«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет49/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Химиялық гемолиз – эритроциттің белок-май қабатын бұзушы агенттердің әсерінен болады (эфир, хлороформ, алкоголь, бензол, өт қышқылы, сапонин, т.б.).
Механикалық гемолиз – өте күшті механикалық күштің әсерінен, мысалы, пробиркадағы қанды қатты қозғағанда, сілкігенде болады.
Термикалық гемолиз – қатты суықтан немесе қатты ыстықтан (қатқанда, ерігенде) болады.
Биологиялық гемолиз – қан құю кезінде сәйкес келмеу, жаппай жаққанда, иммундық гемолизінің әсерінен, т.б.
Эритроциттің тұнбаға түсу жылдамдығы (ЭТТЖ). Қанға антикоагулянттарды қосқанда көп тұрған қанда эритроциттердің тұнбаға түсуін байқаймыз. Оны анықтау үшін қанды лимон қышқылды Na ерітіндісімен араластырып, мм бөліктері бар шыны түтікшеге құйып, бір сағаттан кейін жоғарғы мөлдір сұйық қабатын өлшеу керек. Эритроциттің тұнбаға түсу жылдамдығы ер адамдарда 3–9 мм/сағат, 7–12 мм/сағат, әйелдерде 2–15 мм/сағат. Оның ұзақтығы ағзада аурудың белгісі бар деген. Эритроциттің тұнбаға түсу мөлшерінің көрсеткіші плазманың қасиетіне, оның ішінде алғашқы кезекте олардағы ірі молекулалы белоктар – глобулинмен, әсіресе, фибриногенге байланысты.
Ауру асқынған кезде фибриногеннің концентрациясы жоғарылап, эритроциттің тұнбаға түсу жолы қалыпты жағдайдан жоғары болуы мүмкін. Екі қабат әйелдерде, әсіресе, босанар алдында фибриногеннің мөлшері қалыпты жағдайдан екі есе артып, тұнбаға түсу жылдамдығы сағатына 40-50 мм жетеді. Мүмкін ірі молекулалы белоктардың электр зарядтары ғана деп қан клеткасының электр итеруші күші оның тұнбаға жылдамырақ түсуіне мүмкіндік береді.


7.6. Лейкоциттер

Адам ағзасын әртүрлі микробтардан, вирустардан, ауру жұқтырушы қарапайымдардан, бөгде заттардан қорғап отырады. Былайша айтқанда, иммундік жүйені қамтамасыз етеді.


Иммунитет – бөгде заттардан қорғанудың әртүрлі әдісі, күресу жолдары бар. Микробқа қарсы, вирустарға қарсы, паразиттерге қарсы, ісік ауруларына қарсы, тканьдерді егуге, отырғызуға қарсы, т.б. Оларды іске асырудың екі жолы бар. Оның өзіне тән арнаулы механизмі (спецификалық) және өзіне тән емес (спецификалық емес) механизмі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет