Санкцияланбаған жеке басын тінтуді жүргізу туралы Қаулы нұр-Сұлтан қаласы 2019жылғы 10 қазан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр»



бет1/8
Дата12.12.2022
өлшемі42.19 Kb.
#467059
  1   2   3   4   5   6   7   8
19 дайын


Санкцияланбаған жеке басын тінтуді жүргізу туралы
ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2019жылғы 10 қазан


Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Маратов Асет Маратұлы Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталған белгілерін СДТБТ-де тіркеуге шаралар қабылдап,



АНЫҚТАДЫ:

2019 жылғы 10 қазанда сағат 7 сағат 30 минутта Нұр-Сұлтан қаласы 92-орам ауданында, ботаникалық саябақта Звонок атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы, Абая көшесі, 15-үй мекенжайы бойынша тұратын 1997 жылғы 15 наурызда туған Масатов Арман Амреұлы анықталған. Масатов Арман Амреұлы анашаның ерекше өткір иісі шықты.


Қызметтік ит есірткі құралының иісін анықтауға тән қимыл-қозғалысымен иіске белгі берді.
Жағдайды түсіндіру үшін Масатов Арман Амреұлы барған кезде, ол өзінде бір сағат бұрын «Зелентрест» аялдамасы ауданынан Абая көшесінің бойындағы жолдың жүретін бөлігінде тауып алған анаша есірткі құралы салынған сіріңке қорабының бар екенін және оны жеке пайдалану үшін сақтап қойғанын мәлімдеді.
Радиобайланыс бойынша сағат «7 сағат 35 минутта» Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының ІІБ кезекші бөліміне жедел кезекші полиция майоры Мерекеев Асыл Асылбекович СДТБТ-де тіркеу үшін Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің табылғаны және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттігі туралы хабарланды.
1997 жылғы 15 наурызда туған Масатов Арман Амреұлы
іс үшін маңызы бар заттардың, атап айтқанда есірткі құралының болуы мүмкіндігін пайымдайтын жеткілікті деректердің болуын, сондай-ақ іздестiрiлiп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн екендігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 220, 252, 254. 255. 198-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:



  1. Тінту жүргізілетіннің денесінде немесе денесінің ішінде, оның киімінде және онымен бірге бар нәрселерде заттарды және құжаттарды табу мақсатында 1997 жылғы 15 наурызда туған Марсатов Арман Амреұлы санкцияланбаған жеке басын тінту жүргізілсін.

  2. Санкцияланбаған жеке тінтуді жүргізу туралы қаулыны және қылмыстық істің тінтуді кейінге қалдырмай жүргізу қажеттілігін растайтын материалдарының көшірмелері оның заңдылығын тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының сотына жолданады.

  3. Осы қаулының көшірмесі Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының прокурорына жолдансын.

4. Масатов Арман Амреұлы шешімге қарсылық білдіру тәртібі түсіндірілсін.
5. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет