Адам болмысы



бет1/4
Дата29.03.2024
өлшемі103.5 Kb.
#496926
  1   2   3   4
АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ


ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ.
АДАМ БОЛМЫСЫ
АДАМ ҰҒЫМЫ. АДАМНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ МӘСЕЛЕСІ. АДАМНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАБИҒАТЫ. АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘН – МАҒЫНАСЫ


Философияның өзекті мәселелерінің бірі - адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Ғарыш Әлемінің сан алуан кездейсоқтықтар тоғысы барысында тіршілік, саналы пенде өмірге келеді.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни - рухани пенде.
Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан Д.Франклин адамға «Homo Faber» - еңбек құралдарын пайдаланатын адам деген анықтама берді. Расында, тек адам ғана еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады. Уақытында Аристотель адамды «Zoon Politikon» - саяси жануар деген болатын. Бұл да - адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауым қоғамының ең қатаң жазалау түрі - остракизм, яғни адамды ру шеңберінен шығарып тастау болған.
И.Кант адамның ар-ұжданына таңырқай қарап, оған «Homo Morales» деген анықтама береді. Абай оны «нұрлы жүрек» десе, Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егер адамның ар-ұжданы болмаса, ол нағыз жантүршігер қарақшыға айналады. Адамның аса дәріптелетін құнды қасиеті - ар-ұжданы. Ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында, ол тәнін құрбан етуге дейін барады. Қазақта малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы деп бекет айтылмаса керек.
Австрия ғалымы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол адамның ар-ұжданы деп көрсетеді.
Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген...
Адамның дүниеге келу мәселесі
Адамның Дүниеге келу мәселесі - ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялық тұжырым адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде мойындайды. Христиан діні адамды, Құдай өз бейнесіне ұқсастырып жаратты деген тұжырым айтады. Осыдан санасы, рухы бар болғандықтан ол табиғаттың әміршісі болуы керек дейді.
Ислам діні Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанмен, оған табиғат әміршісі бол демей, осы фәниде басқа тіршіліктер арасынан өз орнын табуға шақырады.
Буддизм адамды тек қана рух ретінде түсініп, материалдық құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені рух - материядан жоғары.
Алайда, адамзат ғылыми деректерге сүйенген тұжырымдарды да талап етеді. Ғылыми деректерге негізделген тұжырымға жол ашқан ағылшын ғалымы Чарльз Спенсер Дарвин көне заманнан қалған адамға ұқсас маймылдардың сүйек құрылысын зерттеп, адамның маймыл тектес түрден эволюциялық даму нәтижесінде пайда болғаны туралы тұжырым жасайды. Дегенмен бұл пікірді дамыған теориялық қағидаға айналдырған Ф. Энгельс болды.
Энгельс адам мен қоғамның бір уақытта бір-бірімен байланысты түрде дүниеге келгенін тұжырымдады. Философиялық тілде оны антропосоциогенез деген ұғыммен береді. Оның мәні биологиялық қозғалыс формасының әлеуметтікке өтуінде.
Адамның пайда болуындағы шешуші нәрсе:
- еңбек құралдарын жасауы, оны пайдаланудың адамның санасы, дене құрылысының өзгеруіне соқтыруы;
- миының қалыптасуы;
- отты пайдалануы.
Антролологтардың пайымдауы бойынша, осыдан 40-50 мың жыл бұрын алғашқы тобыр руға айналады, әлеуметтілік орта дүниеге келеді. Осы уақыттан қазіргі адам толығынан қалыптасып (кроманьон адамы), оның жер бетіндегі тарихы басталады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет