Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



бет1/11
Дата20.06.2022
өлшемі489.5 Kb.
#459355
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы


Бастауыш мектеп оқушысының жеке басын дамыту жолдарын қарастыру

МАЗМҰНЫ


МАЗМҰНЫ 2
КІРІСПЕ 3
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары 4
1.2 Дарынды оқушылардың бірден көзге түсетін ерекшеліктері: 5
- Өте белсенді; 5
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы 10
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ 20
Қорытынды 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 54



КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сыныпта оқушылар өз өмірін дұрыс ұйымдастырып, оқушылар өзара мұғалімдермен, ата-аналармен шынайы да, сыпайы ізгілікті қарым- қатынас орнатуға, кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
Білім мазмұнына деген жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік дағдыларды меңгерудің негізгі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді.
Қазақстан Республикасының орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алыңған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге тілдік қарым - қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, бала – бақшасының, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл үдерістің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы “Қазақстан - 2030” стратегиясында Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әр бір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау” – деп көрсетілген [1].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет