Мақсаты: диагностикалық Көрсеткіші: асқазанның органикалық және функционалдық ауруларын анықтау Кері көрсеткіші



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі0.77 Mb.
#465507
  1   2   3   4
Асқазан стандарт


Стандарт № 15
ФГДС зерттеуге науқасты дайындау алгоритмі.
ФГДС – өңеш, асқазан, 12-елі ішектің эндоскопиялық зерттеуі
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: асқазанның органикалық және функционалдық ауруларын анықтау
Кері көрсеткіші:
-өңештің тарылуы
-өкпе және жүрек жетіспеушілігі
-қолқа аневр измасы
-миокард инфарктісі
-инсульт
-психикалық аурулар
-омыртқаның қисаюы
-төстік жемсау
-өңештің к/т кеңеюі


Жабдықтар:

  1. Эндоскоп

  2. Лидокаин ерітіндісі

  3. Ауыздық

Іс-әрекет алгоритмы:
1. Пациентке алдағы тексерудің мақсаты мен дайындау мағынасын түсіндіріңіз, ең соңғы тағам кешкі сағат 18 болуы тиіс.
2. Тексеріс алдында 30 мин. бұрын пациентке 1мл 0,1% атропин сульфат ерітіндісін т\а жіберіңіз.
3)3-5 мин. бұрын тексеріс алдында ауызын 1% дикаин немесе лидокаин, ксикаин, тримекаин ерітінділерінің біреуімен шайғызыңыз.
4)Тексерісті универсалдық операциялық столда жүргізеді. Пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз. Тексеріс барысында пациенттің жағдайын бағалап отырыңыз.
5)Тексерістен кейін 1 сағат тамақ, су ішуге тыйым салынады. Жұтқыншақтың ауырсыну жағдайында-3% натрий гидрокорбонат немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен шайғызыңыз.





Стандарт № 16
Ирригоскопия зерттеуге науқасты дайындау
Ирригоскопия – тоқ ішектің рентгенологиялық зерттеуі
Мақсаты: тоқ ішектің органикалық және функционалдық ауруларын анықтау
Көрсеткіштері: тоқ ішектің аурулары
Кері көрсеткіштері: асқазан ішектен қан кету
Жабдықтар: контрастық заттар.
Іс – әрекет алгоритімы:

  1. Науқасқа алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз;

  2. Тексеру алдында үш күн бұрын науқастың ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз ( қара нан, шикі сүт) т.б;

  3. 24 сағат бұрын тексеріс алдында науқасқа 30мл. кастор майын ішкізіңіз;

  4. Тексеріс алдында кещкі уақытта науқасқа екі жоғарғы тазалау клизмасын жасаңыз;

  5. Таңертең, тексеріс алдында 3 сағат бұрын науқасқа тағы да бір тазарту клизмасын жасаңыз;

  6. Науқасты тексеруге жіберіңіз;

  7. Тексеріс алдында рентгенологтың ұсынысымен Эсмарх кружкасы арқылы тоқ ішегіне контрастық затты ( Барий сульфат ) жіберіңіз. Тоқ ішектің кілегейін анық зерттеу үшін Барий қоспасына ( 1л суға 5-10 гр.) танинді ) қосыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет