Адам миының құрылысы және қызметі
Мазмұны:
1.
Кіріспе
3
2. Негізгі бөлім
4
2.1. Адам миының сипаттамасы
4
2.2 Ми бөлімдері
6
3. Қорытынды
9
4.
Пайдаланылған әдебиет
10
КІРІСПЕ
Ақыл-ойлы материаның ең жетілген өкілі-ми болып саналады. Ми ешқашанда
демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге
түссе де, ми жұмыс істеп жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту
жүйесін және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті, мидың
қызметі қызықтырмайтын ғалым жоқ. Академик П.Анохиннің өзі ол жөнінде
былайша ой толғайды: «Ми қызметінің мәнін түсіну – маған және менің көптеген
әріптестеріме өзге мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені,
адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастар,
шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың үміттері
мен болашағы ми
қызметіне және оның жетілуіне байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда,
адамның ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос жатқан
залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді»
Адам биологиялық тұрғыда сүтқоректілер класына жатады. Ашып айтсақ,
сүтқоректілер – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары
сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Ми көлемі үлкен
болғандықтан барлық
тіршілік процестері, органдардың құрылысы күрделі. Ми сыңарларының
сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады.
Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы
жетілген.
Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп. Сүтқоректілердің мінез-
құлығы да алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып,
сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды. Сыртқы
ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер
қалыптасады, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа
байланыстар пайда болады. Мысалы, сүтқоректілердің баласы дүниеге
келісімен
анасының сүтін қорек етеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын
азыпен қоректенуге бейімделеді. Егер жытрқыштың баласы болса-етпен, ал
өсімдікқоректі жануардың баласы- өсімдікпен қоректенудің әдісіне үйренеді.
Ми мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы
ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
3
(
тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына
байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып,
аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа
тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары
жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы
барысында ми қыртысы барған сайын барлық
төмен жатқан орталықтардың
қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты.
Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға
бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып
отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың
салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы,
дарындылығы деңгейлес екі
жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль
Франстың миының салмағы – 1017 г.
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы
шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да
кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты
емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға»
болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар
жүктемесі өседі де қысқа
өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала
түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына
елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.
Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан
айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың
бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып
жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, Иды
жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара
байланысы өткізгіш жолдар
арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары
дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау
өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
5