен, Түменнен – Байсары, Кішкене, Байсарыдан – Кете. Бұл – алты аталы Әлім. Шөмекеден төрт бала – Тоқа, Көнек, Асбан, Бозғыл деп көрсеткен.
Сәдірқожадан – Арғымақ, Арғымақтан – Тілеу, Рамазан, Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы. Бұл жетеуін «Жеті ру» - деп атайды.
Қыдырқожадан – Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық. Қыдырқожа бай болғандықтан оны «бай» - деп, одан өрбіген тұқымды байұлы деп кеткен. Он екі ата бай ұлы деп аталатын тараулар осылардан тарайды. Олар екі жолмен құралады.
Сұлтансиықтан – Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт;
Қыдырсиықтан – Ысық, Жаппас, Беріш, Таз, Есентемір, Шеркеш, Адай – дей келіп, он екі ата Бай ұлы осылар деп көрсетеді.
Қыдырқожа байдың бәйбішесінің немере сіңлісі Қанбибіні Елтайға қосып содан Адай туған деп нақтылайды. Бұл Айтқұл Шманұлының дерегі.Енді белгілі «Адайдың Алшыны» атанған Алшын Меңдалыұлының Алматыдағы «Информ-А» баспасынан 2002 жылы шыққан «Адай шежіресі» еңбегінде (8 бет) – «Қыдырқожа бай Елтайдың қайраты мен ерлігіне өте риза болып оған бәйбішеден туған жалғыз қызы Қанбибіні береді. Қанбибі екі қабат кұнінде Елтай жауған аттанып кетіп, сол сапарынан оралмайды. Бай Елтайдың жаудан қаза болғанын есітіп, қаза болған күйеуін қызына естіртуге ұйғарғанда, Орта жүздің аса беделді адамының бірі Әспенбет қарт тұрып: «Дүниеге нәресте келсін, сонан кейін естіртелік» - депті. Мұны бай мақұл көріпті. Айы-күні жетіп Қанбибі босанады, ер бала табады. Әспенбет қарт балаға Адай деп ат қойып, Қанбибіге Елтайдың жаудан қаза болғанын естірткенде Қанбибі жүрегі жарылып өледі. Осылай әке-шешесі өлген Адай жетім қалады да, оны Таздың шешесі емізеді. Сондықтан Адай-Таз деп қосылып айтылады деп көрсетеді.Маңғыстаулық қарт шежіреші Өмірзақ Қалбаевтың «Қосай ата» атты шежіре кітабында (Алматы.: Қазақпарат, 2003 ж. 22, 23 бет) Байқожа мен Қыдырқожа екеуі туыстас кісілер болғандығын, екеуінің де атақ-атамасында «бай» деген сөздің қосарланып Байқожа бай, Қыдырқожа бай болып аталуын байлық дәрежесін білдіретін қосалқы сөз болса керек – деп айтысады қарт кісілеріміз дей келіп: Мал дәулеттің, әрі балаларының да отау иесі болғандығынан болар, туыстас екі бай өз алдарына дербес ауыл болып отырады. Күндердің бір қуаңшылық жылында Қыдырқожа бай ағасы Байқожадан бөлініп, Сыр бойына қарай қоныс аударып кетеді де, Байқожа қалмақ жерімен шектес қонысында отырып қалады. Қашаннан да қалмақ жұртының қазақтармен жауласуы қалмаған ел болса керек. Күндердің бірінде Байқожа байдың ауылын төңірегіндегі қазақ ауылдарымен қоса Қалмақтар шауып, дүние мүліктерін тонап, малын айдап алып кетеді. Сол шапқыншылықта Байқожаның Ата, Қалпақ, Естай атты үш баласын қатар өлтіріп, әйелдері шулап жесір қалады. Бір жақсысы, сол күні аңға кеткен Елтай бала бұл шапқыншылықтан аман қалады. Кештетіп ауылына келсе, шабылған ауылдың орнында шуласып жеңгелері отыр, ағалары өліп жатыр. Содан қалған ел адамдары болып өлілерін жайлап, тірі қалғандары ағайын – туыс, жекжаттарын іздеп дегендей тұс-тұсқа тарай бастайды. Бұл тұстары бұлардан Қыдырқожа байдың айырылысқанына да бірталай жылдар өтіп кеткен болса керек. Іштерінен ең үлкені – Атаның әйелі қайнысы Елтайға «туысымызды іздейік» деп кеңес береді. Сөйтіп Елтай бала ағасы Атадан қалған Темір інісі мен оның шешесін және Қалпақ пен Естайдан жесір қалған, аяғы ауыр екі жеңгесін ертіп жолға шығады. Бір жақсысы бұл тұстары Қыдырқожа ауылы Сыр бойынан кейін шегініп, Қазығұрт тауын маңайлап отырған тұстары болса керек. Ақыры сұрай-сұрай Елтай бала Қыдырқожа байдың ауылын табады. Көп жылдан бері кездеспей, мал қызығымен қоныс қуалап жүрген туыстар қайта қосылады» - дей келіп – «Сонымен бұрыннан естіліп жүрген көне әңгіме ізін ықшамдап айтқанымызда, Елтай бала Қыдырқожа байдың Жәмби атты бәйбішесінен туылған Анайы атты қызымен көңіл қосады. Мұны сезген қыздың шешесі шалына айтып, «әдетімізге қисық болса да, шариғатымызғы түзу» деп Анайыны Елтайға қосады. Дегенмен «естір құлаққа ерсілеу» дегендей ұяттылау көріп, көп онша жария етпесе керек» - алға қарай әңгімесін жалғастырып кетеді.Өмірзақ Қалбаевтың бұл шежіресінде де Елтай жаудан өледі. Анайы босанғаннан кейін, Елтайдың өлімін есіттіргенде жүрегі жарылып өледі. Қалған жас баланың аты Адай деп қойылады. Таздың шешесі Адайды қосып емізіп өсіреді деп көрсетеді. Немесе Алшын Меңдалыұлының шежіресімен сабақтас.Бұл жерде біздің айтайын дегеніміз – екі шежіреші қарттың да бұрыннан келе жатқан біздерге дұрыс жетіспеген кейбір шежірелерді басшылыққа алып, Қыдырқожа бай өзінің туған ағасы Байқожаның баласы Елтайға өзінің жалғыз қызын Қанбибіні (Анайы деп айтылынады) атастырады немесе Елтайды өзінің немере қарындасын алады деп қисық шежіренің сілтеуімен қателескен сияқты.Жоғарыда көрсетіліп кеткен Айтқұл Шманұлының шежіресіндегі Қыдырқожа байдың зайыбы Жәнбибінің өзінің қолында жүрген немере сіңлісі Қанбибіні Елтайға қосып, содан Адай туады дегені жөнге келетін сияқты. (Тарихшы әрі шежіреші Әкрам Мұхитбердиевтің «Қазақ құрамасы» атты еңбегінде (192, 193 б.) Әбу Сейтқожаның ауылын қалмақтар шауып адамдарын түгелдей қырып кеткенде тірі қалған адамдардың ішінде Сейтқожаның қызы Қанбибіні немере апасы Қыдырқожа байдың бәйбішесі Жәнбибінің қолына алып, өзіне қыз қылып алғандығы жазылған). Осы дерекке Айтқұл Шманұлының да сүйенгені белгілі болып отыр. Сондықтан осы соңғы әңгімені шындық деп түсініп, басшылыққа алғанымыз жөн.Өмірзақ Қалбаевтың жазбалары халық аузынан алынған мен көптеген жерлері шындықтың фактілерімен ұштасып жатыр.Олай дейтін себебіміз – «Сонымен Адай бала жігіт боп, ат беліне мінгесіп, ұзамай-ақ ел көзіне түсіп, «Батыр Адай», «Балуан Адай» дегендей атағы асқақтап, таныла бастайды. «Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған» - деген халық мәтеліндей, Адай ата Бексұлтан төренің қызы Айымнұрдың көзіне түсіп, соған үйленіп бас қосады. Оған сенемізде. Ондағы ой тоқтатарлық дәлеліміз – Қалнияз ақын бір сөзінде «Аржағымды сұрасаң, төре нәсіл ер деген, нәсілім төре болғасын, қай жерімді кем деген?» - деп сөз етсе, Қашекең Тама Ізім шайырмын айтысында: «Мен төре нәсіл қыздан болдым» демей ме? Сондай-ақ Түмен ақын Балтабасұлы да «Төрт ата жері төренің, анамыз төре қыз екен» - деп сөзге қосыпты. Бұл үш ақынымыздың да төре сөзін ауызға алып мақтаныш етулері арғы шешесі Айымнұр әжеміздің төре нәсілінен екендігін еске салған болар деп ойлаймыз» - деп әрі қарай әңгімелеп кетеді. Қалбаевтың бұл әңгімелері тарихи деректермен астасып жатқандығын көреміз. * * *Адайдың үйлену тойы тарасымен алғашқы құрылған қазақ хандығының Керей, Жәнібек, Адай бастаған көш басшылары өздерінің бұрыннан араласып келе жатқан қоныстас отырған руларын бөлектемей елді орналастыру жұмыстарымен айналысып кетті.Адай өзіне ерген азғантай Алшын ауылдарын Шу өзенінің бойына Қазтуғанның ерітіп әкелген Қыпшақ ауылдарымен қоныстас орналастырды. Адайға ерген Алшын руларының онша көп болмау себебі Алшындардың көп бөлігі Еділ-Жайық бойында еді. Осы кезде көшіп келген қазақ ауылдарының саны елу бес мың түтінге таяп қалған болатын. Немесе адам саны екі жүз жиырма мыңның үстіне шығып еді. Осыншама қалың елді күзге дейін орналастырып болу жауапкершілігі Керей, Жәнібек, Адайлардың мойынына ілінді. Сонымен қатар, Адайға әр тайпадан жасақтар құрып оларды да сақадай сай күйінде ұстап, орналасқан қазақ елінің үш жағынан шекараны күзету жұмысы да тапсырылған болатын. Осындай қаурыт жұмыстар мігірсіз жүріп жатты. Сөйтіп қазақ елі бас аяғы екі жылдың ішінде Шу мен Сарысудан бастап Тарбағатай тауына дейін сұғынып орналасты. Елді Тарбағатайға дейін апаруға себепші болған Адайдың он мыңдай жасақ ерітіп сол жақтағы Уақ, Керей, Найман руларына барып, алғашқы қазақ елінің тұңғыш өз алдына хандық құрып жатқанын, қазақ болып бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш біріктіріп, сыртқы жаулардан барлық қазақ қосылып қорғанбасақ, ертең әрқайсысымызды бөлшектеп шауып, бұрымдымызды күң, тұлымдымызды құл ететінін түсінгендерінің арқасында құшақтарын жайып қарсы алып, қазақ ордасына қосылатынын айтып уәделерін берді. Адайды жібермей бір айдай қонақ етті. Ру басыларды жинап, Адайдың жасағына бес жүздей қаруланған сарбаздарын қосты. Сонымен бірге Қазақ жауынгерлеріне азыққа деп бес мыңдай қой ешкі, үш жүз түйе, он бес айғырдың үйірін бақташысымен қосып берді. Адай кетерінде Тарбағатай өңіріндегі елді қорғау үшін өздерінен шыққан бес жүз жасақтың үстіне бес жүз жауынгерін қосып, басшы етіп Бөрібай батырды қалдырды. Сондай-ақ Сарысуға келіп қоныстанып жатқан Жалайырдың бес жүз үйін көшіріп әкеліп, Найманның ауылдарына қоныстас қылып орналастырды. Адайдың бұл ісіне Тарбағатайды жайлаған қазақтар қатты қуанды. Қуанудың да үлкен себебі бар еді. Бөлшек-бөлшек болып отырған қазақ руларын бірде қытайлар келіп шауып кетсе, бірде топтасқан барымташылар келіп малын айдап кететінді. Бұндай зорлықты бастың бірікпегеннен екендігіне бұл жақтағы елдің де көзі жеткен еді. Енді міне атағы елге жайылған Адай батырдың өзі келіп, Керей мен жәнібектің қазақ хандығын құрып жатқанын хабарлап және осы жақтағы қазақ руларын жаудан қорғау үшін жасақ бөліп, оған атақты Жалайырдың батыры Бөрібайды бүкіл елімен Тарбағатайға қалдырғасын қалай қуанбасын. Тарбағатайдың қазақтары арқасын тамға сүйегендей болып қалды. Адай кетерінде Бөрібайға тосын жағдайлар болып жатса хан ордасына хабар беруді, жайшылық кездің өзінде де халықтың жағдайын екі ай сайын хабарлап отыруды тапсырды.Осы кезде қазақ ханы Керейге мағолстан ханы Исан-Бұғыдан хабар жетті. Амансанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларның үлкен жасағының Лепсіні айналып Қараталға бағыттап келе жатқанын хабарлапты. Жәнібек Сарысу жақтағы елдерге барып жағдайын білуге аттанайын деп жатқан кезі еді. Ол бағытты шұғыл өзгертіп қасына бес жүз жасағын ертіп Шу бойындағы Адайға келіп, жоңғардың келе жатқан хабарын айтып және ертең жауға қарсы шұғыл аттану керектігін, осыған байланысты әскерді бастап өзінің де жүретінін білдірді. Адай Жәнібекке қарап, - Амансанжының әскер санын қанша екен - деп сұрады. Жәнібек – шашмамен онтөрт – онбес мыңдай көрінеді – деді. Жәнібек – Адайға - өз жасағың аздық етпей ме? – дегенде, он мыңның үстінде жауынгер бар, сол жарайды. Ал сіздің бұл жақта да шаруаңыз бастан асып жатыр, алаңдамай-ақ қойыңыз. Жоңғарларды өзім бастап барып қарсы алатын шығармын – деді Адай. Жасақты көбейтеміз деп ұрыстан тәжірибесі жоқ адамдарды жинақтап қолдың қарасын көбейткеніміз жөн болмас. Адам шығынын көбейтіп алармыз деді. Қасыма Қаптағайды, Ағатайды, Махмұд пен Қасымды алам ба деп тұрмын оған қалай қарайсыз – деп Жәнібекке қарады. Бұл жақта да жұмыстың бастан асып жатқаны рас, онда бүгін жинақталып ертең азанда жүріп кетіңіздер, жолдарыңыз болсын! Қасыңа кімдерді ерітемін десеңіз де менен қарсылық жоқ – деді Жәнібек.Қазақ қолы ертесіне күн шыға аттанды. Он сан қолдың алдында ай-маңдай қара арғымақ пен оң қапталына Махмұд, Ағатайды, сол қапталына Қасым мен Қаптағайды алып Адай келеді. Осыншама әскердің ат тұяғының дүсірі далада жүрген мал мен аңды үркітіп қана қоймай, бейбіт отырған ауылдардың шал-кемпірлері мен бала-шағалары анадайдан шаңытып өтіп бара жатқан қалың әскерге қарап бір дүрлігіп қалып жатты.Сағым ойнап, мұнарланған мына жатқан жалпақ даланы қаншама рет ат тұяғы таптамады. Осы даланың тыныш тұрған мезгілдері көп болмаған шығар. Анау көрінген бұлдыраған сағымдарды қуалап Һундар да, сақтар да, маңғұлдар да, түріктерде, орыстарда өтіпті. Тарихта аты қалған, қамшының сабындай қысқа өмірде талай қызыл жап қырғынның, атылған оқтың гүрсілі мен ұшқан жебенің ысқырығымен, айқасқан қолдың ызы-қиқы төбе шашың тік тұратын адам айыра алмайтын дыбыстарымен, ат тұяғының дүсірімен, аламанның айқайымен, жан алып, жан беріскен зұлымдықтың, жексұрындықтың талайына куә болған осы жылмиып жатқан ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала. Мына ат тұяғына тапталып қалып жатқан еркек, жусандар талай рет адам қанына суарылып барып қурап, талай рет көзден сора болып аққан жасқа суарылып қайта өскен. Осыларды ойласаң мынау құлазыған меңіреу даланың мың-мыңдаған ат тұяғының ұшында суырылған шаңға айналып жоқ болып кетпегеніне таң қаласың. Осыларды ойласаң мынау дым көрмегендей болып жатқан меңіреу даладағы адам баласының тұқымы құрып жойылмай қалғанына таң қаласың.Осы даламен Адай бастаған қалың қол тағыда өздерінің қанға сусаған қылыштарын жауларына сермеуге асығып келеді. Қазақ батыры Адай адам қанын төгуге асығып келе жатқан жоқ еді. Қазақ елін жаудан қорғауға, жазықсыз жатқан халықты ажалдан арашалауға асығып келе жатырған болатын. Адай қолы Амансанжы Тайшының он бес мың әскерімен Ақсу мен Қараталдың арасында сәске түстің мезгілінде кездесті. Суыт жүріспен келе жатқан қазақ қолы аяңға көшті. Жоңғар қолы да кернейлерін тартып шоғырланып келе жатқан әскері қанатын жая бастады. Адай өзінің үйреншікті дағдысы бойынша өз қолын үш бағытқа дайындап қойған болатын. Ортада Ағатай екеуі қалады да екі жаққа Қасым мен Махмұдты қойып, Қаптағайды бір мың жауынгерімен артқа қалдырды. Ұрыс нағыз қызған кезде Қаптағай бастаған мыңдық кеңнен оралып жаудың ту сыртына шығып алып, қалмақ қолын көк желкеден ұратын болып келісілген. Қазақ қолы да қанатын жая бастады. Осы мезгілде жау жағынан астына тоқпақ жалды торы айғыр мінген Амансанжының бас батыры Торын Дөндік жекпе-жек деп айқайлап ортаға шығып атын ойната бастады.Ағатай Адайға қарады – Адай басын изеуі мұң екен, Құла жирен атын ойнақтатып Ағатай ортаға шыға берді. Ағатай жақындай бергенде Торын найзасын сілтеп үлгерді. Найза Ағатайдың ұстаған қалқанына тиіп тайқып кетті. Қапталдан енді өте бергенде Ағатайда найзасын ұрды. Сол мезгілде Торын Дөндікте найзасын қайта салды. Екі батыр тіресті де қалды. Ағатайдың астындағы құла жирен қарғып қалып ілгері ұмтылғанда, Торынның астындағы торысы шатқаяқтап кетіп, Торын ерінен ауытқып бөксесін ерінен түзете алмай жатқанда, басына Ағатайдың қорғасын құйған қара шоқпарының көк желкеден қалай тигенін сезбей қалды. Торын есі ауып құлай бергенде Ағатайдың алдаспаны басын денесінен әп-сәтте бөліп тастады. Ағатай Торынның атын жетегіне алып өз жасағына беттей бергенде Адай қолы жоңғарларға лап қойды. Тағыда жекпе-жекке батырларын шығарайын деп тұрған Амансанжы Тайшы әуелгісінде абыржып қалды да лезде бойын жиып алды. Екі әскер апай-топай араласып кетті. Мана шолғыншылардың қалмақ қолы жақындап қалды деген хабарын естіген Қаптағай өз сарбаздары мен сол жерде қалып қойған болатын. Адай соңына ерген бес жүздей сарбазын бастап Амансанжы тұрған орта тұсты нысанаға алып жау ортасына кіре берді. Бірақ, Амансанжыны кездестіре алмады. Не болып, не қойып жатқанын біліп болмас ала шаң аспанға көтерілді. Әйтеуір шақыр-шұқыр найзаласқан, шарт-шұрт қылыштасқан, сатыр-күтір шоқпарласқан дыбыстар, аттардың оқырануы, бірін-бірі алыса ламай жүрген сарбаздардың ақырып, өкіріп тіл қатысқан дөрекі дауыстары естіліп қояды. Осы бір ұйлыққан жанталас үдеген сайын әлгі көз көрсетпес ала шаңыт та тұтасып, жүндей ұйысып қоюланып кетті. Жарқырап көкте тұрған күн көзін әп-сәтте шаңның тұманы басып алды. Жерге қарасаң да көретінің қою шаң, көкке қарасаң да көретінің қою шаң. Үстіндегі иесі құлап түсіп, шыңғырып ер-тоқымымен шауып шыққан тұл аттар, ала-шаңның арасынан сытылып шығып, құйрық-жалдары мен шашасы тізесіне дейін құм араласқан қанға былғанып, топтан шығып құла далаға қарай шауып бара жатты. Хайуанда болса үстіндегі иесінен айырылып қалғанын сезгендей шайқас болып жатқан жерден аулақ шыққансын ойқастап артына бұрылып, жер теуіп оқырынып қайта-қайта кісінейді. Қалмақ пен қазақтың өлім бар екен деген қорқыныш ойларына кірер емес. Жан беріп, жан алысқан айқас болып жатыр. Гүріс-гүріс құлап жатқандар қаншама, ат жалын құшып, жан дауысы шығып шыңғырып жатқандар қаншама, аяқ алып жүргісіз жайрап жатқан көп өлікке аты сүрініп мұрттай ұшып ат тұяғының астында қалып, тірілей тапталып жатқандары қаншама. Астарына мінген аттарының сауырын қызыл жабу жапқандай қан жауып кеткен. Шайқастың осы көрінісі түс ауғанға дейін болды. Түс ауыңқырып кеткенсін барып манағы көз көрсетпес шаң сейілейін деді. Сол кезде Адай бастаған топ ұрыстың жүріп жатқан ортасындағы дөңестеу жерге көтеріліп, Адай жан-жағына көз тастап үлгергенде байқағаны қазақ қолы бөлшектеніп, жоңғарлардың бел алып бара жатқанын сезіп қалды. Әсіресе сол қапталдағы Қасым бастаған әскердің қыспаққа түсіп қалғанын және сол жерде Амансанжының жүргенін де байқап қалды. Адай енді кідірмеді, алдаспанын суырып алды да аймаңдай қара тұлпарды қарғытып Қасымның қолына қарай салып қоя берді. Адайдың артына үнемі еріп жүрген Ағатай да өз тобын бастап Адайдан бір елі қалмастан ат басын жіберді. Сол кезде Адайдың екі қапталындағы зулап ұшып бара жатқан екі қызыл қыран құстың көрінуі сол екен Ағатай бастаған топ адам айтса нанбайтын ғажайып жағдайдың куәсі болды. Алдында келе жатқан Адайдың аймаңдай қара тұлпардың басын бос қоя беріп, оң қолындағы қылышпен, сол қолындағы шоқпарды екі жаққа көз ілеспес жылдамдықпен сілтеп бара жатқанын, сілтеген сайын жолындағы қалмақтардың бауша жапырылып ұшып құлап жатқанын көріп өз көздеріне өздері сенбеді. Адай бастаған топтың өздерін қоршауға айналған қалмақтарды қапталдан тиісіп жапырып келе жатқанын көрген Қасым бастаған қазақ жауынгерлері рухтанып сала берді. Адай жан-жағына қарап Амансанжыны іздеумен болды. Бірақ Амансанжы тағы да үшті-күйлі жоғалып кетті. Осы кезде жоңғар қолының ту сыртынан Керей-Керей, Жәнібек-Жәнібек деген ұрандатқан айқаймен Қаптағай қолы лап қойды. Жаңағы соңғы көрініс лезде өзгерді. Жан-жаққа бытыраңқырап кеткен қазақ әскерінің қанаттары қайта жалғаса бастады. Қаптағай ұрандатып келіп тиіскен екпіні қазақ сарбаздарына дүлей күш туғызды. Қалмақ қолы не болғанын білмей қалды. Қазақтар жағы күш алды. Адай жан-жағына көз салып еді ана жақтанда өкіріп құлап жатқан қалмақ, мына жақтан да өкіріп құлап жатқан қалмақтарды көріп көңілі орнына түсті. Үрей билеген жау әскері жапырылып бөлек-бөлек қаша бастады. Қоршауға түсіп қалдықпа деп ойлаған қалмақтар қай бағытқа қашарын білмей көбісі қазақ қолының алдаспандарынан жер жастанды. Амансанжы бастаған бір бөлігі сытылып шығып, алды-артына қарамай қашып құтылды. Қоршауда қалғандары мен жаралылары қолға түсті. Адай қолға тірілей түскен қалмақ жауынгерлерін өлтірткізбеді. Ат-көліктері мен қару-жарақтарын алып, өздерін жинап, Қазақ хандығының күш-қуатын көріп жандарына сауға сұраған жоңғар қалмақтарына қазақ ханы Керей мен Жәнібектің ешкімнің жеріне басып кірмейтінін, жазығы жоқ халықтың қанын төкпейтінін әңгімеледі. Ал, егерде басқыншылықпен жазықсыз елге келіп ұрынғандарды аяусыз жазалайтынын ескертті. Тірілей қолға түскен қалмақ жауынгерлерін өлтірмей еліне қайтарыңыздар деген қазақ хандары Керей мен Жәнібектің тапсырмасын орындап сіздерді босатайық деп отырмыз. Қазақ хандарының сіздерге айтқанын елдеріңізге айта барыңыздар – екіншілей қазақ еліне шабуыл жасамаңыздар. Енді қазақ жерін жаулық ниетпен басатын болсаңыздар тірі кетпейтіндіктеріңізді қазақ хандарының соңғы рет ескерткенін ұмытып кетпеңіздер – деп Адай сөзін аяқтады.Қалмақтар Адайға алғысын жаудырып, қазақ еліне бұдан былай жау болып келмейтіндеріне сендіріп анттарын беріп жатты. Адай өз әскерлерін жинақтап, шейіт болған қазақ жауынгерлерін қалмақтардың қырылып жатқан жерінен екі шақырымдай қашықтыққа апарып жерлетіп басына құран оқытты. Қазақ қолы жығылған ат пен қалмақтың жайраған өлігінен көз тұнатын ұлан жазыққа қарап біраз тұрды да, Қараталға қарап ат басын бұрды. Жер де қып-қызыл, көкте қып-қызыл. Күн енді батуға таянғанда жаңа-ғана жирма бес мың адамның шайқасып жартысы қырылған ұланғайыр дала дым болмағандай құлазып бос қалды.Адайдың жоңғар қолын ойсырата жеңген хабары бүкіл халыққа тарап жатты. Жан-жақтағы аңысын-аңдап отырған елдер қазақ хандығына қарай көшуді жиілетті. Қазақ елі осылай құлашын кеңге сермей бастады. Халықтың саны өсіп, жердің көлемі алшақтай бастады. Түтін саны үш жүз мың үйге таяп қалды. Қазақтардың билері мен батырлары, ру басшылары Қозыбасына жиналып осыдан бір жыл бұрын Керейді хан сайлаған болатын. Осылайша тұңғыш қазақ хандығы толық күшіне енді. Қазақ елі Шудың бойын жағалай орналасты. Адай Есіл-Нұраны жайлаған қазақ руларына да барып ол жақтағы елдерді де Қазақ хандығына қосты.Бұл жақтағы қазақ рулары Алакөлге дейін қанат жайды. Бұл барған қоныстары түгелдей Әбілқайырға қарасты жер болатын. Әбілқайыр хан бұл хабарды естісімен Саумал көлге қарай Қарашың бастаған он бес мың сарбазын аттандырып, ол жақтағы Керей хандығына қосылған қазақ жұртын түгелдей шауып, қоныстарын тартып алуды, осыны ұйымдастырып жүрген Алшынның Адайының басын алып келуге тапсырма берді. Бұл хабар қазақ хандығына көп ұзамай жетті. Қалың қазақ жұртын орналастыру ісімен айналысып жүрген Жәнібектің қасындағы жасағы бес жүздей ғана адам болатын.Көшкен елдің бір бөлігін Іле маңына орналастырып болып, енді Шу бойына оралайын деп жатқан мезгілі еді. Әбілқайырдың он бес мың қолмен Сегіз-сайда жүрген Адай бастаған жасаққа шұғыл аттанып кеткендігін естігенсін өзі бастап Адай тобына жаудан бұрын жетуге асықты. Өз тобының ішінде жүрген баласы Әдікті қалдырып, осы жақтағы қазақ руларынан жасақ жинақтап Сегіз-сайға жетісуге тапсырма беріп кетті. Келесі күні Адайға Әбілқайыр қолының келе жатқан хабары да келді. Адай Сегіз-сайдағы қазақ хандығына қосылған тайпалардан Қытайдың шабуылға шығайын деп жатқан хабарын естіп өзінің бес мыңдай жасағын толықтырып сегіз мыңға жеткізіп, жорыққа даярлық жұмысын жасап жатқан кезі болатын. Қарашыңның (Дарвиш-Хұсайын деп те айтылады) кележатқанын естіген Адай қарауындағы сегіз мың жасақты жинап соғысқа даярлана бастады. Өзінің қарауындағы бұрыннан келе жатқан екі мың садақшы сарбаздарын мың-мыңнан екіге бөліп Сегіз-сайдың жазығының сол жақ тұсындағы бір жағы құмайтты, арымды болып келетін жерге бой тасалап тұруды тапсырды. Екінші мыңдықты жазықтың сол жағындағы қыраттың арғы тасасына орналастырды. Қалған алты мың қолмен жауға қарама-қарсы тұрды. Сүт пісірім уақыт өтпей-ақ Әбілқайырдың әскерінің де қарасы көрінді. Қарашың Адай жасағына жақындап келіп әскерін кідіртіп алды-артын жинақтай бергені сол еді, оң қапталдан шаң көтеріп келе жатқан тағы бір қолды байқап қалды. Ала шаңды аспанға көтеріп келе жатқан қол Қарашыңның әскеріне таяла бере қанатын кеңнен жайып, қоршауға ала бастады. Қарашың жағдайды лезде байқап қолын шегіндіруге мәжбүр болды. Сол кезде әскердің ішінен арттағыны қараңыздар деген бір сарбаздың дауысы шықты. Артқы жағынан да шаңытып келіп қалған қолды көргенде Қарашың қоршауда қалғанын бір-ақ білді. Оң жақтан келіп лезде Қарашың әскерін қоршауға алған бес мыңдай қыпшақ жауынгерін бастап келген Қобыландының өзі еді.Осыдан бір жеті бұрын Әбілқайырдың қарауында әскер басыларының бірі болып жүрген Бақты-Қожаның баласы Күннет-Қожаның жіберген шабарманынан Әбілқайырдың өзінің бас уәзірі Дарвиш-Хұсайынды бас етіп он бес мың қолды қазақ ордасына қарсы өзінің жеріне баса көктеп қоныстанып жатқан қазақтарды қырып, оны бастап жүрген Алшынның батыры Адайдың басын алып келуге аттандырайын деп жатқанын айтып Қобыландыға хабар жеткізген. Хабар келген бойда қыпшақтың бес мың жауынгерін ерітіп Қобыландының жеткен бойы осы еді. Артқы жақтан келіп қосылған бес жүз жігітімен келген Жәнібек сұлтан болатын. Қарашың әскері толық қоршауға алынды. Қобыланды мен Жәнібекте қастарындағы азғантай нөкерімен Адай тұрған жерге келіп аман-саулық сұрасты. Қарашың тобы үйме-жүйме болып ұйысып тұрып алды. Енді қоршауды бұзып өтемін деген үміттің үзілгенін Қарашың бірден түсінді. Себебі енді қозғалса жан-жақтан мыңдап ұшқан жебелердің сарбаздарын жайпап салатыны белгілі еді. Оның үстіне қарауындағы әскердің тең жартысы Адайдың қолына қарсы соғыспақ түгел дөң айбат жасағысы келмейтіндер екенін Қарашың жолға шыққансын әңгімелерінен барып ұғып, шошып қалғанды. Қарашың амалсыздан ақ жалауын көтеріп, бір топ адамды бастап Жәнібектер тұрған биікке қарап беттеді. Қарашың бөлек тұрған топқа жақындап кідіріп, аттарынан түсіп, жаяулап келіп – «Жәнібек сұлтан біз жеңілдік сен жеңдің» – басымызға сауға беруді сұрап келіп тұрмын дегендегі дауысынан көңілінің бұзылып тұрғаны да белгілі болып қалды.Жәнібек – «Сіздердің қазіргі тағдырларыңыз мына Адай батырдың қолында, соның шешімі шешім болады. Себебі сіздердің негізгі мақсаттарыңыз осы Адайдың басын алу емеспе?» - деді. «Ол айтқаның рас, Жәнібек сұлтан. Біз қашаннан да ханға бағынышты адамдармыз. Хан қалай айтса біз солай жүреміз. Сіздер біздерді аман жіберетін болсаңыздар да, ертең Әбілқайыр хан Жәнібекті қайта барып шап десе қайта шабамыз. Ханның жарлығын екі етпейтін құлдар екенімізді білмейсіздер ме? – дегенде, Қарашыңның дауысы қаттырақ шықты. Қобыланды мен Адай Қарашыңмен талай жорықта бірге болған, үзеңгілес жолдастар болатын. Қарашың соғыс тәсілдерін өте жақсы білмегенмен алып күштің иесі еді және жодасын жау қолына қалдырмайтын адал жүректі адам болатын. Жәнібектің қасында тұрған Керейдің баласы Бұрындық алға қарай атын тебініп – «несіне үндемей қалдыңыздар, жау аяған жаралы - деп айтпайтынба едіңіздер, Әбілқайырдың қол-шоқпарын тірі жіберейін деп тұрсыңдарма» - деп қылышын қынаыбнан суырып көтере бергенде, Жәнібек – «тоқтат» - деп ақырып қалды. Әуелден үлкенді тыңдап қалған жас жігіт қылышын төмен түсіріп, Жәнібекке ала көзімен қарап, томсырайып тұрып қалды. Жәнібек тағыда Адайға қарады, Адай Қобыландыға қарады. Қобыланды Жәнібекке қарап, «кесімін өзіңіз айтыңызшы» - деді. «Олай болса, бәрімізде қандас туыс, құдамдалы, жек-жат болып кеткен күні кеше қоныстас болған елдерміз. Хан бұйырса, қараша жалғыз атын сояды» - деген әңгіме бар. Ханның бұйрығымен келіп біздің елімізді шауып, батыр Адайдың басын алуға келгені рас. Бірақ бұл хан бұйрығы. Енді мына тұрған он бес мың жасақты сұраса кетсек түгел танып қалуымыз мүмкін. Сондықтан осы тұрған аламан топқа менің айтатын сөзім бар, - «Қарашың бұл әңгіме сағанда арналады» - деп, Жәнібек қалың әскердің алдына қарай таяп барып тоқтады. Жәнібектің қасында тұрған бір топ әскер басылары да Жәнібекпен ілесіп оларда топтың алдына келді. Жәнібек дауыстап – «қанымыз бір туыспыз, сіздер бізге жау емес екендеріңізді біз білеміз. Біздің жауымыз Әбілқайыр хан және солардың туыстары. Біз сіздерге тимейміз» - дегенде, ортадан бірнешеленген дауыстар «О, Жәнібекжан бізде сіздерге тиейік деп келе жатқанымыз жоқ. Ер қара болып еріп келе жатырмыз. Өз туыстарымызға қару көтеретіндей біздер әзір есімізден адасқанымыз жоқ» - деп айтып қалды. «Сіздер күні кешеге дейін біздермен бірге өмір сүріп, тату көрші, дос-жаран болған елдің адамысыздар. Біздерде де сіздерге қарсы қару көтере алмаймыз. Әбілқайырдың елге көрсетіп жатқан қысымын өздеріңіз көріп жүрсіңіздер. Бірімізді-бірімізге айдап салып, қырылыстырып түбімізге жетуге айналды. Сондықтан да біз бостандық алуды мақсат етіп, тәуелсіз қазақ хандығын құрдық. Өздеріңіз естіп жатқан, өздеріңізге бұрыннан таныс, үнемі елдің қамын ойлап жүретін, адал азамат Керейді халық қазақ ханы етіп сайлады. Қазірде қазақ хандығына келіп қосылып жатқан түркі тұқымдас қандастарымызды қосқанда саны тоғыз жүз мыңның үстіндегі адамға жетті. Немесе қазірде Керей ханның қарауындағы түтін саны күні бүгінде үш жүз мың шаңырақты құрап қалды. Сіздерден жасыратыны жоқ қазір қазақ хандығының жер көлемі өте үлкейді. Шудан бастап – Көкше теңізге дейін, оңтүстігі Есіл, Тобыл, Нұра өзендеріне дейін, солтүстігі Тарбағатай тауына дейін созылып жатыр. Әбілқайыр бізді Есіл-Нұрадан да, Телікөлден де қумақшы көрінеді. Сонда оның ойынша осы жерді өзінікі дейме екен. Бұл Әбілқайырдікі емес, халықтың жері. Халық өз жеріне ие болып жатыр. Қазірде қазақ хандығында түркі тұқымдас туысқан елдердің барлық руларынан да бар десем өтірікші болмаспын. Ендігі сіздерге айтайын дегенім, дербес хандық құрып жатқан өз туыстарыңа қосыламын десеңіздер жол ашық. Неде болса Әбілқайырдың құлы болып қаламын десеңіздер де мейілдеріңіз білсін» - деп әңгімесін аяқтады. Осы кезде әскердің алдында тұрған Сүннетқожа батыр Қобыландыға келіп – «аға оңаша айтатын сөзім бар еді» - деп, оңаша алып шығып – «Қарашың бастап келген жасақтың тең жартысы Әбілқайырға қарсы адамдар, бірақ олар тап қазір мына қолдың алдында біздер саған қосыламыз деп Жәнібекке ашық айта алмайды. Олай деп айтса Әбілқайыр жағындағылар барысымен хабарды жеткізеді. Бұны білген Әбілқайыр олардың тұқымына тұз себеді. Сондықтан олар қазір әңгіме айта алмай тұр. Елге барғаннан кейін жолын тауып оларды бастап өзім көшіріп әкелемін. Қазір сыр білдірудің қажеті жоқ» - деді. Сүннетқожаның Әбілқайырға өшігуінің де жөні бар болатын. Себебі Сүннетқожаның әкесі Бақтықожа Әбілқайырдың көп жылдан бері бас әузірі болып жүрген. Сол бас уәзірінің аяқ астынан жоғалып кеткеніне бір жыл толған жоқ. Оның үстіне әкесі жоғалып кеткенсін көп ұзамай өзінің он алты жастағы қарындасы Тоқтар-бикені зорлықпен Әбілқайырдың өзіне әйел қылып алғаны жанына өшпестей жара салып еді. Әкесінің жоғалуы да Әбілқайырдан келген зұлымдық екенін Сүннетқожа сезген еді. Осыған байланысты Әбілқайырдан өш алуға бұра тола белін буған болатын. Бірақ Сүннетқожа осыдан елге оралған бойына әкесінің жолын қуатынын білген жоқ. Қазақ хандығын шабуға Қарашыңды бас қылып аттандырайын деп жатқанын жансыз арқылы Сүннетқожаның Қарақыпшақ Қобыландыға хабар жібергенін, Қарашың аттанып кеткеннен соң үш-төрт күннен кейін естіген Әбілқайыр бармағын тістеп қалғанды. Сүннетқожа елге оралған күні түнде төсекте жатқан жерінде Әбілқайырдың тапсырмасымен моңғолдардың ескі тәсілін қодану арқылы жұлынын үздіріп өлтіртті деген хабар кейіннен елге тарады. Жәнібек сөйлеп болғасын, әскердің алдына Қобыланды шығып ырғызды жайлап жатқан қалың қыпшақ жұртының да қазақ хандығына қосылатынын хабарлады. Сонымен бірге жиналған қолға қарап Жәнібек сұлтанның сөзіне толық қосылатындығын және қоршауда тұрған Әбілқайыр сарбаздарын қазақ хандығына түгелдей қосылуға шақырды. Қобыланды Қарашыңға қарап – «мен саған не айтайын, сені менде, Жәнібекте Адайда бәрімізде түсініп тұрмыз. Тек Бақтықожаға түскен құрық сағанда түсіп қалмасын, соны ойла» - деп әңгімесін доғарды. Жәнібек қасындағы күзет тобының сарбаздарына қоршап тұрған әскерге қоршауды ашып, Қарашың қолын өткізіп жіберсін деген бұйрығын тапсырды. Тұрған жұрттың назары, селт етпестен бурыл-жирен арғымақтың үстіндегі Қарашыңның көзінен моншақтап ағып тұрған жасты көріп жерге қарасып қалды. Қарашың ләм-мим деместен атын бұрып алды да, келген ізімен өз жасағының ортасымен қақ жарып жүре берді. Қақ жарылып жол берген жасақ Қарашыңның соңынан жайлап ере бастады.Жасақтан бөлініп шыққан бір топ әскер Жәнібектерге жақындап, қош-сау болыңыздар, жақсылығың алдыңнан шықсын Жәнібек сұлтан, біздер де көп ұзамаспыз үйірімізге қосылармыз, сендерде сау болыңыздар Алшын мен Қыпшақтың қос арысы – деп, Қобыланды мен Адайға қарады да аттарының басын кері бұрып, жайлап қалың қолдың соңынан ілесе берді. Қарашың бастаған қалың әскердің бастарының төмен салбырап үн-түнсіз кетіп бара жатқанына қарап тұрып Адайдың көңілі де құлазып, аяушылық сезім билеп кетті. Қасында тұрған Қобыланды Адайға қарап күліп, - «әй саған не болған, Қарашың емес өзің жеңілгендей болып тұрсың ғой» - деп күліп алды. Адай да езу тартып, - «Қарашыңды ойлап тұрғанымда, жеті атасынан бері қарай Әбілқайыр тұқымының қарауында құл есебінде келеді, оның соңынан ере қоятын жақын туыстары да жоқ болу керек. Алты-жеті баласы бар, оларда Әбілқайырдың басыбайлы құлдары. Қарашыңды Бақтықожаның жолын қудырса артында қалған балаларыда осы Әбілқайырдың тұқымдарында құл болып қалады ғой, бұл Әбілқайырдың соншама қара ниетті, қызғаншық болғаны қалай екен» - деп басын шайқады. Қобыланды Адайға қарап, - «сенің жүрегің тым жұқа, ерлігіңнен аяушылығың басым. Жаудың қолына түссең сен аяғанмен олар аямайды»– деді. Адай, - «мына кетіп бара жатқан адамдар бізге жау емес-қой. Қарашыңда жау емес, бірақ Әбілқайыр жау болғансын Қарашың да жау. Әбілқайыр тірі болса Қарашыңмен қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен әліде болса талай кездесетін шығармыз» - деп күрсінді. «Әбілқайыр өлгеннен кейінде Қарашың оның бөлтіріктерінің қарауынан ешқайда кетпес» - деді Жәнібек. «Ол рас» - деді Қоланды. Әбілқайырдың қазақ хандығын шауып, оның бас батыры Адайдың басын әкелуге жұмсаған он бес мың әскерінің, қынабынан қылышын шығара алмай, қорамсағына қол сала алмай, бастарына сауға сұрап, еңселері түсіп кері қайтуы бүкіл қазақ еліне аңыз болып тарады. Бұл хабарды естігенсін бүкіл Дешті Қыпшақты жайлаған қалың ел қазақ хандығын толықтай мойындады.Сол жерде Жәнібек жеңіс тойын өткізді. Қобыландының жасы үлкейіп қалғанымен жиырма мыңдай түтіні бар қыпшақ елін аузына қаратып отырған кезі еді. Қыпшақтардың түгелдей Қазақ хандығына қосылғаны мен өз жерлерінде қалуына тура келді. Себебі осыншама елді қонысынан қозғап әкеліп орналастыра қоятын жердің де реті жоқ еді. Әуелде қазақ елін ерітіп Керей мен Жәнібек Моғолстан жеріне көшкенде де Қобыландының қалың қыпшақты ерітіп өзінің жері ырғызға көшуінің негізгі себебі осы қоныстың жәйі еді. Қыашақ өте көп ел болғандықтан, оның орналаса қоюы да оңай шаруа еместі. Сондықтан да өздерінің ата-қоныстарынан басқа жаққа қозғауды Қобыланды дұрыс көрмеген болатын. Бұл жағдайды Керейде, Жәнібекте, Адайда жақсы түсінген. Той үстіндегі Қобыландымен арадағы әңгіме де осылай шешілді. Қыпшақтар өздерінің қоныстарында қала береді. Қазақ хандығын нығайтуға қызметтенетін болады. Қобыландының қарауында он мыңдай Қыпшақ жауынгерлерінен құралған әскер сақадай сай тұратын болып келісілді. Арада үнемі байланысшылар тұрақты орнайтынға уәделесіп тарасты.Бөрібайдың жіберген хабары бойынша Адай өзінің сегіз мың қолына Әдіктің бастап Қарашыңға қарсы жинап келген екі мыңдай жасағын, және Қобыландының ерітіп келген қыпшақ жігіттерінен мың адамды қосып, қасына Жәнібектің баласы Әдікті ерітіп барлығы он бір мыңдай әскерді бастап, қазақ жеріне ендеп кіріп кеткен, қазірде Бөрібай қолының тосқауыл жасап соғысып жатқан, қытайлар бекінген Қарағашты адырына түнделетіп жеткен Адай Бөрібайдан толық хабарын білді.«Соғыс болғалы төрт күн болыпты. Қаншама адамы өлсе де арғы жағынан қытай әскері лек-лек болып үсті-үстіне келіп қосылып жатыр. Күн кешкіргенсін соғысты тоқтатады. Таңертең күн шыққансын қайта – шабуылға шығады. Онның үстінде сарбаздарымыз шейт болды. Олар қырылып жатыр, бірақ өлгендеріне қарайтын қытай жоқ. Бүгін кешке қарай арғы жағынан қарақұрым қол келіп тағы қосылды» - деп Бөрібай хабарын айтты. «Олай болса» - деді Адай, - «қазір барлық әскерді шұғыл түрде тамақтандырайық. Сонсын төрт топқа бөлінуіміз керек. Бөрібай сен өз жасақтарыңды бастап қытай келеді деген бағытқа кетесің. Мен төрт мың адаммен олардың арғы жағына өтемін. Таң қараңғысында шабуылға шығамын. Арғы жағынан кіріп талқандаумен бергі жағына өтіп кідіреміз. Ағатай бастаған топ сол кезде жаудың сол жақ қапталына келіп таяу тұруы керек. Ал, Әдік өзінің жауынгерлерімен оң жақ қапталға келіп Ағатайдың шабуылының аяқталғанын күтіп тұратын болсын. Ағатай қолы оң жаққа өтіп болғансын, Әдік шабуылды бастап сол жаққа өтіп барып тоқтайды. Сөйтіп жүргенде таңда атып болдаы. Жігіттердің бәрі бастарына ақ орамалдарын таңып алсын. Себебі түнде өз адамдарымызды танып жүретін болайық. Ал, сен Бөрібай жасағыңды менімен бірге алып жүріп арғы жаққа өтесің. Ертең күн шыққанда шүршіттердің тірі қалғандары қоршауда тұрғанын көреді. «Қазір қоршауға алсақ қайтеді» - деп Жәнібектің баласы Әдік Адайға сұраулы жүзбен қарап еді, Адай күліп, - «қазір қоршауға алсақ өзімізден шығынды көбейтіп аламыз. Олар қорғанысқа шығады. Оларда да садақ бар, біздің сарбаздарымыздың ішінде сауыты жоқтары көп, сауыты жоқтарға әлсіз атылған жебелердің де әлі жетеді» - дегенде, - «ол дұрыс екен аға, менің шұғыл түрде ерітіп шыққан адамдарымның көбісінің сауыты жоқ, сауыт емес кейбіреулерінде қылышта жоқ. Әйтеуір қодарында шоқпарлары бар» - деп күлді Әдік. «Міне сондықтан да олар қазір ұйқыда, қаруларын аламыз, қорғанамыз дегенше біздер жайпап өтеміз. Енді олар біздің өтіп кеткен бағытымызға назар аудара бергенше оң жақтан Ағатай сендерге қарай жайпап өтеді. Олар өтіп болған бойда, сендер салып өткенде шүршіттердің де шаруалары нобайлап қалатын шығар. Қалғанын Алла жар болса, таңертең көреміз. Егерде таңертең олар тағы қарсылық көрсетсе, төрт жақтан жауған жебеден несі қалар екен. Сонсын – деді Адай, - «бірінші біз үстінен өтіп болғаннан кейін жебеге майлы шүберек байлап, от беріп аспанға атамыз сонда барып шабуылға шығасыңдар» – деп Ағатайға назарын аударды. «Егерде – деді Адай, - «біздің сарбаздарымыз жараланып, соққы тиіп, арбаларға соғып аты құлайтын жағдай болатын болса, сол құлаған орнынан қозғалмастан өлген адам болып жата берсін. Басындағы орамалдарын астына тығып алуды ұмытпасын, орамалдарымен жатса түн болсада танып қалады. Менің ойлаған ойым құдай оңғарып іске асса, жаралы жауынгерлерді таңертең өзіміз барып атына мінгізетін шығармыз» - деді. Сонымен Адай бастаған қалың қол шұғыл тамақтанып, аттарына қонды. Әскер төртке бөлінді. Әуелі Ағатай бастаған төрт мың жасақ қозғалды. Қозғалар алдында Адай жігіттеріне аттың жүрісін білдірмей аяңдап кеңнен барып оралуды тапсырды. Өзі бастаған жасақты он – онбес шақырым қашықтықпен оралтып, қытай әскерінің ту сыртына дәл таң қараңғысында шығып, ұйқыда жатқан шүршіттерге төрт-бес шақырымдай келіп аттарынан түсіп, тарпаларын қайта тартып мінгенсін түгелдей қынаптарынан қылышын суырып, Адайдың бастауын күтіп қалың қол тыншып қалды. Адай, - «жауға жай жүрыспен олар байқап қалғанша тақалып барамыз, біреуіңізде үн шығармаңыздар» - деп, тапсырма берді де өзі жайлап қозғала бастады. Тас қараңғы түнде қалың қолдың келіп қалғанын шүршіт күзетшілері де көпке дейін сезбей қалды. Бір шақырымдай жер қалғанда алдарынан қытайша айқайлаған дыбыс шыққанда ғана Адайдың – «Я, Тегелең» - деген дауысы тұнық аспанды жарып кетті. Сол-ақ екен төрт мың қолдың айқайымен ат тұяғының дыбысы араласып азан-қазан, ызы-шу басталды да кетті.Ұйқыда шатыр құрып жатқан қытай әскерлерінің көпшілігі шатырларынан шығып үлгере алмады. Жүздеген шатырлар екпіндеп шапқан аттың тұяғының астында жаншылды. Үлгеріп шыққандарын қазақтың қайқы қылышы турап жатты. Көбі іш киімнен басқа киімі жоқ, қодарында қарулары жоқ мыңдаған аттың тұяғының астында қалды. Бір шай ішімдей уақытта Адай тобы жау әскерінің шетіне шықты. Сол кезде Адайдың, - «отты жебені атыңдар» - деген айқайы естілісімен әуелден тапсырмасын алып даярланып келе жатқан елу шақты сарбаз бір мұрсатта садақ оғына байланған майлы шүберекке от қойды да аспанға атты. Сол кезде алапат қырғыннан есін жинай алмай не болғанын түсінбей ала-топалаң болып жатқан қытай әскерінің сол жақ қапталынан Ағатай қолы лап қойды. Адай тобы шегініңкіреп барып тоқтады. Соғыс жүріп жатқан жақтан сатыр-сұтыр дыбыс, өкірген, ышқынған дауыстар, аттардың осқырған дыбыстары, жан түршігерлік айқайлар тыңдап тұрған жасақтардың төбе құйқаларын шымырлатты. Адай өз жасағына, - «адамдарыңызды түгендең, бір-біріңізді танитындарың, аттарыңызды атап, шақырып түгендесіңдер» - деп тапсырмасын берді.Сол кезде аспандағы жұлдыздарда ысырылып, таң сыз бере бастады. Соғыс жүріп жатқан жақтағы дыбыстарда аздап саябырсығандай болып еді, кенет оң жақтан Әдік бастаған шоқпардан басқа қаруы жоқ екі мың жарымдай қазақтардың айқайы аспанды көтерді. Бірақ олар жау ортасында көп аялдамаған сияқты болды. Бұрынғыдай ызы-шу аз-ғана естілді де коп ұзамай Әдік қолының да сол жаққа өткені белгілі болды. Сол кезде таңда толықтай атуға таялып, төңірек шала-шарпы көріне бастады. Адай Ағатай мен Әдікке адамдар жіберіп, - «күн шыға қытай әскеріне садақ оғы жетпейтін жерге тақап келіп сап құрып тұратын болсын» - деп тапсырмасын берді. Және Ағатайға, Бөрібайға адам жіберіп хабарын білсін деді. Өзіде жау орналасқан жерге жақындап келіп сарбаздарын сапқа тұрғызды. Барлық әскерге де садақтарын даярлап тұруды тапсырды. Адай күннің шығуын тағатсыздана күтумен болды.Асығып күткен күнде шықты. Жау әскері төңірегі алты-жеті шақырымдай жерге орналасқан екен. Адай қанша көзін сүзіп қарағанмен, тірлік өздеріне таяу тұрған жағынан байқала қоймады. Әр жерде қараң-құраң қозғалыстар – ғана байқалады.Адай бұдан әрі күткен жоқ, әскердің санын бұзбастан өзі бастап ілгері қозғалды. Соғыс болған алқаптың шетіне келгенде Адай атының басын еріксіз ірікті. Жаппай өліп жатқан адамнан ат аяғын алып жүруге мүмкіндік жоқ екенін көрді. Әредік-әредік ыңырсыған адамдардың дауысы шығады, көз-көрім жердің бәрін апат жайлағаны белгілі болды.Қырғын болған жердің шетімен жүріп екі жақтағы Ағатай мен Әдік әскерлері де келіп Адай жасағына қосылды. Қазақ сарбаздарында үн жоқ. Талай қырғын соғысты басынан өткізген жауынгерлер тап мынадай көріністі еш соғыстан кездестірген жоқ еді.Адайдың да көпке дейін аузына сөз түспей тұрып қалды. Адайдың ойын қасына жақындап келген Ағатайдың сөзі бөліп жіберді. «Түнгі соғыстан қырылған мына жатқандар іштерінде жалаң аяқ, жалаң бас қашқандары барып Бөрібайдың жасағына тіреліпті. Бөрібай сарбаздары қазір қашып барған төрт мыңдай қарусыз қытай әскерін қоршап тұр. Сіздің тапсырмаңызды күтіп тұрған сияқты» - деді. Сонда барып Адай ауыр ойдан серпіліп Ағатайға қарап, - «ол тұтқындарды осы жерге айдап келіңіздер. Төрт мыңдай адам болса, көп – қой. Бытырап қашып Бөрібайдың азғантай қолы жинай алмай қалар, өз жасағыңды ерітіп барып қоршап осы жерге алып келіңіздер, бес жүздей жігіттерңізді әрі жібер шолып қайтсын» - деді де өзі тұрған саптың алдына шығып, - «Ағайындар! – деді, - «мына қырылып жатқан жау болса да адамның баласы. Бұлардың өлгендерін жинақтап жүзін жасыру керек. Сондықтан тірі қалып қолға түскендерін осында айдап келіңіздер, олар мына өлген адамдарын өз қодарымен жерлесін. Адам баласы болғандықтан бәріміздің де көңілімізге аяушылық сезімнің пайда болғандығын біліп тұрмын. Соғыс болғансын өлім болады. Осындай жағдайға келтіргені үшін Қытай басшылары ақыретте өздері жауап берер. Жазығы жоқ жайына жатқан елімізге басып кіріп, халықымызды қыруға біз қалай жол береміз. Біз амалсыздан елімізбен жерімізді қорғадық. Бір құдайдың алдында біздің бұл қорғану әрекетімізді ақ, әділ деп білемін. Енді сіздерге тапсырма қазір осы алқапты аралап тірі жатқан жаралыларды мына құлап жатқан шатырларды көлеңке жасап, астарына төсеп бір жерге жинаңыздар. Емсек жігіттер жараларын таңып, сынықтарын салып мүмкіндіктеріңіз келгенше көмектесіңіздер. Арттағы қалған өзіміздің қостарды осы маңға жақындатып әскердің тамақтары даярланатын болсын.Іштеріңізде қытайша сөйлей алатындарыңыз менің қасымда болыңыздар, әуелі жаралыларды жинақтап алу керек, содан соң қытай әскерлерінің санын анықтау керек. Өзіміздің жігіттердің ішінен жоқтары барма, шұғыл түгендеңіздер» - деп тапсырма берді. Сарбаздар тұтастай жан-жаққа бөлініп тірі қалған қытай адамдарын жинастыру жұмысына кірісіп кетті. Ауыр жаралылар бір бөлек, жеңіл сүйемелдеп жүретіндер бір бөлек жинала бастады. Ауыр жаралыларды Адай қолының ішіндегі емсектер мен сынықшылар емдеу жұмыстарына кірісті. Бір арба тұтастай дәрі-дәрмектер, түрлі сұйықтар, емдік шөптер тиеулі тұрғаны анықталды. Қазақтардың ішінде қытай тілін білетіндер көп болып шықты. Жеңіл жаралылардың ішінде қытайдың емсектері де бар екен. Сөйтіп жүргенде күнде түске таянды. Сарбаздар Адайлар отырған бір топ адамның қасына соғыс даласындағы құлап жатқан көп шатырдың ішінен бір көк жібектен тігілген ішіне отыз-қырық адам сиятын шатырды ішіндегі төсек орнымен әкеліп құрып берді. Сарбаздардың бәрі шатырды сипап қарап, - «иттердің жібегі көп болды-ау өзі» - деп күлісіп алды. Адай бастаған топ шатырдың ішіне орналасты. «Мына шатыр басқалардан бөлек екен. Басқалары қалың бөзбен жасалыпты, сірә әскер бастығынікі болу керек» - деп әңгімелесіп жатты. Сол кезде Бөрібай мен Ағатайлардың да тұтқындарды айдап келе жатқан қаралары да көрінді. Адай бір топ нөкерімен атына мініп Бөрібайларға қарай қозғалды, бірақ оларға соғыс даласының үстімен тіке өліктердің үстімен жүруге мүмкіндік болмады. Астындағы аттарына дейін оқыранып, ұшы қиыры жоқ сұлап жатқан өлі адамдардың үстін баспай шегіншектей бастады. Соғыс алаңының шетімен жүруге тура келді. Бөрібай мен Ағатайларда өз топтарынан шығып Адайларға беттеді. Адай сәлемдесіп болғаннан кейін Бөрібайға қарап, - «тұтқын саны қанша адам» - деп сұрап еді, Бөрібай – «шамасы төрт мыңдай бар-ау» - деді. Сарбаздарының ішінде қытай тілін білетіндері болса соларға түсіндіріп айт. Енді біз оларға тимейміз, мына соғыс даласындағы шейт болған адамдарын өз қолдарымен жерлейтін болсын. Олардың арбаларын да, тамақтарын да ешкім тиген жоқ, сол жерден қираған шатырларын тұрғызып өздері де жаралыларын да тамақтандырсын – деді. Мына сарбаздарыңа қазір тапсырма бер. Соғыс даласындағы қару – жарақтың бәрін жинасын. Қытай әскерлернің жанында пышақта кетпейтін болсын». Әдікке қарап, - «сен жауынгерлеріңді керегінше қаруландыр. Соғыстың бәрі таң қараңғысында болмайды. Тек шоқпармен енді жауға шабуды қоямыз» - деді Адай. Әдік Адайға, - «Адай аға сау болыңыз, менің жігіттерім қаруға қарық болатын болды-ғой» - деді. Адайға қарап тағы да, - «аға аман болыңыз, аз уақыттың ішінде сізден көп нәрсе үйреніп қалдым, бұдан былайғы жорықтардан да мені қалдырмаңыз» - деп Әдік басын иіп тағзым жасады. «Дәм бұйырса талай жорықтарда бірге жүрерміз Әдікжан» деді Адай. Ағатайға қарап, - «өз жігіттеріңнен үш жаққа екі жүз адамнан алты жүз жігітіңді күзетке қой, әскерлерге тамақ дайындалып жатыр, бірінші кезекте күзетті ауыстыратын жігіттеріңді тамақтандырып жіберерсің» - деді. «Бөрібай, сіздерде жаралыларды жинақтап ем-дом жасауға кірісіңіздер. Мүмкіндік болса бүгін кешке дейін осы жерді ретке келтірелік, тұтқынның ішінде әскер басылары барма екен, егер болса маған алып келіңдерші, біздер сонау шетте жігіттер қытайдың бір шатырын тіккен сонда боламыз» - деп аттарының басын кейін бұрды. Адай қайта бұрылып Бөрібайға, - «жіберген шолғыншыларыңыз қашан қайтатын еді» - деді. Бөрібай – «олар әрірек барып қайтады. Кешке дейін оралып келуі керек» - деді. Ағатай мен Бөрібай жасақтары да жаралыларды жинақтауға кірісіп кетті. Тұтқындардың жартысы арбадағы тиеулі күректерін алып, жер қазуға кірісті. Қалғандары өліктерді жинастыра бастады. Қазақ әскерінің бір тобы соғыс даласынан қозы көш жердегі «Жыланшық» деп аталатын кішкентай өзеннен аттарды суарып келуге жүрді. Бірінші кезекте күзетті ауыстыратын жасақтар тамақтандырылды. Содан кейін, соғыс алаңындағы әскерлер бөлініп-бөлініп түскі тамақтарын ішіп қызметтерін жалғастырды. Тұтқын қытайлар да соғыс даласының бірнеше жерінен астарын даярлап жаралыларын тамақтандырып өздері де ауқаттанып жатты. Сол кезде қазақ жігіттері Адайлар отырған шатырға оншақты қытай тұтқындарын алып келді. Қытай әскер басының өлгені анықталды. Оның орынбасары деп жасы қырықтарға келіп қалған орта бойлы бір адамды шатырға кіргізді. Адай аудармашы арқылы аты жөнін сұрады. «Атым Фу Хуей» - деп жауап берді. «Фу Хуей болғанда Жеу-Қуанның баласымысың» - деп еді, тұтқынның көзі жарқ етіп Адайға қарады. Отырған қазақ қолының мың басылары да Адайға таңданып қарады. «Бұл Ағатайдың құдасы болып шықты» - деді.«Ертеректегі соғыста Ағатайдың әкесінің інісі Бәйсейт батыр Қытай әскерінің қолбасшыларының бірі Жеу-Қуанның қарындасы Сихым-Сеуілді қолына түсіріп өзіне үшінші әйел етіп алған. Бертін келе олар үлкейген шағында қытайлармен болып жүрген соғыстардың бірінде қолға түсіп қалған қытай шалынан Сихым-Сеуіл төркіндерінің хабарын есітіп, інісі Фу Хуей ержетіп, соғыс өнерін жақсы меңгерген қытай әскерінің бір қолбасшысы екенін айтып, шешеміз Сихым-Сеуілді қуантып, оның арқасында қытай шалын еліне қайтарған еді. Оғанда оншақты жыл болып қалды. Мына отырған кісі сол шешеміздің інісі болып шықты. Одан кейінде қазақтарға шабуыл жасаған қытай әскер басшыларының ішінен Фу Хуейдың атын Адай әлденеше рет естіген болатын. Енді міне сол иығынан қылыш тиіп жараланған Фу Хуей Адайдың алдына келіп тұтқын болып отыр. Адай қалған тұтқындарды да шатырдың ішіне кіргізді. Бұлардың бәрі де қытай әскерінің мың басылары болып шықты. Адай шатырға өзінің әскер басыларын шақырды. Бірінші болып кірген Ағатайға Адай мына отырған Фу Хуейларыңыз болып шықты – деп күлді. Ағатай әуелі түсінбей қалып барып, «Ә» - әлгі құдамыз осы ма. Әскер басшысы болып елімізге шабуыл жасап жүргендердің ішінде бұның да атағын еститін едік – деп Ағатай Фу Хуейге шаншыла қарады. Қазақ хандығының әскер басшылары түгелдей келіп шатырға сығылыса орналасып болғансын Фу Хуейден осында келген Қытай әскерлерінің санын сұрады. Бұл жерде бұрын соғысып жатқан тоғыз мыңдай әскеріміз бар болатын. Кеше алты мың жасақпен мен келіп қосылдым деп жауап берді. Адай Фу хуей бастаған Қытай әскерлерің басшыларына қарап – сіздер қазақ хандығына шабуыл жасап, біздің бейбіт жатқан еліміздің тыныштығын кетіріп, жаулықпен соғыс ашып отырсыздар. Қазір бізде қазақ хандығы орнады. Қазақ хандығының басында Керей, Жәнібек деген батырлар отыр. Бұрынғы Дешті Қыпшақ жері қазірде қазақ хандығының қолында. Қазақ хандығы бұл күнде Шу, Талас, Сарысу, Көкше теңіз бойын түгелдей, Еділ, Нұра, Тобыл өзендерін, осы өздеріңіз тұрған Жоңғар тауының бергі алқабына дейін тұтастай ие болды. Қазірде бұл жерлер Әбілқайырға да, Моғолстан ханы Исан-Бұғыға да қарамайды. Қазір Керей ханның қарауында екі жүз мыңдай жасақ бар. Сіздерге келіп отырған соның бір кішкентай бөлшегі ғана. Енді Қытай тарапынан бұндай шабуыл бола берсе біз түгелдей Қытайды басып алатын боламыз. Біз өзіміз бастап еш елді шаппаймыз. Ал бізге келіп тиісетін болса өздеріңіз көріп отырған күиге түсіреміз. Енді біздер сіздерге қандай шара береміз, түгелдей осы жерде қырып кетемізбе, әліде қазақ хандығына апарып бөлшектеп құл етіп аламыз ба, болмаса кешірім жасап елдеріңізге жібереміз бе оны осы отырған әскер басылары кеңесіп шешетін болады – дегенде Фу Хуей шүлдірлеп сөйлей бастады, қасында отырғандар бастарын изеп, екі қолдарын жоғары көтерісіп, жерге бастарын ұра бастады. Адай тоқтатың деп ақырмағанда шулаған дауыс өкіріп жылауға ауысып бара жатыр еді. Адайдың ақырған дауысынан ауыздарын басып жым-жырт бола қалды. Шулап жатқандағы айтқандары – біздерді тірі жіберіңіздер, бұдан былай қазақ жеріне аяқ басып кірмейтін боламыз, бала – шағаларымыз бар біздерді өлтіре көрмеңіздер – дегені екен. Адай өзінің әскер басыларына қарап, ал мына тірі қалған қытайдың әскерлеріне қандай жаза бересіздер, босатып қоя беремізбе немесе құлдыққа алып кетемізбе не болмаса өлтіріп тастайсыңдарма өздеріңіз шешіңіздер деді. Бөрібай Адайға қарап «бұның өзі көп халық көрінеді бұларды өлтіріп тастағанмен олардың саны азая қоймас. Менімше осыларды елдеріне аман жіберейік. Еліне хабар айтып барсын. Қазақ хандығының пайда болғанын, оның орасан қуатты көп әскерінің бар екенін, оған енді шабуыл жасасақ бізді басып алатынын ескертті» - деп еліне хабар айтып барғаны біздерге тиімді сияқты. Әскер басыларының ішінен біреуі – «шатырларды түгелдей алып қалу керек, қажет нәрсе екен» - деді. «Өздері көтеретін дәрежеде тамақтарын береміз басқа ешнәрсе де берілмейді» - деді Ағатай. Адай өз жігіттеріне қарап «сонымен тірі қалғандарын еліне қайтаратын болдық па, әліде басқа да ұсыныстарыңыз барма?» - деп сұраулы жүзбен қарады. Басқа айтарымыз жоқ, сол Бөрібайдың айтқан әңгімесіне қосыламыз – деді Таздың қасында отырған Шеркеш батыр. Олай болса мына тұтқындарды өз әскерлерінің ішіне апарыңыздар, шамасы күн кешкіріп қалды. Бүгін ұрыс даласы толық тазарып болмас, өлгендерін жерлеп болсын, кештетіп те болса өлгендерді жерлеу жұмысын қалайда бітірмесе болмайды. Ертең бұларды босатпас бұрын барлығын сапқа тұрғызып әңгімемізді айтып жіберерміз. Қазір мына басшыларына сіздерді босатамыз деп айтудың қажеті жоқ. Ертең барлығы жиналып тұрған да бір естігендері жөн шығар – деді Адай. Бір топ қазақ сарбаздары Қытай әскер басыларын айдап апарып өз жасақтарына қосты. Адай қытай тұтқындарының басшыларына жерлеу жұмыстарын қалайда түнге дейін бітіруді тапсырды. Адай Әдікпен – Ағатайға қарап түндегі соғыста біздің жауынгерлерімізден шығын қандай болды, жаралы қанша деді. Әдік бізден адам өлген жоқ, екі адам-ғана жаралы деді. Ағатай сіздің соңыңыздағы жауынгерлерді қосқанда үш адам шейіт болды, он бес адам жаралы, екі адамның жарақаты ауырлау, өлген жауынгерлерді ақ-жуып арулап қойдық – деді.Жаудан қанша қару-жарақ жиналды – деді Адай. Он төрт мыңның үстінде қылыш, тоғыз мың ай балта, он бір мыңдай садақ, бес мың сауыт, он үш мың қалқан, он бір мыңның үстінде найза жиналды, сауыттары біздің әскерлеріміздің біреуіне де симайды – деп күлді Әдік. Сиятындары бар шығар сарбаздар киіп көрсін – деді Адай. Қытай тұтқындары ұзын-ұзын тереңдігі бір құлаштай жүздеген шұңқыр қазып өлген әскерлерінің жүздерін жасыра бастады. Жер қазу жұмыстары мардымсыз болғандықтан, қазақ жауынгерлері де көмекке шықты. Көз байланар шаққа дейін өлгендерді жерлеу жұмыстары аяқталды. Ертесіне тұтқындарды тұтастай сапқа тұрғызып Адай сөз сөйледі. Кешке сіздердің әскер басыларыңызды жинап әңгімелескенбіз. Олар бізге егерде бізді тірі жіберсеңіздер екіншілей қазақ жеріне жау болып аяқ баспаймыз – деп уәделерін берді. Біз қан төгуге құмар адамдар емеспіз. Бізге біреу келіп тимесе біз өздігімізден ешкімге тиіспейтін халықпыз. Бүкіл қазақтар бірігіп қазақ хандығын құрғанымызға да алты жылғы таяп қалды. Қазақ ханы болып Керей батыр сайланды. Қазір қазақ хандығының әскер басылары болып Ер Жәнібек, Қарақыпшақ Қобыланды, алшын – Ағатай, жалайыр Бөрібай, Жәнібектің батыр ұлдары – Қасым, Қамбар, Әдік батырлар, Керейдің баласы Бұрындық сұлтандар жүр. Ал менің атым Алшынның Адайы боламын дегенде кешегі Адайдың алдында болып шыққан тұтқын әскер басылары саптан бір адым алға шығып тізерлеп отырып, жерге басын қайта-қайта тигізіп бәрі де дауыстап бір нәрселер айтып, қайтадан орнына барып тұрып еді, түгелдей сапта тұрған әскерлер жерге екпетінен жата кетіп, бір нәрселерді дауыстап айтып жатты. Адай аудармашылар арқылы орындарынан тұрып, айтқан әңгімені тыңдасын дегенді айтқызып еді, бәрі де қайтадан сөздерін доғарып сапқа тұрды. Сіздің сөзіңізден Адай екеніңізді естігенде, бұрыннан сыртыңыздан атыңызға қанық екен, кеше танымай кеткендеріне кешірім сұрап, енді барлық әскердің жерді құшақтап жандарына сауға сұрап жатқанын, бұдан былай өздерінің тарапынан қазақ хандығына ешқандай қастық ойлап, жаушылық жасамайтындарына ант беріп жатқанын – аудармашылар Адайға түсіндірді. Адай әңгімесін жалғастырып – сіздердің мына шейт болған он бір мың жауынгерлеріңізді өз қолдарыңызбен жерлеп тұрып, құдайдың алдында және біздің қазақ елінің сарбаздарының алдында берген анттарыңызға сендік. Сіздерді түгелдей аман-есен мына екі арба тамақтарыңызбен, жаралыларыңызды арбаларыңызға тиеп елдеріңізге қайтуға рұқсат етейін деп тұрмыз. Бұдан былай, тағы да сіздермен соғыста кездесетін болсақ, онда біздің тарапымыздан ешқандай кешірім болмайды. Қазір қазақ ордасында екі жүз мыңдай мұздай қаруланған қазақ әскері бар. Біздер солардың бір пұшпағымыз. Бұдан былай біздің бейбіт жатқан елімізге тиісетін болсаңыз қазақ әскері Пекинге дейін баратынын ең жоғарғы әскери қолбасшыларыңызға жетістіретін болыңыздар деп Адай сөзін аяқтаған да, тағыда саптағы әскерлер жер бауырлап жатып алып бірдемелерді айтып жатты. Айтқаныңызды екі етпей орындаймыз деп тағы да ант беріп жатыр – деді аудармашылар. Адай тұтқындарға рұқсат етілгенін, бұл жерден тездетіп кету керек екенін хабарлады да - өздері қостарына қарай қозғалды. Қытай тұтқындарына рұқсат берілуі сол екен, ұйма-жұйма жинақталып, жаралыларды арбаларына орналастырып қозғалумен болды. Қазақ қосы ұрыс даласын тастап Жыланшық өзенінің соғыста түсірген жеті жүздей қытай әскерінің шатырын құрып сол күні ерулеп жеңіс тойын өткізді. Қытайлар осы жеңілістен кейін көпке дейін қазақ даласына аяғын қия баспады. Басқандарының да тұмсығы бұзылып, қақпасына дейін қуылып тасталынып отырылды. Адайдың осы бір жеңісі аз уақыттың ішінде тек қытайға емес қалмақтарға да әсер етті. Мынадай қырғынды естігенсін жоңғарлардың да абай-қоқайы басылып қалды. Осыдан екі жыл өткеннен кейін Керей хан ауырып өз ажалынан қайтыс болды. Орнына ақ киізге көтеріліп Жәнібек хан болды. Бұл кезде байып алған қазақ рулары бытырап жан-жаққа малдарының ждайылымын қуалап шашылып кетуге айналып еді. Жауларда қазақтың осындау шашырап кеткен мезгілін бағып отырып шабуылын бастайтыны белгілі.Жәнібек қарауындағы батырлары мен билерін жан-жаққа жұмсап бытырап кеткен елді біріктіріп жинақы ұстауға кірісті. Әскер ұстау, хан ордасының түрлі шығындарын өтеу үшін алым-салықтар салуға тура келді. Оған көнгісі келмейтіндерді күшпен түсіндіруге де тура келіп жатты. Жәнібек өз елін реттеп, тәртіп орнатып, дұрыс хандық орнату мен қатар, Дешті Қыпшақ даласын тегістей өзіне қаратуды мақсат етті. Керей өліп, хан тағына өзі отырғаннан кейін хан тағы жауапкершілігінің өзіне түскенде ғана ауыр екенін сезгендей болды.* * *Жәнібек, Керейдің барында арқасын кеңге салып жүретінін ойлап кетті. Сондағы Керейдің Дешті Қыпшақ даласын өзіне толық қарату үшін қыймылды Еділ-Жайық жағындағы Ноғай, Алшын ұлыстарынан бастаған жөнбе, жоқ әуелі Сыр бойын иеленіп алган дұрыс па, осы мәселемен Жәнібек пен, Адаймен, Қобыландымен, Ағатаймен, Бөрібаймен оңаша отырып ақылдасып алып еді-ау. Ол кез көктемнің соңғы кездері еді. Керей орданы Ұлытаудың етегіне көшіріп әкелген. Керей мен Жәнібекті білмеген адамдар бір кісінің баласы деп ойлайтынды. Бір-біріне деген ілтипаты, сыйластығы, татулығы тумалас дамнан артық болмаса кем болған жоқ еді. Жошы ұрпағы Бадықтан Орыс хан туды. Орыс ханның жеті ұлы болды: Тоқты-Қия, Құтылық-Бұғы, Тұғылық-Болат, Құйыршық, Тоқта-Болат, Сейдахмет, Сейтәлі. Тоқты-Қиядан Болат туады. Болаттың баласы тұңғыш қазақтың ханы болған Керей. Құйыршықтан Барақ хан, Барақ ханнан-Жәнібек туады. Керейден-Бұрындық, Шайхым, Санджор-Жақан, Жақан-Бақты атты төрт бала болды. Жәнібектің-Жиренше, Махмұт, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш, Ұснақ, Жәдік атты тоғыз баласы болды.Ағасы Керейдің баласының ішіндегі жау-жүрегі де, таққа да, баққа да таласса таласытын да Бұрындық еді. Жәнібектің ойына Бұрындық келгенде-әттеген-ай, мінезіңнің томырықтығы мен өркөкіректігі ғана аяғынан алдырады-ау деп қиналып қалды. Жәнібек өз баласының ішіндегі күні бүгін де көңілінің ауып, ақылдасып жүргені Қасым болатын. «Әке балаға сыншы» деген-Қасымның салмақтылығы, ақылдылығы, әрбір істеген ісін алдын-ала ойлап ақылға салып істейтіндігі, Жәнібекке ерекше ұнайтын. Қасымды туған әкесі Жәнібектен де жақсы көретін Адай еді. Қасымда Адайды өте тәуір көретін. «Бәрімізде Адай ағамның айтқанын тыңдаумыз керек. Себебі Адай ағаның ұсынысы мен ақылы үнемі дұрыс жолға бастап келеді ғой» - деген Қасымның әңгімелерінің жаны бар болатын. Адай ол кезде бүкіл елге танымал болған тұлға еді. Қандай соғыстарға әскер бастап Адай барса оңай жеңіске жетіп отыратынды. Бертін келе Адайдың бір аты Оңай болып-та аталынды. Оның себебі жұртшылық соғыста Адай жүр деп естісе, «онда жеңіс оңай десейші»-дейтін көрінеді. «Адай-жауды жеңіуі оңай»-деген сөзден шығарып Оңай деп атап кетсе керек. Осыған байланысты кейбір шығармаларда – Адайдың орнына Оңай делініп жазылғандары кездеседі. Қасымды жастайынан Адай баулыды. Үлкен-үлкен соғыстарға да қол бастап барып, әлденеше рет жеңіске жетіп жүрседе Қасым Адайдың алдынан өтіп көрген жоқ. Қандайма болмасын жорықтарда тек-қана, Адай мен ақылдасып, Адайдың нұсқауын басшылыққа алып отыратынды. Керейдің Дешті Қыпшақты уысымызда ұсту үшін қыймылды қай бағыттан бастаған дұрыс деген сұрағына-Адайдың жауабы ойына оралып еді, Жәнібектің Адайға деген сүйіспеншілігі бұрынғыдан бетер арта түсті, сонда Адай орнынан тұрып-«Дешті Қыпшақты алаңсыз билеу үшін бізге ең әуелі, Әбілқайырдың қолын талқандап, өзінің көзін жойып алуымыз керек. Оған бізің қазір күшіміз жетпейді, бізге бірінші кезекте қару жарақ жасауды шұғыл қолға алғанымыз жөн.Екіншіден бізге басқалар мен тіл табысып, одақтасуды, сөйтіп куш біріктірудің жолдарын қарастырғанымыз дұрыс деп ойлаймын». Жаңа өзіңіз айтып кеткен біздің ойымызды ақылға салып қарап дұрыс десек хан-кеңесін шақырып талқыға салып шешіп алалық. Хан кеңесіне дейін Әбілқайырдың орнын алғысы келіп жүрген жауларымен ертеңнен бастап келіссөз жүргізуді - Адай ұсынып еді-ғой. Және Әбілқайырдың сайбаннан тараған тұқымдарының ішінде де тағына қайткенде отырамын деп жүргендері де жеткілікті, тек солармен оңаша сөйлесіп, тіл табысып алуды ойластырғанымыз дұрыс деген ұсынысы өте орынды болғанына бәріміздің көзіміз соңынан жеткен жоқап еді. Керей сол бойда хан кеңесінің өтетін күнін белгілеп, жан-жаққа хабаршыларын аттандырып жіберіп, ордада Адай мен Жәнібекті алып қалып-енді әңгімені бастай бергенде-күзетшілер бастығы Өтенияз ордаға кіріп тәжім етті де Керейге қарап жаушы келіп тұр-шұғыл ханға айтатын хабарым бар дейді-деді. «Кірсін»-деді Керей. Ордаға орта бойлы жасы отыздарға келіп қалған адам кіріп иіліп тәжім етті де-хан ием Әбілқайыр хан жүз мың әскері мен Моголстанды шабуға аттанып шығыпты, соны хабарла деп Қаптағай батыр жіберді. Сол хабарды жетістіріп тұрғаным деп айтты да тағыда тәжім етті. –Қаптағайдың өзі қайда-деді Адай.Батыр өз сарбаздарын жинақтап жатыр, қай жерге қашан жетісу керек екенін маған біліп келуді тасырып еді –деді. Сол бойда Керейдің шешімімен жаңағы кеткендердің артынан іле тағы да жан-жақтағы батырларға жаушылар аттандырып-шұғыл жасақтарымен Қараөзекке жетісуін тапсырды. Бір ойдан, бір ой туындап Жәнібек қалың ойдың мұхитына түсті де кетті.Соңынан келесі күні тағы бір хабар жетісіп еді-ғой. Күні кешегідей болып көрінгенмен бұл оқиғаға да алты жыл өтіп кеткені ойына түскенде уақыттың осыншама жылдамдығына Жәнібек таң қалды.Иә, қырық жылдың үстінде хандық құрған, ту-десе түкірігі жерге түспеген, Қорасанға, Дешті Қыпшпққа, Мауреннахырға ақ дегенін - ақ, қара дегенін қара – дегізген, атағы бүкіл халыққа танымал болған Әбілқайыр ханның Моголстанды шабуға жүз мыңдай құрыш болат құрсанған әскерін бастап келе жатқан жолда ауырып о дүниеге сапар шеккен хабары келіп еді.Әбілқайырдың тырнағы батқан елдер бұл хабарды естігенде ту бие сойып той жасағандар да болды. Жұрт той жасап жатқанмен Жәнібек қуанудың орнына көңілі бұзылып жатып алған. Өмірінің көбін жаугершілікпен, ат үстінде адам қанын суша ағызған ұрыспен өткізген, талай елді жаулап алып, хандардың ханы болған Әбілқайыр ақырында Созақтың жанында қазылған шұқырда көміліп, бес бел топырақтың астында қалды.Патша бол, пақыр бол, бұл жалған пәниден өтесің, жататын жерің сол екі құлаш қазынды.Алтын орданы қалпіне келтірген Әбілқайырға өзінің жинаған, алтын, гауҺар, інжу, маржандары мен қырық жыл отырған алтын тағынан қалған белгі моласындағы жазылған-«осы жерде Әбілқайыр жатыр»-деген жазуы бар қара таспен аяқталды. Қаншама жұртты аузына қаратқан мен соңынан ерген елдің сенімін ақтай алмады. Елді ел ету қолынан келмеді. Ал мен ше? Халқыма, еліме қандай жағдай жасай аламын? Қалай болса да өзіме бағынышты жұртшылықтың алдында арымды таза ұстауым керек. Ел-халқыма деген адал ниетімді көзім жұмылғанша таза сақтап өтуім керек. Біз қазақ деген халықтың алғашқы хандығын құрдық. Ендігі мақсат осы елмен бірге, ауыз бірлікте болып жұмыла қимылдасақ елдің іргесін бекітуге толық мүмкіндік болады – деген арман құшағында өз ойын аяқтап Жәнібек орнынан тұрды. Қазақ елін біріктіргеннен кейін Жәнібек соңғы кездерде өткен жағдайларды, өзінің жіберген ағаттықтары болса оның себебін анықтап, болашақта қайталатпаудың жолдарын іздестіріп, ой елегінен өткізіп отыруды әдетке айналдырған еді. Бүгінгі осы ойы-да соның жалғасының бірі еді.Әбілқайыр өліп орнына баласы Шаих-Хайдар таққа отырды. Әбілқайырдың талай жорықтарға қатынасып сынақтан өткізген жауынгерлерінің ішінен нағыз өзіне берілген, ешкімге сатып кетпейтін адамдарынан жиналған жүз мың әскермен Шаих-Хайдар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашатыны белгілі болды. Сол кезде Адай тағы да өзінің пайдалы ойын ортаға салды: - Көк орда хандығына қарсы батырлар мен сұлтандардың басын біріктіру керек. Ол үшін Әбілқайырға қарсы болып жүрген – Сайдан-Айбақ ханға, Бүрке сұлтанға, Муса, Аббас, Жаңбыршы бектермен сөйлесіп бәріміз бірігіп Шаих-Хайдарға қарсы шығыуға шақырып елші жіберуді ұсынды.Адайдың ұсынысы толықтай мақұлданды. Сөйтіп Шаих-Хайдарға қарсы қол біріктіріп соғысайық деп Жәнібек Адайдың айтқан хан-сұлтандарына кісі салды. Әбілқайырга әуелден тістерін қайрап жүрген олар бұл ұсынысты қуана қпрсы алды. Шаих-Хайдар қолы мен Жәнібек Яссы мен Сауранның ортасында кездесті. Екі жақтың әскері бірі-бірі ала алмады. Соғыс басталғанына үш күндей уақыт өткенде Адай жәнібекке келіп мен өзімнің бес мыңдай жасағымды және Айбақ ханның қолын ертіп бүгін түнде кетіп Самарқанттың жолына шығып Шаих-Хайдардың қолын күтемін. Сіздер ертең Сығанаққа қарай шегініп қайта беріңіздер. Шаих-Хайдар сіздерді қумайды. Олардың жүрегі шайылып қалды. Сіздердің қайтып кеткендеріңе нағыз көзі жеткен соң олар жүз мың әскерді таратады. Шаих-Хайдар өзінің азғантай қолымен қалып Самарқантқа қайтады. Мен сол кезде әуселесін көріп алармын деді. Жәнібек келісімін беріп беріп тұрып, Адайға – Айбаққа сенімдімісің деп сұрақ қойды. –«Бұл жолы Айбаққа сенуге болады»-деді Адай. Сол бойда Жәнібек Айбақ-ханды шақырып Адайдың ұсынысын айтты. Айбақ-«Адай айтса оған не әңгіме бар, біз жүруге даярмыз»-деді.Сөйтіп Айбақ ханның он мың жасағына Адай өзінің жүрек жұтқандардан жинаған қазақ халқының жолында жандарын пида ететін қазақ батырларынан құралған бес мыңдай жауынгерін ертіп он бес мыңдай қолмен түнделетіп, Самарқаттың жолына аттанып кетті.Келесі күні Жәнібек барлық әскерін жинақтап Сығанақ бағытына қозғала бастады. Шаих-Хайдар қазақтар қорықты, ығысты деп соңынан жүре түсті де кідіріп қалды. Қазақ қолының ізінен шолғыншылар аттандырып аңысын-аңдады. Кеткен шолғыншылар түске таласа қайтып оралып, қазақ жасақтарының түгелдей елдеріне қайтып бара жатқанын толық сендіріп хабарын берді. Шаих-Хайдар да сол бойда өзінің бес мыңдық жасағын қалдырып қалғандарын елдеріне таратты. Жасақтарын таратып өзі Самарқантқа қайтқан бетінде Адай мен Айбақ хан бастаған қалың қол алдынан шықты. Таратқан әскерін енді кері шақырып жинауға мүмкіндіктің жоқ екенін түсінген Шаих-Хайдар әскерін сапқа тұрғызып шабулға әзірлене бастады:Айбақ хан мен Адай бастаған әскер қанатын жайып Шаих-Хайдар жасағын қоршауға алуға ұмтылды. Әскер сапының алдында тұрған Адай түйенің көнімен қаптап тастаған садағын кере тартып Шаих-Хайдарды көздеп тұрып атқанда жебенің ысқырығы құлақ тұндырды.Өз жасағының орта тұсының алдында жирен-қасқа арғымақтың үстінде тұрған Шаих-Хайдар оң тізесіне қарай қисайып құлап бара жатты. Сол мезетте Айбақ ханның әскерлері лап қойды.Сол-ақ екен Шаих-Хайдар жасағы аттарының басын кері бұрып қоршауға түспей тұрғанда бас сауғалап құтылу мақсатын жасап жұбын жазбай қашумен болды.Адай астындағы ай маңдай қара арғымақтың басын қашып баражатқандарды орағысы келіп жіберіп еді, қашқан топтың алдыңғы легіндегі торы аттылының Қарашың екендігін танып қалды. Қасындағы бір-топ адамдарды тани алмады. Қарашыңның аттарының жүйрік екендігі аяқ алыстарынан белгілі болды. Адайдың артынан ерген бес мыңдай өз сарбаздары қашып бара жатқан Шаих-Хайдардың жасағының бүиіріне кіріп екі мыңдай сарбазын қолға түсірді.Оларды Айбақ хан әскерлеріне бірде-біреуін қалдырмай қырып кетуді бұйырып еді, Адай арашашы болып бірде-біреуін өлтірткізбеді. Тірі қалғандарының ат-көліктерін, қару-жарақтарын алып өздеріне екіншілей Көк-Орда басшыларына еріп өз ағайындарыңа жау болып аттанбаңыздар деп бастарына бостандық беріп босатып жіберді. Адайдың бұл жолғы істері де халыққа тарап, ел аузындағы әңгіменің көпке дейін арқауы болды. Сол соғыста Адайдың оң жақ санын сындырып жарып өткен жебесінен қансырап Шаих-Хайдардың өлгені анықталды. Сол соғысқа қатынасқан Әбілқайырдың екі баласы Мухамед-Шайбани мен Махмуд-Султанды және Шаих-Хайдардың денесін Қарашыңның жаудан аман алып шыққаны соңынан мәлім болды.Шаих-Хайдардың өлімінен кейін оның төңірегіндегі әмір сұлтандар тарап әр-қаисысы өздерінің елді дара басқарғандарын дұрыс көріп, өздерінің жеке мүдделерін көздей бастады. Әсіресе Әбілқайырды іштей ұнатпай қарсы болып жүрген Ақсақ-Темір әмірлері үшін қолайлы жағдай туды.Көк-Ордаға бағынып қалаларға әр сұлтан бөлек-бөлек билік жүргізуге тырыса бастады. Қазақ хандығы басшыларының да басты жауы Әбілқайыр әскерінің талқандалғанынан кейін үстеріндегі жүгі азырақ жеңілдегендей болды.Жәнібек Адаймен ақылдасып қыс келіп қалғандықтан Дешті Қыпшақтың хан ордасын Сығынаққа көшірді. Сығанақтағы орданы қорғап тұруы үшін бес мың адамнан тұратын атты жасақты алып қалып, қалғанын едеріне қайтарды. Соғыс күтпеген-жерден болып қалса хабар жеткен бойда кідірмей жетісетін жағдайда күтініп отыруды тапсырды.Ордаға алып қалған бес мың жасақ Адайдың өзінің таңдап алған бұрыннан келе жатқан талай қиындықтарды басынан өткізген талай жорықтарға өзімен бірге болған сыралғы сарбаздары болатын. Адай ауыр қолды таратпай тұрып оларды үйлеріне жіберіп, қысқы дайындықтарын отбасының жағдайларын жасатып, жаудан түскен малдардан, түрлі бағалы бұйымдардан әр-қаисысына мол қылып үлестіріп беріп көңілдерін бірлетіп алды. Содан соң барып ауыр қолды таратты. Алып қалған жасақтарындағы сарбаздарды ай сайын бөліп-бөліп отбасыларына жіберіп алып тұрды. Сонымен қазақ хандығы бұл қысты Сығанақта тыныштық құшығында өткізді. Жаз шығысы мен Жәнібек ордасын Сыр бойына көшірді. Енді алдағы маңызды мәселені шешіп алу үшін хан өзінің баласы Қасым мен Адайды және Ағатайды шақырып кеңеседі. Жәнібек, Адайға қарап - «Ендігі қызметті неден бастағанымыз жөн, мынау сыртымыздағы Еділ, Жайық бойындағы елдердің атағы-ғана қазақ хандығына бағынады дегенмен, шындығында олар аяқтарын кеңнен салып бара жатқан сияқты; немесе өзіміздің айналамыздың да тұтастай бізге қарап қалған ештеңесі жоқ. Рас Әбілқайыр ханның атақты жүз мың әскері Шаих-Хайдардың ұйымдастыра алмағандығынан жеңіліс тауып өзінің өлуімен аяқталды. Біз Әбілқайыр хандығын өзімізге қарата алғанымыз жоқ. Қаратпақ түгел әуелден бізге қарасты қалаларымызды да қайтарып ала-алмай отырғанымыз жоқпа»-деді де бұған не айтасыңыздар деген сұрақ тастады. Адай ойлы қалпында Жәнібекке қарап –Меніңше қазір бөлке-бөлек болып әр қаисысы «ортақ өгізден оңаша бұзау»-деп бір-бір қаладан иемденіп отырған Әбілқайырдың бұрынғы бек-сұлтандарын әскер жинақтамай-ақ бір-бірлеп басып алуды көздегеніміз дұрыс. Әуелі Яссы, Сайрам, Сауран, Созақ қалаларының сұлтандары мен ақсақалдары мен байланыс жасап, тіл тауып, бейбіт жолмен келісімге келудің түрлі жолдарын ұйымдастырганымызды жөн көріп отырмын- деді Адай. Жәнібек хан, аталған қалалардың билеушілеріне хат жолдап қазақ хандығына соғыссыз берілуін талап етті. Хат қанша жазылған мен Созақтың билеушісі Бахтияр, Яссы, Сауран қалаларын басқарып отырған- Құлмұхамед, Мухамед-Мазит тарқандар өз келісімімен қалаларды бермейтінін, керек болса жеңіп алсын деген хабары келді. Адай одан әрі күтіп отруды жөн көрген жоқ. Жәнібектің келісімін алды да өзінің қолында тұрған бес мың жауынгері мен қасына Қамбар мен Қасым сұлтандарды ертіп Созақ қаласын шабуға аттанды. Қазақ қолының өзін шабуға шыққан хабарын естіген Әбілқайырдың аты шулы батырларының бірі Бақтияр сұлтан қала әулетінен жирма мыңдай жасақ жинап-ашық далаға Адай қолының адына шықты. Адай өзінің бес мың жасағының екі мыңдайын бөлектеп Қасымның қарауына оң қанатқа, екі мыңдайын Қамбарға басқартып сол қанатқа бейімдетіп, өзі бір мың адаммен жауға қарама қарсы бетпе-бет жүріп отырды.Екі әскер Созақтан он шақырымдай жерде кездесті. Әскердің адында ақ арғымақ мінген Бақтияр батыр атын ойнақтатып әскердің алдына шығып Жәнібек ханның құйршығы болып жүрген Алшынның Адайы болса жепе-жекке менімен шықсын. Қорықса батырланың біреуін жіберсін деп айқайлап атын ойқастату мен болды. Әскердің оң жақ шетінде тұрған Қасым атын жүиткіту мен келіп –«Адай аға маған батаңызды беріңіз мен барып әуселесін көрейін» - деп рұқсат сұрады. Қасым сөзін аяқтай бергенде қарақасқа тұлпарын ентелетіп Қамбарда келіп жекпе-жекке шыққысы келіп тұрғанын білдірді. Адай екеуіңіз де орындарыңызға барыңыздар; Бақтияр сіздерді емес менің атымды атап шақырып тұр-ғой. Ажалына асығып тұрған шығар-деді де, ай маңдай қара тұлпардың басын Бақтиярға қарай бұрды да жүре берді. Адайдың топтан шығып жауына жақындай бергенде – Ағатайдың аспанға қараңыздар деген дауысы естілді, Қасым мен Қамбар сол мезгілде Адайдың төбесіне жақын қалқып жүрген үлкен қызғылт түсті екі қыран бүркітті көріп ауыздарын ашып қалды.Ағатай тағыда дауыстап Адайдың пірі келді, жолымыз болатын болды, ақсарбас деп айқайлап жіберді. Сол кезде тұрған бес мың қол – Адай – жолыңа ақсарбас деп аспанды жаңғырқтырып айқай салды. Адай екі әскердің ортасындағы алаңға жақындай бергенде Бақтияр ақ арғымақтың басын Адайға қаратып, найзасын ұмсына шабулдап қоя берді.Даладан көріп тұрғандарға Адай ешқандай қимылсыз жай жүріспен бара жатқандай көрінді. Көзді ашып жұмғанның арасында Бақтияр Адайға тақалып қалды. Сол кезде Адай көз ілеспес жылдамдық пен Бақтиярдың найзасының сабынан ұстап өзі ердің оң қапталына қисайып қалып артына қарай жұлқып тартып қалғанда Бақтияр найзасынан айрылып қалды да Адайдың ай маңдай қара тұлпарының сол жағынан сүйкей өте бергені сол еді, мойнына Адай лақтырған қыл арқан тұзақтың қалай түскенін де білмей қалды. Адай ай-маңдай Қара тұлпарға тақымын қысуы мұң екен алға қарай атыла жөнелгенде Ақ арғымақтың үстіндегі Бақтиярды жұлып аттан түсіріп кетті. Бұл көрініс әп-сәтте болды. Адай Бақтиярды сүйрету мен өз жасағына алып келді. Мойнынан түскен қыл-арқан енді сәл кідіргенде Бақтиярдың жанын жаһаннәмге жіберетін еді. Адай арқанды тастай берді де Ағатайға қарап мынаған кісен салып, артқы жақтағы ақұрыққа апарып тастасын, біреу міреу жазым қылмасын деді де өзі қайтадан алға шықты. Бақтияр қолы басшысының жағдайын көріп абыржып қалды. Осы сәтті Адай бос жібермеді. Өзінің мыңдығын бастап жау әскеріне оқша атылды. Алдын ала Адайдың берген тапсырмасы бойынша Қасым мен Қамбар қолы жаудың екі қапталын орай шабуылға көшті. Адайдың алып қалған мыңдығы нағыз іріктелген, ештеңеден таиынбайтын жүрек-жұтқандардың өзі еді. Әп сәтте Адай жаудың ұилыққан тобының ортасына сынаша кіріп жарып жүре берді. Адай бастаған топ, жаудың ұйқы-тұйқысын шғарды. Осындай қимылмен сүт пісірімдей уақытта жаудың ортасын қақ жару мен арғы бетіне өтті. Адай қолының жүріп өткен жері өліктен жайрап қалды. Жау әскерінің екі жағындағы Қасым мен Қамбар бастаған қазақ сарбаздары да Бақтияр қолының қос қанатын қиып, жирып тастағаны байқалды. Адай тобы жау ортасына қайта кіруге бағыттаған кезде жау тобынан үлкен ақ шүберек көтерген біртоп адам Адайларға беттеді. Жаудың берілгенін көргеннен кейін-қазақ жасақтары қимылдарын саябырлата бастады. Бақтияр батырдың ұйымдастырып жасақ құрап шығарған жауынгерлерінің көбі бұрын соғыс көрмеген, қалада қолөнері мен айналысып жүрген тұрғындар болатын. Олар Адайдан бастарына сауға сұрады. Адай бәрінің де қару-жарақтарын алып өздеріне бостандық берді.Бақтиярда өзінің ертіп келген жауынгерленің алдында Адайдан тізерлеп отырып өлтірмеуді өтінді. Егер тірі қалдырсаңыз от-басым, туыстарым бәріміз түгелдей сіздің қызыметіңізде боламыз деп бір құдайдың алдында, мына тұрған жауынгерлерімнің алдында антымды беремін – деп үш рет айқайлады. Адай Бақтиярды босатып тірі қалған әскерлерімен бірге Созаққа келді. Созақты алған хабарды естіген бойында нөкерін ертіп Жәнібек ханның өзіде келді. Созақтың ақсақалдары Жәнібектің алдынан шығып шашу шашып қарсы алды. Сол жерде Жәнібек бастаған қазақ ордасының басшылары мен батырларына арналып қонақсаы берілді.Жәнібек хан Созақ қаласының халқына разылығын білдіріп сөз сөйледі. Тұркістан бойындағы қалалардың барлығы әуелден Жошы ұрпағынікі, Орыс ханның иелігіндегі жерлер, оны өздеріңіз білесіздер. Күні кешегі Барақ ханды іштеріңізде жақсы білетіндеріңіз бар шығар дегенде-жапырлап отырған халық-білгенде қандай, естіп жүрміз-ғой, елімізді бір көтеріп тастап еді ғой-иманды болсын, деп дауыстап жатты. Барақтың жолы мен аумай жүріп келе жатқаныңды біздерде біліп, көріп отырмыз ниетің оң болсын Жәнібек хан деп - тағы да шу ете түсті. Жәнібек сөзін жалғастырып – сондықтан да біз сіздерге шамамыз келгенше жағдай жасағымыз келеді. Біз ешкімнің жерін жаулап, халықтың тыныштығын алғымыз келмейді. Біз тек – қана балаларымыздан қалған аз жерімізге иелік еткіміз келеді. Біз халыққа бейбітшілік орнатқымыз келеді. Сіздер біздің ниетімізді қолдайын шығар деп ойлаймыз. Сіздердің билеушілеріңіз Бақтияр сұлтанға арнайы хабар жіберіп қаланы бейбітшілік жолмен соғыспай, адам қанын төкпей беруді сұрағанбыз. Бақтияр оған келіспеді, өзінің жирма мыңға жуық жасағымен бізің Адай бастаған бес мың адамнан құралған қолымызды талқандап жойып жібергісі келді. Амалсыздан соғысуға тура келді. Адайды, Бақтияр жекпе-жекке шақырды, оданда жолы болмады. Бірақ Адай-Бақтиярды өлтірмеді. Осындағы Ақсақалдардың билігіне салғысы келіпті.Соғыс басталып кеткенсін көп ұзамай Бақтияр жағының ішіндегі ақылды адамдары болу керек-жеңілгендерін мойындап бітім сұрағансын Адай соғысты тоқтатып бітімге келіпті. Бақтиярда өзінің қателігін мойындап тірі қклдыруды сұрап, егерде тірі қалдырсаңдар өз өмірінің аяғына дейін қазақ хандығына адал қызымет атқаратынына ант бергенсін Адай оны да босатыпты. Бақтияр өз әскерін бастап қалаға келді. Қазір осы орталарыңызда өзі де отыр деді. Сол кезде отырғандардың ішінен біреулердің Бақтияр неге мына қала-халқының алдында көрінбей бұғып отыр. Бүгінгі соғыста соғыста талай боздақтың өмірі қиылды. Бұған Бақтияр не айтады екен деген сөздері естіліп калды. Сол кезде Адай –«Бақтияр тұр орныңнан, мен саған кешірім жасаған мен мына халқың кешірмесе жазадан да, өлімнен де құтыла алмайсың, кешірімді өз халқыңнан сұра» деді. Шет жақта отырған Бақтияр екі қолын көтеріп халыққа қарарап сөйлей бастап еді дауысы қырылдап, ысылдап қасында, отырған дамдардан басқаға естілмеді. Үнемі Бақтиярдың қасында жүретін қорғаушысының бірі Машырық Бақтиярдың сыбырлап айтқан сөзін қатты дауыспен халыққа жетістіріп айтып тұрды. Бақтияр – халқым, ағаларым, іні қарындастарым, Ақсақалдарым менің қателерімді кешіруді сұраймын. Мен де сендерге жамандық жасайын дегенім-жоқ. Созақты соғыспай-ақ берсін деген ұсынысқа келіспегенім рас. Мені Әбілқайыр хан осы қалаға билеуші етіп қойғанда бәріңізде барсыздар. Сонда маған жау келсе-соғыспай қаланы бере сал деп қайсыңыз айтып едіңіздер. Ешқаиысыңызда айтқан жоқсыздар. Менде осы қала халқының жағдайын жақсарту жолында жарғақ құлағымды жастыққа тигізбей жүрген адамның бірі екенімді бәріңізде білетін шығарсыздар. Жәнібектен қазақ хандығына қарсыласпай беріліп, қаланың қақпасын ашуды ұсынған хатты жаушы әкеліп берген күннен бастап мен өздеріңнің күштеріңізбен жасақ құрып бұрынғы сегіз мың әскерді жирма-мыңға жеткізіп, Адай қолының алдынан шыққаным рас. Адайды жекпе-жекке шақырдым . Себебі өз күшіме, өз қайратыма сенгендіктен шақырдым. Менің басымнан талай соғыстар өтті, талай жүрек жұтқан жеңіліп көрмеген батырлар мен жеті рет жекпе-жекке шығып жер жастандырдым. Бүгінгідей жағдайды осы өмірімде кездестіріп көргенім жоқ. Басқа адамдарда кездестірмеген болар. Себебі шабумен келіп Адайға найзаны салам деп енді сілтей бергенімде иығында отырған құсқа көзім түсіп кетіп еді, жарық еткен қызғыл түсті ұшқыннан есім ауып кетті, қолымдағы найза бір ілгері қарай тартқан алып күштің екпінімен қолымнан шығып кетті. Содан кейін қылғынып бара жатқанымды сезгендей болдым, арғы жағын білмеймін. Есімді жиғанымда қол-аяғым байлаулы жатты. Бұның бәрі бір-құдайдың ісі болар. Адайдың басына құдайдың әруақ қондырған, үлкен киелі адам екеніне көзім жетті. Сондықтан да жаныма сауға сұрап, қалған өмірінің аяғына дейін Адайға қалытқысыз қызымет етемін деп ант бердім. Егер сіздер мені кешірім беріп тірі қалдырсаңыздар, сіздерге де айтарым қалған өмірлеріңізде қазақ хандығының қарауына кіріп, ақ-адал қызымет көрсеткендеріңізді жөн - дер едім.Қазақ хандығы Адай орталарыңда жүрсе дегеніне жететініне менің сенімім мол. Мен сөзімді айтып болдым, шапсаңыздар да, басымды алсаңыздар да, қолдарыңыздамын деп Бақтияр орнына отырды. Сол кезде сарбаздарының ішінен үш-төрт адам орндарынан тұрып, Бақтиярдың Адай туралы айтып тұрған әңгімесі таза шындық, Адайдың екі иығында отырған қызғылт түсті қыранның көзінен шашып тұрған оты далада тұрған біздердің садақтарымызды көздетіп тартқызбады. Қазір осы жерде отырған жауынгерлердің кейбіреулері бұл жағдайды көргенін айтып отыр, сондықтан Бақтияр батырдың айтып отырған әңгімесі дұрыс. Адайға бұдан былай табынатын боламыз - деді. Сол кезде әр жерден Адайдың қасиетін көрдік рас деген дауыстар естілді.Сол кезде Созақ қаласының белгілі ақсақалы Рамазан орнынан тұрып: - О қадірлі халайық Бақтиярдың әңгімесін естіп отырсыздар. Бақтияр да Созақты қорғау үшін Адайға қарсы шықты. Өзінің қаланы қорғап тұрған азғантай әскерін, қаладағы қол-өнермен және түрлі жұмыстар мен айналысып отырған адамдар мен толықтырып соғысқа шыққалы жатқанда Бақтияарға барып, соғыспай-ақ қала-қақпасын Адайға ашып бағынайық деп қаисысымыз барып айттық екен. Жәнібектің қазақ хандығын құрып, елге жайлы жағдай ұйымдастырып жатқанын естіп отырсақ та осы Бақтияр бүгін Жәнібек қолы жеңіліп тірі қалғандары Адай бастап бізің қолымызға түскенде, біздер Адайға ұқсап кешірім жасап әскерлерін елге қайтарар ма екенбіз? Немесе тұтқын болған Адайға да аяушылық жасап өз жасағы мен еліне аман жіберер ме екенбіз? Осы жағдайды өздеріңіздің ене-көкректеріңізбен ой сүзгісінен өткізіп көріңіздерші. Немесе соғыс болғансын өлім болады. Оны Бақтиярдан көруге болама? Осы Түркістан маңындағы қалалардың бәрі Керей мен Жәнібектің бабаларынікі екені рас. Олардан қалған тұқымдарының ата-жолын қуып, өз елін, өз жерін өздері иеленуі үшін күреске шыққаны да дұрыс. Күні бүгінгі таңдағы өзінің иелігіндегі Созақты қорғап қалуы үшін Бақтиярдың қарсы соғысқа шығуын мен дұрыс емес деп айта алмаймын. Енді Созақтан аттанған Бақтияр қолы жеңіліс тапты. Бірақ Адай-өзінің жүрегінің қан құмар еместігін, адамгершілігінің жоғары екендігін, адамға деген, елге деген сүйіспенншілігін паш етіп отыр. Қай соғыстан естіп, қандай соғыстан көріп едіңіздер жеңген жақ, жеңілген қолға түскен қарсыластарын ат-көлігі мен аман есен еліне қайтарды дегенді? Бүндай жағдайға көңілі мынау жатқан Дешті-Қыпшақтың даласындай кең, Кияс-Хауыс қырық-шілтеннің назарына іліккен бойына қасиет дарыған пірлер қолдаған пенденің-ғана қолынан келеді. Ол пенде міне бүгін біздің арамызда отырған Алшынның Адайы. Мен-Байқожа мен Қыдырқожаны жақса білемін. Байқожаның баласы Елтай әкең өте батыр тұлға болатын. Бірақ ажалға шара жоқ, жастай кетті. Аталарың Қыдыр-дарыған үлкен дәулетті адамдар еді. Олардың баласы Адайдың адамгершілігінің мол болмауы мүмкін емес. Жәнңбекжан халықтың қамын ойлайтын хан болған екенсің. Абройын-асқақтап, мәртебең биіктей берсін. Адай атты арысжыланды тапқан екенсің. Ендігі жерде азғантай Алшын ауылын әлпештеп өткендеріңіз мақұл болады. Адай-жан өміржасың ұзақ болсын. Осы қаланың ақсақалы және ақылшысы есебінде менің айтарым – біздер бір-біріміздің кінәмізді кешіріп бұдан былай арамыз ажырамастай достықта, түтініміз бір жерден шығатын ауыз бірлікте болалық, осы пәтуа болсын-Әумин деп сөзін аяқтады. Отырған халық түгелдей әумин деп қолдарын жайып баталасты. Сол жиында Созақтың билеушісіЖәнібектің ұлы Махмұд тағайындалды. Бақтияр сұлтанды өзіне кеңесші етіп алды.Осыдан кейін көп ұзамай күзге салым Жәнібектің ұйғарымы мен Адай жасағы Сауранды жаулап алды. Сауранға билеуші етіп Адайдың өзінің ұсынысы бойынша, Жәнібектің үлкен ұлы Жиреншені отырғызды. Қазақ ордасының басшылары жаз шығысы мен хан-кеңесін шқырды. Ондағы ой тағыда Еділ, Жайық, Елек, Жем, Торғай өзендерін жайлаған елдердің қазақ хандығына бағынудан айнып жүргендерін естіп ол жақты біржолата жөнге келтіріп алу еді. Хан кеңесі бұл жоспарды дұрыс деп тапты. Жәнібек Сығанақты Керей ханның баласы Бұрындыққа тастап Орданы Дешті Қыпшақтың көне қаласы Сарайшыққа көшірді. Жәнібек, Адай мен Қасым сұлтан бастаған мұздай қаруланған он мың әскер мен Еділ-Жайықтан бастап Мұғажар тауына дейін сұс көрсетіп, жердің, елдің иесі бар екендігін көрсетпегенде-бұл жақтағы қандастарының Қазан, Астрахан, Башқұрт хандарының иелігінің астында кетуі мүмкін екендігіне көздері жетті. Хан ордасының өте қашықта болуы билік басындағылардың бұл жерде болмауы қазақ хандығына деген елдің сенімін жоғалтуға айналған болатынды.Сөйтіп Жәнібек хан Дешті Қыпшақ хандығының қанатын жайып бір тұтас құдыретті мемлекет болуы үшін Еділ, Жайық, Жем, Торғай өзендерін жайлаған туыстардың басын бір-жолата біріктіру қызыметіне кірісті. Бұл жұмыс қиындықсыз қаліпке келе-қойған жоқ. Жәнібек кейбір жерлерде күшке салып тізесін батырып, ұрысып, қан төгісті де жасап жіберді. Еділ бойын иеленіп отырған Астрахань Ордасының әміршісі Қасым сұлтанмен, Ноғайлының Темір биі, Қырым, Қазан хандарымен тіл табысып бірігіп Дешті-Қыпшақтың жалпақ даласын жырымдап басып алып билегісі келген ойлары да болғандығы белгілі болып қалды. Бірақ олардың қазақ ханы Жәнібектің Даңқы елге жайылған Алшынның батыры Адай бастаған мұздай қаруланған қолына әлі жетпейтін еді. Еділ-Жайық бойын дүбірлеткен қазақтың қалың қолын коргенде біздерді де қанжығасына байлап кетеме деген қорқыныш бойларын билеп алды. Кезінде Хаджитархан тағына Қасымды хан етіп отырғызған Әбілқайыр еді. Тұңғыш қазақ хандығын құрып, Әбілқайырдың қол астынан шығып, шыққанымен тұрмай, Әбілқайырмен ашық күреске шыққан Керей мен Жәнібекті атуға оғы болмай жүрген Қасымның енді міне іргесіне келіп, шаңдатып жүрген Жәнібектің қимылы іш пыспанын ішіне түсірді. Еділ-Жайық бойын оңаша өзім билеймін деп жүрген Темір биде Жәнібек қолынан тұмсығын бұздырып алып азғантай жасағы мен Нарын құмына қашып тығылып қарасын көрсетпей қойды. Жәнібек осылайша бұ жақтағы қазақ руларының басын біріктіріп, Дешті Қыпшақ хандығына бағындырып, елді қауымдастыра бастағанда Түркістан жақтан жаман хабар жетті.Әбілқайыр өлгеннен кейін, Шайх-Хайдар қаза болатын ұрысқа қатынасқан екі жас жігіт Мухаммед-Шайбани мен Махмуд-Султанды Қарашың ертіп алып Әбілқайырдың ең тәуір көретін сенімді адамы Хаджитархандағы Жошының үшінші ұлы Құтылық Темірдің ақтығы Қасым ханға апарып тапсырған. Осы кезде Мухаммед-Шайбанида одан екі жас кіші Махмуд-Сұлтанда ержетіп жастары ел билеуге келіп қалған болатын. Жәнібектің тықыры таянғансын Қасым Әбілқайрдың қос бөрісін Қарашың бастаған қамқоршыларын шұғыл шақыртып Түркістанға жасырын аттандырған.Мухаммед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды Түркістан уәлиетінің әміршісі Сұлтан-Ахмед, Ташкент уәлиетінің әміршісі Сұлтан-Махмұд-Тархан, Яссы қаласының хакімі моғол Мүхамед-Мазит-Тархан, Отырардан Күлмүхамед-Тархан, басқада Көк-Ордаға белгілі бірнеше адамдар-күшейіп бара жатқан Қазақ хандығынан тағымыздан айрылып қаламызба деп күні-түні ұйқы жоқ үркіп отырғандар алақандарын шапалақтап қарсы алды. Құрып кеткен Көк-Орда шаңырағын қайта көтеріп Дешті Қыпшақты уысына алуды ойлап Мухаммед-Шайбаниды хан көтерді. Өздерінің нағыз жаулары Жағатай мен қазақ хандығына қарсы әскер жинақтап күреске шығыуды суыт ұйымдастырды. Мухаммед-Шайбанидың бойында ел басқаратын қасиеттері шындығында ерекше болатынды. Оның білімділігі, ержүректігі, соғыс өнеріне жетіктігі, айлакерлігі мен сұмдығы сол кездің өзінде сезіліп тұрды. Мухаммед-Шайбани тізгінді қолына алысы мен соғысқа дайындала бастады. Аз уақыттың ішінде ауыр қол ұйымдастырып қазақ хандығына шабулын бастап кетті. Бұрындық нөкерін ертіп аң аулап кеткен тұсында Сығанақты басып алды. Содан кейін Жиренше сұлтан басқарған Сауранды да иеленді. Түркістан бетіндегі хабар жетісі мен Жәнібек шұғыл кері оралуға жинақтала бастады. Түркістаннан қазақ айырлса, онда бүкіл Дешті Қыпшақтан айырлатынын жақсы білген Жәнібек әскерді бастап атының басын кері бұрды.Сауранға жирма шақырымдай жер қалғанда, алға кеткен шолушылар Мухаммед-Шайбани әскерінің жақын қалғандығын, олардың да қарсы қозғалып келе жатқандығын хабарлады. Жәнібек қолды кідіртіп үш топқа болді. Оң қанатқа Адай, Қасым бастаған үш мың жасақты, сол қанатқа Қамбар, Әдік бастаған үш мың адамдық жасақты, ортаға Саян мен Жиреншені алып алты мың адаммен өзі қалды. Күн көтеріліп сәске мезгілі таяғанда екі әскер кездесті. Мухаммед-Шайбани жағы бірден шабулға көшті. Түс ауа Мухаммед-Шайбани әскерінің сол қанаты қиылып, бөлектеніп Адай мен Қасым бастаған қазақ қолының қыспағында қалды. Күн намаздігерге таяғанда Мухаммед-Шайбани қолының оң қанаты да ыдырап Қамбар мен Әдік жасағының қоршауында қалды. Күн батуға таяғанда Жәнібектің алдында соғысып жатқан негізгі тобы да кері ысырылып шегіне бастады.Қазақтар жағынан жау қашты деген дыбыстың шығуы мұң екен жау қаштылаған даустар күшейіп кетті. Сол кезде Мухаммед-Шайбанидың өзі бастап аянбай айқасып жатқан орта тұс ойылып жау жапырлап кері қаша бастады. Манадан бері ұрыстың жүрісін бақылап тұрған Жәнібек өінің қасындағы азғантай жасағын ерітіп қашқан жауды тірі жібергісі келмей жау қашқан ортаға қарай салып коя берді. Соғыс басталғалы тың тұрған торы арғымақ әп-сәтте Жәнібекті қашып келе жатқан жаудың ортасынан бірақ шығарды. Соғыс басталғалы Жәнібекті аңдып жүрген Мухаммед-Шайбани бастаған бір топ жас жігіттердің ортасына қалай түскенін Жәнібектің өзі де аңғармай қалды. Ортаға түскенін байқаған Жәнібек шоқпарын шырқ айналдырып қоршағандарды жуытпауға тырысқан мен жасы жетпіске таянып қалған адамның жылдам қимылы ұзаққа барған жоқ. Сол мезгілде ту сыртынан келіп желкеден ұрған шоқпар мойын омыртқасын қиратып кеткен болатын. Жәнібек аттан құлап бара жатты. Сол кезде арттан жетіскен Саян бастаған өз тобының жігіттері Жәнібекті жерге құлатпай үлгеріп аттың үстіне қайта отырғызып екі жағынан екі атты сүйемелдеп жау тобынан жырылып шыға бастады. Кеудесінде жаны жоқ Жәнібек ханның денесін аттан түсіріп өзінің, арбаның үстіне қондырылған жүрмелі алты қанат киіз үйіне әкеліп жайластырды.Мухаммед-Шайбани әскері ойсырап жеңілді. Бірақ жеңілген мен аңдып тұрып Жәнібекті өлтіріп тынды. Мухаммед-Шайбанидың осы соғыстағы мақсаты Жәнібекті өлтіру еді. Ол арманы орындалды.Сөйтіп Жәнібек Шайбанидың артынан-ерткен жас жігіттерінің біреуінің қолынан қайғылы қазаға ұшырады. Жаудың сол қанатын ойсырата қиратып, қалғандарын да өкшелей қуып түгелдей жойып жіберуді діттеген Қасым мен Адай Жәнібек ханның хабарын естіп аттарының басын кері бұрды. Жаудың тірі қалған азғантай бөлігі кешкі қараңғылықты пайдаланып көзден таса болды.Әкесінің жанында болмағанына Қасым қатты өкінді. Өзінің анасы Жаған бикемнің «Аққозы менің туған апам одан туған Мухаммед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан мен дос болып өт, қастық жасама, қару жұмсама» - деген тапсырмасын орындаймын деп әкесінен айрылды. Қасымның қанша соғысқан мен Жәнібекке Мухаммед қару жұмсамас деген ойы теріске шықты. Бірақ Жәнібекке жұмсалған шоқпар Мухаммедтікі емес қой деп әліде анасына берген антын бұзғысы келмеді. Соны мен қазақ хандығын тұнғыш орнатқан, қазақ ордасының іргесін орнықтырып, қазақ мемлекеті деген атақты алып берген қзақтың тұңғыш екі ханы Керей мен Жәнібек бірінен соң бірі өмірмен қоштасты. Керей өз ажалынан өлсе, Жәнібек жау қолынан қаза тапты. Сөйтіп 1481 жылдың жазында қалың қазақ жиналып өздерінің алғашқы ханының бірі Жәнібекті ақырғы сапарға шығарып салды. Жәнібек өлгенен кейін өздерінің ата баба жолымен сол кездегі салт-дәстүр ережелеріне сай Жәнібектің ағасы болып келетін Керейдің баласы Бұрындықты ел жиналып ақ киізге хан көтеріп тағына отырғызды. Екінші бөлімАсылдың тұяқтары Қазақ атты халықтың салтында хан тағына отырудың ескіден сақталып келе жатқан Түрік қағандығынан басталатын өзіндік ұлттық дағдысы бар.VIII ғасырдан жеткен атақты Білге-Қаған ескерткішінде: «Әуелі әкелері қаған болды, одан соң інілері қаған болды, содан кейін балалары қаған болды», - деп жазылыпты. Бұл жазбадағы «бала» деп отырғаны-ағаның баласы, одан соң келесі ініге, келесі ағаның әулетіне жол ашылмақ. Бүгінгі атаумен айтсақ, тақ билігі әкеден балаға көшпейді, ағадан ініге көшеді. Мұрагер інінің кешегі ханмен бірге туған, емшектес болуы шарт емес, ағасының баласы ма, немесе немере, немелтай туыс па, әйтеуір сол әулеттен болуы шарт. Бірақ сол туыстардың ішіндегі ақылдысы, үлкен абройға ие болғаны, жау қайтарған батыры ғана хан көтеріліп келген.Осы бір бұлжымас та, айнымас ата дәстүрі бұзылған жағдайда, билеушілер арасында алауыздық туып, араздасып халықтың іші бүлінетін болған. Қазақ ордасының төрт жүз жылға жуық өмір сүрген мезгілдерінің ішінде бұл дәстүр екі-үш рет қана бұзылған болуы керек. Қазақ тарихында хан тағына отырған кездерде осы бір дәстүрге мойын ұсынып ұрыссыз, соғыссыз келісімге келіп отырған-ғой.Қазақ ордасының әуелгі билеушісі – Керей хан, одан соң оның алыстан туыс болып келетін інісі Жәнібек хан билік басына келді. Жәнібек өлгеннен кейін ағаның баласы делініп Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді. Хан тағына отырған Бұрындық бірден қазақ жұртын отырықшылыққа бағыттап жұмыс жүргізе бастады. Төрт түлік малын өсіріп, қайда шөбі шүигін қоныс болса, сол өріске көшіп жүрген халық отырықшылыққа бірдей мойын бұра қойған жоқ. Оның үстіне Мұхамед Шайбани мен Махмұд-Сұлтанның шабуылы да ішкі жұмысты жүргізуге мүмкіндік бермеді. Шайбани хан ең алдымен Қазақ елін жан-жақты тұрмыстық қыспаққа түсірмек болады. Қазақ керуендерінің Орта Азияға келуіне, онымен жапсарлас елдерге өтуіне тиым жасап қазақтармен арадағы араластың барлық түріне тоқтам салады. Мәуренахр мен Қорасанның барлық діні орталықтарында «қазақтар мұсылман емес кәпір, мұсылман қауымына қас, діни жат адамдар» деп сөз таратып, «оларға қастықтың барлық түрін қолдану керек» деген тұжырым жасап, үкім шығарған. Осымен қоса Шайбани қазақ даласына жойқын жорықтар ұйымдастыруды бастады.Бұрындық хан тағына отырған тұста Адайдың жас шамасы қырықтың ортасына келіп қалып еді. Адайдың ол кезде екі баласы бар болатын. Үлкенінің аты Құдайберді кейіннен Құдайке аталынып кеткен, одан кейінгі баласына Келімберді деп ат қойған. Үлкен баласы Құдайкенің жас шамасы ондарда болса, екінші баласы Келімберді әлі бірге тола қоймаған болатын. Құдайке жастайынан дене бітімімен де, ширақтығымен де, сөйлеген сөзінің орнықтылығымен де көзге түскен. Асау аттардың жалынан ұстап, ноқта-жүгенсіз мініп жуасыта беретін болыпты, он екі жасынан бастап өзінен алты-жеті жас үлкен жігіттермен күресіп, жықтырмаған. Тіпті кейбіреулерін жығып кетіп те отырған. Адай Құдайкенің болашағынан зор үміт күтті. Басқа балалардан оның көптеген ерекшеліктерін байқап, ұрыс кездерінде де бақылап тұратын топтың ішіне қосып соғысу тәсілдерінен де хабардар етті. Құдайке өзін соғыстың ішіне кіргізбегенмен де талайын сыртынан көріп, үйреніп дағдылана бастаған. Бірінде құдыққа түсіп кеткен атан түйені ешкімнің көмегінсіз өзі шығарып, алып күштің иесі екені ел аузына таралып кетіпті.Маңғыстаулық ақын Өмірзақ Қалбаев өзінің «Қосай ата» атты еңбегінде (45 б.) – «Қасымханның жасағында қазақтың небір батырлары болыпты. Солардың алдыңғы қатарында батыр бабамыз Құдайке де болған» - деп көрсетеді. Сол еңбегінде Құдайкені Қасымханнан жасы кіші замандас деп көрсетуі тарихи деректерге келеді.Бұрындық хан болған кезінде Ташкент, Яссы, Отырар қалаларына билік жүргізіп отырған моғол хакімдері мен Темірлан әмірлерінің жинап берген әскерлерін басқарып Мұхамед-Шайбанидың інісі Махмуд-Сұлтан Созақты басып алуға аттанады. Бұл хабарды естіген бойда Бұрындық қазақ жағын бастап өзі қарсы аттанады. Қазақ тобы екі топқа бөлініп жүреді. Біреуінде Бұрындық ханның өзі, екіншісінде қазақ қолының бас қолбасшысы «Әмір-әль-умера» деп аталынған Қасымның өзі жүреді. Бұрындықпен Махмуд-Сұлтан қолы Созақтың жазық даласында кездеседі. Екі әскер бетпе-бет келіп тоқтаған бойда Махмуд-Сұлтан атын ойнатып өз қолының алдына шығып Созақтың билеушісі Жәнібек ханның ортаншы ұлы Махмұт-Сұлтанды жекпе-жекке шақырады. Махмуд-Сұлтан мен Махмұт-Сұлтан жекпе-жекке шығып ұзақ айқасады. Бір кездерде Созақтың билеушісі Махмұт-Сұлтанның аттан құлап бара жатқанын көрген кезде қазақ тобының ішінен торы-төбел ат мінген жас жігіт шығып тұра шабады.Шауып бара жатқан сарбаздың өзінің онбес жасар баласы Құдайке екенін танып қалған Адай шыдай алмады. Қара арғымақтың басын қоя берді. Қараат ортаға қарай ытқи жөнелді. Өзіне таяп қалған жас жігітті байқап қалған Махмуд-Сұлтан қылышын қынабынан суыра бергенде ағызып келіп қалған Адайды танып өз тобына қарай тайқып шыға берді. Құдайке Махмұт-Сұлтанды аттан түсірмей сүймелдеумен қазақ қолының ішіне кіріп кетті. Адай атын ойнақтатып Шайбани әскеріне тақап келіп жекпе-жек деп айқай салды. Бірақ ешкім Адайға жекпе-жекке шықпады. Сол кезде жау тобының ішінен Адайды көздеген садақ оқтары атылды. Ысқырумен жақындап қалған жебелерді Адай денесіне жеткізбей көз ілеспес жылдамдықпен қылышымен турап түсіріп жатты. Екі жақтың әскеріне де Адай ортада қара арғымағын ойнатып бір-түрлі ат ойынын көрсетіп жүрген адамға ұқсап кетті. Адайдың адам айтса нанғысыз мынадай қимылын бірінші көрген Бұрындықта, үнемі бірге жүрген Қасымда бір сәт таң қалып қалды. Садақ оқтарының бірі болмаса бірі тиіп Адайға жазым болама деп ойлаған Қасым одан әрі шыдамады. Ақ алмасын жарқылдатып өзі бастап Махмуд-Сұлтанның қолына лап қойды. Ұрыс екі күнге созылды. Айқастың ішінде жүрген Қасым Әбілқайырдың баласы Махмуд-Сұлтанды іздеумен болды, бірақ кездестіре алмады.Екі жақтанда адам шығыны көп болды. Бұл ұрыста да Әбілқайыр балалары бастаған қол жеңіліске ұшырады. Жеңілгенмен Махмуд-Сұлтан жасарын жасап кетті. Қасымның туысы Махмұттың бетауызына адам қараса шошынарлықтай жарақат салды. Шошынарлықтай дегеніміз Махмұттың тұмсығы түгелдей еріндерімен қосылып жұлынып кеткен болатын. Содан бастап Махмұт-Сұлтан бетауызын тұтастай ақ орамалмен орап алып жүретін болды. Тамақ ішетін уақытта да ешкімге көрінбей бөлек тамақтанатын дәрежеге келді.Қасым ойға қалды. Мухамед-Шайбани бастаған топтың қолынан әкесі Жәнібек өлді. Бүгін міне өзінің туысы Махмұт-Сұлтанның бетауызын Әбілқайырдың екінші баласы Махмуд жекпе-жекте бұзып, елге күлкі етіп кетті. Бұдан былай Аққозыдан туған Әбілқайырдың балаларына немесе өзінің туған бөлелеріне аяушылық жасап, қару көтермеймін деген анасына берген антын бұзды. Ақ сүтіңді беріп өсірген анам – деді ішінен Қасым, енді мен сізден кешірім сұрап, Мухамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға қарсы қару көтермеймін деген антымды бұздым, себебі олар әкем Жәнібекке де оның балаларынада қарсы аяузыс зұлымдық жасаумен келеді. Анам Жаған бикемнің – Қасымыма сілтенген қару маған қадалсын – деген тілегі аумай-төкпей қабыл болып маған сілтенген жаудың кездігі жүрегіне қадалып көз жұмды. Менің шыдамым таусылды – кешір мені аяулы анам – деп, күбір етті. Кешір мені аяулы анам - деген сөзді қасында келе жатқан нөкерлерінің ішіндегі Адайдан басқасы естігенмен түсінген жоқ.Соғыстан қайтып оралған күні Қасым Адайдың баласы Құдайкені шақырып көпшіліктің көзінше құшақтап тұрып – айналайын Құдайке жастығыңа қарамай жалғыз шауып жаудан жараланып атжалын құшып қалған менің туысымды Махмұт-Сұлтанды ажалдан алып қалдың. Мен сенің әкең Адайды туысымнан кем көрмей, әрі ағам, әрі қамқоршым деп сыйлап, сол кісінің ақылымен, сол кісінің бастауымен келе жатқан адаммын. Бұдан былай енді мен сені іні қылып алғым келіп тұр – Адай ағам рұқсатын берсе бүгіннен бастап менің қасымда боласың деді. Адай Қасымға қарап – Қасымжан менің қарсылығым жоқ. Құдайке биыл онбеске толады. Әзір айқасқа салып жебермей, кідерте тұрарсың, азғантай уақыт қанатын қатайтып, бұғанасын бекітсін. Он жетіге толғасын қайда салам десеңде еркің. Іні қылып алам десең менен қарсылық болмайды, қазірден бастап ерітіп алып жүре бер – деді. Қасым Құдайкені құшағынан босатып, көк барқытпен жабулаған ақ арғымақты әкеліп үстіне Құдайкені мінгізіп, қолына алтын балдақты қылышты ұстатып тұрып – айналайын Құдайке тіл-көзден аман бол, өзіңнің әкең, менің ағам Адайдай бол деп батасын беріп болғасын, Құдайкеге міне бүгіннен бастап менімен бірге боласың деді. Құдайке басын изеді.Осы кезде Қасымға үлкен ауырлықтар түсе бастады. Бұрындық ханның ат үстінен түспей басқа елдермен үнемі соғыста болуы, Қасымның ұстаған бағытына сәйкес келмеді. Бұрындық қазақ елінің іргесін тек-қана соғысып, басқа елдерді басып алумен бекітуді, басып алған елдің байлығы мен қазақ елін байытамын деген пиғылда болды. Өзінің ойын Бұрындыққа айтып, жазықсыз халықты қанға бөктірудің дұрыс еместігін, соғысты тек өз жерімізді қайтарып алып, соны қорғап, өз елімізге ешкімнің тісін батыртқызбай бейбітшілік жолын ұстануды ұсынғанмен Бұрындық өзінікін жөн деп бетбақтырмады. Бұрындық үнемі жорықта жүріп, қазақ жауынгерлерін ұрыста шынықтыруды жөн деп түсінді. Қасым одан әрі Бұрындықпен сөз таластырған жоқ.Әкесі Жәнібектің Бұрындықтың әкесі Керейдің алдына түспей, үнемі силаумен өткенін есіне алды. Оның үстіне Жәнібек Қасымды барлық уақытта Бұрындықтың қасында ұстап, дос, туыс болып өсуін қадағалаумен болған. Сол қасында жүрген кезінде Бұрындықтың жаугершілікті армандайтынын Қасым білген еді. Енді хан тағына отарғасын не жорық. Қасым әкенің өсиетін кие тұтып амалсыздан Бұрындықтың тапсырмасын орындап, жұмсаған жорықтарына баруға мәжбүр болды. Кейбір жағдайларда орынсыз жерге килігіп жеңіліс тауыпта қалып отырды. Солай болғанмен де, Бұрындықтың қолын ұзартқан, атын шығарған, талай соғыстарда жеңіске жеткізген Қасым бастаған Жәнібектің балдары болды. Сонымен бірге Адайдың соғыс ісіне үлкен шеберлігі де талай қиын кездерде ақылмен жол тауып жауды жеңіліске ұшыратып отырды. Бұрындық таққа отырған мезгілде Жиренше, Махмұт, Қасым бастаған Жәнібек ханның ұлдары бөлек-бөлек ел басқарып, соңдарына әскер еріткен елге белгілі болған тұлғалар еді. Олардың бәрі де Бұрындықтың жөнді болсын, жөнсіз болсын аттан деген жағына қол бастап барып аянбай соғысып, қазақ хандығының іргесін бекітуде зор үлестерін қосты.Бұрындық таққа отырғаннан кейін үш-төрт жыл бойы Қасым бастаған Жәнібек балаларының ұйымдастырған қарулы қолдарын жинақтап Мұхамед-Шайбаниға қарсы бірнеше рет соғыс жүргізді. Осы соғыстардың бәрінде де Қасымның қасында Адай және соңғы жағында оның баласы Құдайке де болады. Соғыста Бұрындық қолы кейде жеңіліп, кейде жеңіске жетіп отырды.Ибн-Әль-Бахури жазбасында Қасымның бастауымен 1484 жылғы соғыста Мұхамед-Шайбани қолы үлкен жеңіліске ұшырап азғантай қалған жасақтарымен Хорезм жағына қашып құтылып кеткені бяндалады. Ол соғыс Сайрам мен Шаштың арасында болған. Елімізге белгілі тарихшы-жазушы Қойшығара Салғараұлының («Қазақтар» атты роман-эссе – Алматы, 1955 ж. 80 бет) еңбегінде Шайбани ханды жұрт Шахибек хан деп атайтын. Ал оның азан шақырып қойған аты Шахбақыт болатын. Кейінірек оны іргелі жеңістеріне қарай тарихшылар Абл-ал-Фатх, яғни «Жеңістің әкесі» - деп атайды - деп көрсеткен. Салғараұлының бұл дерегін Әл-Ибн-Бахуридің 1814 жылғы «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегі (93 бет) толықтай растайды. Әл-Ибн-Бахуридің осы еңбегінде Қасым бастап келген соғыста жас батыр Адайдың ұлы Құдайкенің ерекше ерлік көрсеткендері әңгімеленеді.Соғыс жаз айында болған. Үлкен жазық даланың батыс-оңтүстігіндегі қыраттар жау қолының көптігінен көрінбей қалыпты. Қазақ қолыда солтүстік-шығыс жақтағы адырдан лек-лек болып құйылып жауға жақын келіп ылықсып тоқтады. Осы кезде шабани қолынан бөлініп шыққан астындағы күпшек сан, жолбарыс кеуделі тарлан көгін ойнатып жау батыры екі әскердің арасындағы алаңқайға шыға келіп «жекпе-жекке!» - деп айқай салды. Тарлан көктің үстіндегі адамның атын ойнатып, қолындағы қылышын жарқылдатып, айбарын көрсетіп ортадағы алаңқайды ала-шаң қылып, ешкім жекпе-жекке шықпаса жалғыз өзінің қазақ қолына кіріп, ала-топалаң салатындай болып көрінуі әп-сәтте қазақ батырларын ойландырып тастағандай болды.Тап осы кезде астындағы ақ-боз тұлпарын қарғытып Құдайке Қасымның алдына келіп, батаңызды беріңіз батыр-аға, бетімді қайтармауыңызды сұраймын деп атынан түсіп тағызым етті. Қасым сәл кідіріп қалып, қасында тұрған Адайға қарады. Адай басын изеді.Қасым Құдайкенің жүзіне енді назар аударып қарап еді, Құдайкенің езуінен көбік шығып, екі аяғымен жер тепкілеп, екі көзі оттай жанып, бет-ауызы адам көз тоқтатып қарауға дәті шыдамайтындай әлем тапырақ болып тұрғанын көріп, әруақ қысып тұрғанын бірден түсінді. Түсінді де – айналайын Құдайберді, Алла жар болсын, ниетің оңғарылсын, жауыңды жайратып кел – деп екі алақанымен бетін сипады. Сол-ақ екен ойқастап тұрған ақбоздың үстіне Құдайкенің қалай шығып кеткенін байқамай да қалды. Арындаған ақбоз аттының қасына келіп қалғанын көрген Шайбанидің батыры Құдайкеге жолбарысша атылды. Бұл Шайбани қолының атақты батырларының бірі Уақас бидің екінші баласы Балабек еді. Балабектің жасы жиырма бірде болатын. Заманындағы алып күштердің бірі еді. Оның үстіне қазақ қолынан ала-алмай жүрген өші бар еді. Өткен Бұрындықтың жасағымен болған соғыста қазақтардың қолынан ағасы Хорезмбек шейт болған. Балабектің тегеурінінің дым мықты екенін Құдайке сол бойда сезді. Себебі оның алғашқы ұрған найзасы Құдайкені лоқытып ерінің артына шығарып жібере жаздады. Құдайке бойын жылдам түзеп алды. Екі батыр әрі бері арпалысты. Екі әскердің арасындағы алаңқайдың үстін ат тұяғы қорыс қылып екі батырдың терлеген аттарының тұла бойын майда топырақ басты. Өздерінің бет-ауыздары түгелдей шаң басып көрінбей қалды. Құм басқан беттен тек жылтырап көздері көрінеді. Батырлар кей кезде тіресіп тұрып қалады. Кейде қылыштасады, оны қойып шоқпарға ерік береді. Екеуі де жекпе-жектің шебері, екеуі де беті қайтпаған қыршын жас. Таңертең сәске де басталған айқас түске дейін созылды. Ара-арасында екеуі екі жаққа шауып кетіп қайта оралып келіп найза ұрысады. Бірақ бірін бірі ала-алмады. Осының бәрін кірпік қақпай көріп тұрған Қасым Адайға қарап еді, Адай көзін жұмып ой ойлап тұрған адамдай жайбарақат тұрғанын көріп айран асыр қалды. Қасым шыдай алмай – Адай аға, сіз ұйықтап қалған емессіз бе? – дегенде Адай ұйқыдан оянған адамдай мыналар әлі төбелесіп жүрме, ініңнің кепиеті әлі келмеген болды-ғой деді де, сәл ілгері қозғалып, «Құдайке саған не болды, қидаласып әлі жүрсіңбе» деп қатты ақырғанда дауысы екі жақтың әскерлерін де елең еткізді. Адайдың ақыруы мұң екен Құдайкенің де ақбоз арғымақтың да қимылы сол бойда өзгерді.Ақбоз ат орнынан шырқайналып жіберіп қарғыды. Сол кезде төмендеп қалған Балабектің тас-төбесінен қылышын ұршықша үйіріп келіп мойынының жоғарғы жағынан қапталдай сілтегендей көрініп еді, Балабектің басы ұшып түсті. Шайбани қолы күңіреніп кетті. Балабектің бассыз денесінен қан атқылаумен барып жерге құлады. Құдайке тарлан көктің тізгінін іліп алып, Қасымның алдына келіп тоқтады. Ағатай қапталындағы түйенің терісінен істелген жанторсықтағы қымыздан қызыл қайыңнан ойып жасалған сапты аяққа қымыз толтырып Құдайкеге ұсына берді. Құдайке екі аяқ қымызды бірінен соң бірін тауысып ішіп алып демін бір-ақ алды. Маңдай терін сұқ саусағымен бір сыпырып жіберді де Қасымға қарап: - аға тағы шығатын батыры барма екен ортаға шығып шақырайын – деді. Адай Құдайкеге бұрылып, таңертеңнен түске дейін төбелесіп, барлық уақытымызды алдыңыздар, енді шабуылға шықпасақ болмайды – деді де, - «Қасым басталық» деп, ілгері қарай қозғала берді. Сол кезде Қасым да қыл-жиренді ойнақтатып, алға деген айқайы естілісімен қазақ қолы лап қойды. Керей, Керей! Жәнібек, Жәнібек! – деген ұран аспанды жаңғырықтырды. Қазақ қолы сол бойда таудан құлаған тасқындай бір-ақ көтерілді. Ұлан ғайыр даланы неше он мыңдаған тұлпарлардың тұяғынан көтерілген будақ-будақ шаң күннің көзін бүркеді, аспанды шаңның мұнары жапты. Ғасырлар бойы талай небір шапқыншылықпен, небір думанды дәуірлерді басынан өткізіп жатқан жалпақ дала тағыда бір қайғылы қырғынның куәсі болып ала-топалаңды басынан өткізіп жатты. Қазақ қолынан мұндай қарсылық болады деп ойламаған Шайбани күтпеген жеңіліске ұшырады. Соғыс үш күнге созылды. Алғашқы күні соғыстың барысы жаман болмаған сияқты көрінген. Келесі күні түс қайта өзінің қолының айрандай ірігенін көріп өзінің маңына жинап тұрған тіс-қақты мықтыларын қосып қазақ қолының бетін қайтарғысы келіп еді одан да ештеңе өзгермеді. Үшінші күні қазақ қолы ерте шабуылға шықты. Күн сәске болмай-ақ Мұхаммед Шайбани қолы сеңдей соғылып, алды-артына қарамай бей-берекет кейін ысырыла бастағансын-ақ қазақ қолымен тосқауылдап тіресуге дәрмендері мүлдем келмей қалғаны байқалды. Оның үстіне оң жағынан да, сол жағынан да қазақ әскерінің қанатын жайып қоршауға алуға ұмтылғаны байқалды. Биік жалдың үстінде қасында жүз қаралды өзін қорғайтын тобы бар Шайбани ұрысты бақылап, қаша бастаған өз жасағын кідірту мақсатында жан-жаққа өз адамдарын шапқылатып жатқанда қасында тұрған ту ұстаушының – «ойбай хан ием келіп қалды қашалық» - деген дауысына жалт қарағанда артында жүз қаралды адамын еріткен ақбоз атты батырдың оқша атылып өздеріне таяп қалғанын, оның кеше өз батырымен жекпе-жекке шығып жеңіске жеткен қазақ батырыры екенін танып қасында тұрған азғантай серігімен алды артына қарамастан қашумен болды. Астарындағы аттары тың тұрған Мұхамед Шайбани бастаған топтың салғаннан қарасы ұзап сала берді. Құдайке бастаған жүз қаралды қазақтың жас жауынгерлері соңына түсіп қуғанмен күні бойы соғыста жүрген аттары салығып қалған еді. Артында қалған әскеріне мойын бұрып қарамастан Шайбани бастаған топ қара-үзіп кетті. Шайбани ханның қашқанын білген жасақтары да топ-топ болып бөлініп жан-жаққа бастарының ауған жағына бытырап қашумен болды. Көбі қазақ қолының қоршауында қалып жер жастанды.Осылайша Мұхаммед Шайбани көпке дейін есін жинай алмайтын дәрежеде жеңіліп, өзінің қолға түспегеніне тәубе етіп ұзақ уақыт қарасын жоғалтты. Бірақ, Мұхаммед Шайбанидың қарасы бір жолата жойылған жоқ болатын.Бұл турасында Қойшығара Салғараұлы өзінің 1995 жылғы «Қазақтар» атты еңбегінде (80-81 беттер) былай деп көрсетеді:- «Бірақ Шайбанидің бұл кетісі түпкілікті емес еді. Араға төрт-бес жыл салып барып, ол атамекенге қайта оралды. Оның оралуына басты себеп Ақсақ Темірдің ұрпағы Мырза Сұлтан Ахмадтың Жүніс ханның баласы Сұлтан Махмұд ханға жауығуы болды. Мұның алдында бауыры Омар Шайхқа қарсы болып, Сұлтан Махмұд ханнан ойсырай жеңіліп қайтқан болатын. Осы жеңілісті намыс тұтты ма, әлде біреудің жеңісін көрсе, өзінің бағы таярдай көретін іштарлығынан ба, болмаса бір кезде Сұлтан Махмұд ханға Ташкентті сыйға бергенін кешіре алмай, үнемі алдына тартып, көзге шұқығандай еткен әмірлерінің айдап салмасы түрткі болды ма, әйтеуір, Сұлтан Ахмад мырза моғол ханымен тату көршілікте болудың тиімділігін айтып, соғыспауын өтінген Хазірет Ишанның да тілін алмастан жүз елу мың әскерімен Ташкентке аттанады. Бұл кезде Бұрындық пен Жәнібек балаларынан жеңіліп қашқан Шайбани хан біраз даланы кезіп жүріп, ақыры осы Сұлтан Ахмад мырзаға келіп паналап, соның сенімді нөкерлерінің бірі болып жүргенді. Сұлтан Ахмад мырзаның әскерін Сұлтан Махмұд хан Шыр өзенінің бойында қарсы алады. Өзенге бұрын түсіп, қарсыласына шабуылдауға екі жақтың да батылы бармай, бірін-бірі аңдып, өзеннің екі жақ бетінде үш күн тұрады. Соңғы күні Шайбани, Сұлтан Махмұд ханға жансыз жіберіп, ханды өзімен бірге түнде жасырын кездесуге шақырады. Айтылған мерзімді қараңғы түн құшағында, аса құпиялы түрде Сұлтан Махмұд хан мен Шайбани кездеседі. Осы кездесуде Шайбани моғол ханына өз жоспарын айтады. Бұл жоспар бойынша: «Таң атысынмен моғол әскері Сұлтан Ахмад мырзаның қол басшысы Мир Әбу Әл-Әлидің жауынгерлері тұрған жерінен шабуыл жасайтын болып келіседі». Шайбани хан сан шайқасты бірге өткерген, ыстық-суықты бірдей көріп шыңдалған өзінің үш жүз жаауынгерлерімен осы Мир Әбу Әл-Әлидің қарамағында болатын. Шайбани хан өз тарапынан Сұлтан Махмұд ханға қарсы шабуыл басталып, шайқас қызған шақта Мир Әбу әл-Әли әскерінің берекетін кетіріп, оны майдан алаңын тастай қашуға мәжбүр етуге уәде берді. Таң атысымен могол әскерлері келісім бойынша Шыр өзенінен өтіп, Мир Әбу әл-Әли жауынгерлеріне шабуыл жасайды. Дабыл қағылып, Мир Әбу әл-Әли әскери жауынгерлік шеп құрып, айқасқа түсуге әзірлене бастаған кезде Шайбани хан өзінің үш жүз жігітімен «Ойбай, қаш, қаш жау келіп қалдылап» үрей туғыза айқайлап, тұра қашады. Олар сол бетімен барып, Сұлтан Ахмад мырзаның бүкіл әскерлерінің азық-түлігін талауға салады. Шайбани жігіттерінің зәре ұшырған үрейлі айқайынан абдырап қалған жауынгерлер олардың азық-түлікті талауға кіріскенін көргенде, майдан даласын тастай қашады. Берекесі кетіп қашқан әскерге моголдар қырғындай тиеді.Осы жеңіс Сұлтан Махмұд ханға үлкен абырой әпереді. Бұрынғы бағынғысы келмей, қыңыр мінез танытып жүрген сұлтандар бірден жуасып, енді ханмен ымыра табуға тырысады. Осындай абыройға жетуіне көмектескен Шайбани ханға риза болған Сұлтан Махмұд хан, оған Түркістанды сыйға тартады. Сөйтіп Шайбани хан отырарға келіп қоныс тебеді деп көрсетеді.Қазақ хандығы Сұлтан Махмұд ханның бұл ісіне наразылық білдіріп, Исан-Бұғыдан бастап қазақтардың могол хандығымен ажырамай кележатқан достығын айтып Шайбаниға Түркістанды берсеңіз қазақ елінің достық қатынасын тоқтататынын хабарлағанмен Сұлтан-Махмұдтың түсінгісі келмеді. Сөйтіп, Шайбани ханның зұлымдығы мен айлакерлігін, екі жүзділігін ескермеген, істеген осы жақсылығының түбінде бармағын шайнатып өкіндіретінін Сұлтан-Махмұд ол кезде ойлаған да жоқ еді. Қазақтардың ақылын сірә қабылдамады. Бұрындық бастаған қазақ қолы Махмұд-Сұлтанға қарсы бірнеше рет соғыс ашады. Моғолстан мен қазақ хандығы бір-бірімен алысып-жұлысып жүргенде Шайбанилықтар біраз демалып, күш жинап тыңайып қалған болатын.Осы кездерде қазақ ханы Бұрындықпен әскер басы Қасымның арасындағы салқындықтың бұлты қоюланып келе жатқан еді. Оның басты себебі: Түркістанның әмірі Мұхаммет Мәзит тархан Астраханнан қашып келген Әбілқайырдың қос ұлын құшақ жайып қарсы алып хан көтерген адамның бірі өзі еді. Сөйткен Әбілқайырдың балалары билікті қолдарына алысымен айналасындағы әмір-сұлтандардың өрісін тарылта бастады. Әбілқайыр өліп, оның соңынан хан сайланған баласы Шаих-Хайдарда соғыста өлгенсін, әрқайсысы қарабасының қамын ойлап, тарап кеткен әмірлер, бектер, мырзалар мен сұлтандар, баһадүр-батырлар Мұхаммед-Шайбани төңірегіне қайта жиналады. Енді Шайбанидің Мұхамед Мәзит тарханнан Түркістанды да тартып алуды мақсат еткенін естігенсін Мәзит тарханнан маза кетеді. Ол шұғыл шешім жасап, баласы Мұхамет тарханды қасына кенже қызы Ғибадат Бегімді қосып, қарулы нөкер ерітіп, қымбатты дүние мүліктерді тиетіп керуен көшін ешкімге білдіртпей көзден таса ұстау мақсатында Самарқантқа аттандырады. Бұл жайды жансыз арқылы естіген Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмұд Сұлтанның соңынан еріткен батырларының бірі Орысбек жол тосып қарақшылық жасап тұтқиылдан шабуылдап Құл Мұхамед Тарханның азғантай адамдарының қарсылығына тойтарыс беріп керуенді қолға түсірген. Сөйтіп қолға түскен керуенді бүлішкісіне тиместен апарып Мұхаммед Шайбани ханға сыйға тартады. Мұхаммед Шайбани хан керуенді түгелдей асыл-қазынасымен Орысбектің өзіне сыйлайды да Мәзит тарханның Ғибадат Бегім атты, әлі тәнін желден басқа ешкім сипамаған, жүген-құрық көрмеген, періштедей таза пәк пендені барған кұні түнде қарсылығына қарамастан жүн төсінің астына алып, келесі күні бесінші әйелі етіп некесін қиғызды. Бұл хабарды естіген Мәзит тархан шұғыл қазақ хандығына Бұрындық пен Қасымға өзі барып, өзінің жасаған қателігінің салдарынан осындай жағдайға ұшырап қалғандығын, енді өшімді алмасам болмайды, сондықтан бірігіп Шайбани ханға қарсы соғысқа шығуды ұсынады. Мәзит тарханның ұсынысын Бұрындық та, Қасым да қуаттайды. Сөйтіп, Бұрындық пен Қасым қолы Мәзит тарханның жасағын қосып қалың әскермен келіп Сауранды қоршайды. Қала әкімі Махмұд Сұлтан қаланың қақпаларын бекітіп, өліспей беріспейтін ниетін білдіреді. Осы кезде Мәзит тархан жол тауып кетті. Қаланың ақсақалдарымен аузы дуалы адамдарына хат жазып, қаланың қақпасын ашып, ұрыссыз қан төкпей беретін болса, үлкен сыйлық беріледі деп, хабар жібереді. Жансыз арқылы жеткізілген хатты қаланың белгілі адамдары қолдайды. Себебі, Сауранда Керей-Жәнібек балдарын да қолдайтын адамдар жеткілікті болатын. Оның үстіне Мәзит тарханды да жақсы танитын, оны сыйлайтын адамдар баршылық еді. Сонымен ақсақалдар мен қала басшыларының бір тобы қаланың әмірі Махмұд Сұлтанды қала бекінісін тексеріп жүрген жерінде ұстап тұтқындап әскер басшысы Қасымның қолына тапсырады. Қаланың қақпасы ашылып қазақ қолы ұрыссыз қалаға кіреді. Бұрындық хан қолға түскен Махмұд Сұлтанды отбасымен түгелдей өлтіруді бұйырады. Әскер басы бұйрықты орындаудан бас тартады. Оның бірінші себебі – Махмұд Сұлтанды опасыздық жасап қолға түсірдік, шындығында ашық айқас кезінде жеңіп қолға түсірсек көзін жоюға болар еді. Сондықтан Махмұд Сұлтанның тағдырын хан-кеңесінде шешуді ұсынды. Себебі Махмұд Сұлтан хан тұқымы деген әңгімені алға тартты. Екіншіден – Махмұд Сұлтан мен Қасым туған бөле. Екеуі апалы-сіңлілі адамнан туған. Қасымның шешесі Жаған бикенің Мұхаммед Шайбани мен Махмұд Сұлтанның шешесі Аққозы бикем туған апасы. Қасым Шайбани тұқымынан қанша залал көрсе де, анасына берген антын бұзам деседе, туған бөлесін тұқымымен жойып жіберуге дәті бармады. Себебі, Қасымның бойында қараниеттілік те, қан құмарлықта жоқ еді. Мінекей осы жерде Қасымға бұйрығын орындата алмаған Бұрындық ханның ішінде Қасымға деген қаражыланның басы көтеріліп еді. Сол күні түнде Бұрындық хан да, қазақ әскерінің бас қолбасшысы Қасым да ұйықтай алмай шықты. Бұрындықтың кеудесіне кірген Қасымға деген өшпенділіктің күшейгендігі сондай, Қасымды әскер басы жұмысынан қалай еткенде шығарамын деген ой маза бермеді.Ал, Қасымның ойы басқаша еді. Әкесі Жәнібектің өсиетін орындай алмай масқара болмасам болар еді. Осы мезгілге дейін Бұрындықтың жасап келе жатқан жөнсіз істеріне көніп, жолсыз берілген бұйрықтарын орындап келді. Енді, балық басынан азады дейтін еді, біздер де басымыздан азып, Керей мен Жәнібектің құрып берген қазақ хандығының іргесін бекітіп, туын биіктетудің орнына кері кетіріп алмасақ болар еді деген ой басына келгенсін, ханнан алыстап отырып сыйласпаса болмас деген қорытындыға келді. Қасымның ханмен жамандасып қызғыштай қорып отырған бөлесі Махмұд Сұлтан Созақта өзін қамаған үйдің іргесін қазып шығып, қашып құтылып кеткен. Шындығына келсек, Қасым қолына түскен Махмұд Сұлтанға оны өлтірткізбейтінін, есебін тауып босатудың шарасын алатынын, сабыр сақтап жата тұруын ескерткен. Осы жағдайды түсіне тұрып, өзін күзетіп тұрған, ешқандай жазығы жоқ Саян батырды өлтіріп қашуы, оған деген адал ойды теріске шығартып кеткені де, Қасымға қатты батты. Ол, ол-ау, енді Бұрындық ханның, өліп кеткен Саянның отбасына жасағалы жатқан қиянаты Қасымды жәйбарақат қалдыра алмады. Бұрындық хан Махұд сұлтанды батыр Саян қашырды деген сылтаумен Саянның әйелі Гүлбаһрам - Сұлтан – Бегімді Созаққа қыдырып келіп жүрген жасы келіп қалған және жүрегінің сиқасы бар Темір биге зорлап қосып, батыр Саянның ержетіп қалған тұңғышы Аянды дарға асуға үкім шығарып, үкімнің енді орындалар мезгілі болатын. Қол аяғы байланған Гүлбаһрамды атқа теріс мінгізіп тізгінін Темір бидің өзі қолына ұстаған және Саянның ұлы Аянның дар тұзағы мойынына енді ілінген мезгілінде, қасында Адай батыр бастаған қазақтың «сен тұра-тұр мен атайын» деген батырларын ерітіп Қасым келіп жетті. Келісімен Қасым қасындағы батырларын жұмсап Аянды дар тұзағынан босаттырып, Гүлбаһрам-Патшайымның қолын шешіп босатқан соң, жан-жағына қарап еді, анадай жерде бір топ адаммен тұрған Бұрындық қара тұлпарын алдырып, қара шоқпарын беліне қыстырып, үзеңгіге аяғын енді салайын деп жатқанда, астындағы ақжал қара атын ойқастатып Адайдың өзіне тарпа бас салуға даяр тұрғанын көріп жүрегі шайлығып қалды. Қасым Адайға қарап, «Адай аға, бұдан былай Саянның отбасын өзіңе тапсырамын» - деді дауыстап. «Көзім жұмылып кеткенше ешкімге тидірмеспін» деді Адайда дауыстап. Жиналып тұрған халықтың бұл әңгімені естігендері – «Құдай Гүлбаһрамның көз жасын көрген екен. Алшынның Адайының қамқорлығына барса, енді оны жау ала-алмас» - десіп жатты. Біреулер «Қасымжан, жетім мен жесірге жасаған жақысылығың құдайдан қайтсын» - деп алғысын жаудырып жатыр.Томырық мінезді, ақылынан ашуы бұрын жүретін, мен-мен, кеудемсоқ Бұрындық хан өзінің істеп тұрған бүгінгі қылықтарының қандай жағдайға әкеліп соқтрғанын енді сезгендей болды. Әсіресе Қасымның оң қолы болып жүрген Адай бастаған қазақтың айтулы батырларының өзін ала көздерімен сүзе қарағандары, халықтың Қасымға қайта-қайта алғыс жаудырып жатқаны, атқа теріс мінгізіп, аяқ-қолы байлаулы Гүлбаһрамды Темір бидің қолынан тізгінді жұлып алып босатқан Адайға халықтың «көп жаса» деп шулап алғыс беруі бәрі, бәрі қазақ руларының өзінен іргесін кейін салып Қасымға қарай ауғанын байқатты. Өзінің хан басымен жіберіп жатқан қателіктерін Бұрындық әлі де түсініп мойындаған жоқ. Керісінше осының бәрін Қасымның жасап жатқан қастиандығы деп түсінді. Ол енді Қасымды жою жолдарын бұрынғыдан да бетер ойластыра бастады. Ойын іске асыру үшін Мұхаммед Шайбани, Махмұд Сұлтандармен достасып, ауыз жаласып барып Қасымды қорқытып өзіне бағындырғысы келді.Сол кезде Мұхаммед Шайбани хан Хантағы тауында қашып жүрген інісі Махмұд Сұлтан мен бірігіп келіп Сауранды басып алды. Махмұд Сұлтанды ұстап берген қаланың ақсақалдары мен басшыларын түгелдей қырып тастады. Осыған қатысы бар-ау деген күдіктілерді де тұтқындап құлдыққа айдап сатып жіберді.Осыдан кейін екеуі бірігіп Яссыны басып алып, Мұхамед Мәзит – тарханды тұтқындады. Мұхамед Шайбани хан Мәзит – тарханның қызы Ғибадат – Бегімді барымталап алып әйел етіп отырғандықтан атасын өлім жазасына кесе алмады. Тұтқын есебінде Отырарға әкеліп қамауда ұстады. Мұхаммед Шайбанидың жеңісін құттықтамаққа Ташкенттен келген Сұлтан-Махмұд хан Мұхамед Мәзит – тарханның інісі Сұлтан Ахметтің қызы Айпатша – Бегімге көптен көңілі кетіп, бірақ Мәзит – тархан келіспей ала-алмай жүргенін айтып сол қызды бергеннен кейін, қайын атасын босатуды ұсынып, Мұхаммед Шайбаниға өтініш жасады. Сөйтіп, Мәзит – тархан өзінің туған інісі Сұлтан – Ахметтің қызын Сұлтан – Махмұдқа тоқалдыққа бергізіп барып өзі бас бостандығын алды.Құлашты кеңге жайып жүрген Мұхаммед Шайбани көп ұзамай-ақ Сұлтан Махмұд досынан да сырт айнала бастады. Мұхаммед Шайбанидың түрлі зұлымдықтарын сезген Сұлтан Махмұд Шайбаниға қарсы Ташкентті басып алмай тұрғанда соғыс ашуды жөн көрді. Сөйтіп, Жүніс ханның екі баласы бас қосып екеуі күштерін біріктіріп Шайбани ханға қарсы аттанады. Шайбани қолы мен Моғолстан әскері Ақси деген жерде екі күн соғысады. Шайбани тағыда өзінің аярлық, зұлымдық тәсілдерін қолданып екінші күні түнде өз әскерінің ішінен Махмұд Сұлтанның жағындағы әскербасыларына әуелден қарым-қатынасы бар, құдамдалы адамдарын жұмсап «ертесіне соғыс кезінде ақ шүберек көтеріп әр жерден берілетіндеріңді білдірсеңіздер, мен сендерге өмірлеріңіздің аяғына дейін жететін алтын, күміс динарлар беремін» - деп азғырып, ертесіне ұрыс кезінде әр жерден ақ шүберек көтеріп Шайбани жағына топ-топ адамдардың беріле бастауы бүкіл әскерге ірткі салып, берекетін кетіргендігі сондай, Махмұд Сұлтан мен Сұлтан Ахметтің әскері соғысты қойып беріле бастады. Осының басталуы мұң екен Шайбани қолы Моғол жасақтарын түгелдей қоршап алып қарсыласқандарын қырып тастады. Махмұд Сұлтан мен Сұлтан Ахметтің өздері де Шайбани ханның қолына тұтқын болып түсті. Шайбани хан Сұлтан Махмұдтың өзіне істеген жақсылығын жақсылықпен қайырды. Екі тұтқын ханды да босатып, үлкен сыйлықтар жасап, еліне қайтарады. Соғыс кезінде Сұлтан Ахмет ханның ту сыртынан садақ оғы тиіп омыртқасын зақымдаған болатын. Еліне келгеннен кейін ем жасамай уақыт өткізіп алып, жара жазылмай асқынып, соның салдарынан екі аяғы жансызданып қалған. Сұлтан Ахмет осы аурудан ұзақ жатып барып дүниеден өтті.Сұлтан Махмұдтың істеген істеріне риза болмаған моғол тайпаларының басшылары оны көп ұзамай-ақ шеттетіп елінен ығыстырып шығарып жіберді. Сұлтан Махмұд Шайбани ханға барлық отбасыларын, балаларын ерітіп паналатуды сұрап қайта барады. Бірақ бұл жолғы барысын Шайбани ұнатпады. Жендеттеріне тапсырып ертіп барған барлық адамдары мен қоса түгелдей бастарын алдыртады.Әрине, екіжүзділік, тойымсыздық, қан құмарлық, мансап құмарлық, сатқындық дегендердің түбі осылайша аяқталады деген тарихтың бір сахнасының көрінісі деп түсінген жөн шығар.Мұхамед Шайбани қазақ ханы Бұрындық пен астыртын кездесіп бітімге келіп, және Бұрындық ханға құда түсті - деп көрсетеді Әл Ибн Бахури өзінің «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегінде. Шайбани ханның Бұрындыққа жақындасуы ойлап тапқан айла тәсілі еді. Әуелі Түркістан мен Мауренахрды жаулап алғанша ақылы жоқ Бұрындықпен дос болып қазақтар жағынан қауіп болмауын көздегені болатын. Шындығында да Маренахр мен Түркістанды алып болғаннан кейін Қорасан мен Дешті Қыпшаққа қол салатынын Қасымда өте жақсы білді. Сондықтан да Бұрындыққа Мұхамед Шайбани мен келісуге және олармен құдамдалы болудың да дұрыс еместігін айтып қарсылығын білдірді. Бұрындық оған келіспеді. Бұрындықтың ішкі ойын Шайбанимен бітім жасасам, қыздарымды беріп, тату-тәтті өмір сүріп қатар отырсақ маған барлық қазақтың Қасым бастаған батырлары қорқып бас иетін болады. Өйтпесем, қазақ бастырлары менен шығысып Қасымды жағалайтын болып алды деген пасық – қызғаншықтық ойдың жетегінде кеткен Бұрындық Шайбанимен келісімге келіп, үлкен қызы Күлбаршын – Сұлтан – Бикені Махмұд Сұлтанға, кіші қызы Жауһар – Сұлтан – Бикені Шайбанидің кіші інісі Мұхамед – Темірге ұзатты. Бұрындық ханның бұл ісіне қарауындағы халқы наразылық білдірді. Жазықсыз отырған елді шауып, талай жазықсыз жандардың шаңырағын ортасына түсіріп, мыңдаған қазақтардың басын кесіп, елге ойран салып жүрген Әбілқайырдың қанпезер бөлтіріктері мен ауыз жаласып, бітімге келіп, қыз беріп құда болғаны, қарауындағы халықты қорлағандай болып көрінді.Қазақтар түгелдей атқа қонды. Ханға қарсы жорық басталуға айналды. Бұрындықтан хан тағын босатуды талап етті. Көп халықтың ішінен ақылгөй, дана қариялар шығып өздерінің сүйкімді батырлары Алшын Адайды, Найман Қаптағайды шақырып Қасымға жұмсады. Қоятын талаптары, біріншіден қазақ хандығы Әбілқайыр тұқымымен бітім жасауға тиіс емес, сондықтан Бұрындық хан ауыз жаласуды тоқтатсын. Мұхамед Шайбани нағыз бітім сұрап отырса онда бізден құл мен күң етіп әкеткен ұл-қыздарымызды, талап алып кеткен мал-мүліктерімізді қайтарып, соққыға жығып өлтірген күнәсіз жандарымыздың құнын төлесін. Осы шарт орындалса бітімге отыруға болады. Екіншіден Бұрындық ханға қойылатын талап – қазақтың қас жауымен құда болуға тиым саламыз. Қалайда құда болам десе қазақтың ортасына отырмасын, бұл жерден кететін болсын деген талабын қойып Адай мен Қаптағайды жолға салды.Бұл жағдай Қасымға да қатты батқаны сондай, екі күн ұйықтай алмай сенделумен жүрді. Үшінші күні Адай мен Қаптағай келіп қалың елдің ханға қойған талабын жеткізді. Қасым Адай мен Қаптағайға қарап «бұл талапты қазір Бұрындық орындай алмайды және Шайбани мен жасаған келісімді біздің тарапымыздан бұздыртпауымыз керек. Себебі, күні ертең келісімді Шайбанидың өзі бұзады. Өйткені, Бұрындық ханның аңғалдығын, ой-өрісінің тарлығын пайдаланып, өтірік уақытша дос болып көрініп отыр. Түркістан мен Мауренахрды алған күнінің ертесіне бізге соғыс ашады. Сол кезде ғана Бұрындық өз бармағын өзі шайнайды. Екі қызын беріп отырған хан соғыса да алмайды. Сондықтан, Шайбани Түркістан мен Мауренахрды аламын деп жүргенде біздер қазақтың жауынгерлерін жинақтап алдағы зор майданға дайындық жұмысына кірісетін боламыз. Бұрындық ойлансын, халықтың талабын жетістіре отырып әліде елімен бірге болғысы келсе Арқа жеріне болмаса Сарайшыққа отыра тұрғаны жөн екенін есіне салалық деген қорытындыға келді. Сөйтіп, Қасым бастаған бір топ қазақ батырлары мен сұлтандары барып Бұрындық ханға халықтың қойып отырған талабын жеткізді.Бұрындық салғаннан бұл ұсынысты қабылдамай қатты ашуланып әрі- бері ерін бауырына алып тулап барып басылды. Бұл ұсынысты қолдап қазақ батырлары мен сұлтандарының айтқанын тыңдамаса өз абыройының төгілетінін, хан деген атақты да иеленуге болмай қалатынын Бұрындық түсінді. Хан ордасын Сарайшыққа көшірді. Бірақ Бұрындықта хан деген атақ қана болмаса, басқа биліктің бәрі Қасымға көшіп болған еді.Қасым Бұрындықтан неғұрлым қашық отырайын деп сол жылы Шу бойын жайлап, күн суыта Қараталға көшіп келді. Бұрындық хан Сарайшыққа көшкен күні Қасым барлық қазақтың ру басылары мен батырларын шақырып жиын өткізді. Оларға қарулы жасақ ұйымдастыруды, олардың әскер басшыларын белгілеуді, өздерінің ортасынан ұста-шеберлерін шығарып ұстахана ашып қару жарақ соқтырып даярлатуды тапсырды. Әрбір рудан құралған жасақтардың хабар барған бойда атқа қонып белгіленген жерге кідіріссіз жетісуге даяр отыратын болып келісілді.Осы уақытта Құдайкенің үйленетін хабары шықты. Тама руының ішіндегі Нәріктің ұлы Шора батырдың баласы Бурахан сұлтанның қызы Гүлжанат Бикемге Қасым өзі бастап барып құда түсіп, қызды жазда ұзататын болып тойдың күні белгіленгенді. Адайдың тұңғыш келінін түсірген тойы Шу өзенінің бойында саратан айында өтті. Тойдың басы қасында Адай мен бірге Қасымның өзі жүрді. Ат-жарыс, жорға-жарыс, тай-жарыс, атан-жарыс, жаяу-жарыс, қыз қуу, алтын-қабақ, көкбар, күрес, ән, жыр-айтыс т.б. қызғылықты өнер сайыстарының түрлерін өткізді. Той бір аптаға созылды. Тойға қатынасқандардың ішінде бір-бірімен танысып сөз байласқан боз балалардың желіктері, бір-біріне құда түсуге келіскен бай-бәйбішелердің тойдан алған жақсы әсерлері көпке дейін бойларынан тарқамады, ойларынан кетпеді. Адайдың келін түсіру тойында кездесіп қыздармен танысқан жігіттер де көп ұзамай уәделескен қыздарының ауылдарына құдалар жөнелтіліп жатты. Тойда кездесіп бір-біріне құда болуға келіскен үлкендер жағы да той тарқағансын арнаулы құдалық жолдарын атқарып той жабдығына кірісіп кетті.Қасым сұлтанның көрегендікпен айтқан болжамы дұрыс болып шықты. Араны ашылған Мұхамед Шайбани Жағатай қолын өз әскеріне қосып Ташкент, Түркістан, Самарқант, Бұхар, Андижан қалаларын басып алды. Дешті Қыпшақпен қойы-қоралас жатқан Хорезмді иеленді. Қасым ол кезде Қаратау бойында еді. Шайбанидің қазақ жеріне екі бағытта шабуылға шығайын деп жатқанын естіп Шу бойына қайта келіп, бұрыннан сақадай сай әр рудан даяр отырған қазақ сарбаздарын тез жинап алды. Жиналған қазақ қолының саны алпыс мыңдай болды. Қасым қазақ сарбаздарының алдына шығып сөз сөйледі. Бұрындық ханмен достық шартқа отырып, құдайласқан құда болған Шайбани хан шартын бұзып, Ұлытау мен Созақты басып алуға әскерін аттандырғалы жатыр. Біз Ұлытау мен Созақтан айырылсақ, онда бүкіл Дешті Қыпшақтан айырылғанымыз деп білеміз. Біздер – деді, Қасым өзінің сөзінде – «Басқыншы емеспіз, біз өзіміздің ата-қонысымызды ешкімге беруге тиісті емеспіз, біз өз жерімізді, өзіміздің елімізді жаулардан қорғауға аттанғалы тұрмыз. Біз ата-бабларымыздың мирасқа қалдырған жеріне ие болуымыз керек. Қазіргі кезде ол жерлерді өз жерім деп отырғандарды да болашақ ығыстыратын боламыз. Бұдан былай Әбілқайырдың бөлтіріктерінің талауына түсе алмаймыз. Біздің жолымыз ақтың жолы, ақтың жолы ол әділеттің жолы. Олай болса жеңіс біздікі болады. Біз қасықтай қанымыз қалғанша елімізді, жерімізді қорғауға тиістіміз – деді Қасым. Мұхамед Шайбанидың күшейгені сондай, қазір ол бір мезгілде бірнеше жерге соғыс аша алатын дәрежеге келіп еді. Сондықтан да шығар қазірде өзі елу мыңдай қолмен Қорасанға аттанып жатса, Сүйініш қожаны отыз мыңдай әскерінмен Ұлытауға, Күшкіншіні отыз мың қолмен Созақты басы палуға аттандырайын деп жатқан хабарын Қасымның сол жақтағы жанашырларының бірі кеше жеткізген болатын. Қасым Созақ бағытына Адай мен Қамбар бастаған жиырма мыңдай жасақты аттандырды. Өзі бірнеше қазақ батырларын ерітіп отыз бес мың қолмен Ұлытау бағытына Сүйініш қожаға қарсы аттанды.Қазақ қолдары Шайбанидың екі әскерінде талқандады. Ұлытауға бағыттап келе жатқан Сүйініш қожаның әскері қатты қарсылық көрсетті. Соғыс екі күнге созылды. Екінші күні Құдайке бастаған топ жаудың шебін бұзып кіріп ортасына еніп апай-топайын шығарды. Сол кезде оң жақ шеттен Қасымның өзі бастап, ортасы айран болып жатқан жауды баудай жапырды. Сол күні кештетіп жау әскерінің жарпысынан көбі қырылып, қалғаны қашып үлгерді. Сол соғыста Адайдың ұлы Құдайкенің қимылы ерекше көзге түсті. Жау шебін өзі бастап бұзып ортаға кіргенде Құдайкеге ешкім беттеп келе алмады. Артына ерген жасағына жалғыз өзі жол ашып отырды. Құдайкенің ақырған дауысының өзінен жаулар ығыса бастады. Қасым бастаған қазақ қолы осы жолғы жеңіске тек-қана Құдайкенің көзсіз ерлігінің арқасында жетті.Адай мен Қамбар бастаған қазақ әскері Созақ қайдасың деп емініп келе жатқан Күшкінші сұлтанның қолына сәске кезінде жолықты. Күшкінші сұлтан қазақ қолын көріп жүрістерін баяулатып әскерін тәртіпке келтіруге ыңғайлана бастағанда, қаптап келе жатқан қолды кідіртпестен Адай Күшкінші сұлтанның әскеріне лап қойды. Қазақ қолының тасыған дарияша лап қойғаны және қолдың алдындағы аймаңдай қара тұлпармен ағызып дара келе жатқан адамның Алшынның Адайы екенін таныған Күшкінші батыр абдырап, лезде есін жиып өзіне келе алмай қалды. Күшкіншінің абыржуы бүкіл әскерге әсер етті. Бірден жапырып кеткен қазақ қолы Күшкінші сұлтанның жауынгерлеріне қорамсаққа қолдарын салдырып үлгертпеді. Қазақ қолының өте тез алапай соққысы Шайбанилықтардың есін жиғызбады. Түс ауа Күшкінші сұлтанның жасағының тоз-тозы шықты. Шайбанилықтар басының ауған жағына қашты. Әскерінің азғантай бөлігін алып Күшкінші сұлтан күн батуға таянғанда қолға түсіп қала жаздап зорға құтылды. Бұл жеңіс бүкіл Дешті Қыпшақ халқының рухын көтеріп, көңілін жайландырып тастады. Осы кезден бастап алыстағы, жақындағы қазақ рулары Қасымды іздеп келе бастады. Хан деген аты болмаса, барлық абыройы мен беделінен Бұрындық айырылып болған болатын. Осыны сезген болар Бұрындық Самарқантқа күйеу баласы Мұхамед-Темірдің қолына көшті. Бұрындық кіші қызы Жауһар-Бикені сағалап ауыл-аймағымен қоныс аударғаннан кейін көп ұзамай барлық қазақ руларының басшылары жиналып келіп Қасымды хан сайлады.Қасым хан тағына отырған күні өз орнына әскер басы етіп Адайды тағайындады. Қасымның ақылдылығы, басқыншылық саясаттан аулақтауы қарауындағы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы жұмыстары жақсы жағынан елге жайылып, соның салдарынан алыстағы ру-тайпалар Қасым маңына жинала бастады. Сол кезде Сайрам қаласының әмірі Қаттабектің жіберген сенімді адамдары келіп Қасымға Сайрам қаласының қақпасының кілтін алып, қалаға ие болсын деген хабарын жеткізеді. Оның негізгі себебі Шайбани ханның немере інісі Ұбайдоллақтың Сайрамды басып алу жолындағы күресі жүріп жатқан болатын. Бұл соғыс созыла берсе қаладан айырылып қалатынын сезген Қаттабек шын көңілімен қаланың иесі Қасым екендігін, сондықтан ие болу қажеттігін хабарлаған еді.Сайрам қазақ елінің ортасында орналасқан қала. Сондықтан да елді басқару үшін ортасында отырғанның тиімділігі үлкен. Адал ниетпен беріліп отырған қаладан Қасым неге бас тартсын. Артына сұрыпталған сарбаздардан жинақталған әскерін ерітіп Қасым Сайрам қаласына келеді. Алдынан нөкерін ерітіп Қаттабек шығып қарсы алып, салтанатты түрде қала қақпасының кілтін Қасымның қолына тапсырды. Ешқандай соғыссыз, қантөгіссіз, бейбітшілік жолмен жанжақты маңызы бар қаланың қолға түсуі Қасымды қатты көңілдендіріп тастады. Осы бір қуанышты кезді пайдаланып Қаттабек Қасымға Ташкент қаласын басып алуға ұсынысы мен қоса өтінішінде білдірді. Шақырып алып Сайрам сынды қаланы сыйға тартып тұрған адамның сөзін жерге тастай алмаған Қасым соғысқа зауқы соқпай тұрса да Ташкентті жаулап алуға аттанды. Қасымның жер қайысқан қолмен Ташкентті басып алуға шыққанын естіген қаланың билеушісі Сүйініш хан қаланың қақпасын бекіттіріп қорғаныстың шарасын жан-жақты алып, қала халқын қорғануға түгелдей жинап сақадай сай тұрғанды. Қазақ қолын бастап келген Қасым қаланы бір айналып шығып, қала бекінісінің мықты екенін көріп соғыспастан кейін қайтады. Қаланы қоршауға алып үлкен күшпен басып алуға Қасымның күші жететін еді. Бірақ қан төгіске барғысы келмеді. Қайтарда Ташкенттің төңірегінде отырған елдің адамдарына тимей мал-мүліктерін түгелдей тонап кетеді.Осы бір оқиғаның төңірегінде қате жзбалардың пайда облғандығынан, кейбір жағдайларда шындық дұрыс көрсетілмей кеткен фактілері де кездеседі. Маңғыстаулық ақын Өмірзақ Қалбаевтың «Қосай ата» шежіре кітабында (46,45 беттер) және осы көрсетлген беттерде ақын Қаржаубай Рейімбайұлының жыр шумақтарында айтылған Қасымның әскерінің Сүйініш қожа ханның әскерімен соғысып, қатты жеңіліске ұшырағанын, ауыр жараланған Қасымның зорға құтылғанын және осы соғыста батыр Құдайкені өлген деп көрсетуі Әбдаллах Балхидың «Зубдат әл-асрар» атты қисық жазылған еңбегіне сүйеніп қателікке жол бергенін көреміз.Бұл туралы Қойшығара Салғараұлының «Қазақтар» атты 1995 жылғы роман-эссесінде – «Бұл арада тарихи жаңсақтық бар. Менің ойымша бұл жаңсақтықты «Зубдат әл-асрардың» авторы әдейі жіберген. Оған себеп бұл еңбектің авторы Әбдаллах Балхи бұрын Әмір Темір әулетіне қызмет етіп, Шайбани тұқымына қарсы ұзақ жыл күрескен адам. Содан ол Мұхаммед Шайбани хан Хорасанды біржола жаулап алғаннан кейін барып Шайбани ханға қызмет еткен. Шайбани әулетінің алдында үлкен кінәсі бар, әрі сарай тарихшыларының алдында бұрынғы беделінен айырылып, елеусіз қалған Әбдаллах Балхи орайын келтіріп көзге түсу мақсатында Шайбани әулетінің хандарын асыра мақтап, дұшпандарын тұқырта даттап отырады. Мұның сыртында ол өзінің «Зубдат әл-асырарын» Сүйініш қожа ханның баласы Келді Мұхаммед сұлтанның тапсырмасымен жазған. Балхи оны «Сұлтандардың сұлтаны» деп айтады. Әкесін ғажайып батыр етіп көрсету арқылы баласына жағу үшін Қасымды Сүйініш қожа ханмен соғыстырып, одан ойсырата жеңілдіртіп, тіпті Қасымды жараландырып, аттан құлатып түсіреді. Ал бұл шындықтан аулақ дерек» деп көрсетеді. (97 бет). Ибн Әль Бахуридың «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегінің 117 бетінде Балхидің «Зубдат әл-асырандағы» мәліметтердің қате екендігін, Мұхаммед Хайдар Дулатидың 1513 жылғы жазған еңбегін басшылыққа алуды ұсынады. Осы еңбекте Құдайке бірінші рет балалы болады, атын азан шақырып атасы Адайдың өзі Қосай деп қояды. Қосайдың дүниеге келуіне ұлан-асыр той өткізілген-деп көрсетеді. Қасым хан ордасын Сайрамға көшірісімен-ақ, қазақтың барлық руларына бір тудың астына бірігу үшін елге жаршылар аттандырады. Қасымның хабарына қарамай-ақ бүкіл Дешті Қыпшақтың көп рулары ер-жүрек әміршісін ту етіп көтеріп, маңына жиналғанның үстіне жинала бастады.Мұхамед Шайбани болса, бүкіл Түркістан, Самарқант, Бұхар, Андижан, Хизар, Шахия, Хорезм, Құндыз, Бадахшанды, Хорасанды жаулап алғанына месе тұтпай, Памир тауын жайлаған Хазар еліне жорыққа аттанды. Бірақ жолы болмады. Тауды жайлап, таста өскен хазарлықтар тау-шатқалдарының ішіне кіріп алып Шайбани әскерлерін маңына жолатпады. Қайтар жолда шың-құздарға, мұзарттарға тіреліп, көбінің көліктері қия-шыңдардан тайып құзға ұшып қырылды. Кей жерлерде су табылмай шөлден өлді. Оның үстіне күз түсісімен жаңбыр жауып, қия-шыңдардан адамда, атта тайып ұшып қырғынға ұшырады. Сөйтіп, азып-тозып келгенде 1510 жылы Мерв түбінде Иран шахы Исмайлдың Хорасанды шауып алуға шыққан қолына тап болып, Исмайылмен жекпе-жекте ажалы жетті.Қосайдың дүниеге келгеніне екі жыл толғанда Қасымның Ханық сұлтан атты әйелі балалы болды. Баланың атын Адайдың айтуымен Қасым Хақназар деп қойды. Қасым бүкіл қазақ еліне ат шаптырып той жасады. Ат бәйгісінде Құдайкеге берілген ақ арғымақ бірінші болып келді. Бәйгіге тігілген алпыс атан нарды Адай ошақ басына қалдыртып еді, оған Қасым көнбей Құдайке үйленгенде тойына жаратасың деп айдатып апарып Адайдың ауылының түйелеріне қостырды.Бұл күндерде Қасым хан дұрыстап күшейіп алды деп айтуға болатындай дәрежеде еді. Қасымның абыройы бір-екі жылдың ішінде көтеріліп, күш қуатын толық жинаған болатын. Оның қарауындағы атты әскер саны үш жүз мыңға жеткен. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы Сырдарияның бойын тұтастай, солтүстікте Ұлытау, оңтүстіктігінде Қаратау, оңтүстік-шығысында Жетісу, терістік-батыста Жайық өңірлерін алып жатты. Осы көрсетілген аймақты Қасым күшпен басып алып немесе күшпен біріктірген ештеңесі жоқ. Ол өзінің бейбітшілік сүйгіштігінің арқасында, қан төкпейтін саясат ұстанғанының арқасында, көршілермен бейбіт қатынас орната алғанның арқасында, ел басқарудағы ерекше ұнамды қабілетінің арқасында, ақылдылығы мен көрегенділігінің арқасында бүкіл қазақ халқын біріктірді. Қазіргі мезгілдерде де халықтың жадынан шықпаған «Қасым ханның қасқа жолы» деген атақпен тұңғыш қазақ хандығының жарғысын жазып шығарып, іс жүзінде қоданысқа келтірген Қасым екенін халық ұмытқан жоқ. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде «Қасым хан бүкіл Қыпшақ даласының толық қожасына айналды, оның атағының алысқа кетіп, қуатының артқандығы сондай, Жошыдан кейін мұндай абырой мен атаққа ешкім ие болған жоқ. Оның әскерінің саны мың-мыңнан асып жатты» - деп көрсеткенінен де Қасымның қандай болғанын білуге болатын шығар деген ойдамыз.Қасым туралы Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде (22,23 беттер) былай деп көрсетеді:- «Қасым тұсында Хан Ордасы бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді бірде Арқада, Ұлытау етегінде, кейде батыста Жайық жағасында болады. Бұл да халықының жиын ортасында жүрген Қасымның өзіндік саясатының бір көрінісі деп білуіміз керек. Жұртшылық хан билігінің күшін сезініп қана қоймады, ешкімнің де шетте, қараусыз, қорғансыз қалмайтынын ұғады, елдің тұтастығын айқын таниды.Ел басқару жүйесінде ата жолын ұстанған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа низам жүйесін енгізеді. «Қасымханның қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдеп-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы, ру-тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды. Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан тәрізді. Бір сөзбен айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы» - қазақ жұртының елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды.Қасым хан өз халықының барлық қадір-қазынасын бойына жинақтаған, ақыл парасатымен ғана емес, жайсаң мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен де өзгеше тұрпатын танытқан ғажайып тұлға болды. Өз заманында Қасымның жүзін көрген, онымен кездесіп, аз уақыт облса да сөйлескен кісі ғұмыр бойы оның нұрлы жүзін ұмыта алмас еді. Қазақ ханының даналығын ғана емес, жомарттығын, кеңдігін, өр мінез тәкәппарлығымен қоса биязылығы мен әдептілігін де көңілге түйетін. Мұндай замандастардың барлығы да – ел билеген әмірші болсын, ғылым түгескен оқымысты ғұлама болсын, Қасым ханды ордалы жұртының бақытына туған ерекше тұлға деп бағалайды. Қазақ хандығының осындай дәрежеге жетуіне Қасымның абройының асқақтап, мәртебесінің биіктеуіне Алшынның Адайы мен оның баласы Құдайкенің аққұла еңбектерінің болғандығын Әл Ибн Бахуридың жазбаларынан көруге болады. «Сол кездегі ұрыстың немесе басқа да келіспеушіліктің өте қиын тұстарында Жәнібек хан үнемі шешілмей тұрған түйінді шешуге, жеңілмей тұрған жауды жеңуге Алшынның Адайын жұмсап отырыпты – деп көрсетеді. (145 бет).Адай 1479 жылы қырық төрт жасында екінші балалы болып оның атын Келімберді қояды. Келімбердіні туғанда Айымнұр шешеміздің жасы қырық үште деп көрсетілген. Келімберді өсе келе әрі батыр, әрі бай, әрі би болған адам. Келімберді Қарақалпақтың белгілі биі Еспембеттің қызы Нұрқиятты алған. Нұрқият шешемізден Келімберді алты балалы болған. Оларды Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Тобыш, Мұңал деп атаған. Адай балаларының ішінде Келімберді ұрпақтары өте көбейіп дүреп өскен ауыл. Келімберді ұрпақтарының ішінде көптеген жүрек жұтқан бастырлар, аузы дуалы билер, атақты ақындар, таңды таңға қосып айтатын жыршылар, қасиет дарыған әулиелер мен пірлер болған. Бүкіл мұсылман еліне танымал болған пір Бекеттің өзі осы Келімбердінің кіші баласы Мұңал тайпасынан шыққан болатын. Немесе адайдың жүрек жұтқан батыры Ер-Шотан да осы тайпадан шықты.Қарағанды облысының Жаңа-арқа ауданында Адайдың Шотан батырының атымен аталған елді мекеннің т.б. жер мен көлдің аттары тап осы күнге дейін сақталған. Әдейі барып жасы үлкен адамдарымен кездесіп сұрағанымызда – «Абылайдың әскер басыларының бірі кіші жүздің жасағын басқарған адам көрінеді, анау көрінген тау селімдерінде 1940 жылдарға дейін адамның қу сүйектері шашылып жатты оны көзімізбен көрдік, сол сүйектер Шотан батырдың қырған қалмақтарының сүйегі деп сол кездегі ақсақалдар айтып еді бізге» – деп, сол жердің тұрғыны Әукен кариямен әңгімелескенімізде айтып берген. (Бұл кезедесу 2005 жылдың 27 қыркүйегінде әдейі Шотан батырдың соғысқан жерлерін көріп мәлімет жинақтауға барғанда болған әңгіме).Келімбердінің өзінен бастап оның тұқымдарындағы қазақ халықына белгілі болған тұлғалар жөнінде алдағы уақытта да бөлек өз алдына еңбек жазылатын болады. Осы жорыққа шыққалы отырған роман-эсседе Адай – атамен оның баласы Құдайке және Құдайке ұлы Қосай жөнінде ғана қамтылып отыр. Құдайке батырдың екінші ұлы Тәзікенің – Қабақай, Өтей, Сәрке атты үш баласы болған. Тәзіке ұрпақтары құба қалмақтарды Жем, Сағыз, Тайсойған, Жайық пен Еділ аралығынан қуып Нарын құмдарын босатып қоныс еткен. Тәзіке мен оның ұрпақтары жөніндегі мұрағаттардан жинақталған мәліметтердің жеткіліксіздігінен және Қосай атаның 500 жылдық мерекесінің құрметіне бітіру қажеттілігінің тууына байланысты уақыттың тарлығынан бұл кітапқа енгізілмей қалып отыр. Адайдың Тәзіке батырын жарыққа шығару алдағы уақыттың бірінші кезектегі еншісінде тұр.Сол бір кезеңде Қасым ханның өз заманының өте ақылды ұлы хандарының бірі болғанына дау болмаса керек. Қасымның қол асатына кейбір Ноғай Ордасының, Башқұрттардың рулары мен тайпаларының келіп кіруі Қасымның үлкен тұлға екенін білдіретіндігін тарихшылар түгел мойындаған. Қасым хан 1520 жылы Сарайшық қаласында өз ажалынан қайтыс болады. Қасым басына үлкен мазар орнатылғанын тарихшы А.П. Чулошниковтың жазбасынан табуға болады. Қасым ханның мазарының XVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін жарпылай құлаған күйінде тұрғаны кейбір жазбалардан кездестіреміз. Қасым хан өлгенде Адай сексен төрт жаста, Құдайке алпыс жаста, Қосай 13 жаста, Хақ-Назар 11 жаста деп көрсетілген. (Әль Ибн Бахури, «Алғашқы қазақтардың бірігуі» - 113 бет). * * *Қосай өзі бастаған жас-кәрісі аралас айғыр топ нөкерін ерітіп аңға шығып көңіл көтергеніне төрт-бес күндей болып қалғанды. Көкжиектің жазда ылғи жанарыңды қажытып, сағым араласып тұратын кілегей мұнары бүгін жым-жылас. Осыдан төрт-бес күн бұрын жып-жылы болып жәймен жауған күздің сылбыр жауыны шаң басып еңсесі түсіп кеткен шөп басының сілтісін ақжем қып жуып тазартып тастаған. Жусан бойын қайтадан түзеп, басы құлақтанып, кеше ғана шаңытып, ұсқыны кетіп, қуаң тартып қаталап жатқан құба жандардың тағы да көгіс бояуы көбейе бастапты. Ойдым-ойдым оястар алыстан қарағанда көгеріп көрінеді. Қосайдың жанында келе жатқан Қарақожа батыр, биыл күз көктеме болатын болпты – ғой деп жан-жағына қарап қойып сөйлеп келе жатты. Аспанда бұлт жоқ айнадай таза. Нұрдың суымен шөлін қандырған даланың самал ауасы тынысыңды кеңейтіп көкірегіңді шайдай ашады. Адай табиғаттың осындай тамашасын пайдаланып жақсылап демалу үшін шатырларын тіктірді. Өзі қасына Қарақожа, Есенғұл, Қойсары батыр бастаған аңшылар тобын ерітіп жан-жақты шолып аң қағып келуге шықты. Астына атқосшылардың жетегінде кележатқан бір айдан бері тоқым салынбаған ақжал құласын мінді. Ақжал құла да тізгінді жұлқып тартып, жер тарпып ауыздығымен алысып жіберде-жібер деп тұрды. Дешті қыпшақтың мал аяғы баспаған даласына ұзаңұырап кіріп кеткен аңшылар тобы үйір-үйір құландарға, топ-топ болып жосып жүрген бөкендердің қызығына беріліп қашқан аңды қуамыз деп бірінен бірі алшақтап кеткендерін де байқамай қалды. Қосай тобының да қарасы азайып оншақты адам-ғана оңашаланып қалғанды. Кенет Ақжалқұла оқыранып-осқырып елеурей қалды. Алда келе жатқан Қосай жан-жағына енді көз тастай бергені сол еді, алдарынан мүйіздері шаңырақтай архардың бір топ құлжасы сатыр-сұтыр бар шабысымен өте шықты. Қосай құлжалардың өздерінен үрікпегендігін, соңдарында қуғыншы бар екенін бірден байқады. Сөйткенше болған жоқ архарлардың ізімен қуып келе жатқан бір топ қасқырды көрді. Нағыз желке тұстары қарақылшықтанған, кеуделері күпшектей арландар екен. Қосай шыдап тұра алмады, Ақжалқұланың басын жіберді. Қасындағы жолдастары да Қосайдан қалысқан жоқ. Салғаннан Ақжалқұла алға шықты. Көп кешікпей Қосай жолдастарынан қарасын үзіп кетті. Ол көп ұзамай-ақ, қасқырларға таяп қалды. Олардың ық жағын алып жанасалап жақындап келіп соңғы арланды ат үстінен тіктеліңкіреп отырып көздеместен кере тартып қалып еді, қасқыр сәл кідіргендей болды да жалпете түсті. Мойыны бұралып астында қалды. Ақжалқұла екінші қасқырға жақындай бергенде оны да көздеместен құлатты. Алда әлі де үш-төрт арлан біріне-бірі таяу кетіп бара жатты. Алдыңғысы тайдай құлжаның соңына түсті. Ара қашықтықтары да жақындап қалған сияқтанады. Қосай тақымын қысуы мұң еді, Ақжалқұла енді атқан оқша зымырады. Алдыңғы көкжал құлжаға енді ауызды салам дегенше Қосайдың аттың үстінен көздеп атқан жебесі жүрекке қадалған болуы керек, арлан қаңқ еткізіп дыбыс шығарды да екі-үш домалап барып ауызы-мұрынынан қан ағып жанталасумен аяғын бір-екі серпуге ғана мұршасы келді. Қалған қасқырлар Қосайды көріп жан-жаққа тарап қашумен қараларын жоғалтты. Қосай аттың шабысын бәсеңдетпестен арланның алдында келе жатқан құлжаны да кере тартқан жақтан ұшқан сары жебесі тиген бойда шатқыаяқтаты да басымен жер сүзе оны да құлатты.Сол кезде архарға таяп қалғанда ақжалқұла оқыс сол жаққа қарай бұрылып шыңғырып жіберді. Қосай аттан жығылып қала жаздап барып бойын түзеді. Оң жағында онбес қадамдай жерде өзіне қарай шабынып жатқан жолбарысты сонда көрді. Көрісімен қолындағы садағына жебені де салып үлгерді. Қосайдың садақ атуына, оның мергендігіне, өте жылдам ататындығына ешкім тең келе алмайтын еді. Сондықтан де болар жолбарыста атылды, Қосайда жақты кере тартып жіберіп үлгерді. Оқиға көзді ашып жұмғанша боды. Ақжалқұланың тағы да шыңғырып қарғығаны есінде қалды. Садақ оғы жолбарыстың үстіңгі ернін жарып өтіп көмейге түгелге жуық еніп кеткені анықталды. Жолбарыс атылғанда ердің басына соғып қиратыпты, Ақжалқұла жолбарыстың соққысынан сол жаққа жығылғанда Қосайдың оң аяғы аттың астында қалады. Аттың кеудесінің үстінде жарпылай асылған күйінде жолбарыста өліп тынған. Осы оқиғаның үстіне Қосайдың ізімен келе жатқан жолдастары да жетісті. Әуелі аттың үстінде өліп жатқан жолбарысты бес-алты адам болып зорға сүйреп кейін шығарды. Содан кейін барып аттың тартпаларын кесіп жіберіп ерді орнынан қозғамай Ақжалқұланы тұрғызып барып Қосайдың аяғын үзеңгіден жайлап алып көтермелеп орнынан тұрғызғанмен оң аяғын баса алмай қалды. Қарақожа батыр Қосайдың тізесін сипап көрді де буынның орнынан қозғалып, үстіңгі тобықтың да сау еместігін байқады. Сол күні кейінде қалған шатырлар мен қостарды осы жерге алдырады. Қосайды орнынан қозғамастан үстіне шатырын әкеліп тігеді. Осы арадан бір күншілік жерде арғындардың ауылының бар екендігін Қарақожа батыр ауылдан шығарда естіген. Қосайдың түнімен ауырсынып ұйықтай алмай шыққанын білгенсін ертесіне ерте тұрып қасына екі жігітті ерітіп арғындардың ауылына сынықшы іздеуге аттанды. Суыт жүріспен отырған жолаушылар түс қыңа қос суатта отырған арғын ауылдарына да жетті. Сол жерден Нәдірсопының баласы Сұлтансопының он алты жастағы Сақыпжамал атты қызының туа біткен қасиеті сынық салатынын, қандайма болмасын қауіпті сынықтарды да сипап сала беретінін естіді. Сұлтансопы Нәдірсопының баласы болса, Нәдірсопы Ақжол бидің (Дайырқожаның) баласы болатын.Сұлтансопының ауылы барған ауылдарынан қатты қашықта емес алты-жеті шақырымдай жерде екен. Жолаушылар кідірместен Сұлтансопының үйіне келіп түсті. Сұлтансопы да, қызы да үйлерінде болып шықты. Қарақожа батырды Сұлтансопы жақсы таниды екен. Келген жолаушыларды оң қабақ көрсетіп қарсы алады. Қарақожа амандық-саулықтан кейін, келген шаруаларының жайын айтып, Сақыпжамалдың көмегінің шұғыл керек екенін, қонақ болып отыра алмайтындарын білдіреді. Құдайкенің баласы Қосайдың жасы жас болғанымен ерлік істері елге белгілі болып қалған болатын. Сұлтансопы шұғыл Сақыпжамалды қасына аға-жеңгесін қосып, Қарақожалармен бірге аттандырды да, өзі ертесіне екі-үш үйді көшіріп, сауын түйелер мен жылқыларды жүргізіп Қосай тәуір болғанша сол жерге уақытша қосын тігетін болып шешті. Қарақожа қасына еріткен бір жігітті Сұлтансопының қасына жол көрсету үшін қалдырды да Сақыпжамалды аға-жеңгесімен бірге алып, сол күні іңірлетіп өзінің қостарына да келіп жетті. Сақыпжамал аттан түскен бойда жақсылап жылы сумен беті-қолын жуып, сүртініп болып, шатырдағы төсекте жатқан Қосайға келіп сәлем беріп, қасына отырды да ауыру аяғын сипап ұстап, тізесін жайлап бүктіріп асықпай қарап шықты. Қозғалса ауырып, қол тигізбей жатқан буыны ауруын қойған сияқтанды. Ортадағы жанған оттың жарығы қара көлеңкеленіп түспей тұрғанына қарамастан тізені өзінің кіп-кішкентай, жұп-жұмсақ алақанымен әрі-бері сипалап отырғанда кешеден бері ауырғаннан көзі ілінбей жатқан Қосай қалай ұйықтап кеткенін білмей қалды. Сақыпжамал Қосайдың тізесін өзінің алып келген ақ атыласымен жақсылап орап таңды да, қасындағы Қарақожа бастаған адамдарына егер де түнде ұйқысынан оянатын болса таңған аяғын қатты қозғап қоймасын, бүгінше ұйықтамай кезектесіп күзетіп отыруды тапсырды. Бірақ, Қосай таң атқанша емес келесі күні сәскеге дейін орнынан қозғалмастан ұйықтады.Қосай ұйқыдан оянғаннан кейін Сақыпжамал сәлемін беріп қасына отырып жағдайын сұрады. Қосай Сақыпжамалға қарап – «қарағым қарындасым кеше кешке шатырға кіріп маған сәлеміңізді беріп, ауру аяғыма қолыңызды тигізгеннен бастап ауырғаны басылды. Жаныма қатты батып қиналып жатқанмын. Қазір еш жерім ауырып жатқан жоқ. Аяғымды да аздап қозғап қарап едім, ауырған жоқ, жүріп көруге болатын сияқты - деді, сізге жеті күнге дейін ауру аяғыңызды жерге тіреуге болмайды. Дәретке балдақпен барасыз. Қасыңыздағы жолдастарыңыздың да көмектері керек болуы мүмкін. Тізеңіздің буыны орнынан қозғалып кетіпті, үстіндегі тобық жарылып тұр. Солар жеті күннің ішінде салмақ түсірмесеңіз өз орындарына барып аздап орнығады. Содан кейін барып жайлап аяғыңызбен жерді сәл-пәл демеп жүруге болады. Бірақ балдақты тастамайсыз. Жиырма бір күннен кейін балдақты тастап жүретін боласыз. Бірақ үш айға дейін секіруге, бірдемелерді тебуге, жүк көтеруге үзілді-кесілді болмайды. Егерде бұл шартты бұзатын болсаңыз болашақ аяғыңыз кеміс болып қалады. Сондықтан аяғыңыздың тағдыры өз қолыңызда, аға – деп тағы да күлімсіреді.Айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын айналайын – деді Қосай. Келесі күні Сұлтансопы бастаған көште келді. Алты қанат үш үй тігілді. Екі айғырдың үйірі келтіріліп бие байланылды. Жиырма шақты сауын түйе сауылып шұбат дайындатылды. Әр жеті сайын ту бие сойылып қазы жасалып жатты. Оның үстіне күніге семіз киіктің етінен неше түрлі тағамдар дайындалады. Сөйтіп, жеті күннен кейін Қосай аяғымен жерді демеп жүретін болды. Сақыпжамал үнемі Қосайдың жүрсісін бақылаумен отырды. Жиырма бір күн өткеннен кейін Сақыпжамал Қосайдың тізесін ораған атласты алып тастады. Сол күннен бастап Қосай балдақсыз жүріп, кінаратсыз атқа міне алатын боды.Сақыпжамал Қосайға қатты ұнады. Көңілін білдіргісі келіп әлденеше рет оқталып еді жүрегі қатты соғып айтайын деген сөзін айта алмады. Енді бір-екі күннен соң Қосайлардың да елге қозғалатын уақыты болса, Нәдірсопыларда ауылына көшуі керек. Сақыпжамал ең соңғы рет Қосайдың аяғын қарап, аяқтың толықтай қаліпіне келгенін айтты. Үш айдан соң алаңсыз қатты қимылдауға болады деді. Сол кезде Қосай Сақыпжамалдың білегінен ұстап өзінің ұнататынын білдіріп, егерде айттырулы жеріңіз болмаса құда түсіруге ризашылығын сұрады. Сақыпжамалдың да Қосайды ұнатып қалғаны байқалды. Сақыпжамал Қосайға қарап «аға менің айттырулы жерім жоқ. Әкеміз үлкен әруақты адам. Құмалақ ашып алдағыны айна қатесіз сезіп, біліп отырады. Осыдан он жыл бұрын маған арнап құмалақ ашыпты. Құмалағында - «Қызыңды айттырған адамның біреуіне де берме, қызың қосылатын қосағын өзі табады» - деп құмалаққа түскен көрінеді. Сондықтан мен күні бүгінге дейін ешкімге айттырулы емеспін. Мен енді сізді немесе қосағымды таптым-ау деп отырмын. Сіз құда түсірсеңіз әкемнің де, шешемнің де менімен ақылдасып ризашылығын беретініне күмән келтірмеңіз» – деді Сақыпжамал. Қосай ауылына барысымен құдаларды жіберетін болды. Келесі күні Сұлтансопыларды жолға салып жіберіп Қосайлар да елдеріне бағыттады.Қосай келісімен Атасы Адайға келіп сәлемдесіп және өзінің үйленетін хабарын айтты. Адай Құдайке мен Келімбердіні шақырып ақылдасты. Әуелі Сұлтансопының ауылына құдаларды жүргізді. Құдалыққа Ақпан бастап Қарақожа батыр, Ноғайлы батыры Сағитбек және қастарына атқосшылыққа үш жас жігіт жүретін болды. Құдалардың негізгі міндеті Сұлтансопының алдынан өтіп Сақыпжамалды сұрау, содан кейін қызды ұзататын уақытын белгілеу және Сұлтансопының сұратқан қалың малының мөлшерін біліп келу. Құдалар жолға бір қонып келесі күні сәске де Сұлтансопының он екі қанат ақ үйіне келіп атбастарын тіреді. Үйден төрт-бес жас жігіттер шығып қонақтардың аттарын кермеге байлап, өздерін үйге қарай бастап алып жүрді. Үйге таяп келгенде алдарынан Сұлтансопының өзі шығып қонақтарды қарсы алды. Үйдің төрінен есігіне дейін төселген парсы кілемінің үстіне қалыңдығы қарыстай құс төсектер салынып, жиі қылып теңкитіп-теңкитіп құшаққа симайтын құс жастықтар тасталыныпты. Қонақтар үйге кіріп сырт киімдерін іліп, салқын сумен жуынып, төрге жайғасып болғансын зерең аяқтармен әкелген қысырдың қоңыр салқын қымызын ішіп шөлдерін басты. Қонақтарға түскі қонағасына қой сойылып, қуырдаққа қысыр емген жабағы сойылды. Ертесіне қонақтар жүретінін білдіргенсін, Сұлтансопы бұйымдарын сұрады. Ақпан Сұлтансопыға келген шаруларының жайын айтып, құдайласқан құда болуды ұсынды. Сұлтансопы бұрыннан да хабардар екендігін білдіріп, Сақыпжамал кімді қалайды сол адамға береміз деген әуелден келісіміміз бар. Оның үстіне құдай бұйыртып атақты алшынның Адайымен оның елге белгілі баласы Құдайкемен құда болғанымызға қуаныштымыз. Алдымыздағы жылдың көктемінде Алладан рұқсат болса баламызды береміз – деді. Қалың малды атағанды дұрыс көріп отыр екенсіндер. Адай мен Құдайкеге менен сәлем айтыңыздар. Мен баламды сатпаймын, өзімнің күйім жетеді. Қандайма сый-сияпат жасаймын десе де кері қайтармаймын оны да қолым көтереді – деді де қонақтарына қарап жүретін болсаңыздар кідіріп кетіңіздер, мына отырған менің інім Таңжарық үйінің шаңырағын көрсетіп қонақ қылып жіберемін – деп отыр деді. Ақпан бастаған құдалар Сұлтансопының үйінен шығып ауыл сыртындағы төбенің басына көтеріліп біраз серуендеп бойларын жазғаннан кейін Сұлтансопының үйіне беттеді. Үй жанында қысырдың семіз жабағысы сойылып, мүшеленіп қазанға салынып жатты. Қонақтар түскі асын Таңжарықтың үйінен ішіп түс ауа шаруаларын бітіріп көңілді аттанды. Құдалардың хабарын естіген Құдайке өзінің әкесі Адаймен ақылдасып, Сұлтансопының сәлемін жеткізді. Адай күн суытып кетпей тұрғанда тоғыз нар, үш айғырдың үйірін және қырық бойдақ қойды қосып айдатып Сұлтансопыға деген сыйлықты шұғыл жіберуге тапсырма берді. Сұлтансопыға алтын деңмент белбеуді, Гүлбадан құдағайға алтын білезік, Сақыпжамалдың өзіне алтынан құйылған шашбау және де ағаларына бір-бірден күмістелген ер-тоқымы мен түрікменнің ахалтекесін қосып айдатты. Мал айдаушыларды бастап құданың қолына өткізу үшін Ақпан мен Қойсары батыр бастаған қасында үш-төрт жас жігіт жолдасы бар Қосайдың өзі жүрді. Ұрын барудың дәстүрлері толық сақталып сый-сияпаттары түгелдей күйеумен бірге алынып жүрілді.Қой айдаған адамдармен қарайлас жүру үшін жылқыларды бабымен жүргізіп отыруға тура келді. Жолда бес түнеп келесі күні Сұлтансопының ауылына қаракөрдім жер қалғанда мал айдаушыларды кідіртіп Ақпан бастаған құдалар Сұлтансопының ауылына жүрді. Тонадайдан құдалардың келе жатқанын төбенің басында отырған Сұлтансопы көріп, алдарынан шығуға Таңжарықпен тағы бір ауылдың жігітін жұмсады. Өзі ауылдағы үлкен адамдармен бірге қонақтарды ауылдың сыртынан күтіп алды. Таңжарық қонақтардың ішіндегі жасы үлкендерін Сұлтансопының үйіне түсірді. Қосай бастаған жас жігіттерді отауға кіргізді. Құдаларды ауыл адамдары аяқтарын жерге тигізбей аттан көтеріп түсірді десек артық болар, содан басқа күтімдердің түрі жасалды. Сол күні айдалып келе жатқан малдарды Сұлтансопының жігіттері қабылдап алып өз малдарына қосты. Әкелінген тарту-таралғылар тиісті адамдарға табыс етілді. Cұлтансопы оның зайыбы Гүлбадам құдағай құдаларының жіберген сый-сияпаттарына қатты разы болды. Отау үйде Қосай бастаған жас жігіттерге де жабағы мен бойдақ қой сойылып қонақасы берілді. Кешке қарай жан-жақтан келген қыз-жігіттер сегіз қанат ақ үйге лық толды. Ауылдың артына алты бақан құрылып, күздің жайма-шуақ жылы кешінде ән салған жастардың дауысы біраз жерден естіліп жатты. Түн ортасы ауа жастар бөлек-бөлек болып әр үйге тарап демалуға кетті. Қосайды қыздың жеңгелері шет жаққа тігілген алты қанат ақ отауға әкеліп өзіне арналып салынған құс төсекті көрсетті де түрлі кәделерді талап ете бастады. «Қол ұстатар», «Шаш сипатар», «Жамбас сипар», «Көрпе қимылдатар», тағысын тағы кәделердің түрін атап жатыр. Қосайда ауылдан алып шыққан алтын сақиналар мен білезіктерді үлестіріп әйелдердің көңілін таба білді. Аларын алып болған жеңгелері Қосайды төсегіне жатуға рұқсатын беріп өздері кетіп қалды.Қосайда жол соқты болып шарашап келгеніне қарамастан біразға дейін ұйықтамай жатқанмен қалғып кетіпті. Әлдекімдердің сыбырлай сөйлеген дауысынан оянып кетті. Манағы кәделерді алып таратып жүрген қыздың жас жеңгесі Сұлушашты дауысынан таныды.- Міне шырағым, ұста деп Қосайдың қолын қалыңдығы Сақыпжамалдың білегінен ұстатты да дыбысын білдірместен есіктен шығып кетті. Бірден Сақыпжамал білегін жайлап тартты да Қосай жібере қоймағасын қозғаған жоқ. Үйдің іші тас қараңғы, бірінің атша тулап соққан жүректері біріне естіліп тұрды. Қосайдың талай жаумен айқасқандағы қозғалмай бір қалыпында соғатын жүрегінің атқалақтап жауға найза ұрғанда былық етпеген білегінде аздап діріл пайда болды. Қыздың үстінен шыққан жұпар исі, жұп-жұмсақ денесі Қосайды елітіп бара жатты. Қосай сол кезде Сақыпжамалды өз бауырына қалай тартып алғанын өзі де байқамай қалды. Қыздың аппақ нәзік денесі батырдың алып құшағына көміліп жүре берді. Тірліктегі ең тәтті ләззат күнәдан пәк сәби жігіт пен қыздың бір-бірімен аймаласқан қимылы таңды атырды.Енді қашан ораласың – деді Сақыпжамал сыбырлап. Құдай оңғарса алдымыздағы жазғы тұры келіп біржола алып кететін шығарамын – деді Қосай Сақыпжамалдың шашын сипап отырып. Екеуінің құмарын қандыруға бір түннің мұршасы жеткен жоқ. Сақыпжамал Қосай жатқан отаудан шыққанда таң құланиектеніп атып келе жатты. Сол күні құда, күйеулердің басын біріктіріп Таңжарық өз отауынан қонақасын беріп қонақтарын аттандырды.Биылғы қыс Қосай үшін ұзақ сияқты көрінді. Көктемді сарығумен күтті. Қыс биыл қатты суытқан жоқ. Сәуір туа жылы жаңбыр бір жеті жауып басылды. Тағатсызданып күткен көктем де келді. Жер көкмайса көрпесін жамылды. Адай ауылы тойға дайындық жұмысын да бастап кетті. Шудың жағасына мың қаралды үй тігілді. Сойыстық малдар бөлектелініп бағылды. Той ауылдан аулақ жерге көптеген жылқы байланып қымыз ашытылса, сауын түйелер бөлектелініп тойдың шұбаты да дайындала бастады. Ол кезде Сұлатсопының ауылда той дайындығын жасап болып құдаларды күтіп отырғанды. Құда болып Жайық ақсақал мен Бақай батыр қастарына Қосай мен екі жас жігітті күйеу жолдас қылып ерітіп, құдалар уәделескен күні келіп жетті. Сақыпжамалдың ұзатылу тойы үш күнге созылды. Төртінші күні таңертең күн көтеріле қыздың көші де қозғалды. Қызға арнап жасалған тоғыз қанат ақ отау ішіндегі түрлі жасауы мен тоғыз нарға тиелді. Сақыпжамалмен бірге екі жеңгесі және жиырманың үстінде құрбы қыздары бірге жүрді. Көшті аман-есен жеткізіп салу үшін Сұлтансопы жиырма шақты қарулы күзет тобын да қосып аттандырды. Жас жігіттер мен қыздар асықпай жүріп жолда төрт қонып бесінші күні той болып жатқан ок екі ата байұлының ауылының да қарасы көрінді. Келіннің қызылды жасылды көші көрінгеннен Қосайдың жеңгелері мен бір топ құрдастары алдарынан шығып алтын теңгелерден шашуларын ашашып, қызды киіндіріп, сәукелесін кигізіп алып жүрді. Ауылдың ортасындағы биік етіп жасалған ені мен ұзыны жиырма кез сәкі ағашқа жайылған қалы кілемдердің үстіне бірге келген қыз нөкері мен келінді шығарып атағы жаңа елге белгілі болып келе жатқан Жиембет жырау бет ашты. Содан той қызықтары басталып кетті. Тойға жан-жақтан, шар-тараптан шақырылған қонақтар түгелдей келді. Келген қонақтарға барлық жағдайлар жасалды. Әр үйге екі жас жігіт, екі қыз қонақтарды күтіп тамақтандырып тұру үшін бөлінді. Одан басқа екі жігіт тамақ жетістіріп тұратын болды. Келген қонақтардың ішінен тойға кінә таққандары болған жоқ, керісінше көңілдері толып риза болып аттанды.Жүз жиырма шақырым жерге ат айдалды. Бәрі екі жүздің үстінде ат қосылды. Аламан бәйгіге сексен ат, екінші бәйгіге елу ат, жорға бәйгіге жиырма ат, тай жарысына отыз тай, ошақ бәйгіге жиырма шақты ат қосылды. Аламан бәйгіде бірінші келгенге – қырық түйе, екінші келгенге жиырма түйге, үшінші келгенге он түйе, төртінші келгенге алты түйе, бесінші орынға үш түйе бәйгісі белгіленді. Бірінші орынды Ақпанның құласы, екіншісі Бақайдың көгі, үшіншісін Арғынның Орынбасарының сұр аты, төртіншіні Қыпшақтың Мырзабайының аты, бесіншіні Қырғыз Андақұл иеленді. Бұдан басқа да күрес, Қыз қуу, Алтын қабақ, аударыспақ, көкбар тарту т.б. ойындар жүріп жатты. Қосайдың тойы да төрт күнге созылды. Төртінші күні тойға келген қонақтар ауылдарына тарап жатты.Бұл кезде немесе XVI ғасырдың басында атағы төрткүл дүниеге жайылған Алтын-Орданың толық ыдырағанына жүз жылдан астам уақыт болған. 1520 жылдары Көк Орданы түгелдей иеленген Қазақ Ордасы күшейсе, Батыс аймақтағы Ұлұғ-ұлыс шегінде құрылған Қырым хандығы да бойын түзеген, күш қуатын жинаған мемлекеттің бірі болды. Осы мезгілге дейін әу-бастағы бірліктің ұраны да ұмытылмаған. Қасым Ноғай ұлысының, маңғыттардың бірлігінен айырыла бастаған дербес билердің қарауына көшкен көптеген бөліктерін Қазақ Ордасының құрамына қосып алып, Жайықтың арғы беті, Қырым хандығы Еділдің бойындағы туыстас жұртын қайта біріктіруге бар күшін салады және түрік дүниесіндегі ұлы мемлекет Осман империясына арқа сүйейді. Солай болғанмен ауыз бірлігінен айырылған, берекесі кеткен түрік қауымы өз іргесін өзі қазып құлатумен болды. Құлату емей немене – 1523 жылы Ноғай ұлысының басшылары Жаңбыршыұлы Ағыс батыр мен Мұсаұлы Мамай би Алтын Орданың батыс бөлігін біртұтас ұлысқа айналдырамыз деп Махмет-Герей хан мен келісімге келіп, бас біріктіріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарамыз деп ант етісіп келісімге келіп алып, аз уақыт өтпей-ақ, Хажы-Тархан түбінде Махмет-Герейді отыз мың әскерімен қапыда, түн ұйқысында жатқанда опасыздықпен түгел қырып тастаған. Мінекей ежелгі Алтын Орданың батыс бөлігін қайтадан көтеру сәті енді келгенде алауыздықтың уымен мықтап уланған қандастар бірін-бірі қырып, жана бастаған үміт отын өз қолдарымен қайта сөндірді. 1523 жылғы Мамайдың опасыздықпен жасаған – қанды қырғыны және осыдан кейінгі қатты күшейген жаппай алауыздық Орыс мемлекетінің бүкіл Еуразияны еркін жаулауына жол ашты. Өздеріне өздері жасаған түрік-қыпшақ қауымы арада отыз жыл өтер-отпесте орыстың аяғы жетер жердегі халықтары бірі ертелеу, бірі кештеу барлығының да тоз-тозы шығып жойылса, кейбіреулері ғасырлар бойына отарлықтың қамытын мойындарына киді. Еділ дариялмыз «Орыс өзені - Волга» - деп аталды.Қазақтар отарлық кепке, ол кезде түскен жоқ. Солай бола тұрғанымен Еділ бойындағы ойран-топырдың салқыны Дешті-Қыпшаққа жетпей қалған жоқ. Осындай аралық кезеңде Қасым хан қаза болды. Қасымның дүние салуымен байланысты Қазақ Ордасының да шаңырағы шайқала бастады. Қазаққа кірген ноғай ұлыстары да Ноғай Ордасын қайта құру жолында жұмыстанып жүрген Мамай жағына шыға бастады. Соңынан Қазақ Ордасымен түпкілікті шығысты. Осындай бөлінушіліктің нәтижесінде Қазақ Ордасы Қасымның ақылдылығының арқасында біртұтас ел болып тұрған Батыс Қазақстаннан айырылып қалды.Осы кезде Қазақ Ордасынан оның күшеюінен сескенген Моголстан мен Өзбек хандығы әскери одақ құрып алған болатын. Оның үстіне солтүстік-шығыстағы қалмақтардың тиіп-қашты шабуылы да біліне бастағанды.Мұхаммед Хайдардың жазбасын басшылыққа алсақ Қасым ханның орнына оның ұлы Момыш таққа отырады. Момыш хан болып ұзақ отырған жоқ. Соғыс кезінде кеңірдегіне қадалған садақ оғынан тұншығып өлген. Бұл оқиға Хайдар Разидың мәліметі бойынша 1522 жылы болған. Момыш өлгеннен кейін Қасым ханның ағасы Әдіктің ұлы Тайыр сұлтан хан болды. Тайырдың қазақ халықын Қасымның салған қасқа жолымен алып кетуге қабілеті жетпеді. Хан болып халықты бастап алып кететін ақылы тайыз, йо-өрісі тар, ашуланшақ, бір беткей, алған бетінен қайтпайтын ерегеспе адам болып шықты. Осындай ақылсыздығынан сыртқы жауығып отырған қарсыластарымен тіл табысып ішке тартудың орнына олардың бетін қорқытып қайтармақ болып әлденеше рет соғыс ашып, ірі жеңілістерге ұшырады. Соғыс болған жерде өлім болады. Орынсыз қырғынға ұшыраған халық хан ордасынан шеттей бастады. Сөйтіп, Тайыр ханның қасында ақыр түбінде азғантай нөкерімен және өзінің отбасы ғана қалады. Қарауындағы халқын тұтастай бездіріп алған хан Қасымның кезінде қазақтармен бірігіп ұлыс құрған қырғыз арасына кетеді. Ортағасырдың белгілі тарихшысы Қадырғали Жалайырдың жазбасында Тайыр осы қырғыз арасында 1532 жылдың шамасында мүгедек күйге түсіп барып дүние салған.Тайыр өлгеннен соң Қазақ Ордасының ханы болып Әдік сұлтанның ұлы Тоғым хан сайланады. Тоғым аз уақыттың ішінде бытырауға айналған қазақтардың және қырғыз жұртының басын қосып ұйымдастырады. Соғыста болып тәжірибе жинақтаған қырғыз-қазақтардан әскер ұйымдастырып, оларды үш топқа бөліп – біреуін қайта-қайта қағысып тұрған қалмақ жаққа, біреуін аталар антын бұзып жауласуға шыққан моголдар жаққа, үшініші топты Әбілқайырдың тұқымдары кейіннен Шайбанилар болып аталған қазірде толықтай өзбектер деген атаққа ие болған ежелгі жау жаққа бөліп үздік-үздік қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елдің бірлігін қалпына келтірумен бірге оның әскери қуатын да күшейту жолында қызметтене бастайды. Тоғым хан өз елін нығайту жолында бар күш-жігерін салып тырысып жатқан кезінде қазақ ордасын жойып жіберуді армандап жүрген өзбек ханы Ұбайдолла могол ханы Әбдрашидпен ауыз жаласып бірігіп, бірі Мауренахрдан, екіншісі Шығыс Түркістаннан қазақ ордасына аттанады. Бұл хабар Қазақ Ордасына да жетті. Қазақ пен қырғыз қолы да өздерінше тас түйін болып даярланады. Бірақ қазақ қолы келе жатқан жау қолынан үш еседей кем болатын. Өзбек пен Моголдың қалың әскері Ыстық-көлдің шығыс жағындағы Сан-Таш деген жерде бас түйістіреді. Қазақ қолы терең сайды жағалап артын тік жартасқа тіреп орналасады. Өзбек пен Моголдың қырық мыңға жуық әскері он үш мыңдай қазақ қолын таң сәріден қоршап алып садақ оғын қарша бората отырып шатқал бойымен де, тік жардың жоғарғы бастарына шығып шеңбер жасап қысып қыймылдатпай тастайды.Ғалым және ғұлама жазушы Мұхтар Мағауин бұл оқиғаны «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде былайша суреттейді. - «Тарихтың 944 жылы 18 сафар, қазіргі есеп бойынша 1537 жылы 27 шілде жұма күні, төрт халықтың таң азаннан түн қараңғылығына дейін созылған табандасқан, қиян-кескі соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырғынға ұшырайды. Қанды ұрыста қазақ халықының Керей хан мен Әз-Жәнібек хан әулетінен тараған барлық жауынгер басшылары Тоғым хан бастаған отыз жеті сұлтан қаза табады. Бұлардың ішінде Тоғым ханның Тоғыз сары деген атқа жеткен ержүрек тоғыз ұлы түгелімен кетіпті. Ал, шейт болған әскер саны белгісіз, ондаған мың болса керек. Сан-Таштағы ұрыс Қазақ Ордасының әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі, бірақ ерлік пен елдік сынға түскен, ата-жұрт мерейі, ордалы ұлыс мұраты жолындағы күрес құрбандарының рухы бүгінгі ұрпағын желеп-жебейтін, аруақты, таңбалы күн. Ал, ұлт бостандығы жолында бүкіл уәлетімен қазаға ұшыраған Тоғым хан мың жарым жылдық қазақ тарихындағы ең айтулы ерлердің бірі, ең ұлы шәйттердің қатарындағы қасиетті бабмыз.Біз кеңес кезеңінде ғана ұмытып, естен шығардық, өткен замандарда Тоғым ханның елдің тұлғасы елдің көкейінде тұрған жұртын ұлы істерге бастаған. Осы Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның ұлы Еңсегей бойлы Ер Есім хан алаштың қаншама мың арысы қазаға ұшыраған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгезеді» - деп көрсетеді.Сан-Таштағы соғыста қазақтың басқа да хандары (сол кезде қазақтар бірнеше хандыққа бөлінген болатын). Хақназар, Наурыз Ахмет, Бүйдаш, батырлардан Құдайке, оның баласы Қосайдың да болғанын кейбір авторлары белгісіз ескі жазбалардан кездестіреміз. Сан-Таштағы соғыста жоғарыдағы көрсетілген хандар мен батырлардың болғандығын Әль Ибн Бахуридың еңбегінен де кездестірдік.Сан-Таштағы соғыста қазақ қолы түн ортасына дейін жан-кештілікпен қарсыласады. Түн ортасы жақындаған кезде қазақ қолынан тірі қалған батыр Құдайке бастаған ішінде Бұйдаш, Наурыз Ахмет, Қосай, Хақназарлар бар жүз қаралды адам шатқал бойындағы қоршауды бұзып шығып түн қараңғылығында қолға түспей құтылып кетеді. Осы соғыста қатты жараланған Құдайке батыр екі айдай жатып жетпіс жеті жасында дүние салады. Құдайке өлгенде Адай 102 жаста екен. Байқожаның және Қыдырқожаның ұрпақтарының жерленген жері Ташкент қаласының оңтүстік батысында 45-50 шақырым жердегі зиратқа Адай өзінің ұлы Құдайкені өз қолымен арулап жерлейді. Сан-Таштағы соғыс арты бейбіт елді қырып-жойған, сол заман тарихшыларының тілімен айтқанда «қазақтардың түгелдей қырылғаны, тірі қалғанының тұтқынға алынып құлдыққа сатылғаны, мал-мүлкі тұтастай талауға түсіп олжаланғаны кейбір жерлерде қазақтан тірі қазақ қалған жоқ деген мәліметтердің тарағаны белгілі. Шындығында бұл мәлімет Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Бұдан кейін жер бетінде Қазақ хандығынан ізде қалмады» - деген жазбасы басшылыққа алынғандықтан болатын. Қазақтар «мүлдем құрып кетті» деген әңгімені Мұхаммед Хайдар Тахир мен Бұйдаш бастаған қазақ тайпаларының соғыста түгелдей қырылғанын айтса керек. Қадырғалидың «Жами ат-таварих» атты (шежірелер жинағында) – ол елде Бұйдаштан басқа ұсақ хандар болған, олардың есімдері дәл мәлім емес, деп көрсетіледі. Шындығында Тоғымнан кейін билік құрған Наурыз-Ахмет, Бұйдаш, Хақ-Назарлар қатар хандық құрады. Осылардың ішіндегі жалының биігі Хақ-Назар болды. Хақ-Назар сол кездегі қазақ хандарына түгелдей ықпалын жүргізе бастаған еді. Төрт жақты жүргізілген күрес қазақ деген халықты қатты қиын жағдайға түсірді. Қазақ Ордасының қайтадан нығаюы Қасым хан деңгейін тауып, іргелі, қуатты, ұлысқа аайналуы Хақ-Назар ханның есімімен байланысты.Хақназар Қаныкей-сұлтан ханымнан туған қасқа жолды Қасым ханның ұлы. Хақназар жобамен 1509 жылы туған. 1520-1530 жылдардағы бұлғақ пен ауыр соғыстар кезіндегі әлі қатарға кірмеген Хақ-Назар Тоғым хан өлгеннен соңғы кезеңде, Бұйдаш хан тұсында-ақ үлкен беделге жеткені байқалады. Аумалы-төкпелі заманда ақылгөй көсем, айбарлы әскер басы ретінде танылғанын көреміз. Өз қолына тізгінді толық алған Хақ-Назар хан осының алдындағы қилы оқиғалардан соң қайта көтеріліп келе жатқан Қазақ Ордасын біржола ұйыстырады. Еділ бойындағы орыс басқыншылығы нәтижесінде Қазан құлаған, Хажы-Тархан қираған, Ноғай Ордасы ыдырап бытыраған ауыр кезеңде елінің басын біріктіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығартып Қазақ Ордасының айбынын көтеріп қалпына келтіре бастайды.1550 жылдың көктемінің кезінде Ташкент пен Сайрамның арасында ел жайлауға шыққан мезгілде елге атағы жайылған Адай батыр 115 жасында немересі Мұңалдың шаңырағының астында бір-екі күн ғана сұрқостанып барып қайтыс болады. Адайдың жерлену рәсіміне Орта Азиядағы халықтардың өкілдері түгелдей қатынасты. Ноғайлардан, Қырғыздардан, Қарақалпақтардан, Башқұрттардан, тіпті жауласып жүрген Шайбанилықтар мен моголдардан білгілі-белгілі ұлыс басшылары, сұлтандар мен батырлары бастаған жұртшылық өкілдері азада бірге болып қолдарымен топырақ салысады. Жүрмелі арбаға орнатылған сегіз жүздей алты қанат киіз үйлер тігілген. Қазақ халықы Адайды жер қойынына бермей бес күндей сақтап азалаған.Адайды ақ жуып адалдап шығарған шаңырағы, немересінің кенжесі Мұңалдікі болатын. Адайды ақырғы сапарға шығарып салуда Қосай, Тәзіке, Құнанорыс, Ақпан, Шыбынтай, Әлнияз, Тобыш, Мұңалдармен бірге қазақ ханы Хақназардың өзі басы-қасында жүріп басқарысады. Адайдың көзінің тірісінде уақыт болған кезде баласы Құдайкенің қасына қоюды тапсырғандықтан «Қазақ-мола» деп аталатын Ташкенттің оңтүстігінде 45-50 шақырым жердің шамасындағы биік төбенің үстіндегі баласы Құдайкемен өзінен бір жыл бұрын өлген кіші баласы Келімбердінің зиратының қасына әкелініп жерленілді. (Бұл дерек Әкрам Мұхитбердінің «Қазақ Ордасы» еңбегінен алынды. 98-99 беттер).Адай туралы көптеген ақындар талай-талай өлең жырларын арнап жазған. Соның ішінде белгілі суырып салма ақын Қалнияз Шопықұлының «Көңілге қиял ой салсақ» атты шығармасының мына бір жолдарының өткен тарихқа айғақ болып тұрғандығын көреміз: Көңілге қиял ой салсақ,Сонау бір өткен заманнан.Қазақ, Ноғай аралас,Ел екен дұрыс азалдан.Еділ, Жайық екі су,Жағасын жайлап ұзыннан.Жәнібек сұлтан хан болып,Халқына қадыр танылған.Әз Жәнібек атанып,Көрмесе жұрты сағынған.Хан Ордасы Сарайшық,Қамалы берік салынған.Әскер басы Ер Адай,Жеңіліп дұшпан жалынған.Тітіреніпті жаулары,Адай деген дабылдан.Құланға түсіп қаршыға,Құландыны қу алған,Ұзын аққан екі су,Жағасы жеміс малынған.Мал көбейіп бас өсіп,Мақсаты көптің болынған.Жаулары үркіп көз салмай,Ар жағы Қазан, ҚырымнанСарытау, Сақар жайлатып.Бер жағы Жайық, НарыннанАлты Алаштың мекеніАта қоныс бұрыннан...Қалнияз ақынның жырын 1954 жылы Маңғыстаулық жыршы Айтқұл Шыманұлынан жазып алғанмын. Ол кісі Қалекеңнің жырларын өз аузынан есітіп жаттап алған адам. Енді Қалекеңнің осы жырлары кейіннен жинаққа еніп жарық көргенде ішінен Адай батырдың атағын таба алмай қалдық. Бұл заманның талабынан болдыма немесе ауыздан ауызға көшіп жүргенде қалып қойдыма ол жағы бізге белгісіз. Хақназар ханның XVI ғасырдың елуінші жылдарының шіндегі қарсыластарына қарсы жүргізген күрестерінің бәрінде де Қосай болды. Әсіресе 1555 жылғы моголдармен болған соғыста Абд ар-Рашидтің ұлы Абд ал-Латиф ханның соғыс кезінде Қосайдың қолынан өлуі немесе 1555-1558 жылдары Ташкент билеушісі Шабани тұқымы Барақ ханды Шабуыл жасап қорқытып, үш жыл бойы бойын жаздырмағаны, батыста ноғайлардың орысқа қосылам дегендеріне соққы бергендігінен Хақназар ханның әскер басы болған Қосайдың аты шығып ел сыйлайтын тұлға екендігі қазақ могол, ноғай, қырғыз жұрттарына мәлім болды. Қырғыздардың бұрыннан қазақтарға қосылып жауларына қарсы бірігіп, қимыл жасап келе жатқанын Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінен» белгілі. Хақ-Назар ханның Абд ар-Рашидінің баласы Абд ал-Латифтің өлетін соғысында да қазақ әскерінің ішінде көптеген қырғыз жауынгерлерінің болғанын Шах Махмұд бен Мырза Фазыл Шорастың «Тарих» атты еңбегінен де көруге болады. Немесе Хайдар-Рази 1611 жылы жазған «Тарих-и Хайдари» атты еңбегіненде Хақ-Назарды «Қазақ пен қырғыздың билеушісі» деп көрсетеді. Бұл жайдан біздер қырғыздардың түгелдей болмасада көптеген бөліктерінің қазақтардың қарауында болғанын көреміз.П.И. Рычковтың «Орынбор тарихында» (1806 ж.), Әль ибн-Бахуридың «Алғашқы қазақтардың бірігуі» (1814 ж.), В.В. Вельяминов – Зерновтың «Хасым хандығының хандары мен ханзадалары туралы зерттеулерінде» (1864 ж.), А.П. Чулошниковтың «Қазақ халықының тарихы жөніндегі» очерктерінде (1924 ж.), және осыған қоса 1539 жылғы 22 тамыздағы Данила Губиннің өз патшасына жолдаған хатының бірінде «Қазақтар Қалмақтардың көп жерін басып алып, мыңдаған адамдарын тұтқындаптыі» - деп хабарлапты. (Бұл жазба Москвадағы сыртқы істер министрінің мұрағатында №197 папкада сақталған). Шындығында бұл оқиға мынандай жағдайдан басталғаны Әкрам Мүхитбердінің жазбасынан анықталды.1539 жылы тамыз айында қалмақтың бір топ жасағы Ала-көл маңында отырған қазақ ауылдарын шауып, қырық-отыздай қыз-келіншектерін, жүз қаралды жігіттерін қолға түсіріп, көптеген айғыр, үйір жылқыны, төрт-бес мыңдай уақ малын айдап алып кеткен. Сол кезде қасында бес жүздей жасағы бар Хақ-Назар ханның жұмсауымен елдің жай-жапсарын біліп, қазақ қолын толықтыру үшін әскер жинақтау мақсатында елге шыққан Қосайға осы хабар естіледі. Хабар естілген бойда Қосай бастаған қазақ қолы атқа қонады. Суыт жүріспен отырып үшінші күні Зайсанға бағыттап бара жатқан қалмақ қолына таяп қалғанын жіберген шолғыншылары көріп хабарын айтады. Қалмақ қолына жақындап қалғанын естігенсін және демалуға жайлы бұлақты сайға кез болғансын Қосай өз жасағын кідіртіп, түн ортасына дейін демалыс жариялайды. Үш күн суыт жүріске түскен ат-көліктердің белін босатып, су ішкізіп, жайылысқа жіберіп, өздері дұрыстап ауқаттанып алады. Қосай сарбаздарына түн ортасына дейін көз шырымын алып дем алуға тапсырма береді. Күн кешкіре бір топ шолушыларды қайтадан жіберіп, қалмақтардың қай жерге ерулегенін, тұтқындардың жағдайларын анықтауды, мүмкіндік болса тұтқындармен тілдесуді тапсырып қалмақ ішінде көп болған қалмақ тілін жақсы білетін екі-үш адамды қосып аттандырады. Түн ортасы ауа шолғыншылар қайтып оралады. Қалмақ қолы осы жерден он шақырымдай жерде ортасына тұтқындарды алып қоршай орналасыпты. Шамасы жеті жүздей әскер санының бар екендігін анықтаған. Шолғыншының ішіндегі қалмақ тілін жақсы білетінін Самарқан деген адамның әуелі аттарды күзеткен адам болып тұрып, бойын үйреткенсін тұтқындардың шет жағындағы жігітпен тілдесіп таң алдында қазақ қолының қалмақтарға шабуыл жасайтынын хабарлап, кездігімен қолының байлауын кесіп, қолына сол кездік пышақты ұстатып, қалмақ түгел ұйқыға кеткенсін білдірмей бірінің қолын бірі босатып даяр отыруды тапсырған. Таң алдында қазақтар екі қапатлдан шабуыл жасайтынын, сол кезде өре тұра келіп құлаған қалмақтың қаруын алып, атқа мінудің шарасын алуды тапсырды. Қолға түскен малды айдаған қалмақ қосы әскерге бір шақырымдай жетпейтін қашықтықта бергі жағында жатқандығын хабарлайды.Қосай таң алдында әсерді сапқа тұрғызып тапсырмасын берді. Қолды өзі бастап кеңнен оралып қалмақтардың сырт жағына, ойрат жағына шығады да, жай жүріспен келіп таң қараңғысы сейіліп енді елең-алаң бола бергенде, қоршау болып жатқан қалмақты екі жағынан қапталдай келіп лап қояды. Әлі ұйқыдан ояна қоймаған ойраттарға қырғындай тиеді. Ортада қолдарын босатып күтіп отырған тұтқындағы жүз қаралды қазақ жігіттері де аласұрып жүрген қалмақтардың қаруларының қолдарына тигендерін ала салып айқастырулы тұрған аттарға мініп қалмақтың ішкі жағының да ала-топалаңын шығарды. «Қазақтардың тосынан жасаған шабуылы қалмақтарды үлкен шығынға ұшыратты. Аттарына міне алмай жартысы жаяу қалды. Аттарына мініп үлгергенін, қазақтардың қайқы қылышы бастарын допша қағып жатты» - дейді Әл ибн-Бахури жазбасында. Күн сәске болмай-ақ қалмақтардың тірі қалғандары қарсыласуын тоқтатып, бір тізерлеп қодарын көтерді. Қалмақтардың қақ жарпысы өлген болып шықты. Үш жүздің үстіндегі қалмақ жауынгерлері тірілей тұтқынға түсті. Қосай қолы шабылған қазақ ауылдарының адамдары мен малдарын қайтарып, қалмақтардың қару-жарақтары мен ат-көліктерін олжалап, өздерін тұтқындап айдап жүреді. Жол-жөнекей қазақ ауылдарынан қол жинап, қазақ жаынгерлерінің ішіндегі аттары жоқтарына қалмақтың аттарын, қару-жарағы жоқтарына қалмақтың қару-жарақтарын үлестіріп береді. Тұтқындарды айдап Қазақ Ордасына жеткізуді қасына жүз қаралды қарулы топ қосып Бегіс батырға тапсырып, Қосай мен Бақай қазақ ауылдарынан жасақ құру жұмысы мен айналысады. Қосай бір жетінің ішінде қазақтардың және қарақалпақ ауылдынан да жас жігіттерден екі мыңдай адамнан тұратын қол жинақтап сол кездегі Қазақ Ордасы Сайрамға келеді. Мінекей, Данила Губиннің 1535 жылғы 2 мамырдағы Россия патшасына «Қазақтар күшейіп кетіпті. Оларға қлмақтар бағынған көрінеді» деген хабарының шығу сыры осыдан болған.Хақназар хан бойын жинап, күш-қуатын нығайта отырып, өзінің ұзында кегі, қысқада өші бар Әбдрашид ханның қолымен кездесіп әлденеше рет тойтарыс береді. Тек тойтарыс берумен қоймайды, оны бір-жолата талқандауға дайындалады. Оның себебі тарихтан белгілі қазақ пен қырғыз жері мен еліне ойран салған, қанды қырғынға ұшыратқан Әдбрашидтың тұқымын құртуға бел шеше кіріседі.Хақназар ханның тапсыруымен Қосай бастаған қазақ батырлары әскер жинау жұмыстарына шығады. Қосай Сарысудан бастап Нұра, Есіл, Ырғыз, Торғай жақтарына, Бақай батыр Қаратал, Ақсу, Лепсі, Іле бойларына, Ақпан батыр Талас бойларындағы елдерді және Аспараға, Есенқұл батыр Отырар, Сайрам бағыттарына жіберіледі. Әскер жасақтау кезінде тәжірибесіз жастар алынбай, бұрын жорықта болған тіс қаққан сарбаздардан жасақталды. Сонымен 1555 жылы жазғытұрым кезінде отыз мыңдай әскер жиналды. Сол кезде іздегенге сұраған Моголстаннан да хабар келеді.Әбдрашид ханның өзі бастаған жиырма мыңдай әскермен қырғыздарды шабуға аттанғаны, жиырма мыңдай қолмен Әбдрашидтың баласы Абд ал-Латиф Қазақ Ордасына Жетісуды нысанаға алып шыққаны хабарланды. Хабар естілісімен Хақ-Назар хан жиналған әскерді екіге бөлді. Біріншісін өзі бастап суыт жүріспен Ыстық көлге аттанады. Екінші қолды Қосай бастап Ақсу бағытына Абд ал-Латифтің қарсы алдынан шығатын бағытқа қозғалады.Қосай бастаған жұдырықтай жұмылған қазақ қолы, Ақсудан шығып, кеше ғана қырылған қазақтан қарсыласатын кім қалды дейсің деген асқақ оймен еңкілдеп келе жатқан могол қолының жақындап қалған хабары келді. Қосай қолды үшке бөлді. Есенқұл бастаған бес мың сарбазды оң қолға, Бақай бастаған бес мыңды сол қолға жіберді де, өзі бес мың қолмен қарсы жүретін болды. Сойтіп, Қосай өзі бес мыңдығымен жауынгерлердің араларын алшақтатып жүріп отырды да, жау жақындап бұлардың қарасын анық көріп кідіріп, кернейлерін тарта бастағанда, Қосай астындағы қаражал құламен Адайлаған ұранмен жауға қарай салып қоя берді. Дайындық жоқ, кідіріс жоқ, ұрандап салып қоя берген қазақ қолының мынадай тосын қимылынан моголдықтар абыржып қалды. Сол кезде алдағы жеке келе жатқан қаражал құла аттың үстіндегі Қосайды көздеп атуға Адб ал-Латиф садақшыларына бұйрық беріп жатты. Қосайды көздеген садақтан шыққан жебелердің суылының өзі құлақ тұндырды. Солай болғанмен Қосайға бірде-бір жебе дарымады. Сол шабуылымен Қосай жау ортасына еніп кетті. Қосаймен іздес Жайық бастаған қазақ сарбаздары да ортаны жарып жүре берді. Ықты-жарға қарамай ортаны жарып бара жатқан қазақ қолы мен могол жауынгерлері сатыр-сұтыр шайқасумен болды. Күні кеше ғана құлазып тұрған елсіз алқапта әр бұтаның түбінде бір-бір моголдың басы қалды. Енді бұл арадан өткен адамды дәрет қысар болса, амалсыздан қырылған моголдардың басына сарыйтын болды. Еңселерін енді жинап қалған қазақтарды мына жеңіс таңыда төбелерін көкке жеткізіп, қуанышқа бөлеп тастады. Абл ал-Латиф бастаған он мың жасақтан ешкім тірі қалған жоқ. Қосай бастаған топ ала-шаң қылып қарсы алдынан күтпеген шабуылды бастағанда, моголдар екі қапталдан қоршап алған қазақ қолын, оратсы ойрандалып жатқанда байқамай қалды. Қоршауда қалған қолдан бір-бір адам қашып шыға алмады. Абд ал-Латифтің өзі Қосайдың ұрған найзасынан өлім құшты. Қосай өз қолынан шығын болған адамдардың жерлеу рәсімін жасатып, соғыс болған жерден аулағырақ кетіп жауынгерлерін тамақтандырып алды да, бір жүз қаралды жауынгерді бөліп, жаудан түскен он мыңдай аттарды ертұрманымен үстіне қару-жарақтарын таңып Қазақ Ордасына жүргізді. Өзі Хақ-Назар ханның жағдайын білу үшін атбастарын Ыстық көлге бұрды.Ол кезде Хақназар бастаған қазақ қолыда Әбдірашид бастаған могол қолына жақындап қалған болатын. Екі қол Үдірдің аңғарында кездесті. Әбдірашидтың жеткен жері садақ оғынан тасалануға ыңғайлы, бөлек-бөлек адырлары бар, ағып жатқан бұлақ сулары бар жер болды. Үдірдің аңғары ұзындығы жиырма шақырым, ені он шақырымдай алқап болатын. Екі қапталы түйе-тайлы атты адам зорға шығатындай жалпақ ор еді. Қолайлы жерге бұрын жетіп орналасып алған Әбдірашидтың қолы қазақ қолын садақ оғы жететін жерден әрі қарай аттатпады. Көз жұмбайлыққа салынып тіке шабуылға шыққан жағдайда адам шығынының көбейіп кететінін сезген Хақназар аңысын аңдағанды жөн көрді. Сол күні екі жақтың қолы да бірін-бірі аңдумен бір күнді өткізді. Келесі күні бірнешелеген арбаға тиелген местегі сулардың да таусыла бастағаны байқалды. Себебі аттарға да күніге бір шелектен су беріп тұруға тура келді. Сол күні төрт-бес адамды Хақ-Назар хан Қосай бастаған қолға тез хабар жетістіруге жұмсады. Егер де Қосай қолы аман болса, шұғыл жетісіп жаудың сыртынан келіп тиісуге тапсырма берді.Хақназар әскер басшыларын жинап кеңес өткізді. Егер де Қосай қолы ертең кешке дейін бізге келіп көмек бере алмайтын болса, онда қазақ қолы келген ізімен келесі түнде шатқалдан шығып, қамысты сайға жетіп Әбдірашидтың қолын тосып алмақ болып келісті. Бірақ жағдай аяқ астынан өзгерді. Таң жаңа ала-көбең бола берген мезгілде Абд ар-Рашид қолының ту сыртынан тосыннан керней тартылды. Сол-ақ екен, моголдықтар түгелдей атқа қонып кері бұрылам дегенше Адайлаған ұран шатқалды жаңғырықтырды. Әуелі айқай сүрен могол қолының артқы жағында болып, енді алдыңғы жақтан да қазақ қолының ұрандатқан дыбысы үдеп кетті. Шамасы екі жақта да айқас қыза түскен сияқты. Не болып, не қойып жатқаны білінетін жағдайдан кетіп қалып еді. Әйтеуір, аттан өлісі өлілей, тірісі тірілей түсіп жатқан екі аяқтыларды көресің. Иесі құлаған жануарлар қос қапталдағы жайылма бетке тырмысып шығып бара жатты. Кейбіреулер алға қарай көтеріле алмай шатқаяқтап тұрып қалып жатты. Кісінеп, шыңғырған, оқыранған, бажылдаған, ойбайлаған, ақырып боқтасқан адамдар мен хайуандардың дауысы, сарт-сұрт, шақұр-шұқыр, сатыр-сұтыр, шақ-шақ, тақ-тақ, сықыр-сықыр, тарыс-тарыс еткен қарулардың дыбысы мидай араласып құлағыңды бітеп, есіңнен тандыра жаздайды. Кеше ғана тым-тырыс сүлесоқ жатқан алқапқа аяқ астынан жан бітіп, өкіріп тулап, қырғынды салып жатқандай. Аспан мен жерде алыспай, жұлыспай жатқан ештеңе жоқ сияқты болып кетті. Қара жердің бетінде не жағдай болып жатса да, жасқанбай қарайтын күннің көзі де мына қырғынның егжей-тегжейін көріп ыңғайсызданғандай сарт-сұрт қылыштасып жүргендердің біресе ол жағынан, біресе бұл жағынан жарқ етіп сығалайды да қайта бұрылып кетеді. Алқаптың өздері келген босағасындағы биіктің басында қырық-елудей нөкерімен тұрған Хақ-Назар өз әскербасыларының айлакерлігі мен әккілігіне, ұрыс кезінде қолма-қол шешім қабылдайтындығына, мұншалықты ержүректілікке таңғалып тұрды. Қазақ жағынан шашау шыққан, қате болған бірде-бір қимыл, бірде-бір әрекет көзіне түспеді. Алқаптың басы аяғы дер кезінде қоршауға алынды. Әбдірашид ханның жиырма мыңдай қолы мінекей, қазақ жауынгерлерінің қыспағында жан алып, жан берісіп қырылғанына қарамай соғысып жатыр. Хақ-назар алқаптың оң жақ бауырындағы бөлек-бөлек болып шайқасып жатқандарға көзі түсті. Жаудың оң қапталын қапталдай сөгіп жүрген Қосайды көрді. Қайдағы бір берілмей тұрған қалың қолдың арасына кіріп кетіп ұйқы-тұйқысын шығарып жарып шығады да, жан-жағына қарап жіберіп, тағы да бір жан жолатпай тұрған шоғырды көрген бойда солай қарай жұлдызша ағып барып дүрсе бас салады. Жаудың ту сыртынан жапыра тиіп жүрген Бақай батырдың ақырған дауысы алыста тұрған ханның құлағына анда-сонда анық естіліп кетеді. Бір кезде айқасып жатқан могол әскері сол жаққа қарай лоқып ойыса берді. Сол, сол-ақ екен астында қан жирен айғырмен Әбдірашид хан бастаған бір топ іріктелген могол жасағы қоршауды бұзып шығып, сол қапталдағы аласалау бауырға салып қоя берді. Соңынан могол қолы түгелдей қозғалды. Қазақ қолы да жағдайды шұғыл байқап қоршауды бұзған әскердің көп бөлігін өткізбей орта жолдан кесіп тоқтаты. Соның өзінде де бес жүздей жасағын ерітіп Әбдірашид аласалау бауырдан асып қашып құтылды.1537 жылғы 27 шілде де жұма күні таң азаннан түн ортасына дейін созылған табандасқан қиян кескі соғысында Абд ар-Рашидтың қазақ-қырғыз әскерін түгелдей қырғынға ұшыратқанын өзінің де сол соғыстан ажал жоқтықтан әзер құтылғаны ойына түскен Хақ-Назар, могол қолын түгелдей қыруға тапсырма берді. Абд ар-Рашид хан қашып кетісімен алқаптағы могол қолының да берекеті кете бастады. Басшысы кетіп отырған әскерді қазақ қолы күн батуға жақындаған шамада Хақ-Назар ханның тапсырмасын орындап түгелдей көздерін жойды. Бұл оқиға бүкіл Орта Азияға ғана тарап қойған жоқ, Россия мен Қытайға да белгілі болды. Осылайша Қазақ Ордасының күшеюі шартарапқа әсерін тигізе бастады.Тарихшы ғалым Қойшығара Салғаринның еңбегінде, П.И. Рычковтың «Орынбор тарихы» атты еңбегінде берілген башқұрт биі Қадыряс (Қыдырілияс) Мұлакаевтың әңгімесіндегі мына бір деректі келтіре кеткеннің артықтығы жоқ сияқты. Ол кісі бұл деректі кезінде башқұрт көтерілісі тұсындағы аласапыранда жоғалтып алған бір татар кітабынан оқыған көрінеді. Онда, «Ақназар (Хақ-Назар) хан болғаннан кейін, хандық айтарлықтай нығайды. Ол, тек ноғайлар мен башқұрттарды ғана құрамына енгізіп қойған жоқ, оның сыртында Қазан, Сібір, Астрахан хандықтарын, Бұхара, Хиуа, Ташкент және басқа көптеген қалаларды өзіне бағындырып, олардан салық алып тұрды» дегенді айтады. Алайда, көптеген зерттеушілер бұл деректің дұрыстығына күдік келтіреді, дәлелдейтін айғақ жоқ дегенді уәж етіп алға тартады. Ал, шындығында солай ма? Сол кезең оқиғаларына үңіліп, зерделей қараған адам, алдымен, қазақтар тағдырының Қазан, Астрахан хандықтарымен және Ноғай ордасының тағдырымен байланыста болғанын көрер еді. Билік таласынан туған өзара жанжал, ішкі қырқыс, тынымсыз қан төгіс айтылған хандықтардың да, орданың да халқын әбден титықтатып, берекесін кетіргені аян. Бұған осындай есеңгіреп есі кеткендерді еншісіне айналдырудың оңай болатынын ескерген сырт көршілердің сұрқия саясаты да себепкер болғаны да түсінікті. Айталық, бұл арада бір хандықтың ішінде, бір орданың ортасында екіге бөлініп алып, өзара соғысқан ағайындылардың бірін Қырым ханы, екіншісін орыс патшасы қолдап «түрт шайтаным, түртке» басып, қолтықтарына дым бүркіп, шайнастырып баққанын тарихи деректер толық куәландырады. Осылардың салдарынан ақырында айқасушы екі жақ та титықтап, хандықты әлсіретіп біткен кезде, өзара тартыс тұсында дем беріп, көмектесуші ретінде әскерін әкеп, пәлендей тер төгіп, қиналмай-ақ, әлгі хандықты өз құрамына қосып, басыбайлы боданына айналдырып ала қоятыны тағы белгілі. Бұл отырықшы елдердің көшпелілерге ертеден қоданып келе жатқан талай сыннан өткен көне тәсілі. Уақыт озған сайын олардың бұл тәсілді жетілдіре түскені де хақ. Бұл орайда аталған хандықтар мен Ноғай Ордасы жөнінде орыс патшасы да осы екі тәсілді қоданғанын атап өткен жөн. Соның нәтижесінде елеулі шығын шығармай-ақ, орыстар Қазан хандығында, Астрахан хандығын да, Ноғай ордасын да өз құрамына қосып алып, боданына айналдырды. Билік басына осы билікке ие болғаны үшін өздерін орыс патшасына борыштымын деп түсінетін, соған орай оның айтқанынан шықпай ашса алақанынан, жұмса жұдырығынан табылуға ұмтылатын қуыршақ хандар мен билеушілер қойылды. Ал, кезінде оларға қарсы тұрып, елінің тәуелсіздігі үшін күрескендер қуғынға ұшырады. Олардың біразы қырым хандығына ойысса, біразы Қазақ хандығының құрамына келіп енді. Мұны осы орайда жазылған көне шығармалардың бәрі дерлік құптайды. Демек, бұл – Қазан және Астрахан хандықтары түгелдей Қазақ хандығының құрамына еніп, оған бағынбағанымен, олардың елеулі бөлегінің қазақтарға қосылғаны анық деген сөз» - деп көрсетеді («Қазақтар» - 1995 ж. 130, 131 беттері).Хақназар ханның тапсырмасымен 1569-1570 жылдары Қосай бастаған қазақ қолы Тобыл өзенінің бойымен жүріп отырып сібір ханы Көшімге шабуыл жасады. Екі жорықтың кекеуінде де қазақ қолы жеңіске жетеді. Қосай екінші соғысында сібір хандығының ордасына Көшімнің жасақтарын қуып тығады. Көп жылдардан бері соғыстан титықтаған кейбір ұлыстар Қазақ Ордасына бағынатынын білдіріп Қосайға ант берген және салық төлегендері де болған. Бұл турасында 1570 жылғы Москвалық Ивашко Поздеевтің қазірде Москвадағы сыртқы істер министрлігінің архивінде сақталған жазбасында – «Менімен сөйлескенінде сібір ханы Көшімнің жағдайының кісі қызығарлықтай емес екенін байқадым, ол әңгімесінде «Қазір мен сіздің тақсыр ағзамыңызға алым-салықты да жинап бере аламын, елші де жіберемін, алайда бұл күнде мен, қазақ ханымен соғысудамын. Хақназар ханның өте тәжірибелі әскер басы Косойды жіберіп менің әскерім жеңіліске ұшырап жүр. Оның мені жеңіп Сібірге иелік етуі ғажап емес. Сонда ол сіздің тақсыр ағзамыңызға алым-салық төлемейтін болады» - деп жазылған. Сібір ханының осы сөзінен қарауындағы халықтың қазақ құрамына еніп кетпегенімен өзінің әлсіз екендігін байқатады. Немесе көшпелілер тарихынан белгілі болғандай Көшімнің қарауындағы ұлыстардың басшыларының өз басының қамын ойлап үстемдігі бар жаққа ауа кететіні рас. Олай болса, Қазақ Ордасының әскер басы Қосайдың (Поздеев жазбасында Косой деп қате жазылған) Қазақ хандығының құрамына Сібір хандығынан бөлініп шыққан руларды қосып алып Хақназарға салық төлегені де шындыққа келеді.Кейбір жазбаларда қазақ жүздерінің бөлінуін Хақназардың қайтадан жаңғыртқанымен байланыстырады. Таза нақты тарихи деректермен дәлелденбегенімен қазақ жүздерінің Хақназар тұсында пайда болғанын теріске шығаруға болмайтын сияқты. Елді үшке бөліп басқару өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан үрдіс. Бұндай үрдіс немесе жүйе халық азып мемлекет құлағанда бірге жойылып, енді қайта көтеріліп, халықтың саны көбейіп, жер көлемі ұлғайғанда пайда облып отырған. Осыған байланысты Хақназар Қазақ Ордасына билік жүргізген мезгілдерінде қазақ халықының саны өсіп, жер көлемі кеңейіп, қазақ хандығы өрлегендіктен - әуелден қазақтардың көшпелі өмір салты тудырған – елді үшке бөліп басқаруды Хақназар хан қайтадан енгізген деген тұжырым жасау қисынсыз емес сияқты.Елімізге белгілі тарихшы, жазушы ғалым Қойшығара Салғаринның «Қазақтар» атты роман-эссесінде: Алаша хан басқа емес, осы Хақназар, Қаракеңгір өзені бойындағы «Алаша хан мазары» осы Хақназардың мазары деген пікірін мен толығымен қостаймын. Осыған қоса Қойшығара, Хақназар хан тұсында қазақ жүздерінің пайда болғандығын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының біріндегі деп: Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған. Жауға алдырмай Ноғайлар, Бір-біріне жараған. Ноғайдан қазақ бөлініп, Үш жүз болып тараған. деген тарихи жолдары өте үлкен ақылдылықпен, терең философиялық мазмұнмен талдағаны мені таңқалдырды. Онда былай делінген: «Өз тарихын жадына сақтаған халық өкілі – жырау осы бір алты жол өлең шумағымен ел өмірінің бір кезеңінің тарихын тұтас беріп отыр.Мұнда тарихи шындық жатыр. Әр жол атан түйе көтере алмас жүк арқалап тұр. Талдап көрелік. Алғашқы жол қазақтың тегі алты алаштың бірі екенін мегзесе, екінші жол Тақир ханның тұсында әлсіреген қазақ хандығының кейінгі Бұйдаш, Қожа Ахмет (Ахмет хан), Тоғым тұсында ыдырап, жекелеген сұлтандар бастаған қазақтардың Ноғай Ордасына қарап кеткен кезін көрсетеді. Хақназардың Ноғай мырзасы Шахмамаймен одақ құрып,оның әскер басы болып жүргені де осы тұс. Бұл кез Мұхаммед Хайдар Дулати көрсететін 1524 пен 1537 жылдардың аралығы.Шумақтың үшінші, төртінші жолы құлауға айналған хандықтың елін еншілеп, жерін территориясына қосып алуға ұмтылған қырда қалмақтардың, ойда шайбанилықтар мен моголстандықтардың әрекетінен көрініс береді. Бұл жоғарыда айтқан Хақназар бастаған қазақтардың төрт тарапта бірдей майдан ашып жүрген кезі. Осы кезде Хақназар мен Шахмамай одақтастығының үлкен тарихи шешуші рөл атқарғаны тарихи ақиқат. Соңғы екі жыл ішінде Ноғай Ордасының орыс бодандығына қарап Қазақ хандығынан біржола ірге ажыратқан кезінен хабар береді. Міне қазақ жүздерінің де пайда болған кезі осы тұс деп шамалауға болады. Халық жадына сақталған төл тарихын жыр жолына айналдырған жыраудың «Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған» - деуі осы айтылғандарға куәлік беріп тұрған жоқпа?! – деп тарихи даналықпен қорытындыланған. Хақназар батыста Ноғай хандығының Қасым хан заманында қазақ құрамында болған үлкен бір бөлігін қайтадан өзіне кіргізеді, сонымен қоса Ресей қыспағынан ығысқан көптеген жұртты өз қарауына қосып алады. Кейбір кездерде ноғай әміршілерімен бірнешелеген ауыр соғыстар жүргізе отырып Қазақ Ордасының батыс аймағына Еділ мен Жайық өңірінде қосады. Осындай батыл қимылдың әсерінен де болар, Ресейге мойынұсынбаған Башқұрт халықының үлкен бір бөлігі діні бір Қазақ Ордасының құрамына кіреді. Сол кезде Хақназардың асқақтаған атағы орыс патшалығына Иван Грозныйға дейін мәлім болып еді. Хақназар ханның сол кездегі сенімді адамының бірі Құдайке батырдың ұлы Қосай болатын. Құдайке мен Қасым ханның жұбы жазылмағандықтан Қосайда Хақназармен бала кезінен бірге өсті. Ержете келе Қосай Хақназарды қасынан тастамады. Тойға да, аңға да, малға да екеуі бірге жүрді. Ағайындарының көзқарастарының нашарлығын байқаған Қасым – Шахмамайға Адайды жұмсап шақырып алып, жағдайды айтып, астыртын келіседі де Хақназарды шешесімен өзіне қараған елі мен ноғайлар арасына көшіріп жібереді. Бас көз болып жүруге қасына Қосайды қосады. Тарихшы А.П. Чулошниковтың халық аңызының дерегіне сүйеніп Хақназарды ноғайлар арасында көп мезгілдер бой тасалап жүрді дейтіні осы жағдайға байланысты айтылған.Хақназар Шахмамайдың батыры Сағитбектің тәрбиесінде жеті-сегіз жылдай уақыт болады. Қосайда Сағитбектен көп нәрсені үйренеді. Хақназарда, Қосайда Адайдың тікелей бақылауында болған. Хақназар онбеске келгенсін-ақ, атқұлағында ойнайтын өнерпаз болумен қатар Ноғайлардың кішігірім қақтығыстарына әлденеше рет қатынасып ысылып тәжірибе жинақтап қалған болатын. Хақназардың жүректілігі мен қатар мергендігіне ешбір адам тең келе алмайтын еді. Тойлардағы алтын-қабақ ойындарында алтын теңгені атпен шауып келе жатып садақпен атып түсіре беретін. Ол ноғайлар ішінде үлкен беделге ие болды. Қазақтардың бастарын біріктіріп, Қазақ Ордасын қалпіне келтіруде Хақназар ханмен үзеңгілес жүріп батырлығымен көзге түсіп елге танымал облған Қосай туралы Әкрам Мұхитбердиевтің «Қазақ құрамасы» еңбегінен де көруге болады.* * *Хақназар қазақ хандығына 42 жыл билік жүргізді. Қазақ хандығының бүкіл тарихында Хақназардай ұзақ мерзімде таққа отырған хан болған жоқ. Ол әкесі Қасым хан сияқты дипломатиялық жағынан дарынды, әскери-саяси істерге жетік, үлкен қабілеттің иесі, әр істі ақылға салып отыратын дарынды тұлға болды. Хақназар билік тізгінін қолына алған соң Қазақ Ордасын нығайтты, күшейтті, осы жолда өзінің барлық ұйымдастыру қабылетін жұмсады. Бұрынғы Тайыр хан және Бұйдаш хан тұсында шашырап кеткен халықты қайта біріктірді. 1520 жылдардан бастап белгілі болған қазақ-қырғыз одағын қайтадан нығайтты. Хайдар ибн Әли әл-Хұсайын Разидың «Тарих-и Хайдари» атты еңбегінде Хақназар ханды қазақтар мен қырғыздардың патшасы деп көрсеткен. (429 бет). Хақназар хандық құрған мезгілдерде Қазақ Ордасының сыртқы жағдайларында аса күрделі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде орыс мемлекеті шығысқа қарай өзінің басқыншылық саясатын ту етіп жылжи бастады. Әуелі 1552 жылы Қазан хандығын 1556 жылы Астрахан хандығын Россияға бағындырды. Еділ мен Жайықтың арасындағы орасан үлкен аумақты мекендеген Ноғай Ордасының да құлау мерзімі де таяу қалған еді. Себебі Ноғай Ордасына біріне –бірі жау болған екі үлкен топ пайда болды. Ысмағыл мырза бастаған топ-Москва княздығына қосылуды жақтаса, оған қарсы Жүсіп балалары Қазақ Ордасына қосылуды жөн көрді.Осы кезде Хақназар хан он мыңдай жасақты әскер басы Қосайға бастатып Ысмағыл бастаған ноғай қолына қарсы аттанды. Хақназар ханмен Қосай бастаған қазақ қолы әлденеше рет ноғай жасақтарымен соғыса отырып, Еділ-Жайық арасындағы Қазақ Ордасына қосыламыз дегендерге тимей ілгерілей береді. Қазақ қолының келе жатқан хабарын естіген Ысмағылдың баласы Орыс сұлтан Еділ жағасына таяу Қарақамыс деген жерде ол да он мыңдай ноғай сарбаздарының басын қосып қазақ қолын күтіп алады. Қазақ қолы өздерінің жіберген шолушыларының алда көрінген адырдың арғы жағында қозы көш жерде ноғайлардың үлкен қолының тұрған хабарын алған бойда Қосай өз жауынгерлеріне аттарынан түсіп айылдарын қайта тартып, қару-жарақтарын сайлап алуды тапсырып, соғыс тәртібіне келтіріп алып ілгері қозғалады. Қосай алдағы енді қарасы көріне бастаған ноғай қолының қимылын бағып өз әскерінің алдында Хақназар ханмен қатар келе жатты. Ашынған жаудан бәрін күтуге болады. Соғыс тәртібі қалай болмақшы. Тұтқиылдан дүрсе қоя береме, жоқ әлде түзем құра тоқтап, соғыстың ежелгі үлгісін сақтай ма? Қосай осының екеуіне де іштей дайындалып, жол-жөнекей мыңбасы батырларға әмір-пәрменін айтып, тапсырып қойған. Бірақ ноғайлардың қолының шеп құрып орналасуына қарағанда, бірден шабуылға шығуға жүректері дауаламай, іркіліп қарсыластарының қимылын бағып тұрғаны байқалды.Қосай Хақназарға қарап, - жекпе-жек болатын сияқты хан ием! Егер қазіргі бірінші шығатыны атағы бар әскербасының бірі болатын болса мені жіберерсіз – деп, астындағы қаражал құла аттың айыл тартпасын қайта тарта бастады. Хақназар Қосайға қарап күліп, әскербасыларының бірі емес – Смағыл батырдың өзі шығып атыңды атап шақырып жатса амалым жоқ, ал басқа шақша бас ноғайға сені салатын жайым жоқ. Қазақ қолының әскери басшысы екеніңізді ұмытып кетпеңіз Қосай батыр – деді. Бұл уақытта екі жақтың әскері де жайлап жылжып, оқ жететін, дауыс естілетін қашықтыққа келіп тоқтайды. Көп уақыт кетпей-ақ, екі жақтан да дабыл қығылып, шыңдауыл ұрылды. Бұл дайындалып болдық бастаймыз деген белгі болатын. Сол кезде ноғайлар жағынан ертұрманы күмістелген, теңбіл шұбар ат мінген біреу атын арындатып ортаға шыға берді. Сол қолында қалқан, оң қолында найза. Атқа отырысы мығым, ірі денелі жас ноғай жігіті екен. Қазақ қолына жақындап келіп жекпе-жекке, жекпе-жекке деп айқайлап атын ойнақтатып тұрып алды. Қазақ қолының ішінен біреулер әй, мынау Смағылдың баласы Орыс сұлтан ғой бұл нағыз алып күштің өзі, атан өзгізді сирағынан ұстап лақтыратын көрінеді деп - әңгімелеп жатты. Осы кезде Байсейт батырдың баласы Есенғұл батыр жекпе-жекке шығуға рұқсат сұрағысы келіп Хақназарға жақындай бергенде алдын ораған Қосай ханием мына шығып тұрған Орыс сұлтан да әскер басы ғой, тең-теңімен деген бар әуселесін көрейін маған батаңызды беріңіз деді. Хақназар Қосайға қарап, ал батыр жолың болсын, алдыңда тұрған жауың анау-мынау емес көрінеді, абайла, Алла дем берсін, Адай бабаңның әруағы қодасын деп алақанын жайып батасын берді. Орыс сұлтанда Қосайға беттеп екі батыр бетпе-бет келіп тұрды. Орыс сұлтан Қосайға қарап мен ноғай ордасының бас батырымын, Смағыл батырдың баласымын. Қазақтардың ішіндегі өлсе құны сұралмайтын қойшы-қойманшының бірі болып, мен ұятқа қалып жүрмейін, өзің кімсің, аты-жөніңді айт, кімді өлтірдің дегенде атыңды білмегенім дұрыс болмас деп текіректетіп күліп алды. Қосайдың дауысы саңқ етті. Әй, Орыс саған қазақтың қойшы-қойманшысының да әлі келеді. Мен саған айтар сөзім бар, соны тыңдап ал деді Қосай. Не айтқың келеді қазақ, айтарыңды айт деп Орыс сұлтан үзеңгісін сықырлатып шірене берді. Айтсам деді Қосай – ноғай мен қазақ арғы жағы туыс, қандаспыз. Сен қазір кәпірдің қарауына өтуге бет алып барасың. Сен бұл бетіңнен қайт, өз туысың Қазақ Ордасына мына жасағыңды, артыңа ерген жұртыңды ерітіп кел. Біз сіздерді құшақ жая қарсы аламыз – деді. Орыс сұлтан Қосайға шекесінен қарап – бұл ақылыңды басыңа жақ қазағым, енді көп мыжыма тұрысатын жеріңді айт деп найзасын оңтайлай бастады. Қосайда атын шегіндіріп олай болса ұрыста тұрыс жоқ деген – менің атым Құдайке батырдың баласы Қосай деген болады қапы да қалма Орыс батыр –деді. Қосай дедіңбе, шын ба, теңіме тап болған екенмін, сенде қапыда қалма Қосай батыр деді.Екі батыр да межелі жерге дейін барып алып, біріне-бірі қарсы шауып әлденеше рет айқасты. Екі жақтағы әскердің жалбарынған айқайы қосылып бүкіл дала жаңғырықты. Шыңылдаған найза, шаңғырлаған қалқан, сарт-сұрт шоқпар, айқұш-ұйқыш айқас, ақырған дыбыстар қатты-қатты шыққанмен екі батыр да аттарынан құламады. Айқас осылайша жалғаса берді. Қайраттары қарайлас болып, бірін-бірі ала-алмай аңдысуға көшті. Қосайдың қолындағы көк сүңгі Адай бабасынан бата алуға барғанда, бабаның сыйға берген қаруы еді. Найза өте ауыр болатын. Ұңғысы сабының жарпысына дейін келетін, ұшының өзі алты қарыстай сегіз қырлы етіп жасалған, кез-кеклген адам көтеріп жүре алмайтын қару еді. Қосай әлденеше рет екпіндеп келіп жанасам дегенде Орыстың астындағы шұбар айналып кетіп ыңғайға келтірмеді. Бір сәтті пайдаланған Қосай қолындағы сүңгіні ұршыққа үйіріп, шылбыр бойы қашықтыққа келгенде Орыстың омырауын дәлдеп сүңгіні атқан, бірақ Орыстың шұбары аспанға шапшып, найза Орыстың емес шұбардың омырауына барып кірш етіп қарыстай кіріп кетті. Шұбар тұлпар арқырай кісінеп, шыңғыра тулады. Шұбар әрі бері қарғып жанталасты. Қадалған найза бұлғаңдап көпке дейін түспей, бір мезетте барып түсіп қалды. Аттың омырауын қан жауып кетті., сол күйінде барып шұбар тұлпар тұмсығымен жер сүзе құлады.Орыс сұлтан аттан қарғып түсті ді қолындағы қылышын лақтырып жіберіп, үстіндегі сауытты шешіп тастады да, Қосайға қарап еркек болсаң аттан түс. Күшімізді сынап көрелік – демесі барма. Қазақта да, Ноғайда да қаруы жоқ жаяу адамға қару сілтеу ерлердің ісі емес деп саналады. Жекпе-жек шыққандарда бұндай жағдай сирек кездеседі. Қосай да кідірген жоқ қаражал құланы өз тобына қарай бағыттатып жіберді де, қаруларын, сауытын бірінің үстіне бірін үйіп тастады да талтайып тұрған Ноғай батыры Орысқа келіп шап беріп ұстаса кетті.Осылайша батырлардың жан берісіп жан алысқан жекпе-жегі бейбіт кездегі күш сынасар палуан күресіне айналып кеткені екі жақты да айран асыр қалдырды. Екі батыр білек сыбанып күресіп кеткенсін, ноғай мен қазақтар соғыс емес той болып балуан күрестіріп жатқандай жағдайға келді. Тіпті соғысуды ұмытып, кейбіреулері палуандарға жақын келіп, іштен тарт, іштен тарт, жамбасқа сал, жамбасқа сал деп даурығып жатыр. Жекпе-жек соғысқа шыққан батырлардың аяқ астынан палуан күреске ауысқанына Хақназар хан абыржып қалды. Қосайдың жаулар мен ат үстінде шебер ұрысатынын білгенмен күрестің әдістеріне қалай екенін білмегенсін қобалжып, қасында тұрған Есенғұлдан Қосай күресе білетінбе еді – деп сұрап жатты. Айқас алаңының шаңы шығып жер қорыс болды. Тұла бойдарын тер басып, терлеген денені майда топырақ жауып екеуінің де ұсқыны кетті. Ол кезде Адай ауылы Шуды жайлап отырған. Адай ұйқыдан түске таман тұрып салқын сумен жуынып ауыл сыртындағы үлкен боз төбеге жайлап жаяу көтеріліп жан-жағына қарап енді отыра бергені сол еді, қанатының суылын естіп аспанға қарап еді, көктегі өзінің төбесіне жақын келіп қалықтап жүрген қызғыл түсті екі бүркіт кейпіндегі – кепиет рухын көріп соғыстағы немересі Қосайдың қауіпті жағдайда қалғанын бірден сезді. Қырандарым менің Қосайыма тез жетіп жәрдем біріңіздер, бір құдай жар болсын сіздерге деп дауыстап жіберді. Көктегі ұшып жүрген қырандар көзден ғайып болды. Қосай мен Орыс әлі айқасып жүрген. Әбден әлдері кетіп шаршағандары сондай екеуі де сүйретіліп барып отырып алатынды шығарды. Қайта тұрып қайта құшақтасып тіресіп тұрады да екеуі екі жаққа құлай кетеді.Сол кезде жығылып жатқан Қосайдың үстіне қалықтаумен келіп жақындап қайта көтерілген қызыл түсті екі сұңқар құсты тұрған екі жақтың да адамдары түгел көрді. Хақназардың қасында тұрған Есенғұл құдай берді жеңіс біздікі болатын болды, Қосайға атасының әруағы келіп қонды деп дауыстап діберді. Хақназар Адай туралы әкесі Қасымнан оның қасиеті, батырлығы туралы және оқ қағары екі құс екенін бұрын да естіген. Осы жорыққа аттанарда Қосай екеуі барып батасын алған еді. Енді міне Адайдың екі қызғылт түсті қырандарын көзімен көріп риза болып, бойын көңілділік билеп кетті. Екі сұңқар Қосайдың үстіне шүйіліп келіп қайта көтерлігенсін Қосай әуелі жайлап басын көтеріп, соңынан жатқан орнынан тұрып отырып жан-жағына қарап, қасында жатқан Орыс сұлтанды аяғынан тартқылап оны да жатқан орнынан тұрғызып отырғызды. Сөйтті де өзі орнынан атып тұрып келді де отырған Орыс ханның қолынан ұстап тұрғызды да өзі бір қадым жерге шегініс жасады. Сөйтті де Орысқа қарап неғып тұрсың ноғай кел күресті жалғастыралық деп Орысқа жақындай берді. Орыста кідірместен айқаса кетті. Қосай ұстаған бойына Орысты аяғын жерге тигізбей көтеріп алып шырық көбелек айналдырып жіберіп жерге әкеліп шалқасынан қойды да аяғымен кеудесінен басып тұрып, мына жұртыңды тоқтатып, Хақназар ханның қоластында қаламысың болмаса осы жатқан жеріңде өлесің бе? – деді Қосай. Жоқ – деді Орыс сұлтан, мен қазірде тірі емеспін, сенен қорқып жан сауғалайтын адамың мен емес уақыт өткізбе бауызда тез – деді. Қосай көтеріп тұрған болат кездігін қынына салды да, Орысты маңдайынан бір ұрып мойнына салып алып қазақ қолының алдында тұрған Хақназардың алдына әкеліп әлі есін жинай алмай жатқан Орыс сұлтанды тастай салды да, мынау Ноғай ханының сұлтаны Орыс батыр болғандықтан, шешімін хан-иемнің өзі жасар деп өлтірмей әкелдім – деді. Хақназар қасындағыларға мынаның қолын байлап, артқы аспазшылар тобына апарып, қасына күзет қойылсын деді. Есенғұл жанындағы торсықтан Қосайға қымыз құйып беріп еді – Қосай ауыз тиіп қайтып берді. Хақназар Қосайға қарап, оу – батыр бұл қалай етпісірім уақыт алысып діңкелеген жоқсыңба неге сусын ішпедің – деді. Қосай өзімде біліп тұрғаным жоқ – дегенде, анадай жерде тұрған Бақай батыр Қосайды Адай әкеміздің қырандары келіп сусындатып кетті ғой, енді не тұрыс бастамаймыз ба? – деп Хақназар ханға қарады. Сол кезде Қосай Хақназарға қарап – сіздің арттағы төбенің басындағы ту көтеріп тұрған Бегіс батырдың қасына нөкерлеріңізбен барып соғыстың жүрісін қадағалап тұрғаныңыз дұрыс. Тап осы соғыс сіз бастап кіретіндей күрделі ұрыс болмайын деп тұрған сияқты. Осы соғыстың билігін маған берсеңіз – деп Қосай басын иді. Айтқаның болсын Қосай батыр – деп хан езу тартты.Сол-ақ, екен Қосай – «Қасым, Қасым» - деп ұрандатып қаражал құла атпен салып қоя берді. Басшысынан айырылған ноғай қолы ұзақ мерзімге қарсыласуға шамалары келмеді. Күн кіші бесінге таянған мезгілде ноғайлар бытырап тоз-тоз болып қаша бастады. Қазақ жауынгерлері өкшелей қуып талайын аттарынан түсіріп бара жатты. Сол кезде Хақназар хан шапқыншылар жіберіп қашқан жауды өкшелей қуып бара жатқан қазақ әскерлерін тоқтатып кері қайтарды. Сол жерде тұтқынға түскен ноғайларды жинап Хақназар хан сөз сөйледі. Хақназар өзінің сөзінде: - Біздер сіздерді соғысып, басып алып күшпен құлдыққа ұстайық деген ниетіміз жоқ. Біздер сіздермен ауызба-ауыз сөйлесіп,бәрміз бірігіп Қазақ-Ноғай ордасын құрып, туыстас ел болалық деген ниетпен шықққанбыз. Бірақ сіздер екі жарылып, біріңіз орысқа құл болуға, екіншіңіз өз туыстарына қосылып бірігіп бүкіл Дешті-Қыпшақты иеленіп, үлкен мемлекет болуды құптапсыңыздар. Біз осы хабарды естегенсін Смағыл сұлтанмен жолығып, өзіміздің осы пікірімізді айтып достық қарым-қатынас орнатуға, келісім жасауға сөйлескелі келе жатқан бетіміз осы еді. Сіздер шеп құрып жаулықпен қарсы алдыңыздар. Өздеріңіз көріп тұрсыздар – «қашқан жауға, қатын ер» - деген әңгіме бар. Қашқан ноғай сарбаздарын қудырмай қазақ қолын тоқтатып тастадық. Ондағымыз, қан төгіп кісі өлтіргіміздің келмегендігі. Қазір сіздерді де босатамыз. Елдеріңізге барыңыздар. Смағыл сұлтанға сәлем айтыңыздар. Әлі де болса ойлансын. Кәпірге бағынып құл болғаны дұрыс болмас. Өз ұлысын басқарып Қазақ ордасына біріксін. Қазір сіздердің көзіңізше Смағыл баласы Орыс сұлтанды да босатып, өздеріңізбен бірге жібереміз. Біз сіздерге жау емеспіз – деп сөзін аяқтады. Сол кезде қазақ қолының ішінен екі адам қолы байланған Орыс сұлтанды ортадан алып шығып Хақназар ханның алдына әкеліп қолын шешті.- Орыс сұлтан – деді Хақназар Орысқа қарап. Біз сіздің бастап әкелген жасағыңыздың қашқанын қуғанымыз жоқ, қолға түскенін де босатып жөндеріне жібергелі тұрмыз. Соғыс болғансын шығын болады. Қазір шейіт кеткен қазақ, ноғай сарбазларын жинап жаназасын шығарып жерлеудің рәсімін жасаймыз. Сізді де босатамыз. Мына әскеріңізді бастап Смағыл сұлтанға барып біздің хабарымызды жетістірерсіз. Біз сіздерге жау емеспіз. Біздің әуелден қонысымыз бір, туыстас халықпыз. Сол туыстас күнімізде бір тудың астында болғанымызды жөн көреміз. Бұл әңгімемізді мына тұрған ноғайлы халқының азаматтарына айттық, ендігісін өздеріңіз шешерсіздер – деп Хақназар хан атының басын арт жақтағы биік жалға қарай бұра берді. Хан мен бірге әскер басылары да еріп қозғала берді. Қалған әскерге өлген қазақ жауынгерлерін түгелдей алып шығып арттағы жалдың басына жерлеуді Қосайдың өзі мыңбасылары арқылы жүз басыларына тапсырма бергізді. Ноғай қолының қолға түсіп қалған сарбаздары да өздерінің шейт болған сарбаздарын жерлеу жұмысына кірісіп кетті.Өз орнында тұрып қалған ноғай қолының басшысы Орыс сұлтан өз сарбазының әкелген ерттеулі атына мінді де қабір қазып, өлік жинап жатқан сарбаздарына көз қиығын салмастан, бір сөз айтпастан жүре берді. Сол кеткеннен Смағыл бстаған ноғай ұлысының жарпысы орыс шекарасына қарай бет алды.Орыс сұлтан сол кеткеннен мол кетті. Орыстардың ішіне кіріп дінін қабылдап, біржолата орысқа айналды. Орыстардың белгілі Урусовтар тұқымы Алшы Смағыл баласы Орыс сұлтанның тұқымынан тарағаны тарихтан белгілі. Шахмамай, Сары Жүсіп балалары бастаған ноғайлар түгелдей қазақтар жағына шығып кетті. Оның үстіне қазақтар жағына Алшы Смағылдан қашқан ноғайлар да лек-легімен келіп қосылып жатты. Сөйтіп, Ноғай хандығы 1570 жылдан бастап мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағы болып келген қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы- Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай хандығының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өтті. Бұл қазақ хандығының тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар, ноғайлы дәуірінде жырланған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар оның ішінде «Қырымның қырық батыры» жыры қазақ мәдениетінің қазынасынан орын алады. Хақназар заманында Қазақ Ордасын басқаруда ханның ақылдасар алқасының басында Қосай тұрғанын көптеген ескі жазбалардан байқаймыз. Тарихқа үңіліп қарасақ, өздеріне одақтасты, арқа сүйер елді алыстағы орыстардан емес қасындағы кейде араласып, кейде араздасып отырған көршілерінен іздеді. Көршімен араласуды Хақназар ханға ұсынғанда, оны ханмен бірге іздескен де Қосай, және оларын тапты да. Өз тәуелсіздігімен күрескен ноғайлармен, ежелгі дұшпаны Бұхар ханымен, шығысында моголстан қырғыздарымен тіл табыса білді. Кейбіреулеріне ұсылдады, кейбіреулеріне тізе де батырды. Сөйтіп, Хақназар – Қосай, Қойсары, Есенғұл, Бақай сияқты әрі батыр, әрі ақылшы билерімен ақылдаса отырып көп мәселені бейбітшілік жолмен шешіп отырды. Қазіргіше айтсақ, қазақ хандығының халықаралық беделі көтеріліп, атақ даңқы шартарапқа кетті.Кейбір тарихшылардың айтқанындай, қазақ хандығы Хақназардың тұсында Бұхар хандығына тәуелді болған жоқ. Бұхар хандығымен бірдей дәрежеде екі жақтың мүдделілігіне сай одақ құрды. Шындығына келсек, Абдолла өзінің бақталасы Баба сұлтанды жоқ қылу мақсатында Хақназар ханмен одақ құрып, сол арқылы ойлаған ойын іске асырғысы келді. Қорытындысында солай болды да, Абдолла көздеген мақсатына жетті. Қазақ хандығы мен Бұхар хандығының арасындағы одақтастық Хақназар хандығына Бұхар хандығынан да керегірек еді. Себебі, Ташкентті билеп тұрған Наурыз-Ахмет ханның баласы Баба сұлтан Хақназардың бітіспес ата жауы еді. Сондықтан да, Хақназар екеуінің бақталастығын пайдаланып, Шайбани тұқымдарының түп-тамырына балта шабуды арман еткен еді. Амал қанша, екі жүзді айлакер, қара ниетті Бабасұлтанның зұлымдығының нәтижесінде Хақназар хан арманына жете алмай кетті.Осы жерде оқушылар Абдолла кім, Баба сұлтан кім?- деп оларды айырып білгісі келуі мүмкін. Сондықтан да, бұлардың кімдер екенін түсіндері кетейік.Бұлардың екеуі де Жәнібекпен, Кереймен, Адаймен, Қасыммен жауласып өткен атақты Әбілқайыр ханның ұрпағы. Әбілқайырдың бүркіт руынан алған әйелінің екінші баласы Қожа Мұхамед, одан Жәнібек, одан Ескендір, одан осы Абдолла туған. Әбілқайырдың тағы бір әйелі атақты Ұлықбектің қызы Рабиу Сұлтан Бегімнен туған екі баласының бірі – Сүйінішқожа, одан Наурыз Ахмет, одан осы Баба сұлтан мен Дәрбіш сұлтан туған. Абдолланың әкесі Ескендір Бұхарға хан болып тұрғанда Дәрбіш сұлтанды Ташкентке билеуші етіп қояды. Туған ағасы Дәрбіштен бұл билікті қызғанған Баба сұлтан бір түнде Дәрбішті төсегінде жатқан жерінде бауыздап өлтіріп, Ташкентті өзі билейді. Және Бұхар хандығына бағынудан бас тартады. Ал, Абдолла Ташкентті өз билігінен шығарғысы келмейді. Міне, осыдан бастап ағайынды адамдардың арасында араздық басталып, одан ол жаулыққа ұласып, аяғы өліспей беріспеске кетеді.Ал, Хақназар хан мен Абдолла ханның арасындағы келісім шындығында берік болып шықты. Баба сұлтанның әлденеше рет істеген зұлымдық әрекеттерінен араларына кейде жік түсе жаздап барып анықталғаннан кейін бұрынғы қаліпіне келіп отырған. Баба сұлтанның әрекеттерінен болған кейбір түсінбеушіліктерді В.В. Вельяминов-Зернов өзінің «Қасым хандығының хандары мен ханзадалары жөніндегі зерттеулерінде» Қазақ хандығымен Бұхар хандығының одақтастығы берік болмады, біресе Абдолланы қолдап, біресе Баба сұлтанды қолдап, қазақтар опасыздық жасап отырды дегенге келтірсе, осыны А.П. Чулошников «Қазақ ханының тарихы бойынша очерктер» атты еңбегінде дұрыс деп қолдаған. Нақты әділдігіне келсек бұл деректердің дұрыс емес екендігі байқалады.Осы бір тарихи жазбалардың дұрыс емес екенін тарихшы, жазушы, ғалым Қойшығара Салғараұлының «Қазақтар» атты еңбегіндегі пікіріне қосылуға тура келеді.Қазақ хандығы мен Бұхар хандығының арасындағы одақтастықтың бұзылмауына кейбір Баба сұлтанның бейбітшілікпен қарым-қатынасты бұзу жолындағы құрған тұзақтарын әшкерелеп, қайтадан қалыптастырудағы Қосайдың атқарған істеріне Хақназар хан үнемі ризашылығын білдіріп отырған.Бұл кезде Қосайдың Қазақ Ордасының іргесін бекітуде Хақназар ханмен жұбын жазбай бірге жүргеніне де қырық жылдың үстінде уақыт болыпты. Жастары да егдеріп тарлан тартып қалған болатын. Қосайдың жасы алпыс сегізде болса, Хақназардың жасы алпыс алты да еді. Жасы алпыс сегізде болғанымен Қосайдың денсаулығында қылау жоқ өте қайратты болатын. Осы жылдың басынан бастап көзінде аздап кінарат пайда болған. Қосайдың балаларының алды қырықтың үстіне шыққан. Ең үлкен баласы Әлдіқожаның жасы қырық төртте, одан кейінгі қызы Жеңісгүл қырық бірде, Ноғай батыры Сағитбектің баласы Алғиға тұрмысқа шыққан, одан кейінгі баласы Байтөлен отыз бесте, кенже баласы Ақсүйін жиырма тоғызға келген. Қосай келіндерін қарап жүріп дұрыс өзі танитын, бірінің сөзін бірі жерге тастамайтын көңілі тату адамдарына құда түсіп айттырып алып берген. Үлкені Әлдіқожаның үйіндегі келіндері қарақалпақ Сүйінқожаның қызы Гауһар Бике, Байтөлендікі қыпшақ Қарабатырдың қызы Айман, Ақсүйіндікі қырғыз манабы Жылқыбайдың қызы Ақбілек деп аталатын келін адал сүт емген көргенді жердің қыздары еді, – деп көрсетеді Әкрам Мұхитберді өзінің «Алшын шежіресі» атты еңбегінде. Осыған қоса осы шежіреде Қосайдың үш баласынан алты ұл, екі қыз немересі болды деп көрсеткен, бірақ олардың аттары аталмаған. Қосайдан өрбіген осы көрсетілген адамдар өзінен басқасы 1575 жылы көктем туа Шу өзенінен көшті өзі бастап өткен кезде мұз ойылып түгелдей суға кеткенін, Қосай көшімен бірге ілесіп көшкен екі ауыл арғындардың да көші бірге кеткенін барлығы қырық тоғыз адам суға кетіп өлді деп көрсетіледі..Тарихи еңбектерін азаматтардың жетістіруімен пайдаланып отырған Әкрам Мұхитберді 1751 жылы Иранда туған, ұлты өзбек. Бомбейде көп жылдар өмір сүрген, кейіннен Иракқа келген мұсылман дінін таратушы молла. Иракта өлген. Кейбір еңбектері қазірде Бомбейдің орталық архивінде сақталғаны мәлім болып отыр. Әкрамның әкесі Сәлімқұл Адай тайпасының қызынан туған, Адайға жиен екені Әкрам Мұхитбердінің еңбегінде жазылған.Алға қарай Қосайдың немерелерінің аттары ескі жазбалар мен мұрағаттардан табылмағандықтан Маңғыстаулық қарт ақын Өмірзақ Қалбаевтың «Қосай-ата» атты шежіре кітабындағы есімдерді пайдаланамыз.Қосайдың жанары туғаннан өте қырағы көргіш болатын. Алыста бұлдырап көрінетіндерді қасындағы жолдастары мал ма, адам ба деп айыра алмай тұрғанда Қосай олардың атты адамдар екенін, астарындағы аттарының түр-түстеріне дейін түстеп айтып беретін болған. Енді сол екі көзі жиі суланып, кейде бұлдырап көруі нашарлап келе жатқанына да бір жылдай уақыт болып қалған. Қосай ауылы ол кезде Шу өзенінің арғы бетін қыстап отырған. Ауыл жерінің қары ерте кеткен Алатаудың күнгей бетіне көшуге дайындала бастайды. Ертең көшеміз деп отырғанда Қосайды хан кеңесіне шақырып кетіп ауылдың көшуі 4-5 күнге кідіріп қалады. Үйлерін жығып қойғандықтан Тәзіке ауылы келесі күні көшеді. Қосайдың ауылы Қосай кеңестен келгенсін қасындағы көрші отырған арғындардың 3-4 үйімен бірге көшеді.Қосайдың өзі бастап өзен жағасына келгенде хайуанаттар бір затты сезгендей тартынып, мұзға түскісі келмейді. Осы жағдайларды Маңғыстаулық қарт ақын Өмірзақ Қалбаев былайша суреттейді:Көш басы жез мұрындық құба інген,Жасынан жақсы көріп мәпелеген,Жануар жасын төгіп ыңырсиды,Тілі жоқ айтуына «Нетем» деген,Жығылып су түбіне кетем деген.Сары атан тартынады жағалауда,Шу-шулеп халық оны қамалауда,Қапылып, «Қарабасқыр не болды», - деп,Қамшылап әркім оны сабалауда.Қызыл нар кейін қарай тартынады,Көк серке қой бастаған көкке қарап,Ақ қошқар қойға ермейді, артта қалды.Бөрібас ішін тартып қыңсылайды,Қой маңырап азан-қазан шуласады.Үрейлі адам дауысы, малдың шуы,Боздаған түйе зары қосылады,Ойнамай қом үстінде бала-шаға,Тығылып бір-біріне асылады...дей келіп, «Болашаққа кісінің өзі басшы» дегендей, «Бұлардың мұнысы қалай?» - деп көш көліктері мен айдаған малдарының, үрейлі дауыстарын елемей, Қосай ата өзі алға шығып жүре берген сияқты. Әрине, «Алдағыны адам білмес, алла білер» дегендей, алдағысын білмеген болар. Біз қасиетті, алдағысын болжайтын Қосай ата дегенімізбен, ол да Құдайдан күшті емес. Құдай білдірген күні ғана ол білгіш. Пендешілік етіп қателескен де кездері болуы мүмкін. Алайда ол қауіп-қатерді ойламаса керек. Қанша ақылды аңдампаз болғанымен, Алла тағала адастырар күні адасқан болмаса, көшті түгелдей жүргізбей, алдын байқап аз-аздан жібергенде болмай ма, болар еді. «Түйесі жоғалмағанның бәрі есті» дегендей, өзімізше солай ойланамыз да. Әрине, бұл – біздің бүгінгі өз ойымыз. Ол сәтте Қосай атаның не ойлағанын кім білсін?Қарқылдап қарға-құзғын қыр басында,Сауысқан сықылықтап жар басында,Қатқан мұз, беті тайғақ, жалпақ және,Сыр жатыр толып тасқан арнасында.Алдыңды Алла білер, пенде білмес,Болса да не оқиға Ер басында,Тартынып, тайғанақтап, улап-шулап,Көш барды дарияның ортасынадеп жырлайды Өмірзақ Қалбаев. Өмекеңнің шығармаларында «көшті Сырдың суына кетті» деп көрсетеді. Өзімен әңгімелескенімде бұл әңгіменің бәрі ел ауызынан алынды. Біреулері «Шуға кетті» дейді, енді біреулері «Сырға кетті» дейді. Қолымызда бірде-бір жазбалы деректер болған жоқ. Аузы дуалы кәрілерден жинап алынған аңыз әңгімелер деп еді. Енді бұдан былай «көшті Шу өзеніне кетті» деп айтамыз, себебі жазбалы деректер соны растайды.Алға қарай Өмірзақ ағаның сөзінің желісімен әңгімелесек, улап-шулаумен көш дарияның ортасына барады. Жаратылысында киелі мал саналатын түйелердің боздауы, қойлардың маңыраған зарлы үні, көктем алдындағы желдің жағымсыз ызғырығы бәрі қосылып сырттай сезінген кісіге қорқынышты үрей тудырғандай болады. Дегенмен, оны елемеген ауыл адамдары «енді аттасам, су түбіне кетем» дегендей тоқтап қалған түйеге кейінгілерін тықпалап, шу-шулей берсе керек.Ер Қосай көш бастаған алдындағы,Жағаға басты қадам жақындады,Сол кезде мұз ойылып, сатырлады,Жығылып көші байтақ топырлады.Ер Қосай мойын бұра қарап еді,Бір сұмдық адам айтпас артындағы.Иә, мұнан артық не сұмдық болсын! Ойбайлаған әйелдер, шулаған балалар, айқайлаған еркек дауыстары, мұзбен араласып аласұрған малдың дауыстары, мұзға сығылысып сынып жатқан кереге-шаңырақтардың сатырлауы, бірінің үстіне бірі түсіп жатқан қойлардың тыпыры, у-шу дыбыстар бәрі қосылып тыныш жатқан өзеннің үстін әп-сәтте қайғылы көрініске айналдырды.Келіннің дауысы шықты аталаған,Баланың үні келді қапаланған.Ер Қосай естігенде сол дыбысты,Езіліп ет жүрегі қаталаған.Әрине, «мен кеттім» деп келін аталап, балдары әкелеп жатса, қайсымыздың болса да жүрегімізді езілдіруі белгілі жағдай ғой. Қосай атаның сол кездегі күйінішін басқа бермесін, не деген аянышты десеңізші. Атамыз күйінгенде, іштен тынып езілген де болар. Аталау мен апалаушы су астына кеткен келіндері мен немерелерінің жалынышты үндері құлағынан кетпеген де болар. Әйтсе де, Қосай ата олардың бірінде алып қала алмаған, тағдыр ісіне, Алланың кәріне бас иіумен болған. Басқа амалы да жоқты.Шашылған кереге мен уықтары,Шаңырақ күлдіреуіш сынықтары,Әр жерде ағарады су бетінде,Шамасы келіндердің жаулықтары.Және де қараяды мұз үстінде –Секілді Төлен, Сүйін тымақтары.Құдайдың құдіретіне шама барма,Қосайдың кетті қанша қарақтары,Сөнді ғой өшкен шамдай шырақтары.Рас, Қосай атаның таңертең бірге өрген келін-балаларының, немерелерінің қазір бірде бірі жоқ. Олардың жер бетіндегі белгісіндей келіндерінің жаулықтары мен балаларының тымақтары қалған. Ауыл-аймақ, ордалы үйінен шашылған уық, сынған кереге, су бетінде қалқыған шаңырақтан басқа түкте жоқ. Қалай күйінбессің!?Көргенде келіндердің жаулықтарын,Еске алып балаларын ақтықтарын,Білгенде Төлен, Сүйін тымақтарын,Әлдеке берен сауыт жарақтарын,Ер Қосай қапаланып айтты сонда:«О, менің шейт кеткен шырақтарым,Ол дүниеде қабыл болғай мұраттарың,Күнінде таңда машхар табысармыз,Көргенше қош болыңдар қарақтарым.Кемпірім сен де кеттің іштерінде,Оқиға келді көрген түстеріңдеҮш балаң, алты немерең бауырыңдаКөргенше сен де қош бол серігімде - деп Қосай әп-сәтте ауыл-аймақ, бала-шағасынан айырылып қала берді. Қанша күйінсе де ол тәубесінен жаңылмай Алла ісіне бас иіп, қайырын сұрайды. Алладан соңын бер - деп тілек етеді.Ер Қосай тілек етті соңын бер деп,Соңының да жасаған оңын бер деп.Орнына отыз ұлдың тақ сүлеймен,Бұрынғы Дәуіт нәби жолын бер –деп, Қосай ата оқиғаларын еске түсіріп, жарылқайын десе Аллада қазына көп екенін есіне алады. Дәуіт пайғампардың отыз ұлының орнына Сүлеймендей бір бала беріп жарылқағанындай жарылқай гөр деп тілек етеді.Ер Қосай осыны айтып Алласына,Келтіріп ауызын хаққа тобасына,Ат басын елге қарай бұрған екен,Қашанғы тұра берсін жар басында.Құданың құдыретіне шара барма?Болған іс қаспен-көздің арасында.Жаңағы жұмыла жан бір ауылдыңТаба алмас ешкім енді моласында.Сөзі жоқ, көшкен елдің ізі қалды,Дария арғы беткі жағасында.Ер Қосай жалғыз жылап қалған екен,Жасы бар алпыс сегіз шамасында...деп жырмен айшықтайды Өмекең болған оқиғаны. Өмірзақ ағаның бұл еңбегінде Қосайдың алты немересінің атын Бегалы, Бердіқожа, Едіге, Ермек, Қанаш, Кеніш – деп көрсетеді. (Ө.Қалбаев «Қосай-ата шежіресінде» (51-56 беттер).Қосай батырдың ауылының суға кеткен хабары сол бойда елге тарайды. Шудың бергі бетінде отырған ауылдардың ақсақалдары келіп көңіл айтып үйлеріне әкеліп сый-құрметтерін жасап қонақ қылады. Хабарды естіген Тәзіке оншақты адаммен келіп Ақбай хажының үйінде жатқан Қосайға келіп балаша жылап көріседі. Бүкіл ордалы елден астындағы атымен сорайып жалғыз қалған ағасын үйіне алып келеді. Үйдің сыртына келіп аттан енді түскен Қосайға арнап Ақыл келіні шығып ат жалына асылып тұрып жылағанын ақын ағамыз Өмірзақ өлеңмен мына төмендегіше өрнектеген:«Әтеке-ау, елің қайда, енем қайда?Келін қайда, кішкене кенжем қайда?Төрт тіреу, қос босаға шаңырағым,Төрежан, Төре бала, Төрем қайда?Олар жоқ, өзің тұрсың ортамызда,Бәрінің кеткені ме терең сайға?Бегалы, Бердіқожа, Боздағым-ай,Кішкенем ойнап жүрген асыр салыпКеттің бе, Қаныш, Кеніш қаймағым-ай,Иіскейтін ең болмаса тұлыбың жоқ,Түйедей ботасы өлген боздағым-ай!Келіндер Сәуле, Айым, Сырғалым-ай,Көрінбес енді көзге арманым-ай,Қыздарым: Қымыз, Кербез, Құндызым-ай,Жібегім, Қызғалдағым, Жұлдызым-ай!Құдая бәрің түгіл, бірің де жоқ,Айырылып қас-қағымда қалғаным ба-ай!Бозтөбе ұлы жиын ауылым-ай,Бірің келін, бірің қайным, бауырым-ай,Жасың бар, үлкенің бар өңшең боздақ,Арманда аңсап кеткен құлыным-ай.Халқымның қадірлісі, қайран шалым,Шығар ма бұрынғыдай дабылың-ай!Бәйтерек панасы жоқ, басы қалды,Асқар тау бұтасы жоқ, тасы қалды.Ауылым аза тұтып қара киіпКүлкі жоқ көздерінде жасы қалды...Тұлпардай тұлыбы бар тұяғы жоқ,Сұңқардай қанаты мен қияғы жоқ,Жеңіліп жаудан қайтқан батырлардай,Соңында жасағы мен саяғы жоқ,Жаралы ақсақ құлан секілденіп,Басуға қара жерді аяғы жоқ.Жібектің бау боларлық қиығы жоқ,Асылдың түйме болар сынығы жоқ.Үй тіксем шаңырақ пен уығы жоқ,Ұстайтын босағамды сырығым жоқ.Айырылып алты немере, үш балаңнан,Әтекеу, қалғаныңба орының жоқ? –деп зарын төккенде, қанша сабырлық етсе де, Қосай батырдың көңілі босап, «шынымен-ақ орынсыз қалғаным ба?» - деп жанарынан жас шығып, мұңайып, ой үстінде отырып қалады. Көкелеп жүрген көп немере, інілері қолтығынан демеп ат үстінен түсіріп інісінің үйінің төріне отырғызып көңілдік сөздерін айтысады. Өмекең Қосайдың басына түскен трагедияны осылайша суреттейді.Жоғарыда айтқанымыздай Қосайдың көз жанарына ауру жабысқанын, оның үстіне мынадай үлкен қайғылы жағдайдың әсерінен Қосайдың жанары азая келе бір жолата жарығы сөніп, су қараңғы болып қалады.Шындығында Қосай батыр өмірінің осылай болатынын бұрын сезіп еді. Себебі, өзінің құдай қосқан қосағы Сақыпжамал осыдан алты ай бұрын «түс көрдім, көрген түсімнен қатты шошып отырмын» деп ақсарбас сойып садақа жасатқан. Қосай Сақыпжамалға қоярда қоймай түсін айтқызып еді, өзі де қорқып кетті. Сақыпжамалдың айтқан түсі:- Қолымда ақсұңқар құсым бар екен, бір кезде құсымның екі көзі ағып түсті де, қанат-құйрықтары да жоқ болып кетті. Не болғанын түсінбей аңтарылып отырғанымда, сіздің тәуір көретін батыр ағаңыз Исан-дұрды сізді ерітіп келді де, құсты менің қолымнан алып, әкелген ақ жібек орамалымен орады да сенің қолыңа берді. Сөйткенде, аққұсқа қанат-құйрық пайда болды да екі шырағы да жалтылдап қоя берді. Бірақ екеуіңіз де менен алшақтай бердіңіздер. Қолымды созып едім жетпеді. Сол күйімде құлап бара жатқанымда оянып кеттім»,- деген еді. Қосайдың ойына Сақыпжамалдың сол түсі түсті. Өзінен он жас үлкен түрікменнің атақты батыры және көріпкел әулиесі Исан-дұрдыны шақырып келуге Тәзікенің қасына екі-үш адам қосып жұмсады. Қосайдың ойына жаңа келді. Исан-дұрдының тұрмысқа шықпай емшілікпен айналысып кідіріп қалған қызының бар екенін, оның атының Оғылмеңілі екені есіне енді түсті. Қосай жасына қарамастан Исан-дұрдымен дос болып, төс түйістіріп, анттасқан еді, сол ойына түсіп толқып, үміт оты жылт еткендей болды.Тәзіке суыт жүріспен отырып, Маңғыстаудағы Исан-дұрды батырдың үйіне он күн дегенде ж етті. Исан-дұрды сол кезде сексенге таяп қалған жаста екен. Тәзікелерді қол қусырып қарсы алып қонақасылады. Жайласып отырғаннан кейін, Тәзіке Қосайдың жайын айтып жеткізді. Исан-дұрды қатты қиналды. Ертесіне жігіттерін шақыртып жолға дайындалды. Боз айғыр мен боз биеден іріктелген, енді құлындайын деп тұрған төрт айғырдың үйірін, боталайтын уақыты жақын қалған он айыр інгенді малшы-бақташыларымен және он түйеге Оғылмеңілінің алты қанат отауын тиеп жолға салып жіберді. Оларды баратын жеріне жеткізіп салып қайтатын қарулы қырық-елу адамнан тұратын жасақ қосты. Қосақтарына қос аттан жетектеп Тәзіке мен бірге Оғылмеңіліні алып өзі де жүреді.Исан-дұрдылар келіп аттан түсіп жатыр дегенсін Қосай жас жігіттерге жетелетіп алдынан шықты. Исан-дұрды да денелі ұзын бойлы адам еді, Қосайды құшақтағанда құшағына жартылай сыйды. Қосайдың бойының Исан-дұрдыдан ұзын екені байқалды. Исан-дұрды мен Қосай бірін-бірі қатты сағынған болуы керек, құшақтары жазылмай біраз тұрды. Исан-дұрды Қосайдың қасында бір айдай болып еліне қайтты. Оғылмеңіліні Қосайға ем жасау үшін қалдырып кетті. Оғылмеңілі өзімен бірге алып келген ақбоз биелер мен айыр інгендердің төлдеп болуына байланысты Қосайдың көзіне емін бастайды. Көзге әуелі Маңғыстаудан алып келген (Ерқұны, Киікоты т.б.) емдік шөптерін қайнатып Қосайдың көзін соның буына күнарадан ұстайды. Көзін буламайтын күндері боз биенің сүтіне түсіреді. Сөйтіп алма кезектестіріп емін жүргізеді. Қосайдың көзін күндіз таңып тастайды. Түнде таңғанын алады. Соңғы кезде Қосайдың көзін кешкісін булағаннан кейін таңып тастап ашпайтын болды. Ем қабылдағанына жиырма төрт күн өткеннен кейін таң алдында Қосайдың көзін жапқан орауын алып тастағанда, тас қараңғылықтан гөрі тәуір сияқты көрінген. Таң қараңғысы сейіле бастағанда Қосайдың көз алды да бозаң тарта бастады. Таң атқанда Қосай көзінің көріп жатқанын білді, себебі үйдің іші түгелдей көрініп тұрды. Оң жақтағы төсекте отырған Оғылмеңіліні де байқап толысқан әдемі адам екенін де көріп қуаныштан жүрегі толқып кетеді. Осы кезде Оғылмеңілінің: «Қосай аға, көзіңіз көріп жатырма?», деген сұрағына: «Айналайын Оғылмеңілі, мен сеніп жатырғаным жоқ, көзім көріп жатқан сияқты, шынымен көріп жатырмын ба?» - деді. Оғылмеңілі Қосайға қарап: «Көріп жатырсаңыз менің қимылымды айтыңызшы,»- деп, жайлап орнынан тұрып төрде жатқан Қосайға қарай қадам басты. «Айналайын, Оғылмеңілім маған қарай келе жатырсыз ба?» – деп, жатқан орнынан түрегеліп отырды. «Қосай аға көзіңіз көрген екен құтты болсын, ұзағынан болсын, бүгінше жарыққа шықпай үйдің жарығына месе тұта тұрыңыз, ертең сыртқа шығарсыз»,- деп Қосайдың қасына келіп отырды. Қосай: «Оғылмеңіліжан, сен менің емшім емес- пірім болдың»,- деп кең құшағын ашып Оғылмеңлінің маңдайынан сүйіп алды. Оғылмеңілі Қосайдың бұнысына жатырқап, немесе ыңғайсызданған ниет білдірмеді.Қосайдың көзінің көргенін ертесіне-ақ ел естіп, хабарланып қуаныштарын білдіріп жатты. Қосай құдай жолына ел шақырып садақа беретін боды. Қосай Исан-дұрдыға ат шаптырып хабар жіберді. Садақаға он шақты нөкерімен Исан-дұрды келді. Садақа тарағансын Исан-дұрды Қосайға: «Ал, Қосайым, жанарың ашылды, енді сен теңім деп тауып жатсаң Оғылмеңілімді саған жар етіп қосам ба деп отырмын. Көңілің қаламай жатса оған да өкпелемеймін. Оғылмеңілімнен құтыла алмай отырғаным жоқ. Бұл баламның аты алты алашқа қазірде белгілі. Мыңдаған адамдарға ем жасап бейнеттен құтқарып отыр. Мен сенімен анттасып ақыреттік дос болғансын, енді кімге барып құда түсіп жүреді, жас ортадан ауған адамға дұрыс адам тап болса жақсы, өзіңді күте алмайтынға тап болсаң қорлық көресің деген оймен саған жаным ашығандықтан айтып отырмын»,- деді. Қосай Исан-дұрдыны құшақтай алды да: «Қайран ағам, қайран досым, саған айтуға бата алмай қайтерімді білмей отырғанда, мен үшін жүрек жарды әңгімеңді ақ тілеуіңізбен айтқанда есімнен танып қала жаздадым. Енді қалған өмірімде мен сенің жолыңда құрбан болуға даярмын. Оғылмеңілі мені қараңғы түнек зынданнан жарыққа шығарды. Сөйткен, көзіңнің қарашығындай балаңды маған сыйлап отырсың. Сені құдай сыйласын. Маған жасаған барлық жақсылығың Құдайдан қайтсын. Оғылмеңіліні маған шынымен сыйласаңыз мен оны өмірімнің аяғына дейін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп өтетініме өзіңнің алдың да, бір құдайдың алдында ант етемін» - деді.Келесі күні Оғылмеңілінің ұзатылу тойы мен Қосайдың үйлену тойы басталды. Исан-дұрды молланы шақырып Қосай мен Оғылмеңлінің некесін қидырды.Қосай Оғылмеңіліден алты балалы болады: Байбол, Тіней, Әйтей, Бегей, Бәли, Сүйіндік. Осылайша алты арыс Қосай тараған.Кейбір аңыз әңгімелерде «суға кеткен Қосай емес, Құдайкенің көші» деп те әңгімеленеді. Бірақ тарихи деректерде суға кеткен Қосайдың көші екені анықталды. Бұл туралы мұрағатсызда Қартбаев Андрейдің «Адай-Құдайке шежіресі» атты еңбегінің 42 бетіндегі әңгімелері мұрағаттағы ескі жазбаларға сәйкестенеді. Онда былай делініпті: «шежіреміздің бұл бөлімін қорыта түйіндегенде, Құдайкеден Тәзіке, Қосай туылғаны анық. Осы жерде «суға кеткен көш» жөніндегі өз пайымдауымызды да білдіре кеткен артық болмас. Біздіңше, «Суға кеткен көш» Қосай ауылының көші-ау, дегенге ден қоямыз. Оның себебі, Құдайке ауылы суға кеткен жағдайда Тәзіке де, Қосай да Келімбердінің балаларынан анағұрлым кейін туған болар еді, тіпті Келімбердінің немерелерінен де кіші шөберелерімен тұстас болар еді, оны Алқамның баяндауынан оқырмандардың өздері де пайымдай алады. Олай болғанда, Адай ұрпақтары арасында қалыптасқан Қосай ата ұрпақтарын «аға» деп құрметтеп, сыйласуы екіталай, ақылға сыйымсыздау көрінетіні сөзсіз. Ал, Адай ұрпақтары арасында санаға орнығып, қалыпты болып кеткен бұл үрдіс Қосайдың Келімберді балаларынан тек аға баласы болғандықтан ғана емес, жасы жөнінен де үлкен болуына байланысты - о, бастан қалыптасқан дегенге сендіреді. Екіншіден, бір әке, бір шешеден туған Тәзікеге «Түрікпенадай» лақабы таңылмай, тек Қосай ұрпақтарына таңылуына да Қосай көшінің суға кетуін айғақтайды деп білеміз. Егер, шынында да, Құдайке ауылының көші суға кеткен болса «Түрікпенадай» лақабы Тәзіке ұрпақтарына да таңылуы тиіс қой. Қосай мен тәзіке бірге туғанмен, Келімберді ұрпақтары сияқты Тәзіке ұрпақтары да қалыпты жағдайда өсіп-өнген, ал Қосай ұрпақтарының «Түрікпенадай» атануы қайғылы оқиғадан кейін Қосайдың түрікпен әйеліне үйленуіне, содан туған ұрпаққа ғана қатысты болған деп білеміз. Біздің ойымызша, Құдайке екінші рет үйленбеген, тек Қосайдың басынан өткен қайғылы жағдай айтушылар тілімен Құдайкенің атына таңылған...». Сонымен бірге, Қосай үлкен бе, Тәзіке үлкен бе деген сұраққа екі ұдай пікір туындайды. Құдайкенің көші суға кеткенде Тәзіке үлкен болады, ал Қосайдың көші суға кеткенде Қосай үлкен болады. Осыларды қорыта келгенде Қосай «Сегіз арыс Адай» ұрпақтары жөнінде әңгіменің бастауы Қосай ұрпақтарнан басталатыны айқын. Сонымен, Құдайкеден туған екі баланың үлкені Қосай, кішісі Тәзіке, суға кеткен көш Қосай ауылының көші деген өз пайымдауымызбен Құдайке атамыз жөніндегі әңгімемізді тәмәмдаймыз» – дейді Андрей Қартбаев. Қартбаевтың жазған бұл пікірі тарихи деректерге сәйкес келеді. Сонымен, Қосай батыр 1576 жылдың жазында Оғылмеңіліге үйленіп балалы болып, өзінің бейбітшілік өмірін бастайды. Бірақ Хақназар хан үнемі әскери кеңеске шақырып, Қазақ Ордасының қызметтері жөнінде тұрақты ақылдасып отырған.«Аңдысқан жау, алмай қоймайды» деген мақал тектен-текке айтылмаса керек. Баба сұлтан зұлымдығын асырады. Қазақ Ордасы мен достасып бірігіп бейбіт өмір сүрейік деп, кездесетін жерін белгілеп Хақназарға әдейі елші жібереді. Бірақ, Хақназар оған өзі бармай Жалым сұлтанды басшы етіп кездесем деген нысаналы жері Шарапханаға жібереді. Хақназардың елшілері шарапханаға барған жерде аңдып тұрған Баба сұлтанның қарақшылары қазақ елшілерінің бірін қалдырмай өлтіреді. Сол бойда Хақназар хан елшілерін күтіп алаңсыз жатқанда інісі Бұзақұр сұлтан бір топ адамымен Қазақ Ордасына келіп қонақ болады. Хақназардың жіберген елшілерін Баба сұлтан қарсы алып келіссөз жүргізіп қонақасы беріп сый-сияпаттап жатыр ертең келеді деген сөзіне Хақназар сеніп қалады. Таң қараңғысында Бұзахур сұлтан Хақназар жатқан ордаға басып кіріп, қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан Хақназарды бауыздап кетеді. «Бұл оқиға 1580 жылдың саратан айының 19 жұлдызында» деп көрсетеді Әль-Ибн-Бахури өзінің «Алғашқы қазақтардың бірігуі» атты еңбегінде (95-97 беттер).Хақназар ханның қапыда қаза тапқанын естіген Қосай, жерлесу рәсіміне қатынасып, қырық күндік садақасын өткізісіп келеді. Әл-Ибн-Бахури өзінің еңбегінде – «Хақназар ханды Қаракеңгір өзенінің бойына жерлеп алтындаған күмбез орнатып мазар салады. Кейіннен ол мазар белгісіз себептермен «Алаша хан мазары» - деп аталып кетті деп көрсетеді. Хақназар дүние салғаннан кейін Қосай да Қазақ Ордасының жұмысына араласуды мүлде тоқтатады.1580 жылдың қысында қар болмай, жазында жаңбыр болмай Шу, Қаратау бойлары қуаңшылыққа ұшырап, соның салдарынан Нұрата бағытына қарай көшкен елдермен бірге Қосай ауылыда қозғалады. Жұтқа ұшырап малдардан көп шығын болады. Әмудария бойының жерлері жаңбырлы болып малға жақсы қоныс болып Қосай ауылы да солай қарай ығысып келіп, соңында тұрақты сол аймақты жайлап қалады. Мұрағаттық деректерде Қосайды 1594 жылдың саратан айында қайтыс болған деп жазылған.Маңғыстаулық қарт ақын Өмірзақ Қалбаев ағамыздың «Қосай ата» атты шежіресінде Қосай атаның Бестөбе деген жерге жерленгенін, оның басына 1990 жылы Қосай ұрпақтарының күмбезді кесене орнатқанын жазған. Енді міне биыл Қосай батырдың 500 жылдығы тойлану қарсаңында Маңғыстау облысы әкімінің ұйымдастыруымен арнайы комиссия құрылып Қарақалпақ автономиялы Республикасына Қосай ата басына бір топ мамандар жіберіліп, Атаның 500 жылдығы мерекесі күніне орай мазарын жеңіл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп т.б. шараларды іске асырып келді. Сөз соңы.Хақназар өлгеннен кейін, хан тағына Шығай сұлтан отырады. Шығай Хақназардың Абдолла мен қарым-қатынасын бұзбайды. Одақтастық шартын жасайды. Осымен бірге Абдолламен тізе қосып, Баба сұлтанға қарсы соғыс ашады. Бабасұлтанмен соғыста қазақ қолының басында Шығай ханның ұлы Тәуекел болады. Антын бұзып, опасыздық жасап, аруақ аттаған Баба сұлтаннан Хақназардың кегін қайтаруға, тек кек қайтару емес барлық тұқым-жұрағатымен құртуды іске асыру жолында Тәуекел білек сыбана кіріседі. Тәуекел Баба сұлтанның көзін жою жолында Шайбан әулетінен тараған талай сұлтанның басын шабады. 1582 жылы Түркістан түбінде Баба-сұлтанның қалың қолын тас-талқан етіп жеңеді. Бірақ Баба сұлтан азғантай жасағымен қашып құтылады. Тәуекел өз әскерінің ішінен соғыс ісіне жетілген тәжірибелі сарбаздардан мың адамды бөлектеп алып, соңынан қуып шығады. Қосарланған атпен шыққан Тәуекел демалыссыз ізіне түсіп Ұлытаудың бергі жағындағы Кеңгір өзенінің бойында, Жошы ханның мазарының түбінде қуып жетіп, Баба сұлтанның қолын талқандайды. Баба сұлтан тағы да қашпақ болады. Бірақ Тәуекелдің атқан садағының оғынан көз жұмады. Қазіргі есеп бойынша 1582 жылдың 7 тамызында Тәуекел батыр Баба сұлтанның басын кесіп Абдолла ханға әкеліп береді. Азғантай уақыт таққа отырған Шығай сексен жасқа келгенсін биліктен бас тартады. Шығай хан биліктен кетіп дін жолына ауысады. Өзінің жеке иелігіндегі Ходжент қаласында құдайға құлшылық етумен барып көз жұмады. Күміскент қаласындағы Ғали-Ата әулиенің қасына жеке күмбезге жерленеді. Шығай хан биліктен кеткенсін 1583 жылы Қазақ ордасының тағына Тәуекел отырады. Тәуекел таққа мінген күннен бастап-ақ, Қазақ Ордасы өзінің ежелгі күш-қуатына қайта келеді. Атақты тарихшы Хафиз Таныш жас Тәуекелдің мінезін, көркін, ақыл-парасатын тамашалай келіп, оның жүзіктің көзінен өткізген мергендігін атап көрсетеді. «Бүкіл Дешті-Қыпшаққа даңқы шыққан Тәуекел сұлтан ерлігі жөнінен де, мәрттігі жөнінен де, қажыр-қайраты жөнінен де әлемде теңдесі жоқ, дара туған жан» - деп сипаттайды.Осы кезде Бұхар - Өзбек хандығы бұрынғыдан әрмен күшейген, қазақ жұртына тиесілі Түкістан, Сауран, Отырар, Сайрам, Ташкент сияқты ежелгі қалаларды тұтастай аймағымен өзіне қаратқан Абдолла хан бұл қалалардың барлығына өзінің Сұлтан, Бектерін отырғызады, халықтың мойынына ауыр салық салады. Онымен де тынбайды, қазақ саудагерлерінің керуен тартып сыр бойына келуіне тыйым салады. Сол кездегі Абдолланың билігіндегі Бұхар-өзбек хандығы қазіргі шекар алық бөлініс жүйесімен айтсақ, Иранның терістік шығысы, Ауғанстанды түгелге жуық, Пәкістанның біраз бөлігін және Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстанды тұтасымен қамтып отырған. Абдолланың күшейгені сондай, соғысқа бес жүз мыңдай әскер шығара алатын жағдайда болды.Тәуекел хан Бұхар хандығының ішкі-сыртқы саяси ахуалын да, әскери жағдайын да жете танып біледі. Абдолланың қол астына бұрын кіріп кетіп, қазір соның әділетсіз істеріне наразылық көрсетіп отырған Керей, Найман, Қоңырат, Қыпшақтар мен байланыс жасап Абдоллаға қарсы күреске шақырды. Қазақ әскерін толық дайындап шыңдайды.Осылайша келіп 1598 жылы Тәуекел хан тоқсан мың әскермен Бұхар хандығына келіп кіреді. Абдолла хан қазақтарға қарсы таңдаулы жүз мың әскерін шығарады. Соғыс наурыз айының бас кезінде Ташкент пен Самарқанд аралығында болады. Қазақ әскерлері қырық жыл бойы жаудан жеңілмеген - өзбек, түрікпен, тәжік, пуштондардан құралған Абдолланың даңқты әскерлерін талқандап тұрып жеңеді.Тарихшылар осы соғысты – «екінші Ақсақ темір аталған құдыретті Абдолла хан қаралы хабарды естіген бойда жүрегі жарылып өлді» - деп жазады.Қазақ халқының мұраты жолында басын байлаған Тәуекелдің көкейінде жалғыз-ақ мақсат тұрды, ол – ұлттың мерейі, халқының баянды болашағы еді.Тәуекелден кейін де бұл дүниеден бірнешелеген қазақ хандары өтті. Дүние жаратылып, тіршілік пайда болғалы, мына жатқан сырын ішіне жинаған даланы әрлі-берлі көшіп-қонумен жүрген ежелгі адамдар талай рет оңаша орда тігіп өз алдына ел болды. Талай рет басқыншылықтан тұқымы құрып кетуге аз-ақ қалды. Солай бола тұрса да еркіндікке ұмтылған асау арманын ешкім бұғалықтай алған жоқ.Енді міне заман озды. Дүние өзгерді. Өйткені, бұл арада екі әскер, екі қолбасы емес, екі құбылыс ұстасты. Тәй-тәй басқан тәуелсіздікке жалғанды жалпағынан басып қалған көкжал басқыншылық тап берді. Сол уақытта да жаны қысылған тәуелсіздікті аман алып қалған тағы да отанына деген патриоттық сезімнің күші болды.Бүгін міне егемендік алып, бас аяғымызды жинап, жан-жақты дамып келе жатырмыз. Саяси тұрақтылығымыз берік орнықты, ұлтаралық келісімге қол жеткіздік, татулық орнады, экономикалық өрлеу қарқынын дамытып, әлеуметтік жедел жаңару жолына түстік. Қазақстан деген мемлекеттің қазақ деген халықты қазір де әлем таниды. Алдағы он жылда Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу мемлекетінің қатарына қосыламыз деп отыр. Олай болса тәуелсіздікке жету мен оны қорғап қалудың амалы екі түрлі. Қазіргі тәуекеліміз – осы жолдағы жаппай жауапкершілігіміз. Бүгінгі батылдық – осы жолдағы жаппай табандылық.Сондықтан да, бүгінгі таңда тәуелсіздікті нығайтудың кепілі Елбасымыз өз жолдауында айтқандай «білек сыбана, жұмылудан басқа жолы жоқ». Мейірлі болайық ағайын! Мейір оңалса берекет, пейіл оңалса әділет өрге басар деген. Жаратқан тек ырысымыз көбейіп бірлігіміздің, ажары кіріп, тірлігіміздің оңға бастырсын деп тілейік!».Осы әңгімеленіп отырған ата-бабаның жолығар орны – жаннат, тірліктегі жамағаттың жолығар орны – жақсылық болғай!Осынау киелі Маңғыстауда қасиетті ата-бабалардың алдындағы қарызымызды түгендеу жолындағы азғантай болса да осы еңбегімді көкте бір Құдай, жерде аруақтар қолдағай!
Автор: 
Бектұр Төлеуғалиұлы
1110 reads
Шығармалары
Қазыналы жүрек
АДАЙ тарихы СЫР шертеді
Бас сардар
Балдағы алтын ақ болат
Біздің жастық шағымыз
Әр кезеңнің жүктер міндеті бар
Ұлылардың кездесуі
Зираттағы оттар
Оразаухан Ізбасарұлы туралы естелік
Құткелдінің оралуы
Ұлылардың рухтары ұлықталуда
Добавить спам ;-)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет