Тері микрофлорасы тұрақты. Оның құрамында стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар, споратүзгіш бактериялар, ашытқы тәрізді саңыраукұлактар болады. Олардың қоректік субстраттары май бездері мен тері бездерінің шығындалары, өлген жасушалар мен ыдырау өнімдері болады. Дені сау, таза теріге түскен микроағзалар әдетте тері бетінде тұракты тіршілік ететін микроағзалардың, түрлі бездердің шығындылары мен бактериялар әрекеті салдарынан өледі. Терінің ластануы патогенді микроағзалардың дамуына ықпалын тигізеді, сол себептен теріні таза ұстау өте маңызды.
Ауыз куысында микрофлораның көптеген түрі кездеседі. Тұрақты температура, ылғалдылық, қоректік заттардың болуы, сілекейдің сілтілі реакциясы микроағзалардың дамуы үшін қолайлы жағдай туындатады. Кокктардың, сүтқышқыл бактериялардың, дифтероидтардың, спирохет-тердің әртүрлі өкілдері басым болады: сонымен қатар ұршық тәрізді таяқшалар, актиномицеттер және ашытқы саңырауқұлақтар да кездеседі. Ауыз қуысының микроағзалары тіс жегісінің, стоматиттің, жұмсақ тіндердің қабынуына себеп болады. Қабынудың бастапқы кезендерінде стрептококк-тар, бактероидтар, актиномицеттер басым болады. Тіс жегісінің дамуына қарай, олардың қатарына шіріткі бактериялары: протей, клостридиялар және т.б. қосылады. Осы аурулардың алдын алу үшін ауыз қуысының тазылығы маңызды рөл атқарады.
Тыныс жолдарының микрофлорасы. Адам ағзасына тыныс алу барысында ауамен бірге микроағзалардың үлкен мөлшері түседі. Бірақ олардың көпшілігі мұрын қуысында ұсталып қалады немесе эпителий көмегімен сыртқа шығарылады. Мұрын - жұтқыншақта және аңқада әдетте стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар және басқа микроағ-залар кездеседі. Ағза әлсірегенде (жауырағанда, ашыққанда, жарақаттан-ғанда) жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрақты тіршілік ететін микроағзалар тыныс алу жолының төменгі бөліктерін зақымдап, түрлі ауруларды туындатуы мүмкін (бронхит, өкпе қабынуы).
Көздің шырышты қабатының микрофлорасы көз жасының құрамына кіретін лизоцимнің теріс әсерінен өте аз болады. Соған қарамастан конъюнк-тивте стафилококктар және дифтероидтар кездеседі.
Асқазан-ішек жолының микрофлорасы. Ас қорыту жолының микро-флорасы өзінің сандық және сапалық құрамы бойынша көп өкілді болып табылады. Мұнда микробтар ас қорыту жолында еркін мекендеп, шырышты қабықта биологиялық үлбір күйінде колония түзеді. Асқазан микрофлорасы лактобациллалар, ашытқылар, бірен-саран кокктар мен грам теріс бактерия-лардан тұрады. Бактерия концентрациясы 1 мл –де 103 төмен. Ішек микро-флорасына қарағанда мұнда асқазан сөлінің рН-ы қышқылды болғандықтан микроорганизмдер аз болады. Қалыпты жағдайда асқазан – патогенді микробтарды тежейтін өзіндік залалсыздандырушы камера (тұз қышқылы, пепсин ізашары -пепсиноген және т.б.). Асқазанның ойық жарасы, гастрит ауруларында Helicobacter туыстастығына жататын иілген пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық прцестердің ( гастрит, ойық жара, ісік) этиологиялық факторы болып табылады.
Ащы ішектің 1 мл –де 105 - 108 микроорганизмдер болады. Олар – бифидобактериялар, лактобактериялар, клостри-диялар, эубактериялар, энтерококтар, порфиромонадалар, превотеллалар және анаэробты коктар.
Тоқ ішек. Микроорганизмдердің көпшілігі тоқ ішекте жиналады. 1 грам нәжісте 1012 микроб жасушасы кездеседі. Барлық микробтардың 95%-ын анаэробты бактериялар құрайды. Тоқ ішек микрофлорасының негізгі өкілдеріне жатады: грам оң анаэробты таяқшалар (бифидобактериялар, лактобациллалар, эубактериялар), грам оң спора түзетін анаэробты таяқшалар (перфрингенс клостридиясы және т.б.), грам теріс анаэробты таяқшалар (ішек тақшалары және оған ұқасас Enterobacteriaceae тұқымдасының бактериялары- цитробактер, энтеробактер, клебсиеллалар, протей және т.б.), анаэробты грам оң коктар (пептострептококтар, пептококтар, Gemella morbillorum ). Эпителиде спирохеталар жақсы өседі. Аз мөлшерде фузобактериялар, порфиолеонадалар, превотеллалар, пропиони-бактериялар, вейлонеллалар, стафилококтар, көкірің таяқшасы және Candida туыстастығының ашытқы тәріздес саңырауқұлақтары кездеседі
Бүйректер, несепағарлар, қуық, жатыр, простата әдетте стерильді. Сыртқы жыныс жүйелерінің (гениталий) микрофлорасына эпидермалді стафилококтар, коринеформды бактериялар, көгерткіш стрептококтар, сапрофитті микобактериялар (Myc. smegmatis), кандида, энтеробакте-риялар жатады. Алдыңғы уретраның шырышты қабығында екі жыныста да қалыпты жағдайда стафилококтар, патогенсіз нейссериялар, коринеформды бактериялар, сапрофитті трепонемалар және т.б. кездеседі.
Қынаптың қалыпты микрофлорасын - лактобактериялар, бифидобак-териялар, бактериодтар, пропионибактериялар, превотеллалар, пептос-трептококтар, коринеформды бактериялар және т.б. құрайды. Анаэробтар басымырақ болады: анаэробтар мен аэробтардың қатынасы 10:1. Репродуктивті кезеңде грам оң бактерия басым болса, менопауза кезеңінде ол грам теріс бактериялармен алмасады. Денісау әйелдердің 5-60 %-ында-Gardnerella vaginalis; 15-30%-ында - Mycoplasma hominis; 5%-ында - Mobiluncus туыстастығының бактериялар табылады. Микрофлора құрамы менструалды цикл, жүктілік және т.б. көптеген факторға байланысты болады
Адамның қалыпты микрофлорасы - оның денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Түрлі мүшелерде және ағзаның жүейлеріндегі микробты биоценоздардың бұзылуы патологиялық үрдістердің дамуын, ағзаның қорғаныс күштерінің әлсіреуіне әкеледі. Мұндай микрофлораның қалыпты функцияларын атқара алмайтын жағдайы дисбактериоз және дисбиоз деп аталады.
Дисбактериоз кезінде, қалыпты микрофлораның құрамына кіретін бактериялардың тұрақты сандық және сапалық өзгерістері болады. Дисбиоз кезінде микроорганизмнің басқа топтарының арасында да өзгерістер болады (вирустар,саңырауқұлақтар және т. б.). Дисбиоз және дисбактериоз эндогенді инфекцияларға әкелуі мүмкін. Дисбиоздарды этиологиясы бойынша (саңырауқұлақты, стафилакокты, протейлі және т.б). және орналасқан жеріне (ауыз, ішек, қынап т.б. дисбиоздары) байланысты жіктейді. Қалыпты микрофлораның қызметі мен құрамының өзгеруі әртүрлі бұзылыстармен (жұқпа, диарея, іш қату, мальабсорбция синдромы, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісік, аллергия, зәртас ауруы, гипо және гиперхолестеринемия, гипо және гипертензия, тіс жегі, артрит, бауыр зақымдалуы және т.б. дамуымен) қатар жүреді.
1871 жылы орыс ғалымы В.А.Манассеин зең саңырауқұлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А.Г.Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнін-де көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер белгілі болды. Оларға:
Достарыңызбен бөлісу: |