ДӘРІС № 4
НЕГІЗГІ АНАЛЫҚ ТАҚШАДА ОРНАЛАСҚАН ЖҮЙЕЛЕР
Жоспар
-
Аналық тақша және онда орналасқан жүйелер
-
Аналық тақша көлемі
-
Аналық тақшаны орнату
МАҚСАТЫ:
-
Оқушыларға негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер туралы толық мағлұматтар беру.
-
Негізгі аналақ тақшаның көлемі мен оны орнату ережелерімен таныстыру.
1. АНАЛЫҚ ТАҚША ЖӘНЕ ОНДА ОРНАЛАСҚАН ЖҮЙЕЛЕР
Жүйелік блокқа аналық тақша, қоректену блогі, дискжетектер, қосымша құрылғылар және кенейту тақшалары мен бақылаушылары, ішкі құрылыс адаптерлері орнатылған.
Аналық тақшада:
-
Микропроцессор
-
Математикалық бірлескен процессор
-
Блоктар (кішігірім схемалар), тұрақты жады және кэш жады
-
Таймер
-
Еңгізу-шығару порттарының бақылаушысы
Микропроцессор – Дербес компьютердің орталық блогы, ол барлық машина блогының жұмыс жасауын және ақпараттың арифметикалық және логикалық операцияларының орындалуын басқарады.
Микропроцессордың ішіне кіреді:
1. Басқару құрылғысы - барлық машина блоктарына қажетті уақытта басқару сигналдарын жеткізіп отырады.
2. Арифметика-логикалық құрылғысы - сандық және символдық ақпараттардың барлық арифметикалық және логикалық операцияларын орындап отырады.
3. Микропроцессорлық жад – қысқа уақытты ақпараттарға арналған.
4. Микропроцессордын интерфейстік жүйесі – басқа ДК құрылғыларымен байланыстырады
Жүйелік сым - компьютердың интерфейс жүйесінің негізі, ол деректер кодының сымынан, ережелер кодының сымынан және қоректену сымынан тұрады.
Қазіргі компьютерлерде екі түрлі сым болады:
ISA- сымы жылдамдығы баяу құрылғыларды қосу үшін қолданылады (пернетақта, жүгірткі, дискжетектер, модем)
PCI- сымы жоғары жылдамдықтағы құрылғыларды қосу үшін қолданылады (винчестер, бейне бақылаушы)
Таймер – ішкі машиналық электронды сағат. Ол жылды, айды, сағат уақытын, минутты, секундты автоматты түрде қазіргі уақытпен сәйкестендіріп өзгертіп отырады.
Еңгізу-шығару порттарының бақылаушысы - көбінесе аналық тақшада орналасады. Бақылаушы порттарына кабель арқылы принтер, модем т.б. қосылады.
2. АНАЛЫҚ ТАҚША КӨЛЕМІ
Аналық тақшада компьютерде сіздің тапсырмаңызды орындауға қажетті барлық микросхемалар мен электроникалардың үлкен көлемі бар. Аналық тақшаның үстінде процессорды бекітуге арналған төртбұрышты ұялар бар және тақша жады бекітілетін бірқатар слоттар орналасқан.
Қазіргі уақытта аналық тақшаның келесі үш түрлі көлемінің біреуін шығарады: Baby Т, AT и АТХ (көлемінің үлғаюына қарай).
1-сурет. Pentium класының Socket 7 типті аналық тақшасы
Бірінші аналық тақшаны сатып алу керек содан соң оған сәйкес келетін корпусты таңдау оңай болады. Мысалы, АТХ типінің аналық тақшасы АТХ- корпусын және АТХ қоректену блогына сәйкес келеді, бірақ AT көлемді тақша АТХ корпусына сәйкес келмейді. Көптеген Pentium II және III аналық тақшаларын тек АТХ корпусында орналастыруға болады.
Қандай аналық тақшаны таңдау керек?
Үлкен көлемді кэш-жадын таңдаңыз. Барлық Pentium - класының аналық тақшасы кэш - жады деп аталатын ерекшелігі бар (cache memory). Негізінде кэш – жады бұл процессор өңдейтін мәліметтерді «күту бөлмесі». Кэш үлкен болған сайын ол жақсы жұмыс істейді. Socket 7 типінің процессоры қолданатын көптеген аналық тақша 256 Кбайт кэш – жады көлемімен шығарылады.
Тізілген бақылаушыларға қараңыз. Тәжірибелі қолданушылар Pentium-класының стандартты аналық тақшасында тізілген EIDE-бақылаушы, UltraDMA-бақылаушы немесе SCSI-бақылаушысын қолданады, олар компьютердің жылдам әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне көмектеседі. Тізілген бақылаушысы бар аналақ тақшаға дискі жинақтауышында немесе иілгіш дискінде басқа басқарушы керек емес.
Тізілген порттарды қарау. Тізілген бақылаушыларға тізілген бірізді және паралельді порттар адаптер слоттарын тиімді қолдануға көмектеседі. Кейбір аналық тақшаларда тізілген видеоплаталарда бар. Егер сіздің аналық тақшаңыз тізілген бақылаушы мен тізілген порттардан тұрса онда келесі жағдайларға қараңыз. Біріншіден, бақылаушы төрт IDE-құралымен байланыста болуы керек. Екіншіден, тізілген бірізді порттар соңғы жылдам моделімен қосуы үшін 16550 UART чиптарын қолдану керек, ал паралельді порттар ЕСР/ЕРР типінде болуы керек.
Сіздің аналық тақшаңызда екі PCI-слотты болуы керек. Әрбір аналық тақшада чиптер жиынтығы болуы керек, оны BIOS (Basic Input-Output System — енгізу-шығару жүйесі) деп атайды. BIOS әртүрлі типтегі енгізулерді басқарады. Мысалы, ВIOS қатты және иілгіш дискіндегі қандай жинақтауыштарды қолдануыңызға болады, міліметтер жадыға қалай жазылады және оқылады, пернетақтаны басқанда қандай жағдайлар орындалады. Көптеген компьютерлерде Intel, Award, Phoenix немесе AMI типіндегі BIOS қолданылады.
Жады. Барлық аналық тақшаларда өздері басқара алатын максималды шектеулі жады көлемі бар. Сізге 256 немесе 512 Мбайт жады бар аналық тақшаны қолдануыңызға болады.
3. АНАЛЫҚ ТАҚШАНЫ ОРНАТУ
Орнату үшін:
1. Стол үстін газетпен жабыңыз және оған ашық корпусты қойыңыз.
Сізге аналық тақша бекітілетін пласмассалық тұрақтар және винттарға арналған тесіктері анық көрінуі керек. Компьютерді сатып алғанда беретін ережені оқып шығыңыз.
2. Анылық тақшаны шетінен ұстап тұрып оны корпустың ішіне қойыңыз және орнын түзулеңіз.
Барлық электрлік компоненттер (процессор ұясы, жады ұясы және құрылғылар слоты) монтажды тақшаның жоғарғы бөлігінде орналасуы керек; тақшаның төменгі бөлігінде ешқандай компонент болмауы керек. Тақшаны дұрыстап қою үшін қақпақтағы құрылғыларға арналған слоттар корпустың соңғы бөлігінде орналасқан бөлігімен сәйкес болуы керек. Ол 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Аналық тақшаны корпус қақпағында орналасқан слоттармен сәйкестендіре орнату
3. Корпус қақпағы мен аналық тақшаның тесіктері сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Көптеген корпустарда тақшаны бекіту үшін екі немесе үш винттарды қоланады, ал қалған жерлері басқарылатын пласмассалы құралдармен бекітіледі.
4. Корпустан аналық тақшаны алыңыз тесіктерге (аналық тақшадағы) сәйкес болатын басқарылатын пласмассалық құралдарды қойыңыз.
3-суретте тақшаның төменгі жағынан тесіктерге басқарылатын құралдарды бекіту көрсетілген, шерткенде басқару құралдары өз орнында нық тұруы керек.
3-сурет. Аналық тақшаның төменгі жағынан басқару құралын қою
5. Аналық тақшаны шетінен көтеріңіз және оны корпустағы орнына қозғалтыңыз, осы жерде барлық пласмассалық басқару құралдарының дұрыс қозғалғанын бақылаңыз.
Қозғалтқан кезде корпустың қақпағымен тетіктердің дұрыс түсуін қадағалаңыз.
6. Тақшаны тіркеуге болады. Бірақ винттерді қатты бұрамаңыз өйткені тақша сынып кетеуі мүмкін.
Ең қиын кезең аяқталды, бірақ процесс әлі аяқталған жоқ. Енді электр қоректену блогына қосу керек.
Аналық тақшаға қоректену блогын қосу.
4-сурет. Аналық тақшаның қоректену кабельімен қосу дұрыстығы
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.
-
Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары қандай?
-
Аналық тақшада қандай жүйелер орналасқан?
-
Микропроцессор дегеніміз не?
-
Аналық тақшаны орнату ережелері қандай?
-
Аналық тақшаны қалай таңдай керек?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
-
В.Э. Фигурнов «IBM PS қолданушыға» 22-36 беттер
-
Балапанов «Информатикадан 30 сабақ» 26-36 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |