Адамдық диханшысы



бет1/5
Дата26.03.2024
өлшемі25.61 Kb.
#496541
түріОқулық
  1   2   3   4   5
«Ахмет Байтұрсынов – тіл білімінің атасы»


«Ахмет Байтұрсынов – тіл білімінің атасы» 
Адамдық диханшысы
Жанын сала ұмтылды.
Болашақтың таңына
Қиялдап қана қойған жоқ.
Май тамызап, от берді.
Ой-сананың шамына.
Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмытылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.
«Қазағым, елім!»,-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.
Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.
Ақын арманы-«адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
Негізгі бөлім

  • Ахмет-Ыбырай ізбасары

Ахмет Байтұрсынов – қыры мен сыры мейлінше көп адам. Ол қоғам қайраткері, өз заманындағы саяси басшы, дарынды ғалым-түрколог, ол -әдебиетті. Ол Абайдың кесек тұлғасын алғаш таныған, оның әдеби мұрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол -әдіскер педагог.
Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу құралдарын жазып,ұстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол: «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек мектептерде»,-деп жазды. Ұлы ағртушы бастаған осы ойды, ұстазлық жұмыстарды дамыта жалғастырушы А. Байтұрсынұлы болды. Ол 1905 жылы педогогикалық учелицені бітірісімен Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,ұстаздықпен айналысты.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-деп балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың ізімен Ахмет те:
Балалар оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумағынан балаларды мектепке, оқуға шақырады.
Ахмет «Айқап» журналының 1912 жылы төртінші санында жарияланған мақаласында балалардың тез өсіп жетілуінің бір кілті- оларды ана тілінде оқыту, ол үшін ана тілінде оқу құралдарын жазу, оны жазу үшін қазіргі қолданылып жүрген жазуымызды (араб жазуы) өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру деп жазды және айтқандарын бірінші болып өзі орындап шықты. Араб Әліппесін қазақ Әліппесі етіп өзгертті Төмендегі сурет Ахмет «Әліппесінің» суреті.
Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық жүйелерін зерттеп, одан мектептерге арнап оқу құралдарын жазды. Бұл істердің қай-қайсылары болса да ана тілімізде жарық көрген тұңғыш туындылар болатын.
Ғалымның ғылыми -әдістемелік дидактикалық көзқарастары «Баяншы», «Тіл-құрал», «Әліппе астары», Әліпби сияқты оқулық, оқу-әдістемелік құралдарда да кең орын алған.
Ахмет 1926 жылы өзінің әйгілі «Әдебиет танытқыш» кітабыни бастырып шықты. Бұл кітапты біз Аристотелдің «Поэтикасымен» қатар қойып салыстыруымызға болады.
А. Байтұрсыновтың «әдебиет » еңбегінің ең басты бағалылығы-әдеби терминдерді қазақша қалыптастыруы.
Әдеби терминдердің басым көпшілігінің аудармасын ойлап тапқанда Ахмет Байтұрсынұлы; көріктеу, айшықтау, алмастыру, түйіндеу, т.б.
Осылардың бәрі М.Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі дейтін еңбегінде айқын көрсетілген.
Ахмет қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдрдің авторы екенін білгеніміз жөн.
Кеменгер ғалымның оқу-әдістемелік еңбектері, мектеп жұмысына қосымша ой-пікірлері осы күні де өз құнын жоя қойған жоқ.
Ыбырай мен Ахмет-»Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» алғашқы ұстаздар. Олардың халық үшін, өнер-білім үшін, тәуелсіз, мәдениетті ел ету үшін күрескен қажырлы еңбектерін халық ешқасан ұмытпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет