9. Тыныштық күйде тыныс алу мен тыныс шығарғанда ауаның көлемі:
А) Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
В) Өкпенің жалпы сыйымдылығы
С) Тыныстық көлем
Д) Қалдық көлем
Е) Өлі кеңістік көлемі
10. Тыныс алу орталығы орналасқан:
А) Сопақша мида
В) Үлкен ми шарлары қыртысында
С) Мишықта
Д) Жұлында
Е) Гипоталамуста
11. Газ алмасуға қатысы жоқ тыныс алуға кеткен ауаның көлемі:
А) Альвеолдағы ауа;
В) Физиологиялық өлі кеңістік;
С) Тыныс алатын бронхиолды ауа;
D) Өкпенің тіршілік сиымдылығы;
Е) Өкпенің жалпы сиымдылығы.
12. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – бұл:
А) Терең дем алған соң, қатты дем шығарғанда шығатын ауа көлемі.
В) Жәй дем алғаннан кейін, демді жәй шығарғанда шығатын ауа көлемі.
С) Жәй дем алғанда өкпеде қалатын ауа көлемі.
Д) Жәй дем алған соң, қосымша демді ішке тартқанда кіретін ауа көлемі.
Е) Жәй дем шығарғаннан кейін қосымша шығарылатын ауа көлемі.
13. Қалыпты тыныс көлемі – бұл:
А) Жәй дем шығарған соң, қосымша шығаруға болатын ауа.
В) Жәй дем шығарған соң, жәй дем шығарғанда шығатын ауа.
С) Жәй дем шығарған соң өкпеде қалған ауа.
Д) Терең дем шығарған соң, өкпеде қалған ауа.
Е) Жәй дем алған соң, қосымша дем алғанда өкпеге кірген ауа.
14. Резервтік дем шығару ауасының көлемі – бұл:
А) Қатты дем алған соң, бар күшімен дем шығарғанда шығатын ауа.
В) Жәй дем алған соң, қатты дем шығарғандашығарылған ауа.
С) Жәй дем алып, жәй дем шығарғанда шығатын ауа.
Д) Жәй дем шығарған соң, бар күшімен дем шығарғанда қосымша шығарылатын ауа.
Е) Терең дем шығарғаннан кейін, жәй дем алғанда кіретін ауа.
15. Өкпенің тіршілік сиымдылығының мөлшері:
А) 1500-3500 мл.
В) 300-5500 мл.
С) 5500-7500 мл.
Д) 7500-9500 мл.
Е) 9500-11500 мл.
16. Тыныстың тоқталуын анықтайтын термин:
А) Апное.
В) Эйпное.
С) Гиперпное.
Д) Диспное.
Е) Тахипное.
Достарыңызбен бөлісу: |