Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). 1651 ж. — “Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей). 1661ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги). 1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук). 1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди). 1674ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук). 1676ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук). 1677ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук). 1688ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей). 1727ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк). 1766ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс). 1753 ж. — организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К.Линней). 1754ж. — сутек ашылды (Г.Кавендиш). 1778ж. — өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж.Пристли). 1779 ж. — жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я.Ингенхауз). 1809 ж. — органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж.Б.Ламарк). 1814 ж. — арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г.Кирхгоф). 1823 ж. — бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т.Э.Найт). 1828 ж. — ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К.Бэр). 1831 ж. — клетка ядросы ашылды (Р.Броун). 1839 ж. — клетка теориясы қалыптасты (Т.Шванн, М.Шлейден, Р.Вирхов). 1841 ж. — клетка протоплазмасы анықталды (Я.Пуркине). 1845 ж. — алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы)синтезделді. 1853 ж. — сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф.Кебер). 1859 ж. — “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч.Дарвин). 1862 ж. — крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю.Сакс). 1862 ж. — орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И.Сеченов). 1864 ж. — биогенетикалық заң қалыптасты (Э.Геккель, Ф.Мюллер). 1865 ж. — тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г.Мендель). 1868 ж. — нуклеин қышқылдары ашылды (Ф.Мишер). 1871 ж. — протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н.Любавин). 1871 ж. — қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М.Манасеина). 1874 ж. — өсімдік клеткасының митозбен бөлінетіндігі анықталды (И.Д.Чистяков). 1875 ж. — тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігі дәлелденді (Э.Пфлюгер). 1878 ж. — жануарлар клеткасының митозбен бөлінетіндігі дәлелденді (В.Флемминг, П.И.Перемежко). 1880 ж. — витаминдер ашылды (Н.И.Лунин).
1882 ж. — туберкулез таяқшалары ашылды (Р.Кох). 1883 ж. — иммунитеттің биологиялық (фагоцитарлық) теориясы тұжырымдалды (Н.И.Мечников). 1892 ж. — вирустар ашылды (Д.И.Ивановский). 1898 ж. — алғаш рет мейоз сипатталды (В.И.Беляев). 1899 ж. — бактериофагтар ашылды (Н.Ф.Гамалей). 1900 ж. — тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет ашылуы. (К.Корренс, Э.Чермак, Г. де Фриз). 1900 — 1901ж.ж. — шартты рефлекс туралы ұғым қалыптасты (И.Павлов). 1901 ж. — адам қанының тобы анықталды (К.Ландштейнер). 1908 ж. — популяциядағы тұқым қуалау заңы ашылды (Г.Харди, В.Вайнберг). 1910 ж. — ашу мен тыныс алудың бір процесс екендігі дәлелденді (С.Костычев). 1910 ж. — филэмбриогенез — макроэволюция теориясы қалыптасты (А.Н.Северцев). 1911 ж. — ісік тудыратын вирустар (“Раус саркомасы”) ашылды (Ф.Роус). 1914 ж. — тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты (Т.Морган). 1920 ж. — нейросекреция ашылды (О.Леви). 1920 ж. — тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлардың заңы қалыптасты (Н.Вавилов). 1923 ж. — фотосинтездің тотығу-тотықсыздану реакциясы екені дәлелденді (Т.Тунберг). 1924 ж. — жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының теориясы қалыптасты (А.Опарин, Дж Холдеин, С.Фокс, С.Миллер, Г.Мемер). 1924 ж. — гормондардың көмірсулар метаболизміндегі қызметі анықталды (А.Усай). 1924 — 1926 ж.ж. — рентген сәлесі мен химиялық заттардың мутациялық процеске әсері анықталды (Г.Меллер, Г.Кадсон, Г.Филиппов). 1926 ж. — В.Вернадскийдің “Биосфера” деген еңбегі жарық көрді. 1929 ж. —табиғи пенициллин бөлінді (А.Флемминг). 1931 ж. — электрондық микроскоп жасалды (Е.Руска, М.Кнолль). 1937 ж. — органикалық қышқылдардың метаболизмдегі циклі ашылды (Г.Кребс, Ф.Липман). 1940 ж. — биогеоценоз теориясы қалыптасты (В.Сукачев). 1941 ж. — өсу факторы синтезін гендер реттейтіні дәлелденді (Д.Бидл, Э.Татум). 1941 ж. — фотосинтездегі оттектің көзі Н2О екендігі дәлелденді (М.Тейц, Э.Рубен, А.П.Виноградов). 1943 ж. — спонтандық мутацияның болатындығы дәлелденді (С.Лурия, М.Дельбрюк). 1944 ж. —ДНҚ-ның генетикалық рөлі дәлелденді (О.Эвери, С.Маклеод, М.Маккарти). 1945 ж. — ұлпалар мен мүшелерді трансплантациялау (тасымалдау) кезінде иммунологиялық қабылдамау дәлелденді (П.Медавар). 1946 ж. — бактериялардағы рекомбинация жүйесі ашылды (Д.Ледерберг, Э.Татум). 1948 ж. — кибернетикалық жүйе мен тірі организмдерді басқару принципінің ортақ екендігі негізделді (Н.Винер). 1952 ж. — өсімдіктердің ауыспалы генетикалық элементтеріашылды (В.Мак-Клинток). 1953 ж. — ДНҚ қос тізбегінің моделі жасалып, құрылымы анықталды (Дж.Уотсон, Ф.Крик). 1955 ж. — рибосома ашылды (Дж.Палладе). 1957 ж. — алғашқы протеин — инсулин химиялық жолмен синтезделді (Ф.Сэнгер). 1960 ж. — хлорофилл синтезделді (Р.Вудворд). 1960 ж. — дене клеткаларының гибридизациясы іске асырылды (Г.Барский). 1962 ж. — геннің белсенділігі арнаулы ген-оператормен реттелетіні анықталды (Ф.Жакоб, Ж.Моно). 1964 ж. — микроорганизмдердің қозғалмалы (транспоронда) генетикалық элементтері анықталды (Э.Кондо, С.Митсухаши).
1964 ж. — информосома ашылды (А.Спирин, М.А.Айтхожин, Г.Георгиев). 1968 ж. — генді химиялық синтездеу іске асырылды (Х.Корана). 1970 ж. — кері транскриптаза ферменті ашылды (Х.Темин, Д.Балтимор). 1972 ж. — алғашқы рекомбинантты ДНҚ алынып, гендік инженерия әдістері ашылды (П.Берг, С.Коэн, Д.Хелинский, Г.Бойар). 1975 ж. — қажетті антидене синтездейтін соматикалық гибридті клетка — гибридома алынды (Ц.Мильштейн, Г.Кехлер). 1977 ж. — ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің орналасу кезегін анықтау әдістері қалыптасты (А.Максам, У.Гильберг, Ф.Сэнгер). 1982 ж. — рекомбинантты ДНҚ молекуласының көмегімен организмді фенотиптік өзгерту мүмкін болды (Р.Полмитер, Р.Бринстер). 1985 ж. — ізашар РНҚ-ның артық жерлері бөлініп, протеинсинтездейтін ақпараты қалыптасатын модификация — сплайсинг құрылысы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |