Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет регламенті



Дата26.02.2016
өлшемі57.75 Kb.
#27507





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 351 қаулысымен бекітілді


Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет регламенті



2. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің атауы “Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру”.

“Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызметі:

1) “Адамдарға жастар практикасына жолдама беруді”;

2) “Адамдарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беруді”;

3) “Адамдарға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді”;

4) “Жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді”;

5) “Адамдарға кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама беруді”;

6) “Адамдарға кәсіптік бағдарлауда тегін қызмет көрсетуді” қамтиды.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген “Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

4. Мемлекеттік қызмет “Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) ұсынылады, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118, телефоны 8(718-41) 21-8-28, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi және мерекелік күндері, электрондық пошта мекенжайы otdzan_akt@mail.ru, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көретудің нәтижесі мемлекеттік қызмет алушы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға қағаз жеткізгіште жолдама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Көрсетілетін “Адамдарға кәсіптік бағдарлауда тегін қызмет көрсету” мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға ол орналасуы

мүмкін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі туралы ауызша ақпарат беру (консультация беру) болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің шекті ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну тиіс.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16 тармағында көрсетілген жағдайда бас тартуы мүмкін.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар: тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау, құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - бірліктер) қатысады:

1) Уәкілетті органының маманы;

2) Уәкілетті органның бастығы;

13. Бірліктердің іс-әрекеттерінің реттілігі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

14. Бірліктердің іс-қимыл реттінің логикалық сұлбасы осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.



4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
15. Қазақстан Республикасының Заңдарымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапты болады.






2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 351 “Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет Регламентіне 1 қосымша


Құрылымдық-функционалдық бірліктердің әрекеттерінің сипаттамасы






Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жолы, жұмыс барысы)

1

№ әрекеті (жұмыс ағыны, барысы)

1

2

3

2

Бірліктердің атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның маманы

3

Әрекеттер атауы (функциялар, опера-циялар, рәсімі) және олардың сипатта-масы

Өтінішті қабылдау және тіркеу.

Жолдаманың жобасын немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты дайындау




Жолдамаға немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапқа қол қою

Журналда тіркеу

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдас-тырушы-өкімдік шешім)

Жолдама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап жобасы


Жолдама немесе бас тарту ебептерi көрсетiлген жауап

Жолдаманы немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан артық емес

10 минуттан артық емес

5 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 баған


3 баған









2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 351 “Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру” мемлекеттік қызмет Регламентіне 2 қосымша



Мемлекеттік қызметті ұсыну кестесі

Тұтынушы





Ауылдық округ әкімі

аппаратының маманы

Өтінішті қабылдау және тіркеу.

Жолдаманың жобасын немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты дайындау. Жолдама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап жобасы

(15 минуттан артық емес)



Ауылдық округ әкімі

аппаратының маманы

Журналда тіркеу. Жолдаманы немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

(5 минуттан артық емес)







Ауылдық округ әкімі

Жолдамаға немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапқа қол қою. Жолдама жобасын немесе бас тарту ебептерi көрсетiлген жауап



(10 минуттан артық емес)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет