Адамзат аударма арқылы араласып құраласады



бет2/6
Дата10.09.2023
өлшемі60.66 Kb.
#477071
1   2   3   4   5   6
stud.kz-19704

Then it spread like a cloud(теңеу ұқсас емес заттарды балайды). The fish was silvery and still and floated with the waves.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын босатып, жаралы қолымен абайлап қана ұстады. Көзінің алдындағы тұман сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді. Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жатқан жері қызыл ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай карауытып көрінді, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында акырын ғана тербетіліп жатты.
Жоғарыдағы үзіндіде айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлемдер. Автор жай және құрмалас сөйлемдер арқылы өз шығармасында негізгі кейіпкердің халін суреттейді.
Мысалы, The old man felt faint and sick and he could not see well.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді,- деген сөйлемді аудару барысында, екі жай сөйлем, бір құрмалас сөйлемге айналып тұр. Бұл аудармашының ойды шебер, әсірелеу арқылы жеткізудегі ішкі жан-дүниесінен туындап тұр.
Көркем шығармада экспрессивті-эмоционалды лексика әртүрлі жолмен пайда болған. Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұр.Мысалы:бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш, одағай сөздерде жатыр десек көркем шығармада сылқ етті, күмп етті, жалт етті, пай-пай, апырай сиқты сөздер де қолданылып, шығармаға өң беріп тұр.
Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген төрт белгісі негізінен тұрақты сөз тіркестеріне тән. Фразеологизмдердің сипаты сол белгілер арқылы анықталады. Бірақ олардың нақты фразеологизмдерге қатысы бірдей дәрежеде бола бермейді. Әсіресе мағыналық тұтастық пен кұрылымдық тұрақтылық сияқты фразеологиялық белгілер фразеологизмдерді топтастыруда басты тірек болып табылады. Фразеологизмдерді топтастыру тәжірибесінен бұл жайт айкын байқалады. Фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы мен кұрлымының тұтастығына карап, фразеологизмдерді екі топқа бөлгенде фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес, бұлардың алғашқысын идиома, кейінгісін фраза деп атайды.
Фразеологиялық түйдекке фразеологизмдердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық мағыналарын мүлде жоғалтып, бір-бірімен өзара жымдасып, ажырамастай болып тұтасқан фразеологизмдерді жатқызады. Бұған мысал ретіңде қабырғаңмен кеңес, жүрек жалғады, қырғи қабақ болды, тонның ішкі бауындай сияқты фразеологизмдерді келтіруге болады. Мысалы, қырғиқабақ болды-"араздасты", "өкпеледі" деген фразеологиялық мағынасы "қырғи", "қабақ", "болды " сөздерінің тікелей лексикалық мағынасынан туып тұрған жоқ, сол үш сөздің тіркесіп, фразеологиялануынан (идиомалануынан) туып тұр. Егер осы сөздердің біреуін басқа сөзбен ауыстырсақ, онда "араздасты", "өкпеледі" дегенді білдіретін фразеологизмдік мағына шықпайды. Тонның ішкі бауындай фразеологизмінің "өте жақын", "өз адамыңдай" фразеологиялық мағынасы "тон", "ішкі", "бауындай " сөздерінің лексикалық мағыналарынан туып тұрған жоқ, осы үш сөздің біртұтас болып тіркесуінен шығып тұр.
Фразалық тіркеске құрамындағы сөздер негізгі (лексикалық) мағынасынан түгелдей емес; жарым-жартылай ғана айрықша, бірақ кұрамы берік фразеологизмдерді жатқызады. Оған мысал ретінде белін қынай буынды, ата жолын қуды, егіліп жылады, мидай дала сияқты фразеологизмдерді келтіруге болады. Бұл тізбектердің әркайсысындағы компоненттер өзінің негізгі мағынасынан айрылып калған жоқ, бастапқы тікелей мағынасын сақтап тұр.
Автордың түсіндіруінше, фразеологиялық түйдекке де, фразалық тіркеске де ортақ касиет — тиянақтылық. Олардың компоненттерінің орын тәртібі бекем болуы шарт. Сонымен бірге фразеологиялық түйдектер мен фразеологиялық тіркестердің колданылу үстінде бірін-бірі ауыстырып отыратынын, сол себепті кейде оларды ажыратып алудың қиындығын ескеру болып келеді.
Көркем шығарманы аудару кезінде синтаксистік құрылыстың ойды айтып немесе жазып жеткізуде айрықша маңызы зор. Әдетте аудармашының шығармасындағы сөйлемдердің қолдану тәсілдеріне қарай әр түрлі реңдері болады.Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібінің қалай орналасуының айрықша стильдік мәні.
Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны “мәртебелі ғылымның” назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді. Әр аударма, шынында, өзінше эксперимент. Кез келген туынды - автор қолымен дүниеге келген қайталанбас дүние. Ол жақсы болар, жаман болар, авторы дарынды болар, дарынсыз болар – бәрібір, бұрын мұндай шығарма жазылмаған, енді қайтадан дәл осындай шығарма жазылмайтыны тағы рас, демек, қайталанбас дүние. Аудармашы сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек. Көркем аударма ұғымының өзі өнердің барлық түрінің ішінен тек сөз өнеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін өнеріне, биге, музыкаға аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны да түсінбейтін тілде көріп, ұзын-ырғасын ұғып шығуға болады. Ал түсінбейтін тілдегі әдеби шығарма тек әріптер мен тыныс белгілер жиынтығы ғана. Оған жаңа өмір сыйлайтын адам – аудармашы. Бір тілде туған өнер гүлін басқа топыраққа алып келіп қондыра салуға болмайды. Жалпы, оны сол топырақтан суыруға болмайды. Көркем шығарманы аударашы, сол гүлдің дәнін алғандай абайлықпен, жаңа топырақта, жаңа гүл өсіріп шығаруы керек. Жаңа топырақ деген – жаңа тіл.
Көркем шығарманы аударудың ерекшелігі – уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді. Аудармашы көркем шығарманы сол тілде оқи алатын оқырман үшін жазады. Көркем шығарманы аударудың ерекшелігі аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, керемет биіктерге көтеріп жатса бір белес емес пе?! Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын-жазушы өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің тіл өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі көркем шығарма өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде кез келген көркем шығарманы аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда неше түрлі пікірлер бар. Солардың көбі көркем шығарма аудармасы әрі кетсе түпнұсқаға жақындай алады, тығыз жақындай алады, тіпті деңгейлес шығатындары да болады деген сан пікір айтылады.Бұған нақты мысалдарды ағылшын, қазақ басқа да елдердің әдебиетінен де келтіруге болады. Бұл арада негізгі мәселе – тәржімеші тұлғасы.
Көркем шығарманы аударудың ғажап қасиетін мынадан білуге болады. Адам ойы деген атқан оқтай түзу, төселген тақтайдай тегіс нәрсе емес. Бір ойдың өзі бір тілде қағазға түскенде бар қырын бірден аша салмайды, бәлкім, тіпті аша алмайды. Әлем әдебиетінің айналымына түскен туындылар сан түрлі тілдерге аударыла жүріп, мәтіннің қатпар-қалтарыстарындағы астар, емеуріндері табыла беруі де мүмкін. Тіпті бір ойдың төл тілдегі көмкерілген түрінен гөрі ағылшын тілдегі көмкерілген түрі сәттірек болып шығуы да ғажап емес. Олай болмаған күнде де әр аударма сайын қайта бағамдалудың өзі шығарманың бойына жасырылған жұмбақты шешуге, көркемдік кестелерін жаңаша жайып көрсетуге көмектесетіндігі анық. Көркем шығарманы аударушы аудармаларды оқу, салыстыру, зерттеу арқылы біз түпнұсқаның өз бойындағы қасиеттерге ерекше, тың көзбен қараймыз, жаңаша бағалаймыз, оның соңғы қырларын, бұрын байқамаған бояуларын ашамыз. Мәтінге қайта-қайта үңіле жүріп, түпнұсқаны оқыған тұстағыдан гөрі зеректік танытамыз. Сол әдебиет нұсқасы жасалған елдердің өкілдері де біздің жазушымыз қалай аударып жатыр екен өзі, деңгей-дәрежесі төмендемей жеткен бе деп салыстыру арқылы да туған әдебиетінің қазыналарына бұрынғыдан ерекше назар аударып қарай бастайды. Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайдың бірі – сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орыс тілі арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары – тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімеден тәржімелеуден атымен бас тартар болсақ, онда көп қазынадан құр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартса, орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Ол тілдегі ең ғажап аудармалардың көбі классикалық дүниелердің жолма-жол тәржімесі арқылы жасалған.Бірақ солай екен деп алдағы кезде де Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Әдебиетте көп нәрсе шартты болып келеді, өлшемдер өзгермелі бола тұра, талғам туралы талас жоқ десек те болады.Аударма өнердің бір түрі болғандықтан оған белгілі бір шек қойылмайды. Әйтсе де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем әдебиетіне көбірек ықпал жасады, оның адамзат өркениетіндегі алар орны қандай дегенде, алдымен айтылатын бір өлшем бар: ол – шығармаларының қанша тілге аударылғандығы. Тәржіменің саны талантқа ең әділ таразы бола бермейтіні рас. Әсіресе, қазіргі заманда өз шығармасын аудартуға алдымен пысықайлардың қолы жетеді. Сонда да бұл көрсеткішпен санаспау мүмкін емес. Әдебиеттің әйгілі шығармаларының шет тілдердегі таралымы түпнұсқа тіліндегісін кейде он орап кететіні көп жайды аңғарта алады.
Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны, әр аударма түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде болып тұр. М.Бахтин былай деген: “Өзге мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ, тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай болады”. Толыққанды ұлттық әдебиеттің толыққанды аударма әдебиетінсіз кемеліне келмейтіні сондықтан.
Курстық жұмыстың тақырыбын аша отырып, үндестік табиғатта да, ән-күйде де көрініс табады. Үндестік бар жерде үйлесім бар. Оның сыртында дарын үндестігі, рух үндестігі, адам жанының үндестігі, алуан тілдердің үйлесім тұтастығы бар.Ұлылар шығармашылығына жете үңілсек, ұлының ұлылығын тек қана ұлы адам ғана тани алады, бағалайды деген қорытындыға келеміз.Ол әсіресе әдебиет әлеміндегі ұлы тұлғаларға тән екені аңғару қиын емес.Аударма тарихын жалпы адамзаттық ауқымда қарастырады. Аудармаға идеологиялық әсер-ықпалға байланысты көптеген мысалдар келтіріледі. Аударма саясатының толығымен мемлекет қолында, идеологиялық мекемелердің билігінде болуы белгілі бір дәрежеде аударылатын шығармалардың аясын да тарылтқандығын атап айтқан жөн.
Тәржіме тарихын түзетін тұста қазақ аудармасының шежіресіне орай бірқатар тың тұжырымдарды ортаға салған. Аударма қазақ даласында ерте заманнан болған. Түркінің “тілмаш” деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың “толмачы” шыққан. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Бұларды аударманың балама түрлері, танымал шығарманы жаңа тілде жеткізудің жолдары ретінде қарастырған орынды.

ІІ Аударманың психолингвистикалық классификациясы
Психолингвистикалық негіздерден жоғары тұратын пәлсапалық рефлекстер арқылы тануға негізделген ерекшеліктер деп қарау тілшінің мүмкіндігін толығымен жүзеге асыруға көмектесетін логика-методологиялық рефлекстер арқылы пайымдауға сүйенетін заңдылықтар, яғни кез келген ізденушінің көзқарасын интра және экстратанымдық факторлардың әсерімен, нақты ғылыми дәстүрдің ықпалымен дамыта талдау ретінде қарастыру нәтижеге жетудің жолы. Аударманың психолингвистикалық классификациясын жоғарыда аталған екі ерекшелік те теориялық негізде қолданысқа енсе, жүйелеу міндетін де жан-жақты жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда дәйекті талдаулар өзара тығыз байланысқан екі кезең арқылы сұрыпталады. Нәтижесінде авторлық бейне мен оның идеялық тұлғасы келер ұрпақ санасында тиісті бағасын ала алады. Ендеше:

  • тұжырымды психологиялық тұрғыдан ұғып түсіну ;

  • оны логикалық амалдар негізінде талдап анықтау бағыттарының өз деңгейінде ұйымдастырылуы аса маңызды болғандықтан, лингвистикалық-психологиялық фактілер нақты ғылыми мәтіндермен айғақтала берілгені абзал, яғни тұжырымды дұрыс қабылдаудың өзегі ретінде мәтінмен тиянақты жұмыс істеу, оның идеялық мазмұнын түсіну нормалары басшылыққа алынады. Белгілі бір лингвистикалық тұжырымды түсінуді, оның ішкі идеялық мазмұнын ұғынуды мақсат еткен алғашқы кезеңде ең алдымен, мәтінмен жұмыстың жолға қойылуынан басталады. Оның ерекшелігі - автордың пікірлеріне саналы түрде баға беру, айтар ойына тереңірек үңілу, сол арқылы дәйектелген тұжырымға жол ашу.

Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының түпнұсқасын Нығмет Ғабдуллиннің аудармасымен салыстыру кезінде автор мен аудармашының арасындағы іштей байланыс, шығарманы психолингвистикалық аудару классификациясын көруге болады. Көркем шығарманың түпнұсқасы мен аудармасын салыстыратын болсақ, шығарманың өн бойында біріккен сөздердің шығармадағы оқиға желісін, кейіпкердің лингвопсихологиялық әсерін әсірелеуде, баяндауда біріккен сөздер, қос сөздер, сөз тіркестері, фразалық етістіктер көп және орынды алынған.

Көркем шығармадағы қос сөздердің қолданылу ерекшеліктері
1. The old man was thin and gaunt with deep wrinkles in the back of his neck. The brown blotches of the benevolent skin cancer the sun brings from its reflection on the tropic sea were on his cheeks. The blotches ran well down the sides of his face and his hands had the deep-creased scars (терең тыртық) from handling heavy fish on the cords. But none of these scars were fresh. They were as old as erosions in a fishless desert.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет