Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары мен 2016 жылға міндеттері туралы аудан әкімі Ж.Тажиевтің аудан тұрғындары алдында жасайтын есепті баяндамасы.
Қадірменді көпшілік!
Райымбек ауданының халқы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын терең түсініп, қызу қолдады.
Президенттің биылғы халыққа арнаған Жолдауы жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағидамен елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі бай да қуатты ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолында еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырады.
Аудандағы 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2016 жылы қолға алынатын жұмыстар жәйлі салалар бойынша тоқталайын.
Өнеркәсіп
Ауданда өнеркәсіп саласында 2015 жылы 13 млрд. 764 млн теңгенің өнімі өндірілді (2014 жылы 9 млрд 440 млн. теңге) орындалуы 139 пайызды құрады. Оның ішінде;
- 709,0 млн. теңгеге кен өндірілді (2014 жылы 95,4 млн. теңге), орындалуы 7 - есе;
- Өңдеу өнеркәсібінде (үй шаруашылығындағы өңдеу өнеркәсібі) 5 млрд 402 млн. теңгенің өнімі өндірілді, ( 2014 жылы 5 млрд 79 млн. теңге). орындалуы 106,0 пайыз;
- 7 млрд. 625 млн теңгеге электр энергиясы өндірілді (2014 жылы 4 млрд. 238 млн. теңге), орындалуы 180,0 пайыз;
- 28,0 млн. теңгеге жерасты суы өндіріліп, (2014 жылы 27,8 млн. теңге). орындалуы 100,0 пайыз болды.
2016 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 11 млрд 588 млн теңге мөлшерінде болады.
Бюджет
Аудан бойынша салық түсімдерінің 2015 жылға болжамы 1209 млн. теңге болса, ол 1422,7 теңгеге орындалып 117,6 пайызды құрады.
Республикалық бюджеттің болжамы 402,1 млн теңге болса, ол 478,4 млн теңгеге орындалып 119,0 пайызды құрады.
Облыстық бюджеттің болжамы 593,1 млн теңге болса, ол 706,0 млн теңгеге орындалып 119,0 пайызды құрады.
Аудандық бюджеттің болжамы 213,8 млн теңге болса, ол 238,3 млн теңгеге орындалып 111,4 пайызды құрады.
Оның 2014 жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны 101 пайызды құрады.
2015 жылы аудан бюджетінің шығысы жағының жоспары 6239,1 млн. теңге болса, ол 6232,3 млн. теңгеге игеріліп, орындалуы 99,9 пайыз болды.
Инвестиция
Ауданға 4 млрд.697 млн. теңгеге инвестиция тартылды. (2014 жылы 3 млдрд 349 млн. теңге). Инвестиция тарту 140 пайызға орындалды.
Оның ішінде:
- Республикалық бюджеттен – 30,0 млн.теңге;
-Жергілікті бюджеттен – 847,0 млн. тенге ;
-Мекемелер мен тұрғындар қаржысы есебінен – 2581,0 млн. теңге;
- Банк несиесі – 1239,0 млн теңге.
2016 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту 4 млрд 248 млн теңге болып белгіленді.
Ауылшаруашылығы
2015 жылы 28 млрд 114 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, (2014 ж. 25 млрд. 628 млн теңге). Оны 2014 жылғы көлеммен салыстырғанда өсу қарқыны 109 пайзды құрады.
2015 жылға ауылшаруашылық жер көлемі 82496 га, оның ішінде суармалы егістік 32177 га. Кәзіргі уақытта пайдаланып отырған егістік жердің көлемі 65252 га, оның ішінде дәнді дақыл 16313 га,(5250 га күздік бидай, 250 га қара бидай, 1700 га жаздық бидай, 9023 га арпа, 90 га сұлы), картоп 7760 га, көкөніс 531 га, көпжылдық шөп 40648 га.
Себілген 16313 га күздік және жаздық дәнді дақылдан (гектарына 18,4 центнерден), 30201 тонна өнім алынды. (2014 жылы 16313 га дәнді дақылдан, 16313 тонна 10,0 центнер). Оның ішінде; 5250 га күздік бидайдан (гектарына 20,1 центнерден) 11499 тонна, 1700 га жаздық бидайдан ( гектарына 13,5 центнерден), 2301 тонна, 250 га қара бидайдан (гектарына 5 центнерден), 123 тонна, 9023 га арпадан (гектарына 18 центнерден), 16254 тонна, 90 га сұлыдан (гектарына 2,6 центнерден), 24 тонна, өнім алынды.
Отырғызылған 7760 га картоптан 143404 тонна, (гектарына 184,8 центнер), 531 га көкөністен 13301 тонна, ( гектарына 250 центнер) өнім жиналды.
274400 тонна мал азығы дайындалып мал қораларына жеткізілді.
Ауданда егістік жерлерді тиімді пайдалану, басым дақылдар картоптың көлемін ұлғайтып, жаңа технологиялар арқылы өнімділікті арттыру мақсатында «Қарқара өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі голландиялық және германиялық элиталы сұрыптағы тауарлық және тұқымдық картопты сонымен қатар бидай, арпа, эспарцет және житняк дақылдарын өсіру үшін, заманауи техникамен жұмыс істеуде.
Мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілген 1062 тонна жанар – жағар май көктемгі және кұзгі дала жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
892 мың теңгеге минералды тыңайтқышқа субсидия алынып, егіс алқаптарына шашылды.
Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін субсидиялауға бөлінген 39,7 млн теңге қаражат толығымен игерілді. Олар: «Қарқара өнімдері» ЖШС-і, «Айгайтас» ЖШС- і, және 65 шаруа қожалықтарына берілді.
Ауданда картоп өсірумен айналысатын 5 картоп тұқым шаруашылығы бар, олар 1-2-3 репродукциялы картоп тұқымын өсірумен айналысады.
Шаруа қожалықтары «Казагрофинанс» арқылы 7,4 млн теңгеге, өз қаражаттары есебінен 15,8 млн теңгеге барлығы 23,2 млн теңгеге ауылшаруашылық техникалары мен тіркемелерін сатып алды. Олар: Қарқара ауылдық округінен «Бұркіт» ШҚ – ы Дузбаев Қанат 1- дана МТЗ -82-1 тракторын, Тегістік ауылдық округінен « Олжас» ШҚ –ы Қанапияев Тілеулес 1дана МТЗ -82,1 тракторын, Шырғанақ ауылдық округінен «Саниязов» ШҚ-ы, Саниязов Серік 1 дана МТЗ – 82-1 тракторын, Кеген ауылдық округінен «Ұларлы» ШҚ- ы, Суатаев Жумаш 1 дана МТЗ-82-1 тракторын, Жалаңаш ауылдық округінен «Сенім» ШҚ –ы Ермегияев Әмет 1дана ПР-145 тіркемесін, Қарасаз ауылдық округінен «Елдар» ШҚ –ы, Қуанышбаев Бердібек 1 дана ПР-145 тіркемесін, Текес ауылдық округі «Самғат» ШҚ –ы, Сатылғанов Ерсай 1дана МТЗ -82-1 тракторын, 1 дана соқа, 1дана КДС -4 шөп шапқышы .
Мал басынан: Ірі қара -104000 бас (2014 ж. 103400 бас), жылқы -59000 бас (2014 ж. 58800 бас), қой-ешкі- 424000 басқа жетті (2014 ж.423800 бас).
Мал мен құс етін өндіру тірі салмақта 28000 тонна (2014 ж. 26700 тонна), сүттен 35000 тонна (2014 ж. 34900 тонна) өндірілді.
Әр 100 аналық қой-ешкіден 102-ден қозы, ірі қарадан 92- ден бұзау, жылқыдан 86-дан құлын алынды.
Ауданда мал тұқымын асылдандырумен айналысатын шаруашылықтардың саны 12.Оның ішінде қойдан -6, Ірі қарадан -4, жылқыдан -2.
2014-2015 жылдар аралығында 199 бас асыл тұқымды етті бағытындағы бұқалар сатып алынды. 23 қолдан ұрықтандыратын пункт жұмыс істейді, жоспарлаңған 10345 бас аналықтың 10345 басы қолдан ұрықтандырылды.
«Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы бойынша 72 шаруа қожалықтардың 4510 аналық басы, асыл тұқымды бұқалармен шағылыстырылуда.
Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында асылдандыру жұмысымен айналысқан 48 шаруа қожалықтары 71,1 млн теңге субсидия алды. 24 –і шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа сатып алғаны үшін 41,1 млн теңге, 22-і шаруа қожалықтары биязы жүн өндіргеніне 14,2 млн теңге , барлығы 126,4 млн теңге субсидия алынды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жылысай ауылдық округінен « Секембек» ШҚ –ы -80 бас, Алғабас ауылдық округінен «Евразия Даулет» ЖСШ –і – 243 бас, Қайнар ауылдық округінен « Салтанат» ШҚ –ы – 150 бас барлығы 473 бас ірі қара малын сатып алды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Нарынқол ауылдық округінен «Жұлдыз» ШҚ –ы -200 бас, Қарабұлақ ауылдық округінен «Ерік» ШҚ –ы – 200 бас, барлығы 400 бас қой малын сатып алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша Тегістік ауылдық округінен «Мирас» ШҚ –ы -45 бас, Қарқара ауылдық округінен «Назира» ШҚ –ы -45 бас, Тасашы ауылдық округінен «Саят» ШҚ –ы -45 бас, барлығы 135 бас жылқы сатып алынды.
«Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша Бөлексаз ауылынан 3000 бас ірі қара малын бордақылауға арналған кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ол 2016 жылы іске қосылады – деп күтілуде. «Meat Pzocessin and Service »ЖШС- не Алматы облыстық өңірлік даму бағдарламасы арқылы 1300 га жайылымдық, 1980 га егістік барлығы 3280 га жер учаскілері берілді.
Білім
Ауданда 54 мектеп 2 оқу – өндірістік комбинаты, 3 өнер мектебі, 6 мемлекеттік, 2 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптарда 719 сынып комлектісінде 11937 оқушы білім алады. (2014 жылы 737 сынып комплектісі 12142 окушы, 205 оқушыға азайды). Даярлық сыныптарында 73 сынып комлектісінде-1229 оқушы білім алады. (2014 жылы 73 сынып комплектісі, 1315 бала)
38 орта мектептен 646 оқушы мектеп бітіріп, 446-сы ҰБТ-ға қатысып, қатысуы 69,3 пайызды құрады.
Аудан бойынша ортақ 76,7 балл болып, өткен жылмен салыстырғанда 11,6 баллға өсті. (2014 жылы-65,1 балл).
Халықаралық олимпиада жүлдегерлері А.А.Барманбекұлы атындағы орта мектептің бітірушісі Арыстан Қуанышкүл, №3 Кеген орта мектебінің бітірушісі Тоеке Алтынай ҰБТ-ден босатылды.
5 «Алтын белгі» белгісіне үміткердің 3-і, С.Әшімбаев атындағы орта мектептен Чайниет Бекзат, А.А.Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясынан Айтбай Алтынай, Мухаметжан Ақбота өз білімдерін дәлелдесе, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептен Нұрдан Мөлдір, А.А.Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясынан Нұрмұха Айзада Алтын белгісін қорғай алмады.
Материалдық техникалық базасын нығайту үшін Тасашы мектеп интернатына 6,8 млн теңге, Сарыбастау, Сарыжаз, Жылысай ауылдарындағы балабақшаларға 23,4 млн теңге, барлығы 30,2 млн теңгеге қажетті заттар алынды.
38 мектепте асхана, 10 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылып, 11358 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан 1135 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
8 елді мекеннен 7 орта мектепке 279 оқушы автобустармен тасымалданып оқытылады. ( Туменбай, Көкпияз, Ақбейіт, Алғабас, Қостөбе, Мойнақ, Кіші –Қарқара, Тасашы).
Интернет жүйесіне 54 мектеп- 13 мегалайн, 1 кабельдік, 40 спутниктік желіде қосылған. 3 мектеп (Ө.Жаңабаев, №2 Кеген, №3 Кеген) электрондық оқыту жүйесімен жұмыс істейді.
Мектептерде 1543 компьютер бар, осы жылы 12,0 млн теңгеге мектептерге 100 компьютер алынды. 9 балаға 1 компьютерден келеді. 7 мектепте интерактивті оқыту тақтасы орнатылған. 22 мультимедиялық лингафон кабинеті, 16 физика, 11 биология, 7 химия кабинеттері жұмыс істейді.
Есепті мерзімде 0-6 жас аралығында 8524 бала есепте тұрды. 0-3 жас аралығында -3422, 3-6 жас аралығындағы-5102 баланың 1245-і 37 мектепке дейінгі шағын орталықтарда, 1315-ы мектеп алды даярлық сыныптарында, балабақшаларда -935-і тәрбиеленеді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші-68,2%-ды құрап отыр. (2014 жылы 60,2 %). Биылғы жылы Кеген ауылындағы «Балауса» балабақшасы жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 20 орындық санаторлық топ, Жалаңаш ауылынан 50 орындық жекеменшік балабақша ашылып, жұмыс істеуде. Нарынқол, Жамбыл, Текес ауылдарындағы балабақшаларда жыл бойы тәрбиеленушілермен қамтамасыз ету төменгі деңгейе болды. Егер осы үрдіс 2016 жылы да жалғасатын болса, бюджеттің онтайландыру бағдарламасына еніп қысқартуға түсетіндігін ескертемін.
Тасашы орта мектебі жанындағы интернат ғимаратына 30,0 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жайдақбұлақ орталау мектебінің спорт алаңын жасауға 3,1 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
2016 жылы Тасашы орта мектебі жанындағы интернаттың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 143,3 млн теңге қарастырылды.
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына 1 орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 3 селолық аурухана, 20 дәрігерлік емхана, 31 медициналық пунктілер қызмет көрсетеді. Оларда 107 дәрігер, 547 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Ауданға 3 санитарлық автокөлік алынды. Аудандық Нарынқол ауруханасына 14,0 млн теңгеге маммограф, 15,4 млн. теңгеге «Кювез» қондырғылары орнатылса, 1,7 млн. теңгеге реанимация бөліміне 2 көп функционалды төсек қойылды.
Электронды үкімет бағдарламасы аясында емдеу мекемелерінің дербес сайттары жасалынды. Толықтай компьютермен қамтамасыз етілді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап стационарлық бөлімдер электронды жүйеде жұмыс істеуде.
Жалпы скринингтік тексеруден 17 жасқа дейінгі жоспарланған 11549 баланың 8816 тексеруден өтіп, 880 баланың ауыруы анықталып есепке алынып, ем тағайындалды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
2015 жылы жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеуші ретінде 693 адам тіркелді.Тіркелген жұмыссыздардың 427-і жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі 61,6 % -ды құрап, жылдық бағдарлама 89 %-ға орындалды.
Тіркелген жұмыссыз азаматтардың ішінде халықтың нысаналы тобына жататындарлың 144-і жұмысқа орналастырылды, ол жалпы жұмысқа орналасқандардың 33,7 пайызын құрады.
Есепті мерзімде қоғамдық жұмыстарға 376 жұмыссыз азамат жіберілді, жылдық бағдарлама 104,0 % -ға орындалды.
Жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша аудандағы 67 кәсіпорын, мекемелермен меморандумдар жасалды. Олардың 1- орта, 66-ы кіші кәсіпорындар.
Аудан бойынша 2015 жылы 675 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық бағдарлама 102,0 пайызға орындалды.
Нарынқол,Ұзақ, Тегістік, Сарыжаз, Жылысай, Қарабұлақ, Алғабас ауылдық округтері бойынша жаңа жұмыс орындарын құрудың жылдық жоспарының орындалуы 50 пайызға да жетпеді.
2015 жылы аз қамтылған 62 отбасындағы 322 адамға 6634,8 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді (2014 жылы 107 отбасындағы 558 адамға 10542,6 мың теңге төленген).
2015 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаржы толық игерілді. Аталған жәрдемақы алушыларды «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасына қатыстыру, жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқуға жіберу арқылы отбасылық табыстары артқандықтан, олардың саны былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 45 отбасындағы 236 адамға азайды.
Есепті мерзімде 1063 отбасындағы 3877 балаға 74269,2 мың теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы төленді (2014 жылы 1220 отбасындағы 4285 балаға 75750,6 мың теңге төленген). Бұл жәрдемақыны алушы отбасы мүшелерінде «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру нәтижесінде олардың саны 157 отбасындағы 408 балаға азайды.
2015 жылы 394 отбасына 14909,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Ауылдық жерде тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін 3441 адамға 34100,3 мың теңге, 7- Ұлы Отан соғысы ардагеріне 2172,2 мың теңге коммуналдық төлем, Ауған соғысына қатысушы 13 азаматқа 325 мың теңге, Чернобыль апатынан зардап шеккен 16 азаматқа 400 мың теңге біржолғы жәрдем,туберкулезбен ауыратын 15 адамға 558,7 мың теңге жәрдем төленді.
2015 жылы жеке оңалту бағдарламасы бар мүгедектермен жұмыстар жүргізілді. Оларға 17-і кресло арба, 16-ы сурдо, 10-ы тифлотехникалық құрал, 76-ы протез-ортопедиялық бұйымдар алды, 76-ы міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Бөгде адамның көмегін қажет ететін мүгедектерге 34 жеке көмекші қызмет көрсетіп, оларға 6794,2 мың теңге еңбекақы төленді, 3 адам қарттар мен мүгедектер үйіне орналастырылды. 73 адамға санаторлық-курорттық емделу үшін шипажайларға жолдама берілді. Олардың 1-і ҰОС ардагеріне, 1- ҰОС мүгедегіне теңестірілгендер, 3-і мүмкіндігі шектеулі бала, 28- і мүгедек азаматтар.
Жұмыс іздеуші ретінде 38 мүгедек азамат тіркелді, олардың 18-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 15-і қоғамдық жұмысқа тартылды, 1-і әлеуметтік жұмыс орнына,1-і жастар практикасына, 1-і кәсіптік оқуға жіберілді, 2-не шағын несие берілді.
2015 жылы аудан бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтарға, барлығы 765 отбасына 3290,1 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі 44 балаға үйден әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде. Үйден тәрбиеленіп, оқытылатын мүмкіндігі шектеулі мүгедек 63 балаға 2418,9 мың теңге жәрдемақы төленді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 27 маманға 3,0 млн теңгеден көтерме ақы төленді оның ішінде: денсаулық саласы бойынша – 13 маманға, білім саласы бойынша – 11 маманға, ветеринария саласы бойынша – 1 маманға, мәдениет саласына -2 маманға. Үй сатып алуға бюджеттік несие 24 маманға 71,3 млн теңге берілді оның ішінде: денсаулық саласы бойынша -14 маманға, білім саласына -7 маманға, мәдениет саласына бойынша -2 маманға, ветеринария саласы бойынша – 1 маманға.
Жұмыспен қамту орталығы
І. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Ұзынбұлақ ауылын жарықтандыруға 7 адам, Қаратоған ауылының электр желісін күрделі жөндеуден өткізуге 7 адам, Тұйық ауылының электр желісін күрделі жөндеуден өткізуге 4 адам барлығы 18 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.
ІІ. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 18 адам кәсіпкерлік негіздері курсынан өтті. «Нұрай несие» серіктестігі арқылы 53 адамға 89,0 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 12 адамға 28,5 млн. теңге, барлығы 65 адамға жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге 114,8 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді..
ІІІ. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «Автокөліктердің электр құралдарын жөндеу" мамандығы бойынша 6 адам, «Аспаз» мамандығы бойынша 3 адам, «Шаштараз» мамандығы бойынша 3 адам, «Тракторшы – машинист» мамандығы бойынша 3 адам. Барлығы 15 адам 3 ай мерзімге қайта даярлау курсына жіберіліп, олар тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 42 адам жіберіліп, олардың 39-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне 110 маман (6 айға) жіберілген, олардың 58-і практика мерзімі біткен соң тұрақты жұмысқа орналасты.
Аудандағы нысаналы топтағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша 975 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болса қазіргі уақытқа 1275 адам жұмыспен қамтылды.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер бойынша 5601 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, 5000 -і нақты жұмыс істеуде. Оның ішінде: 203 заңды тұлғаның 128 -ы, 1346 жеке кәсіпкердің 820- і және 4052 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Оларда 17655 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлік субъектілері 2 млрд. 186 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, бюджетке 66,7 млн. теңгенің салығын құйды.
2016 жылы «МарумЖарГолд» ЖШС –гі Жаңа Текестен жобалық құны 558,0 млн теңге болатын құрамында алтыны бар руданы өңдейтін фабриканың, құрылысын аяқтайды.
«АлСуЭнерго» ЖШС – і (Жіңішке өзенінің бойынан) жобалық құны 4,1 млрд теңге болатын, «КазГидроКаскад – 1» ЖШС – і (Байынқол өзенінің бойынан) жобалық құны 7,4 млрд теңге болатын, «КазГидроКаскад – 2» ЖШС – і (Текес өзенінің бойынан) жобалық құны 9,6 млрд теңге болатын, «КазГазТехника» ЖШС (Шелек өзенінің бойынан) жобалық құны 72,0 млрд теңге болатын су электро станцияларының құрылысын салуға жобалық құжаттарын әзірлеуде.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және
тұрғын үй инспекциясы
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Нарынқол ауылына ( 64,0 млн теңге), Қаратоған ауылына (158,7 млн тенге), Талас ауылына (133,4 млн теңге), Тоғызбулақ ауылына (15,0 млн теңге), барлығы 371,1 млн теңгеге ауыз су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Көмірші, Тасашы, Көкпияз, Қостөбе ауылдарының ауыз су жүйесін қайта жасауға 22,2 млн теңгеге ЖСҚ -ы дайындалып, мемлекеттік сараптама қортындысы алынды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Темірлік (23,8 млн теңге), Күрменті (24,0 млн теңге), Жіңішке (20,5 млн теңге) ауылдарына ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 68,3 млн теңгеге, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Қаратоған (40,8 млн теңге),Тұйық (19,8 млн теңге), ауылдарының электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстарына 60,6 млн теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды.
Ұзынбұлақ ауылының көше жарығына 27,9 млн теңге , Кеген (45,2 млн теңге), Жамбыл (10,4 млн теңге), ауылдарының электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстарына 55,6 млн теңге ,
Кеген ауылының саябағын абаттандыру жұмыстарына –78,5 млн теңге бөлініп ,жөндеу жұмыстары аяқталды. 2016 жылы Нарынқол ауылының ауыз суына 20 млн.теңге бқлінді.тоғызбұлақ,Қаратоған ауылының ауыз су құбырларын толық аяқтаға қосымша қаржы бөлінеді деп күтілуде. Жыл соңында кеген су құбыры коммуналдық кәсіпорнына 1 Ас машинасы,Нарынқол су құбыры коммуналдық кәсіпорнына 1 автокран берілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
Аудандағы облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша орташа жөндеуден өткізуге Кеген- Жалаңаш жолының 57- 70 шақырымы аралығына 136,2 млн теңгеге жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Қарқара- Ереуіл жолының 3- 10 шақырымы аралығына ( 7,9 млн теңге), Текес- Қақпақ- Қайнар жолының 0-23 шақырымы аралығына (33,9 млн теңге), Тасашы жолының 4,3 - 5 шақырымы аралығына (5,2 млн теңге), Алғабас- Жіңішке жолының 13- 34 шақырымы аралығына (27,0 млн теңге), барлығы 74,0 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Күрделі жөндеу жұмысына (Бөлексаз көпірі) 191,1 млн теңге, бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл ішіндегі көше жолдарын ағымдағы жөндеуге 129,0 млн теңге қаржы бөлініп, Кеген (5,0 млн теңге), Жылысай (57,2 млн теңге), Саты ( 66,7 млн теңге).ауылдарының көшелеріне
жөндеу жұмыстары жүргізілді.2016 жылға Қайнар ауылының көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 85,8 млн теңге қаралды.
Қарқара –Ереуіл автокөлік жолын орташа жөндеуден өткізуге 248,6 млн теңге қаражат бөлінді.
Құрылыс
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Кеген ауылынан салынып жатқан 32 пәтерлі 4-қабатты коммуналдық тұрғын үй құрылысына 2015 жылға 76,4 млн теңге бөлініп, кәзіргі уақытта 71,4 млн теңге игеріліп, құрылыс жұмыстарын аяқтау, облыстық мәслихаттың 6 қараша 2015 жылдың № 50- 264 шешімімен 2016 жылға калдырылды.
Нарынқол ауылынан салынатын 20 жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына 3,0 млн теңге, инфрақұрылымын жайластыруға 2,0 млн теңге бөлініп, ол толығымен игерілді.
Ауданда 1995,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды.
Аудан тұрғындарының есебінен 6369 шаршы метр, тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сарыжаз ауылынан салынатын жаңа мектептің 6,7 млн теңгеге ЖСҚ – ы даярланып және мемлекеттік сараптама алынды.
2016 жылы Сарыжаз ауылында орта мектептің құрылысы басталады. Оған ұлттық қордан 350,0 млн теңге бөлінді.
10 елді мекеннің (Жамбыл, Қаратоған, Жылысай, Қақпақ, Саты, Қарасаз, Бөлексаз, А.Нүсіпбеков, Қарқара, Қызылшекара) бас жоспары жасалып,аудандық маслихатта бекітілді.
Мәдениет
Аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 мәдениет ошағы, 12 кітапхана, 2 мұражай жұмыс істейді. 23 мәдениет ошағының 18-і мәдениет үйлері, 5-еуі ауылдық клубтар.Аталған мәдениет ошақтарында 113 штатпен 132 адам, 12 кітапханада 27 штатпен 28 адам еңбек етеді.
Ауданда 4 халықтық атағы бар ұжымдар жұмыс жасайды.Олар: «Кеген» Халық театры, «Ақтолқын» фольклорлық ансамбілі, «Ереуіл» фольклрлық ансамблі және «Алтын қазына» әжелер ансамблі.
2015 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясының,Қазақстан халықтары ассаблеясының 20 жылдығымен және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығымен ерекшеленді. Осы бойынша мәдениет саласы аудан аумағында 120 түрлі әртүрлі мәдени- көпшілік шаралар өткізді.
Ақын Еркін Ібітановтың 80 жылдығы, айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың 40 жылдығы Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отыра жоғары деңгейде аталып өтілді.
18-19 тамыз аралығында Қарасай ауданы, Қаскелен қаласында Мәдениет күндері өткізілді. Райымбек аудандық кітапханасы журналист, ақын Қанат Біржансалмен кездесу ұйымдастырды. 18 тамыз күні Қарасай ауданында Кеген халық театры Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» спектаклінің қойылымын қойды. Биылғы облыстық театрлар байқауында «Кеген» халық театры жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ауданда 10 мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізілген. Қалған мәдениет үйлері 2016-2020 жылдар аралығында кесте бойынша күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Ішкі саясат
2015 жылдың 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауына байланысты аудан Активі өткізіліп, Елбасы Жолдауын аудан аумағында халыққа насихаттауды жүзеге асыру үшін аудан әкімінің 2015 жылғы 09.12. №86 өкімімен ақпараттық-насихат тобы құрылып, құрамына 53 адам қамтылды. Сондай-ақ, 23 ауылдық округтерде құрылып, шаралары жасалды.
Спорт
Ауданда 43 орта, 3 орталау және 8 бастауыш мектеп, барлығы 54 мектеп оқу тәрбие жұмысын жүргізуде. Олардағы 169 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері (жоғары білімдісі -142, арнаулы білімдісі – 27) оқу әдістемелік нұсқаулықтармен толық қамтылып, 3 сағаттық бағдарламамен дене тәрбиесі пәнін оқытып келеді.
Осы білім ошақтарында 43 типтік спортзал, 46 арнайы спорт алаңы, 3 қосымша жабдықталған спорт залы бар.
Аудан бойынша Нарыңқол ауылында 1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс атқарады.
2015-2016 оқу жылында 20 елді мекенде 29 жаттықтырушы 67 топтағы 7 спорт түрінен 1078 жасөспіріммен жұмыс жүргізуде. «Грек-Рим» еркін күрес, бокстан 6 рет облыстық жарыстар өткізілді. Спорттың 7-і түрі бойынша 48 рет ауданда жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы спорт мектебі бойынша 115 рет облыс көлемінде өткізілген жарыстарға спорт мектебінің оқушылары қатыстырылды.
Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және салауатты өмір салтын насихаттау мен еңгізу мақсатында аудан бойынша 23 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына 23 спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар жұмысқа қабылданып, бүгінгі күні жұмыстарын атқаруда.
Қазақстан дамыуының Стратегиялық жоспарында Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2020 жылға қарай республикамызда дене шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткін деңгейі 30 пайызға жету туралы нақты тапсырды.
2015 жылы аудандағы спортпен шұғылданатын адамдар саны 20574 – ке жетті яғни аудандағы жалпы халық санының 26 пайызын құрады. ( 2014 жылы 20015 адам 25 пайыз)
2015 жылдың 18 – 21 ақпан күндері аралығында Сарыжаз ауылында шаңғымен жүгіруден Алматы облысының біріншілігінің қорытындысы бойынша ауданымыздың командасы бірінші орынды иеленді. Волейболдан өткен облыстық жарыста қыздар командасы 3 –і орынды иеленді.
2015 жылы аудан споршылары Республикалық халықаралық жарыстарда жеңіп алған медалдар санын көбейтті. Атап айтқанда грек- рим күресінен Дүмбіров Азамат Қазақстан республикасының чемпионы, Хамитов Жангелді қазақ күресінен 11 Азия чемпионатында 2 – і орынды иеленді.
Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен 4 облыстық фестивалінде ауданымыздың командасы жамбы атудан 3 –і орынды иеленді.
2015 жылы Нарынқол ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық техникалық базасын нығайтуға 11,0 млн теңге, күрделі жөндеуге 55,8 млн теңгеге, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда спорт кешенін салуға ЖСҚ –н даярлауға 31,1 млн теңге бөлініп құжаттары мемлекеттік сараптамаға даярлануда.
Ауданымызда туризмді дамытуға табиғи сұлұлығы бұзылмай тұнып тұрган қолайлы жерлер өте көп.Осы жерлерде инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту арқылы табиғи қалпын сақтай отырып, өркениетті тұрғыда туризмді дамыту, бюджетке қомақты қаржы түсіру - алдағы тұрған негізгі міндеттердің бірі.
Ауданда 1 «Ақкөл» сауықтыру демалыс лагері, 3 қонақ үй («Шырғанақ» - Кеген ауылында, «Көлсай» - Көлсай көлінің жағасында және «Шоғансай-Әлішер» - Шоғансай шатқалында), 12 туристерді қабылдайтын үй (10-Саты ауылында, 2- төменгі Көлсай көлінде) және 3 аңшылар үйі (2-Тұйық ауылында, 1-Ұзақ ауылында) жұмыс істейді.
Олар еліміздің демалушыларына және шетел туристеріне өздерінің арнайы маршруттары арқылы қызмет көрсетіп, аудандағы туризмнің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
2015 «Көлсай-Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 11,7 млн теңге «Ақкөл» сауықтыру демалыс лагері 12,1 млн., ЖСШ «Шоғансай-Әлішер» 2,0 млн, Аудандағы 17 қонақтарды қарсалатын үйлерден 2,4 млн теңге түсірілді.
Осы туризм объектілері арқылы ауданға демалуға келген 18974 адам қамтылса, «Аккөл» лагерінде биылғы жылы 4 лек бойынша 338 бала демалдырылды.
2015 жылы Саты ауылында 3 қонақтарды қарсалатын үйлер іске қосылды.
Ауданда туристік қызметті дамыту және оның беделін көтеру мақсатында туристік қызметпен айналысатын субъектілерді және олардың мамандарын облыстық,республикалық деңгейде ұйымдастырылған көрмелерге, байқауларға, семинарларға қатысуын үнемі қамтамасыз етіп отырамыз.
Бүгінгі күні ауданымызда туризмді дамыту жұмыстары жалғасын табуда.
Қылмыс.
2015 жылы аудан бойынша барлығы 343/342 қылмыстық істер тіркелген. Оның ішінде; ауыр және өте ауыр қылмыстар 16/20, ауыр 13/19, өте ауыр 3/1. Адам өлтіру 3/1, әйел зорлау 6/6. Бөтеннің мүлкін ұрлау 230/143, оның ішінде пәтер тонау 24/22, мал ұрлығы 127/72, ұялы телефон ұрлау 12/13, автокөлік тонау 5/0,
Басқада қылмыстар: 28/117. Оның ішінде: алайақтық 10/11, тонау 5/4, қарақшылық 1/0, бопсалаушылық 2/0, бұзақылық 20/14, нашақорлық 0/4, жолкөлік оқиғасы 6/2. Аудандық ішкі істер бөлімі өз жұмыстарын сараптап, жіберілген кемшіліктерді түзетудің барлық шараларын қарастыруы тиіс.
Биылғы жылдан бастап ауыл әкімдеріндегі қаржылардың жұмсалуына, жеке, заңды тұлғалардың жалға алған жерлеріне және жергілікті полициялардың атқаратын жұмыстарына өзгерістер енгізіледі.
- 2016 жылдан бастап жер, көлік, мүлік және бірыңғай жер салықтары ауыл әкімдері арқылы жиналып, түсірілген түсім аудандық қаржы бөлімі арқылы әр ауылдық округтер әкімдерінің есеп шоттарына трансферт ретінде аударылып беріледі. Бұл қаржы ауыл әкімдерінің жанынан құрылған «Қоғамдық кеңестер» арқылы келісіліп жұмсалатын болады. ( ҚР заңы № 383- V 2.11. 2015).
- ҚР жер кодексіне енгізілген өзгерістер 2016 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді.
Осы заң күшіне енгенге дейін жеке, заңды тұлғалар жалға алған жерлерінің бағалау құнынан 50 пайыз женілдікпен және 10 жылға келісім шартпен сатып алуына мүмкіндігі болады. ( ҚР заңы № 389 –V 2.11. 2015).
« Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы»
-2014 жылғы 23 сәуірдегі заңының 10 бабына сәйкес жаңадан
«Жергілікті полиция қызметі» - мәртебесі енгізілді және өкілеттілігі, жұмыс жүргізу ережелері айықындалды. Жергілікті полиция қызметіне - учаскелік полиция инспекторлары және осы салаға қатысты қызметтердің жауапты мамандары кіреді және олар атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |