КІРІСПЕ
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те айтады. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс - әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Бала жасының осы төрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшелік педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екеніне көзіміз жетті:
Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден, әсіресе оның психологиялық - педогогикалық дамуының басымдылығы.
Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс - әрекетінің жетекті рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педогогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден, педогогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысын баланың өсу, даму кезеңдерінде әртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік.
Жоғары сынып жасындағы балаларға сипаттама
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп - жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп - жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеру, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын крініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен -бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жас пен 16-17 жас аралықтар кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп аталады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, ал қыз балалар үшін 12-14 жас болса, жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20жас болып анықталады.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар арасындағы айырмашылытың болуына байланысты.Әлеуметтік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыпиасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік-жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттылықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологиялық та, әлеуметтік - мәдени де шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, олар жастық шақ аяқталған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды бідірмейді.
Он жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата - ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал он бес жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл он бес жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым - қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға дегн құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін - өзі тәбиелей алудың бастауы.
Осының барлығы жасөспірімнің жан дүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал он алты жасқа келгенде мінездегі тепе - теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне-өзі ие бола алмау қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты.
Физиологиялық бұл процесс шартты түрде үш фазаға бөлінеді:
пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі;
б) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады;
в) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио - биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік шаққа дейінгі кезеңге сәйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл - ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |